Ұлы орыс халқының алфавиты бойынша жаңа әліппе қабылдапалғанымыз игі іс болды. Отандас, істес орыс халқының алфавитын таңдап алуымыз бірден-бір дұрыс шешкен мәселеміз еді, оның дұрыстығы іс жүзінде де дәлелденіп отыр. Ұлы орыс халқының мәдениеті бүкіл совет халықтарының өнеге алатын аға мәдениеті болып отырған жағдайда, оның үстіне ұлы көсеміміз Лениндік партиның данышпандығымен ұйысқан алуан сырлы терең мағыналы социалистік мәдениетіміз жасалып отырған жағдайда совет халықтарының бірыңғай алфавитке көшуі - біздің заңды тілегіміз де, заңды жетістігі де болып шықты.
Жаңа әліппеге көшуденқазақ халқының бүгінгі дамуына, келешек игіліктеріне толып жатқан қолайлы жағдайлар туғанын жұртшылығымыз жақсы біледі. Сондықтан бұл мақалада ол олжаларымызды тізіп жатпай-ақ, әліппеміздің алдағы уақыттарда жақсара, сұлулана түсуі тілегінен туған азын-аулақ пікірімізді ортаға саламыз.
"Көш жүре түзеледі" дегендей, біздің өмір көшіміз алға ұзаған сайын, мол тәжірибеміз молайған сайын кеше байқаңқырамаған кемшілігімізді бүгін көріп, түзетіп отыруымыз заңды. Сол сияқты біздің жаңа әліппеміз де жыл өткен сайын өмір елегінен өтіп, сұрыпталып, жақсарып келе жатқандығы байқалады. Бұл жерде әріптестеріміздің көбеюі, азаюын немесе жаңа әріп таңбаларының қосылуын, өзгеруін айтып отырғанымыз жоқ. Мәселе әліппемізді дұрыс пайдалана білуде. Қай жұрттың әліппесі болмасын бірден тап-тұйнақтай болып шыға келмеген шығар. Ендеше біздің бұл әліппеміз әбден жетіліп болды, осы ережемен биыл да жазамыз, бұлжытпастан мың жылдан соң да жазамыз, деп ешкім айта қоймас.
Сондықтан қазіргі әліппемізде, жазу ережемізде ерекше көзге түсіп жүрген кемшіліктер "ы", "і" әріптерінің таңбаларын өте көп қолданып келе жатқандығымыз. Бұл таңбалардың орынсыз көп қолдануынан туып келе жатқан екі қиыншылық бар сияқты: біріншіден - жазуға түскен әрбір сөзіміздің сыртқы сұлулығын бұзады да, екіншіден - жеке сөздерімізді жазуымызға, оқуымызға қиындық келтіреді.Әр адам өз еңбек процесінде қолданатын құралының әрі қолайлы, әрі пайдалы болуын тілейді. Ал әліппеміз миллионның құралы. Сол миллиондардың ішінен: "Япыр-ай, осы "ы" мен "і" әрпін азырақ қолдансақ қайтеді екен" дегенді үнемі естуіміз тегін емес. Шынында да: «жиылысымызды» деген бір сөзіміздің өзінде алты «ы» бар! Бұл көрер көзге ерсі, жазуға оқуға қиын екені даусыз. Ал «қыйын» деген сөздің өзі де оңай жазылып тұрған жоқ. Мұндай мысалдар толып жатыр. «Ы» - «і» әріптерін өте көп қолданануымыз орынсыз-ақ. Бірақ бұл амалсыздан туып отырған жағдай емес сияқты. Кейбір тіл мамандарымыздың жете ойланбағандығынан туып отырған жағдай. Оның сондай екендігін практикадан байқап келеміз. «Ы» мен «і» неғұрлым аз жазуға тырысушылықты екінің бірінің жазуынан көруге болады.
Айталық:
Дауылбай деудің орнына Даулбай,
Нұрпейіс « » Нұрпеис,
Жыйын « » жиын,
Қыйын « » қиын,
Кійім « » киім,
Шынында да «Дауылбай» дегенді «Даулбай» деп жазғанда, сөздің мағынасына тиетін зиян бар ма? Еш зиян жоқ. Қайта қазақша да, орысша да бір түрлі етіп жазғанымыз әлдеқайда артық, әлдеқайда қолайлы. «Жыйын», «қыйын», «кійім» деудің орнына: «жиын», «қиын», «киім» деп, немесе, «жиын», «қыин», «кіим» деп те жазып жүргендер көп кездеседі. Бұл фактыларға құлақ аспауға болмайды. Бұл жұршылық тілегінен туған, ой елегінен өткен фактылар. «Қыйын деп жазудан гөрі «қыйн» деп немесе «қиын» деп жазған әлдеқайда қолайлы. Бірақ соңғы екеуінің қайсысы дұрысырақ болар, оны жұртшылық болып шеше жатар. Біздіңше бұл тәртіпті жаппай бірыңғай қолданбай, сөздің түп мағынасына, естілуіне қарай қолданған жөн.
