0 дауыс
34.1k көрілді

Өнер дегеніміз не?

Өнер - таусылмас азық, жұтамас байлық шығарма

Өнер – халық тарихының шежіресі. Осы өнер арқылы өмірдің кең тынысы, тіршілік құбылыстары, адамның әр түрлі сезімі бейнеленеді. Сөз, әуен, қолөнер адам өмірінің сан ғасырлық тарихынан көптеген нәрсені көрсетіп, алуан түрлі сыр шертеді. Қазақ халқының басынан өткен сан қилы замандар, оның тіршілігі мен дағдарысы, салт-дәстүрі, санасы, өмір сүрген ортасы, әдет-ғұрпы арқылы ұлттық өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, болашақ үшін тарих сахнасына айналды. Ұлттық өнерімізді бізге жекізе білетін салалардың бірі – музыка.

Музыка әлемі – адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние. Музыкада адамның сан түрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Музыканы шынайы таза жүрекпен қабылдап, жан дүниеңді өзгертетіндей тыныш ортада тыңдағаның жөн. Қазақ музыка өнерінің халықпен бірге жасасып, тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс-тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы – ән мен күйі.Халқымыз ән мен күйі аясында өмір сүріп жаты. Қазақтың дәстүрлі тойлары, ойын-сауықтары әнмен серік болып жалғасып келеді.

«Қазақ – нағыз қазақ емес, Нағыз қазақ – домбыра» - деп, өлеңдеріне жыр кіргізген, ұлы ақынымыз Қадыр Мырзалиев нағыз қазақ екендігін түсіндіреді.Қазақтың қара домбырасы –халқымыздың ұлттық аспабы. Домбыраның шығу тегіне байланысты халық аузында көп аңыздар айтылады. Соның бірі : «Ертеде тау жақтағы бұғы-маралдарды аулап, кәсіп ететін аңшы болыпты. Бірде маралды ұстап, ішек-қарнын ақтарып тастап, үйіне қарай жол тартады. Арада біраз айлар өткен соң, аңшы аң ауламақ болып, баяғы маралды атқан жерге келеді. Құлақ түріп тыңдаса, ызыңдаған дауыс келеді. Қараса,маралдың ішек-қарнын қарғалар, іліп ұшып, қарағайлар басына ілген болуы керек,ішектерден жел тербегенде жанға жайлы дыбыс шығады екен.Аңшы алуан түрлі күйге түседі.Ішекті үйіне алып келіп, аспап жасап шығарады. Тартса, аңшыны ғана емес, тыңдаған жанның бәрін ұйытып жібереді. Осылайша ,домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады. 

Аңызда айтылмақшы, домбыра қос ішекті қағып, ойналатын аспап. Қазақтың ән-күйі орындалушының дәстүріне байланысты бірнеше түрі бар. Домбыра ойналып және үн шығарып жатқан кездегі дыбыс күй деп аталады. Қазақ халқы арасында XVIII ғасырлардың өзінде-ақ аспаптың және күйшілік кеңесіне таралды.Елімізден атақты домбырашылар шықты:күй атасы –Құрманғазы және Дина Нүрпейісова тағы да басқа атақты күйшілеріміз. Домбыраны тарта білген адамның жүрегі мейірімді келеді. «Адамға жеті өнер де аз» демекші, өнер алға даму үшін, әрі халық музыкасына жаңашыл күйлер қосып мәдениетімізді одан әрі көркейту жастардың қолында. Осылай қазақ өнерін дамытуға үлесін қосып жатқан ұстаздардың бірі, Қызылсая орта мектебінің ән-күй пәнінің ұстазы, Зеренді балалар музыка мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі – Шамгунова Айсұлу Жауарқызы. Айсұлу апай 1978 жылы Көкшетау қаласының Біржан сал атындағы музыкалық колледжіне түсіп, аталмыш колледжді 1982 жылы бітірген. Ұстаздық еңбек жолын Қызылсая орта мектебінде бастады. Ұстазымыз көпшілік күйді меңгерген білікті маман. Ол кісінің шәкірттері аудандық, облыстық байқауларда талай мәрте биіктерден көрінді. «Ұстаздық еткен балаға - үйретуден жалықпас» демекші, Айсұлу апайдың қолынан 2002-2012 жылдар аралығында үш мәрте оқушылары түлеп шықты. Ұстазымыздың зор еңбегі арқасында, Рахимжанов Медет Көкшетау қаласындағы Ж.Мусин атындағы педогогикалық колледжінде,ал Жәнібекова Гүлназ Көкшетау қаласының Біржан сал атындағы музыкалық колледжіне қобыз сыныбында, Өтегенова Динара домбыра сыныбы бойынша білім алып жатыр.

Айсұлу апайға ендігі тілеріміз осылай оқушыларыңыз түлеп, «Шәкіртсіз мұғалім тұл» демекші ары қарай оқушы алып еңбегіңіз жана берсін дегіміз келеді.

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Классификацияға қатты қызығасыз-ау деймін)) Бірақ барлық нәрсе тек жақсы немесе жаман болып бөлінбейді. Өнерге баға беруге болады, бірақ талғамға талас жоқ~ 

Өнер теориясы бойынша көркем шығармаға негіз болған материалдық арқауына байланысты өнер түрлерінің негізгі үш тобы туындайды:

мекендік немесе пластикалдық (кескіндеме, мүсін, графика, көркем фото, архитектура, т.б.) яғни, көркем бейнені кеңістікте түзетін өнер түрлері,
мезгілдік (сөз және музыка өнері), яғни көркем бейнелерді уақыт кеңістігінде құратын өнер түрлері.
мекенді-мезгілдік (би, актерлік өнер және осыған негізделген аралас түрлер – театр, кино, телевизия, эстрада, цирк, т.б.), яғни көркем бейнені белгілі бір уақыт кеңістікте түзетін өнер түрлері.

0 дауыс
Спорт, шоу бизнес. Спорт жақсығо әрине.
0 дауыс
Өнердің түрі көпқо.Олардың ішінде спорт бинзес әншілік
0 дауыс
Өнердің түрі өте көп. Адамның барлығы да өнерлі, тек қай қырынан екенін таба білу керек.
...