+2 дауыс
1.6k көрілді

Құрметті сайт қолданушылары! Сіздерді ата-бабамыз аңсап жеткен Тәуелсіздігіміздің 23 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Сіздер 23 жыл ішінде Қазақстанға қандай тіттей де болса пайда тигіздіңіздер? Және құттықтауларыңызды жаза кетсеңіздер. Рахмет.

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақ іргелі ел боламын дегенше талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан өткерді. Ата-бабаларымыз, батыр аға-әпкелеріміз білектің күшімен, найзаның ұшымен, қасық қандары қалғанша, елімізді, кең байтақ жерімізді қорғап қалды. Бүгінгі тәуелсіздікті бізге сыйға тартты. Біз үшін 16 желтоқсан жай күн емес . Ол тәуелсіздік күні , бостандық, азаттық күні. Орыстардың бұғауынан босаған күн. Қаншама есіл ерлер армандап , жете алмай, көре алмай кеткен күн. Осындай ұлы күнмен баршаңызды құттықтаймын. Қазақстан бүгінде төрткүл дүниені тамсандырған, қарқынды дамып келе жатқан ел. Бүгінде "еркіндіктің көк туы желбіреп, қыран құсы қалықтаған көк аспан астында" ата-баба жолын жалғаған елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында бейбіт өмір кешудеміз. Әрбір отбасына молшылық, береке-бірлік, бақыт тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қазақстан одан әрі дамып, озық мемлекеттер қатарына қосылсын. Қазағымның перзенті ретінде еліме әлі ешқандай еңбегім сіңбесе де, "болашақ - жастардың қолында"-, дегендей, келешекте алаштың айбының асқақтатар азаматша болуға тырысамын.
+3 дауыс
Шын жүректен, бүкіл Қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 23 жылдығымен құттықтаймын!!! Ата-бабаларымыз аңсап өткен Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Осы күнге жеткеніміз үшін, бірінші Аллаға, екінші желтоқсан оқиғасындағы Аға-Әпкелерімізге, үшінші Елбасымызға рахметімді айтамын. Құдай қаласа, болашақта Қазақ елі әлемнің алпауыт елдерінің біріне айналады деп сенемін. Сол күндерге жете берейік! Алға Қазақ елі, Жаса Қазақ елі!!!
+1 дауыс
Тәуелсіздік  мерекесі  құтты  болсын,  құрметті  Қазақстандықтар! Ашық аспан  аясында  көк туымыз  еркін   желбірегелі де  23 жыл  өтіпті.  Осы уақытпен жарысып елдің  іргесін  тіктеп  жатқан  салиқалы  саясаткерлеріміз  алдағы  уақытта  да  көрегендікпен  еңбек  етіп   айнадамызда  болып  жатқан  ылаңдардан  елімізді    аман  сақтайды  деп  сенім  білдіремін. Өйткені  Тәуелсіздіктің  құны біз  үшін  қасиетті   ата-бабаларымыздың  аманаты  іспеттес,  олар  көре алмай  кеткен бұл  бақыттан  енді  ешкім  айырмасын  деп  тілеймін.  Шарықтап  дамып,  алдыңғы  қатарлы  елдердің  алды болғанын  көргіміз  келеді.    Амандық  болса  ол  күндерде  алыс  емес  екеніне сенемін.
+1 дауыс
Тәуелсіздік күні құтты болсын, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын)
+1 дауыс

Құрметті сайт қолданушылары Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Еліміздің тәуелсіз туы мәңгі желбіреп, аңсаған армандарымызға жете берейік!

Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, ырыс-құт, мол табыс, береке-бірлік тілеймін!

Еліміз өз азаматтарының жақсы істерімен даңққа бөленіп, өркендей берсін!

 

 

 

...