+1 дауыс
22.9k көрілді

Уинстон Черчилль – XX ғасырдағы британдық ұлы саяси қайраткер. Уинстон Черчилль өмірбаяны

Уинстон Черчилль,XX ғасыр,британдық қайраткер,Уинстон Черчилль өмірбаяны

 

1 жауап

0 дауыс

Уинстон Черчилль – жарты ғасыр бойы Ұлыбританияның саяси аренасында үстем болған британдық мемлекеттік және саяси қайраткер.

Өзінің еліне қызмет етуге міндетті адамдардың әрқайсысы сияқты, Черчилль Англияға ақылмен, ұлттық тарихына үлкен құштарлықпен және де суық оймен қызмет етті. Және де ол, әрине, өз жетістіктері және пайдасы үшін елінің тағдырын ескермей кеткен емес. Тек осылай ғана ол өз елінің сарқылмас махаббаты мен барлық адамзаттың құрметіне қол жеткізе білген. Оның барлық өмірі ұлттық тарихқа, оның ең үздік стандарттарына адалдығымен өтті.

Қоғамдық өмір сахнасында ұзақ уақыт бойы орнын сақтай білген саясаткерлер мен мемлекет қайраткерлері жиі кездесе бермейді. Олардың ішінде өз өмірлерін аянбай саясатта табысқа жету жолына арнаған қайраткерлер сирек кездеседі. Черчилльдің саясаттағы жолы үлкен табыстарымен де, маңызды сәтсіздіктерімен де белгілі болды. Ол туралы қоршаған адамдардың пікірі өзінің айналысуына тура келетін көптеген маңызды мәселелер туралы пікіріндей қарама-қайшы болды. Оның мінезіне қарама-қайшылықтан басқа өзі ұшыраған жағдайларға байланысты өзгеріп тұру тән болды. Ал әр түрлі қасиеттерінің көптігі оған белсенді саясаткер, мемлекет азаматы болуға мүмкіндік берді. Бұдан басқа ол офицер, жазушы, тарихшы, стратег, журналист, жоғары класс ораторы және қабілетті суретші болды, ол тас қалаушы және бақша сәулетшісі шеберлігін игерді.

Өмір бойы Уинстон Черчилль публицистика үшін игілікті объект болып өтті. Істегені мен айтқанының бәрі оның әрекетінің жаңа көрінісі болып отырды.  Көптенен замандастарына қарағанда, ол әрдайым бұқаралық ақпараттар құралдарының мәнісін және олардың артында тұрған бұқараны бағалай білді. Оларға өз тарапынан көптеген ықыласы мен ілтипатын білдіріп, бұны өз мақсатары үшін ебін тауып пайдалана білген.

21 жасында Англияның саяси өміріне қадам басып, ол қырық жыл бойы жеке істерінде актердің, жылнамашының, сыншының және соттың ролін ойнап, саясатта қала берді. Тынышсыз өмірдің шытырман оқиғаларын кешіп жүріп, ол өзіне көңіл аударта білетін.

Би-би-си хабар тарату компаниясының 2002 жылғы сұрастыруы бойынша, У. Черчилль тарихтағы ең ұлы британец атанды.

«Табыс – бұл энтузиазмді жоғалтпастан сәтсіздіктен
сәтсіздікке жылжи білу». Уинстон Черчилль

Британдық мемлекеттік және саяси қайраткер, 1940-1945 және 1951-1955 жылдардағы Ұлыбританияның премьер-министрі; әскери адам, журналист, жазушы, Британия академиясының құрметті мүшесі (1952), әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1953).

2002 жылы Би-би-си хабар компаниясы жүргізген сауалнамалар деректері бойынша ол тарихта ұлы британец деп аталды. 

Уинстон Черчилль 1874 жылы 30 қарашада Бленхейм Сарайында Мальборо герцогтарының атадан қалған қожалығында туған.  Черчилльдің әкесі – лорд Рэндольф Спенсер-Черчилль, Мальборо 7-герцогының екінші ұлы, белгілі саясаткер, Кертартпа партиялар атынан Қауымдық палата депутаты болды, Қазынашылық канцлер лауазымымен айналысты. Анасы – леди Рэндольф Черчилль, қыз кезінде Дженни Джером, бай америкалық бизнесменнің қызы болған.

Саяси мансаппен айналысқан әкесі де, ақсүйектер өміріне берілген анасы да ұлына аз уақыт бөлді. 1875 жылы балаға деген қамқорлық бала бағушы Элизабет Энн Эверестке жүктелді. Оны тәрбиеленушісі шынайы сезіммен жақсы көрді және Чирчелль үшін ең жақын адамдарының бірі болды.

Черчилль сегіз жасқа толған кезде оны  Сент-Джорджда дайындық мектебіне жібереді. Мектепте тәнін жазалау практикасы болатын және ұдайы тәртіп бұзатын Уинстонға жиі қолданылатын. Ұдайы барып жүретін бала бағушы баланың денесіндегі ұрып-соққан іздерді байқағаннан кейін ол бірден анасына хабарлады да, оны Брайтонда Томсон апалы-сіңілілер мектебіне ауыстырады. Оқудағы табыстары әсіресе ауыстырғаннан кейін қанағаттанарлық болды, бірақ тәртіп бойынша аттестаттау көрсетті [1, б. 86].

