0 дауыс
886 көрілді
«2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

1 жауап

0 дауыс

Қаржы және бюджет комитеті

2014 жылғы 24 қарашада Қаржы және бюджет комитеті  кеңейтілген отырыс өткізіп, онда «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылады.

Заң жобасы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2015 – 2019 жылдарға арналған түзетілген болжамы негізінде, Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» және «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына  Жолдауында айтылған тапсырмаларын ескере отырып әзірленді.

Макроэкономикалық көрсеткіштердің нақтыланған болжамы 2014 жылы экономика салалары өсуінің нақтыланған нысаналы индикаторларын, әлемдік нарықтағы ағымдағы жағдайды, халықаралық ұйымдардың әлемдік экономиканың өсуі және негізгі экспорттық тауарлардың әлемдік бағасының серпіні бойынша түзетілген болжамдарын ескере отырып қалыптастырылды.

Түсімдер 2015 жылы 6 858,0 млрд. теңге көлемінде көзделеді, 2017 жылы 6 971,1 млрд. теңгеге дейін өсумен болжанады.

Бюджет тапшылығын төмендету саясатымен сәйкес оны болжанатын ЖІӨ-ге қатысты алғанда 2015 жылы 2,3%-дан 2017 жылы 1,7%-на дейін қысқарту жоспарлануда. Абсолютті мәнде тапшылық  2015 жылы 997,1 млрд. теңгені құрайды, ол 2017 жылы 972,5 млрд. теңге сомасында болжанады.

Жоспарланатын түсімдер мен тапшылық көлемін негізге ала отырып, бюджет шығыстарын 2015 жылы 7 855,1 млрд. теңгеден 2017 жылы 7 943, 6 млрд. теңгеге дейін арттыру күтіледі.

Республикалық бюджет шығыстары қатаң шектеулер жағдайында жоспарланды. Осыған байланысты бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ағымдағы шығыстары 10%-ға (251 млрд. теңгеге) қысқартылды. Бұдан басқа, мемлекеттік органдар стратегиялық басымдықтарды негізге ала отырып, алдағы үшжылдық кезеңде кезек күттірмей қаржыландыруды қажет еткен жобаларды ғана айқындап алды.

Сонымен қатар  халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту және тіршілікті қамтамасыз ету  инфрақұрылымын сапалы жаңарту, өңірлік дамыту, экономиканы жаңғырту және әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау көрсету 2015-2017 жылдарға арналған бюджеттің негізгі басымдықтары болып қалды.

Заң жобасын Мәжілісте талқылау барысында Ұлттық қордан нысаналы трансфертті тарту есебінен білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға, автомобиль жолдарын салуға және әуе көлігінің инфрақұрылымына арналған жекелеген бағдарламаларды, «Қолжетімді тұрғын үй – 2020», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» бағдарламаларын, Индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама жобаларын қаржыландыру ұлғайтылды.

Белгіленген басымдықтар мен бюджеттік параметрлер шеңберінде 2015-2017 жылдарға мына бағыттар бойынша шығыстар көзделеді.

Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға республикалық бюджет шығыстары 5 784,1 млрд. теңге, 2015 жылы – ағымдағы жылмен салыстырғанда 176,1 млрд. теңгеге немесе 11,7%-ға өсірумен 1 681,6 млрд. теңге, 2016 жылы – 1 885,5 млрд. теңге, 2017 жылы – 2 217,0 млрд. теңге сомасында жоспарлануда.

Білім беру мен ғылымға арналған шығыстар 1 788,8 млрд. теңгені, ағымдағы жылы 76,1 млрд. теңгеге немесе 16,6%-ға өсумен, 2015 жылы – 535,8  млрд. теңгені, 2016 жылы – 642,8  млрд. теңгені, 2017 жылы – 610,2 млрд. теңгені құрайды.

Денсаулық сақтау жүйесіне арналған шығыстар 2 120,7 млрд. теңгені, ағымдағы жылы 54,8 млрд. теңгеге немесе 8,5%-ға өсумен, 2015 жылы – 700,1 млрд. теңгені, 2016 жылы – 720,6  млрд. теңгені, 2017 жылы 700,0 млрд. теңгені құрайды.

Мәдениет, спорт және туризм саласындағы үшжылдық шығыстар  317,1 млрд. теңге, ағымдағы жылмен салыстырғанда 9,6 млрд. теңгеге немесе 8, 9%-ға өсумен, 2015 жылы – 119,1 млрд. теңгені, 2016 жылы – 96,7 млрд. теңге, 2017 жылы – 101,3 млрд. теңгені құрайды.

Көлік және коммуникацияның жалпы  шығыстары 1 545,5 млрд. теңгені, ағымдағы жылмен салыстырғанда 66,2 млрд. теңгеге немесе 13,2%-ға өсумен, 2015 жылы – 565,5 млрд. теңгені,  2016 жылы – 573,8 млрд. теңгені, 2017 жылы – 406,4 млрд. теңгені құрайды.

Ғарыш қызметін дамытуға тұтастай алғанда 2015 – 2017 жылдары 26,3 млрд. теңге, олардың ішінде 2015 жылы – 6,2 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғауға жалпы сомасы 442,7 млрд. теңге, олардың ішінде 2015 жылға – 159,8 млрд. теңге, 2016 жылға – 145,2 млрд. теңге, 2017 жылға – 137,7 млрд. теңге шығыстар көзделген.

Отын-энергетикалық кешен, өнеркәсіп және құрылыс саласында жалпы сомасы 270,7 млрд. теңге үшжылдық шығыстар көзделген, олардың ішінде 2015 жылға – 92,2 млрд. теңге, 2016 жылға – 97,9 млрд. теңге, 2017 жылға – 80,6 млрд. теңге.

Қорғанысқа және төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған шығыстар 1 491,1 млрд. теңгені, 2015 жылы – 448,5 млрд. теңгені, 2016 жылы – 497,2 млрд. теңгені, 2017 жылы – 545,4 млрд. теңгені құрайды.

Құқық қорғау органдарының қоғамдық тәртіпті қорғауға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған шығыстары 1 487,8 млрд. теңгені, 2015 жылы – 485,5 млрд. теңгені, 2016 жылы – 499,1 млрд. теңгені, 2017 жылы –  503,2 млрд. теңгені құрайды.

Заң жобасын талқылау барысында депутаттар мен комитеттерден  жалпы сомасы 143,8 млрд. теңгеге ескертпелер мен ұсыныстар түсті. Негізінен олар:

  • Білім беру,  денсаулық сақтау, мәдениет объектілерін, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруды;
  • тұрғын-үй – коммуналдық шаруашылық саласында - сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін, кәріз жүйелерін, жылу желілерін реконструкциялауды;
  • электрмен жабдықтау  желілерін, автоматтандырылған газ бөлу станцияларын салуды;
  • автожол салу мен жөндеуді қаржыландыруды ұлғайтуды көздейді.   

Депутаттар мен комитеттер ұсынған ескертпелер мен ұсыныстарды кеңейтілген отырыста талқылау барысында бастамашылар алып тастады. 

Қаржы және бюджет комитетімен «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңнамасын талқылаудың нәтижесінде Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау жайлы ұсыныспен Сенат отырысының қарауына енгізу шешімі қабылданды.

(Қаржы және бюджет комитетімен өзара байланыс жасау бөлімі)

...