+3 дауыс
11.4k көрілді
Жаңа жылға арналған қазақша құттықтау - тілектер керек?

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Жаңа Жыл Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, жаңа жетістіктер және татулық әкелсін! Керегелеріңіз кеңейіп, шаңырақтарыңыз биіктей  түссін! Әрбір жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен сәттілікке үлесе берсін!



Сіздерге Жаңа Жылда жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілейміз!

Бұл жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болсын!

Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін!

*

Жаңа жыл — жаңа 20 15 — жылдың бастауы.  Жыл басы құтты болсын! Басымызға бақыт, үйімізге арай, шаңырақтан шуақ, керегедей кеңдік, табалдырықтай беріктік, таусылмас бақ — береке əкелген жыл болсын! Жаратқан аманшылықта, саушылықта, молшылықпен  бірге қанағатшылығында өмір сүруге жазсын!



Бейбіт күндермен келген əр күніміз- бақыт. Сол бақыт жаңа жылда еселене түссін! Отбасы отанымыз, қазақ деген іргеміз мықты болсын! Отбасындағы жандарға тыныштық,  жұмыстағыларға кəсіби өрлеу мен үлкен баспалдақ, балаларға бақытты өмір, арманы бар жандарға жетер жетістік тілеймін!

 

Жаңа Жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылып, әр шаңыраққа шуақ болып тарайды. Қай - қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа Жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі Жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа Жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!

Ескі Жылдың қайғы - мұңын, өкпе – наздың барлығын артқа тастап, кіріп келе жатқан Жаңа Жылды көтеріңкі көңіл - күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа Жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады. Достар, біз де өкпе - назымызды, өкініш - мұңымызды, қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, ескі Жылға қалдырып, Жаңа Жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен аттайық, бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр деп сенейік. Жаңа Жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын!

Достар, мен мына қолдарыңдағы жүзім шарабы құйылған бокалды біз тағатсыздана күтіп отырған, есік қағып кіргелі тұрған Жаңа Жыл үшін көтерулеріңізді сұраймын. Лайым Жаңа Жыл барлығыңа тек қана жаңа қуаныш, жаңа бақыт, жаңа табыс алып келсін! Ортамыз ойсырамай, Алла тағала Жылдан Жылға аман – есен жеткізе берсін! Бәріңе мықты денсаулық, берекелі байлық тілеп, жаңа бастаған істерің оңынан шешіліп, соңынан тойлап жүре беріңдер демекпін! Жаңа Жыл құтты болсын!

Жаңа Жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой - мақсаттар жүзеге асатын, арман - үміттер ақталатын Жыл болсын. Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілеймін.
Келді, міне, Жаңа Жыл ортамызға,
Құт - береке әкелсін баршаңызға.
Аңсаған арманыңыз орындалып,
Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.

Жаңа Жыл құтты болсын! Бақ - береке, мол ырыс - дәулет әкелсін! Ертегіге елітер осы ғажайып кезеңде барлық асыл армандарыңыз орындалсын! Жаңа Жыл түні өзінің сиқырлы әсерімен Сізді қуанышқа бөлеп, алдағы Жылыңызға шат - шадыман сәттер, жаңа мүмкіндіктер сыйласын!

Жаңа Жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер Жылы болсын!

Жаңа Жыл – жаңа үміттер мен жаңа жоспарлар. Сіздерге жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілеймін. Бұл Жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болсын. Жаңа Жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін.

Жаңа Жыл құтты болсын! Адам баласы жаңа Жылдан көп жақсылық күтеді, жаңа Жылға көп үміт артады. Армандарыңыз бен тілектеріңізге қосылып, біз Сізге алдағы Жылда денсаулығыңыз мықты, бақытыңыз үстем болып, күш - қуатыңыз таусылмасын, қанатыңыз талмасын деп тілейміз. Өткенге риза болып, жаңа Жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық. Жаңа Жылға елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік!

Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға аманшылық пен бақ - дәулет, еңбектеріңіз жемісті, өмір жолдарыңыз сәттіліктер мен табыстарға толы болсын. Қағып тұр Жаңа Жыл кеп есігіңді, Болмайды той - думанның кеші мұңды. Жаратқан түгел қылып берсін сеніңБақыт пен ырысыңды, несібіңді! Ашылып ғасырдың бір ақ парағы, Өзіңе Қыдыр дарып, бақ қарады. Жаңа Жыл берекелі Жыл боп кірсін, Табысқа бастап сені асқаралы!
+2 дауыс

Досыма:

Саған тілер басты тілегім — армандарың орындалсын! Өйткені адам арманына жетсе ғана, бақытты! Жаңа жылыңмен!