Мысалы: Жи – жиын – жиылыс – жина;
Немесе: Сый – сыйм – сыйымыз – сыйла.
Егер біз «қыйн» деудің орнынан «қиын», қый» деуді «қи» деп жазатын болсақ, - бұдан сөз мағынасы да, естілуі де ешбір бұзылмақ емес. Өйткені «қи» дегенді ешкім де «ки» деп оқи алмайды, жалпақ дыбысты «қ» әрпі жіңішке дыбысты «и» әрпін өз ықпалына бағындырады. «Қыймастық» - «қимастық» екеуі бір-ақ мағына береді. Қазақ сөзінің көпшілігін қосарланған «ый» дан, «ій» ден босатуға әблен болады. Ақыры осылай болатыны даусыз. Жазу тәжірибеміз соған бастап барады.
«Ы», «і» әріптерін аз жазуға тағы бір жағдай бар сияқты. Біз осы күні «толтыру», «хабарландыру» деп жазып жүрміз. Ал егер «толтру», «хабарландру» деп жазсақ қалай болар еді? Сөздің бір буыны кеміп қалар еді. Оған неміз кетті? Біз сөз үшін емес, сөз біз үшін ғой. Айтқан уақытта «ха-бар-лан-ды-ру деп, ешкім де «ды» деген буынға тоқтап жатпайды. «ха-бар-лан-дру» деп айтады. Соңғы «дру» деген буынның айтуға, не жазуға ешбір оғаштығы сезілмейді. Осындай орынсыз тұрған «ы» ның салдарынан біздер бір кездерде (ескі әріппен) «тыруба» (труба) «тырактыр» (трактор) деп жазбадық па? Жаздық. Ол қате екен, кейіннен түзеттік. Ендеше «хабарландыру» деп жазуға әбден болады.
Осы айтылғандардың бәрі қазақ тілінің заңына, теориясына сыймайды деушілер болса, ол қате. Өйткені қазақ тілінің «Адам атадан» бері келе жатқан заңы жоқ. Қазақ тілі туралы теория тек Октябрь революциясынан бергі жерде ғана туа бастады. Ол теория жылдан – жылға өсіп, нығайып келеді. Ол теорияны өсіре беру керек. Олай болса, өскелең өміріміздің тілегіне қарай тіліміз де, әліппемізді де мәдениеттендіре беруіміз керек. Ұлы орыс халқының мәдениетінен үйреніп, соның алфавитын да алып отыр екенбіз, олай болса сол ұлы мәдениеттен жақсылап үйренуіміз керек. Орысша «взвод», «Брянск» деген сөздер бір-ақ буыннан құрылған сөздер. Біз оларды бір кездерде: «бызбод», «Бірянскі» деп те жазып жүрдік. Соны да қазақ тілінің «заңымен» дәлелдемекші болғандар болды. Бұл мәселеде ол «заңшылардан» гөрі халқымыз әлдеқайда білімпаз болып шықты. «Взвод», «Брянск» деген сияқты сөздерге тіліміз де жақсы келеді, дұрыс та жазамыз. Рас, айтқан уақытта сол «взвод» деген сөзден екі дыбыс естілетін сияқты: «взвод». Бірақ екі дыбыс естіледі екен деп «выз-вод» деп жазуға болмайды ғой. Бізде де ондайсөздер көп. Ол жағын да ойлау қажет. «Шырақ» деудің орнына «шрақ» деп жазсақ қателесе қоймаймыз.
Ұзын сөздің қысқасы – біздің осы күнгі жазу ережемізде едәуір кемшіліктер бар. Солардың салдарынан кітаптарымызда, газеттерімізде емле қателері көп кетіп жүр. Оған көндігіп отыруға болмайды. Жұртшылық болып бұл мәселені тағы бір көтеруіміз керек те, мықтап тұрып шешуіміз керек.