0 дауыс
627 көрілді
Бурабай туралы көп жазады. Өмір бойы Қазақстанда тұрсам да, Бурабайға барып көрмеппін. Ол жаққа жылдың қай мезгілінде барған жөн? Жөні дұрыс пансионаттар немесе демалыс үйлері бар ма?

1 жауап

0 дауыс

Бурабайға жылдың кез келген мезгілінде баруға болады. Өзердердің жағалаударында көптеген сауықтыру санаторийлары орналасқан. Мысалы, Қотыркөл өзенінің жағасында «Дашенька», «Жезказганец», «Звездный», ракета» балалар сауықтыру орталықтары, «Оқжетпес» республикалық жастар орталығы мен «Мечта» бұрынғы пионер лагері орналасқан. Майбалық өзені Бурабай өзеніне 30 км жерде орналасқан. Ол жерде суға түсіп қана қоймай, емдік балшықтар алуға да болады. Онда бару үшін жергілікті санаторийлар мен қонақүйлерге алдын ала тапсырыс берудің қажеті жоқ, себебі жағалаудағы ауылдардан пәтерлерді арзанға жалға алуға болады. Ал қонақүйдегі жайлылық пен санаториялардағы процедураларды қажет етпейтіндер шатырларда орналасуларына болады. Қонақүйлер: «Бәйтерек», «Алмаз», «Нұрсәт», «Глория», «Әлем», «Эдем». Демалыс үйлері: «Светлый», № 1 демалыс базасы «Турист», № 2 демалыс базасы «Турист».

Қосымша ақпарат алу үшін мына сайтқа кірсеңіз болады: www.borovoe.kz.

...