1886 жылы ол ауыр өкпе қабынуымен ауырды. Денсаулығының нашарлығы мен оқудағы күмәнді табыстары ата-анасына, бірнеше ұрпақ бойы Мальбора руының еркектері оқыған Итонға емес, атағы кем түспейтін Хэрроуға жіберуге ой салды. Ол мектепті, барлық пәндер бойынша емтиханнан өте алған барлығы 12 оқушы арасында аяқтады, тарихты оқуда табыстары ерекше байқалды. Хэрроуда сайысумен айналысты және 1892 жылы мектеп чемпионы болып, айтарлықтай табыстарға жетті.

1893 жылы 28 маусымда Черчилль Ұлыбританияның ең атақты әскери училищелерінің бірі Сандхёрстегі Корольдық әскери училищеге үшінші рет (латын тілі бойынша жазбаша жұмыстарда қиындық болды) емтихан тапсырды. Бағаларының төмендігіне байланысты (102-ден 92 нәтиже) ол курсант-кавалерист болады да, жақсы нәтиже көрсеткен бірнеше талапкерлер түсуден бас тарту арқасында анағұрлым даңқты жаяу әскер класына ауыстырылады. Сэндхёрстте ол 1893 ж. қыркүйектен бастап 1894 ж. желтоқсанға дейін оқып, 130 адам арасында түлектердің жиырмасыншысы болып аяқтайды (басқа мәліметтер бойынша – 150 ішінде сегізінші). 1895 жылы 20 ақпанда Уинстон Черчилльге кіші лейтенант шені берілді.

Сол жылы ол екі ауыр қазаны бастан кешті: қаңтарда оның әкесі қайтыс болады, шілдеде перитониттен оның сүйікті бала бағушысы дүниеден өтеді.

Шен алғаннан кейін Черчилль Оның Мәртебесінің 4-гусар полкіне тіркеледі. Мүмкін ол сол кезде ғана әскери мансап оны қызықтырмайтынын мойындаса керек: «Мен неғұрлым ұзақ қызмет еткен сайын, маған қызмет ету соғұрлым көбірек ұнайды, бірақ бұл менің ісім емес екеніне соғұрлым көбірек көзім жетеді», деп ол 1895 жылы 16 тамызда леди Рандольфке жазды.

1895 жылы, анасының көп байланыстарының арқасында Черчилль Кубаға «Дейли График» газетінің әскери тілшісі ретінде жергілікті халықтың испандықтарға қарсы көтерілісін түсіндіруге жіберілді, бірақ осы кезде шынайы қызметте тіркелуін жалғастырды. Испан әскерлеріне іссапарға жіберілген ол оқ астында алғаш рет  болды. Газет оның бес мақаласын жариялады, олардың ішінде кейбіреулері «Нью-Йорк таймс» болып қайта басылды. Мақалаларды оқырмандар игі ниетпен қарсы алды және гонорар 25 гинеяны құрады, бұл сол кезде Черчилль үшін анағұрлым айтарлықтай сома болды. Испан үкіметі оны «Қызыл крест» медалімен марапаттады және бұл Черчилль атағына жанжалды сипат берді, себебі британия баспасөзінде тілшінің  бейтараптылығына күмән келтіру себебі туды. Мадақтау мен әдебиеттегі атағынан басқа ол Кубада одан өмір бойы қалмаған екі әдетке үйренді: куба сигарын тарту және түскі астан кейінгі сиеста-демалысы. Англиядан кері қайтқанда Черчилль алғаш рет АҚШ-қа барды [1, б. 98].

1896 жылы қазанда полк Индияға бет алады да, Бангалорада пәтерлерге орналасады.  Черчилль университет білімі болмағандықтан оның орнын толтыру үшін көп оқиды және поло бойынша полк құрамасының үздік ойыншыларының бірі болады. Қол астындағылардың естеліктері бойынша ол офицерлік міндеттеріне адалдықпен қарайды және солдаттар мен сержанттарды үйретуге көп уақытын кетіреді, бірақ қызмет ету кертартпалығы оған бөгет болады, ол екі рет Англияға демалысқа барады (оның ішінде Виктория королевасының басқаруына 60 жылдығы  бойынша салтанатқа), Калькутта мен Хайдарабадқа соғып, Индия бойынша саяхат жасайды.

1897 жылы күзде өзінің жеке байланыстары мен анасының мүмкіндіктерін қайтадан пайдаланып, ол елдің солтүстік-батысында Малаканд таулы аймағында пушту тайпаларының (ең алдымен мохмандтар) көтерілісін басуға бағытталған экспедициялық корпусқа іссапарға баруға қол жеткізеді. Бұл кампания кубандыққа қарағанда анағұрлым қатыгез және қауіпті болып шықты. Операция барысында  Черчилль сөзсіз батырлық көрсетті, дегенмен бұл қажеттіліктен гөрі көбінесе есерліктен туатын артық қатерге бас тігу болды. Ол анасына: «Мен әлемде қандай нәрсе болмасын, батырлық атағына көбірек ұмтыламын» деп жазды.

