+3 дауыс
116k көрілді
Мысалға Х Y дегендер бар екен.

Жүкті әйел қандай жағдайда егіз бала туады?

8 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Медицина егіз бала туу туралы

Қазіргі медицина ғылымында жүкті әйелден екі, үш кейде одан да көп сәбидің тууы – егіз баланың өмірге келуі деп аталады. Және де егіз бала бір ұрық клеткасының (жасушасының) неме се екі ұрық клеткасының ұрықтануынан пайда бола ды. Осы бір ұрық клетка сынан дамыған егіздің бір ғана бала жолдасы болып, мұндай жағдайда бір жы нысты егіз туады, олар бір біріне өте ұқсас келеді. Ал, енді екі ұрық клеткасының ұрықтануынан біткен егі здің бала жолдасы бөлек, екеуінің бірі ұл, бірі қыз, немесе екеуі де бір жы нысты болып жаратыла ды. Бұл балалардың бір біріне ұқсас болмауы да мүмкін. Егерде әйелде жүкті лік екі немесе одан да көп ұрық клеткасынан дамығанында, яғни, бірне ше ұрық клеткасының бір уақытта ұрықтанғанында әйелдің жүрек-қан та мыр жүйесінің қызметі бұзылады, аяғы ісінеді, ва рикоз ауруы күшейеді, кіші дәретке баруы жиілейді, мезгілінен бұрын боса нып қалуы да ықтимал. Анасының құрсағындағы егізді ультрадыбыспен зерттеу арқылы жүктіліктің 6 аптасынан бастап ақ дәрігерлер анықтап бере алады. Әйелге егіз бала бітсе, ол емхананың әйелдер консультациясы бөлімінде ерекше есеп ке тіркеліп, денсаулығы қалыпты жағдайда жүк тіліктің 36-аптасынан перзентханаға жатқызы лып, жан-жақты күтімге алынады. Босанғаннан кейін де егіз сәбиге, ана сының денсаулығына әл сін-әлсін тексерулер жүр гізіліп тұрады. Егіз деп анасынан бір ге туған екі немесе одан да көп сәбилерді айтқа нымен, кейбір ғарыш денелерін де егіздер деп атайды. Ол – солтүстік жарты шарындағы зодиак тік шоқжұлдыз, Шаян мен Торпақ шоқ жұлды здарының арасында орна ласқан. Егіздердің ең жарық жұлдыздары – Полукс пен Кастор. Бұл екі жұлдызды халқымыз «Босаға» деп атайды. Олар желтоқсан, қаңтар айла рында өте анық көрінеді. Осы уақытта оны еліміздің барлық аймағында тама шалап көруге мүмкіндік туады. Жалпы, бала – адамның бауыр еті, көзінің ағы мен қарасы, Айы, Күні, Жұлдызы ғой. Бірге туған қос сәбидің егіздер деп, бірге жарқыраған қос жұлдыздың – егіздер деп аталуында да құпия бір заңдылық бар тәрізді... Әлемдегі «Егіздер елі» Иә, қазір жер бетінде бір туғанда бірнеше егіздерді өмірге әкелген ана лар аз емес. Ең ғажабы, Малайзиялық әйелдің бір аптада екі рет босанып, жеті қызды тапқаны болып Егіз бала туу Тұқым қуалайтын ерекшелік Кейінгі кезде әлемде, оның ішінде біздің елімізде де бір ананың үш сәбиді туғаны туралы жақсы жаңалықты естіп қалатын болдық. Тіпті, шетелдерде жүкті ананың төрт-бес сәбиді бірден өмірге әкелгені жөнінде де хабарды теледидардан тамашалап, аналардың дүниеге адам әкелуде таңғажайып мүмкіндіктерінің де бар екендігіне тәнті болып жүрген жайымыз бар. Сонда біздің бала кезімізде қаймағы бұзылмаған қазақ ауылдарында екіқабат бір ананың егіз бала тууы талай шаңырақта орын алатын оқиға болғаны есімізге түсіп, бұл өзі жаны-тәні, сана-сезімі уланбай, таза тұрған шағындағы халқымыздың ұлттық бір ерекшелігі, тектілігі мен қадір-қасиеті екен-ау, деп мұңға бататынды шығардық... отыр. Егізден туған бес ба ланы – төрт ұл, бір қызды Мозамбекте бір әйелдің дүниеге келтіруі де үлкен оқиға. Жалпы, көп бала та будан Қытай әйелдері де ал дарына жан салар емес. Бұл елде бала табуға шектеу қойылғанына қарамастан Хейун – тян уәлаятында тұратын