Жаңа Жыл жомарттығын жасасын! Бақытын саған себелесін, жұлдызыңды жарық етіп, бар армандарыңды орындасын!

Осы қалпыңнан танба, достарыңа адал бол! Қыстың қарлы күнінде де, жаныңа шуақ шашып, көктем күлсін.

Бүгін саған 3 кісі барады.Тек ашуланба, мекен-жайды мен бердім. Олар өмір бойы сенің касыңда қалатын болсын: Денсаулық, Сәттілік, Махаббат!

Аппақ қардың ұлпалары саған бақыт болып төгілсін. Кірпіктерің де ақ қарға көміліп, көздерің тек аппақ армандарыңның орындалғанын көрсін! Бақыт пен үміттің, махаббат пен татулықтың жылы құтты болсын!

Жаңа жылда саған тілерім: 12 ай ауруды сезбей, 53 апта тек жақсылықтарды көріп, 365 күн бақытқа кенеліп, 8760 сағатты сәттілікпен өткізіп, 525600 минут махаббатқа мас болып, 31536000 секундты қуанышты сәттермен өткіз! Жаңа Жыл жарылқасын!

Келер жыл сені азап пен ауыртпалықтардан, ұрыс пен берекетсіздіктен сақтасын! Жылан жылы айналаңдағы жандарға, маған және саған да, үміті мен махаббатын, бақыты мен байлығын сыйласын!

Ардақ тұтқан жайсаң жанның бірі едің,
Біреуге сыр, ал біреуге жыр едің,
Шынарына өрле биік бақыттың,
Осы менің саған айтар тілегім!

Құшағында тәтті үміттің
Өтсін алтын күндерің,
Жаңа жылда жақсылықтың,
Шамшырағын үрлегін!

Сүйіктіме:

Аппақ қар үлпілдей жауып тұр. Баспалдаққа түссе, еріп кетеді. Кенеттен қарға айналып, алыста жүрген сенің қолыңа түсіп, еріп кетер ме едім! Сағынышым менің, жаңа жылыңмен!

Өзің де бір ардақты жан екенсің,
Армандарың алып шыңға көтерсін!
Дақ түспесін жүрегіңе ақ қардай,
Жаңа жылың жаңа бақыт әкелсін!

Бақытың лағыл тастай төбеңде мәңгі сөнбесін! Сүйікті де қымбатты жандарың қасыңнан бір сәтке кетпесін!

Аман болсын отбасың,
Жамандықтан сақтасын.
Жаңа жылдың түнінде,
Бақыт ашсын қақпасын!

Кең аспаннан қар жауады жапалақтап. Қар аппақ, сенің ақ көңіліңдей, сүйіктім! Қар алақанға келіп, жылулықтан ериді — бұл менің сені құшағыма алуым! Ерінге түскен қар, ыстық демнен балқиды — бұл менің саған деген ыстық сезімім! Жаңа жылыңмен, Жаным!

Жаңа жылға ірі жұлдыздары төгілген көкжиекті сыйлаймын саған, алтыным! Сол жұлдыздармен бірге күн кешіп, ертегі әлеміндегідей таңғажайыпты бірге тамашалайық, менің ең жарық жұлдызым!

Сені жылдардың ішіндегі Жаңа 20 жылыңмен құттықтаймын! Жаңа Жыл саған жаңа қуат, жаңа бақыт, жаңа табыс әкеліп, жағымды жаңалықтарымен таң қалдырсын!

Әзілді:

Аяз Атаның хайуанаттар бағынан үш маймылы қашып кеткенге ұқсайды: біреуін қазір ғана жаңа жылдық шыршаның астынан тауып алыпты, екіншісі табылмай жатыр, үшінші маймыл осы СМС-ті оқып күліп отыр екен!

Дәрігерлердің пайымдауынша, 5 рөмке шарап, Жаңа Жылды ойдағыдай қарсы алуға кедергі келтіреді. Шарапсыз, ойдағыдай қарсы ал! Құтты болсын, бауырым!

Әлемде жеті керемет бар дейді, сегізінші керемет — Жаңа Жыл! Армандар орындалып, Жаңа Жыл кереметін сыйласын!

Жаңа жылда,
Жаңа жылдың әр күні,
Жақсы хабарларға,
Жағымды жаңалықтарға,
Күтпеген қызықтарға,
Қуаныш сыйлайтын sms-терге толы болсын!!!

0 дауыс
Жаңа жыл құтты болсын, денсаулық мықты болсын, ақшаларың көп болсын ))
...