бір әйел 59 баланы туғанын қайтерсің. «Хар бин-жибао» газетінің ха барлауынша, әлгі әйел төрт рет екі баладан, алты рет үш баладан туыпты. Тек со дан қырық баласы ғана тірі қалып, ержетіпті. Әлем тарихында мұндай таңғажайып оқиғалар өте көп. ХХ ғасырда екі әйелдің бірден тоғыз бала тапқаны да тіркелген еді. Солардың бірі – Сидней қаласындағы Дералдина Бродерик де ген әйел болатын. Ол 1971 жылы бірден тоғыз бала тапқан-ды. Одан басқа да бес әйелдің сегізден егіз бала тапқаны, он сегіз әйелдің жеті бала дан туғаны белгілі. Соңғы мәліметтер бойынша, қазір жер бетінде жасы он бірден жүзге дейінгі аралықта жүз миллионнан астам егіз туғандар өмір сүріп жатқан көрінеді! Негізінен, «Егіздер елі» деп, Швеци яны, Норвегияны, Оңтүстік Африканы айтуға болады. «Естімеген елде көп», де ген. 1924 жылы Испания да, 1936 жылы Қытайда он баладан да егіз туған ана лар болыпты. 1946 жылы да Бразилияның Бакакан қаласында 22 жасар жас әйел он баланы көтеріп, аман-сау туыпты. Олардың екеуі – ұл да, қалғандары – қыз болған екен. Ғажап па, ғажап! Егіз баланың дүниеге келуі адам өмірінде сирек кездесетін құбылыс санала ды. Содан кейбіреулер отба сында егіздердің болғанын жақсылыққа жорыса, бәз біреулер бойына біткен қос нәрестеден тезірек құтылуға асығады екен. Бұл бұрыннан жалғасып келе жатқан таным-түсінік. Әлемдік санақ бойынша соңғы ғасырларда егіз дердің өмірге келуі тым си реп кетіпті. Есеп бойынша өмір есігін ашып жатқан барлық балалардың тек бір пайызы ғана егіздер сана тына жатады. Ал үш немесе одан да көп бала туу одан да сирек кездесетін оқиғаға айналуда. 1930 жылы Грейлих деген дәрігер ғалым дүниежүзі бойынша бірден көп бала тапқан әйелдерді есеп ке алған екен. Ол бойын ша бірінші орынды Дания, одан кейін Швеция, Гол ландия, Польша иемденіпті. Ал ең соңғы орынға Бра зилия, Прагавай, Колум бия елдері шыққан. Сол заманның өзінде бірден көп баланы өмірге әкелу жөніндегі құбылысты ға лымдар ерекше назарда ұстапты. Осы ғалымдардың да пікірінше, егіз баланың өмірге келуі көбінесе тұқым қуалаушылықтың әсерінен. Яғни, өмірге кел ген егіздердің барлығының арғы аталарының бірі егіздің сыңары болған. Ал енді көп баланы бірден өмірге әкелудің құпиясын ғалымдар әлі күнге дейін аша алмай отыр. Атақты Аристотельдің өзі ғылыми еңбектерінде 4 рет 5 ба ладан тауып, 20 баланың анасы атанған бір әйелді мысалға келтіріпті. Әрине, егіз көтерген әйелдер дәрігердің көме гімен босануға тиісті. Римнің белгілі дәрігері Дженнаро Монтанино 35 жасар жүкті әйелге ота жасағанында, ішінен 4 айлық 15 нәрестені алыпты. Олардың бесеуі – ер бала, қалғаны – қыз бала болса керек. Тарих та көп егіз тапқан тағы бір ана Бродрик Джералди на. Австриялық бұл әйел 1971 жылы бірден тоғыз нәрестені өмірге әкеліпті. Олардың бесеуі – ер бала да, төртеуі – қыз бала. Өмір тәжірибесі көрсет кеніндей, көп санды егіз балалар туғанында әрқай сының салмағы төмен, өздері әлсіз де нәзік бо лады да көп күтімді қажет етеді. Негізінен, қазір туған бала қалыпты тіршілік етуі үшін салмағы 700 грам нан кем болмауға тиісті. Осыған орай егіздерді қалыпты салмаққа жеткізу үшін қолдан жағдай жасап, арнайы бөлмеде бағып, күтеді. Алайда бірқатар егіздер дұрыс жетіле ал май, шетінеп те жатады. Соған қарамастан, көп сан ды егіздердің жақсы жетіліп кетіп, ержеткендері де аз емес. Біз енді солардың аты-жөнін еске алсақ, олар мынандай аналардан туған перзенттер: 

1. Коломбо (Шри-Лан ка) қаласының тұрғыны – Розенковец Дзейн Сюзан. 27 жасында бірден алты бала тапқан. Үшеуі – ер, үшеуі – қыз бала. Жақсы өсіп, өмір сүріп кеткен. 

2. Мәскеу маңындағы Шун деген елді мекеннің тұрғыны Федор Василье вич деген шаруаның бірінші әйелі. Ол 1725-1765 жылдар аралығында алғашқы төрт баласынан кейін жеті рет үш сәбиден туып, өмірге 25 перзентті әкелген. Шаруаның екінші әйелі де күйеуіне екі рет үштен, алты рет екіден 18 баланы туып берген. Жалпы, сол кез де онымен бәстескендей, екінші бір шаруа Карповтың да екі әйелінен 72 баласы болыпты. 

3. Чили тұрғыны Леон тина Альбина (Эспиноса). Оның соңғы елу бесінші баласы 1981 жылы жарық дүние есігін ашыпты. Күйеуі Хераро Секунданың журналистерге бер ген сұхбатында әйелінің 1943 жылға дейін бес рет босанғаны, әрқайсында үш егізден ұл тапқандығы ай тылады. Біз енді КСРО бойынша егіз бала туу көрсеткішін сараптап, талдасақ, ол кезде бұл мемлекетте екі үш баладан егіз туылған 5-7 миллион бала өмір сүріпті. 

4. Тағы бір қызықты оқиға, 1818 жылы Герма нияда тұратын Тиле де ген азаматтың отбасының құрметіне ескерткіш орнатылған еді. Оған се беп, 1600 жылы оның жанұясында бірден жеті бала өмірге келген-ді. Сол үшін неміс халқы осы бір азамат пен оның жарын болашаққа үлгі болсын деген ниетпен жеті бала сын бірдей алдына алып отырған ана ескерткішін тастан құйып шығыпты. Ал біздің дәуірімізде ең алғаш рет бірден тоғыз баланы өмірге әкелген ана Шығыс Пәкстанда тіркеліпті. Егіз туу жасқа байланысты ма? Бірқатар дәрігерлердің дәлелдеуінше, әйел қырық жастан асқан соң бала көтеруін тоқтатады. Сон да, қазақтарда бұрын Елубай, Алпысбай, Жетпі сбай, Тоқсанбайлар неге көп болған. Әлде бұл аталарымыздың тоқал алып, олардың жас бол ғанынан ба? Жоқ, бала табуға жастық та, кәрілік те бөгет бола алмайды екен, ол қазір көптеген қызықты деректермен дәлелденіп отыр. Мысалы, 1970 жылы бір испан әйелі он бір жа сында тұңғышын дүниеге әкелсе, Фатима Эдигер деген түрік әйелі 95 жа сында егіз бала тауып, осы егіздердің әкесінің 127 жа ста екендігі әлем халқын қатты таңдандыруда. Олай болса, егіз туу жасқа бай ланысты емес. Халқымызда Жүзбай деген де адам есімдері бар ғой. Сірә, біздің елімізде ертеректе тоқсан түгілі, жүзде де сәбилі болған ата-әжелеріміз болған шығар, кім біледі. Тек қазір тегіміз ұсақталып, халқымыздың өсімі көбей мей отырғандықтан, бұл бізге әзірге қиял-ғажайып ертегісіндей көрініп оты рғаны болмаса. Егіздер арасындағы ерекше байланыс Медицина ғылымының докторы Иван Усовтың зерттеуі бойынша, егіздер дің 30 пайызы әртүрлі ауруларды бірдей сезіп, қабылдайтын болып шықты. Игорь, Борис Фроловтар дейтін екі егіз баланың біреуі Минскіде, екіншісі Чебоксарыда тұрса да, екеуі де бір уақытта бірдей аурумен сырқаттаныпты. 

Ғалымдар мұндай биоло гиялық сәйкестіктің себе бін егіздердің шығу тегінің генетикалық жағ дайына, яғни, тұқымқуалау шылығына байланысты, деп түсіндіреді. Сол себепті, егіздердің тек қана бет пішіндері, денелері ғана емес, мінездері де, ақыл-ойлары да, тіпті бір мамандыққа бейімділігі де, бір нәрсеге ынталылығы да көп жағдайда бір-біріне өте ұқсас келеді екен. Минск қаласында болған мына бір оқиға соның нақты дәлеліндей: қаладағы № 7 ауруханаға бір уақытта күйеуге тиген егіз қыз түсіп, екеуі де бір уақытта егіз бала табады. Ғылыми зерттеу қоры тындысы көрсеткеніндей, егіздерді көп жағдайда 18 жасқа дейінгі немесе 30 жа стан асқан әйелдер көтереді екен. Ең қызығы, егіздердің біреуі күлсе, жыласа, ашу ланса, ол екіншісіне де әсер етіп, олар бірдей мінез қылық танытады, өскен сайын бір-біріне өте үйір болып, бос уақыттарын бірге өткізетін болады, осы уақытта оларда бір-біріне деген сенімділік те арта түсетін көрінеді. Психолог тар мұнан басқа, егіздерде басқа балаларға қарағанда бәсекелестік те қасиеттің басымырақ болатынын ай тады. Әйтеуір, егіздер басқа балалардан жоғарырақ болуға бірге тырысады. 

Қазақ отбасында егіздер ге бір баладай қараушылық бар. Бұл қате түсінік. Өйткені, егіздердің бір біріне сырттай да, іштей де ұқсамайтындары да кез деседі. Соған қарамастан, мүмкін білместіктен, кей бір ата-аналар егіз ба лаларын бір бөтелкемен тамақтандырып, бірдей киіндіріп, бір керуетке бір ге жатқызады. Әрине, бұл егіздердің әрқайсының жеке тұлға болып қалыптасу процесін (үдерісін) баяу латады. Сол себепті, егіз балалардың әрқайсының жеке киімі, жеке керуеті, жеке заттары, жеке ойын шығы мен ыдыс-аяғы болу ға тиісті. Рас, жас кезінде егіздер бірдей киініп, бірінің жасағанын екіншісі қай талап, күліп-ойнап жүре береді. Тек ержете баста ғанында бір-біріне ұқсама уға трысып, ерекшелену ге талпынады. Ең қызығы, егіздер өскен сайын сәл нәрсе үшін бір-біріне бұр тиып, өзара ұрсып қала беретін көрінеді. Бұл егіздердің біреуінің көш басшы болуды қалап, соған өзін бейімдеуінен туындайды да. Негізінен, жас кезінде егіздердің біреуі тәртіпсіздік жаса са, екіншісі оны қолдап, дем беріп отырады екен. Мұндай жағдайда бір жа сар егіз балаларды бір бірінен басқа бөлмеге бір минутке бөліп қойса, сол-ақ оларды сабасына түсіреді, дейді психолог тар. Егіздердің ата-анасының есіне 

• Егіздер өмірге кел генінде әртүрлі дауыстап айтылатын (дыбыстала тын) есімдерді таңдап қою қажет. Оларға ұқсас есімдерді қойсаңыз, өз дерінің жеке тұлға екенін кештеу ұғынады.

• Егіздерді бір күн тәртібіне дағдыландырған дұрыс. Олар бір мезгілде тамақтансын, бір мезгілде ұйықтасын, бір мезгілде ойнап, серуендесін. Егіз дерге күтім жасалғанда оған әке-шешесін, басқа да отбасы мүшелерін қатыстырып отыру қа жет. 

• Егіздер үнемі жан жалдасып қалмауы үшін оларға біркелкі киім, ойыншық сатып алмаңыз. Әрқайсыныңкі әртүрлі болсын. Олардың әрқай сының талғамы мен қызығушылығына ден қойып, соған сәйкес тәрбиелеңіз. 

• Егіздерге өз затын ажы рата білуді үйретіңіз. Егіз екен, бір затты бөлісуге тиіс, деген ойдан аулақ болыңыз. Әрқайсының өз велосипеді, өз керуеті болғаны жақсы. 

• Егіздер бір-бірімен бә секелес болмасын. Оларды бірін-бірі тыңда уға, өз кезегін күтуге тәрбиелеңіз. 

• Ата-аналары егіздердің әрқайсымен жеке-жеке сөйлесуге, әңгімелесуге, ойнауға уақыт табуға тиісті.

• Егіздерді бірін-бірі демеп, қолдағаны, тыңда ғаны үшін мақтап, кей де сәл-пәл марапаттап отырыңыз. 

• Балаларыңызға егіз болудың жақсылығын, басқалардан артықшы лығын үнемі айтып оты рыңыз. 

• Егіздердің өзара көмегі туралы фильмдерді бірге отырып көріңіз. Өмірде егіздерді қандай оқиғалардың күтіп тұр ғаны, қиындықтарды қа лай бірлесе жеңуге бола тыны туралы әңгімелеп, соны бейнелейтін ертегі, оқиғаларды білсеңіз, ай тып беруді ұмытпаңыз. Иә, егіз туған балаларға ерекше күтім, тәрбие қажет.

Егіз бала туу – тұқым қуалайтын ере кшелік екенін ұмытпай, ата бабаларыңызда, әулетіңізде сондай қадір қасиет бар болса, оны құрметтей біліңіз.

өлең шығарған ба деп қалсам)
+1 дауыс
Тұқымыңда егіз болса.
0 дауыс
Егіз бала туу - тұқым қуалайтын қасиет.
0 дауыс
Тұқым қуалайды, ол бір, көп жағдайда жасанды ұрықтандыру жасатқан әйелдер егіз туады. Жүкті болу ықтималдығы жоғары болу үшін жасанды ұрықтандыру кезінде бірден екі ұрық салады аналық жасушаның ішіне, көбіне солардың біреуі ғана жетіліп дамиды, ал кейде екеуі де дамып, егіз болып туылады.
0 дауыс
ХҮ деген ол қыз баланың жыныстық хромосомасы. Адамда 23 жұп хромосома болады, ең соңғысы жыныстық хромосома, ХУ болса қыз бала, ХХ болса ер бала. ХХУ немесе ХУХ сияқты ауытқулар да болады, олар екі жынысты болып ауру болып туылады. Хромосома туралы оқысан қызық))
0 дауыс
Менин еки улым бар мен екиз бала тугым келеди. Ол ушин мен баска екизи бар еркек адамнан екиз котерсем болама. Жане кандай жолмен. Егер сол жигитпен косылсам котере аламынба алде ад
0 дауыс
Егиз тукым куалайма от басымызда егиздик тукым жок ол Калай болганы танкалып отырмын
0 дауыс
Егиз котергим келеди

Ұқсас сұрақтар

...