Әжесі герцогина Мальбороға жіберілген хатында ол екі жақты да қатыгездігі үшін бірдей дәрежеде әжуалайды, ал кампанияның өзін мағынасыздығы үшін: «Пушту тайпаларының адамдары жаралыларды азаптайды және өлгендерді мазақтайды. Солдаттар қолдарына түскен қарсыластарын – жаралыларды немесе жараланбағандарды ешқашан тірі қалдырмайды. Дала госпитальдары мен қарауыл отрядтар аурулармен бірге жау үшін ерекше мақсат болып қызмет етеді, біз жазды судың жалғыз көзі болып табылатын резервуарларды бұзамыз және оларға қарсы оқ – талқандау әсері сұмдық ... «Дум-дум» жаға оқтарын қолданамыз. Бұл - қаржы жағынан жұтататын, адамгершіліктен жұрдай моральдық, әскери тұрғы мәселесінде және дөрекі саяси ағаттық».

Хаттар алдыңғы шептен «Дейли Телеграфта» жарияланды, ал кампания аяқталғаннан кейін 8500 дана тиражбен оның «Малакандтық дала корпусының тарихы» (ағыл. «The Story of the Malakand Field Force»). Басып шығарылды. Басылымға асығыс дайындауға байланысты кітапта типографиялық қатенің көп саны кеткен, Черчилль 200-ден астам қате басылуды санады және содан бері әрқашан баспа шектерін жеке түзетуді талап етті [2, б. 32].

 Малакандтан сәтті оралғаннан кейін Черчилль Солтүстік Африкаға баруға қол жеткізуді, Суданда махдилер көтерілісін басуды баяндауды бірден бастайды. Кезекті журналисттік іссапарына жөнелу ниетін түсінікпен қарсы алмады және ол тікелей премьер-министр, лорд Солсбериге, сапарға шығу сылтауы тарихи моментті баяндау ниеті де, сондай-ақ, кітапты шығарудан жеке, сонымен қатар қаржылық пайда түсіру мүмкіндігіне болып табылатынын  шындықпен мойындап, хат жазады.  Нәтижесінде әскери ведомство, оны лейтенанттың штаттан тыс лауазымына тағайындап, сұранысын қанағаттандырды, тағайындау туралы бұйрықта, жараланған немесе қайтыс болған жағдайда әскери министрлік қорынан төлемақы алуды ойламауы керек екені ерекше белгіленген.

Көтерілгендер жағында сандық басымдық болғанмен одақтық ағылшын-египет армиясында басым технологиялық басымдық – көп зарядты атыс қаруы, артиллерия, канонер қайықтар мен сол уақыттағы соңғы жаңалық – Максим пулеметі болды.  Омдурман жанындағы басты шайқаста Черчилль британдық армияның соңғы кавалериялық шабуылына қатысты.  Ол өзі эпизодты сипаттады: «Мен желіске көштім де, жекелеген қарсыластардың беттеріне пистолеттен атып, соларға шаба жөнелдім және бірнешеуін – үшеуін сөзсіз, екеуін шүбәлі және тағы біреуін – анағұрлым күмәнмен өлтірдім».

Репортаждарда ол, кабинет бойынша өзінің болашақ әріптесін, ағылшын әскерлерінің қолбасшысы генерал Китченерді тұтқындар мен жаралыларға қатыгездігі және жергілікті дәстүрлерді құрметтемегені үшін әжуалады. «Ол ұлы генерал, бірақ оны ұлы джентльмен екендігін ешкім айыптаған жоқ» - деді Черчилль ол туралы өзінің жеке сұхбатында, орынды сипаттама тез арада жариялық игілігі болды. Сын көбінесе әділ болғанмен, оған деген қоғамдық реакция бір мәнді болған жоқ, публицист пен әшкерелеуші позициясы кіші офицердің қызметтік парызымен нашар үйлесті.

Кампания аяқталғанан кейін Черчилль, поло бойынша жалпы ұлттық турнирге қатысу үшін Индияға қайтады. Қысқа аялдама кезінде Англияда ол бірнеше рет конвсерваторлардың митингінде сөз сөйлейді. Практикалық түрде, өзінің командасы жеңіліс тапқан турнир аяқталғаннан кейін, табанды финалдық матчта жеңіске жетіп,1899 жылы ол бірден отставкаға шығады.

Отставка моментіне қарай Черчилль белгілі бір алқаларда журналист ретінде атақты болады, ал оның Судан кампаниясы туралы «Өзендегі соғыс» (ағылш. «The River War») кітабы бестселлер болды [2, б. 54].

1899 жылы маусымда ол Олдхэмнен Керітарпа партиядан парламентке сайлауға түсуге ұсыныс алады. Қауымдар палатасында орын алудың бірінші әрекеті табыссыз аяқталды, бұл Черчилльдің өзінің кінәсі бойынша емес: төңіректе  нонконформисттер басым болды және сайлаушылар консерваторлардың бастамасы бойынша, Ағылшын шіркеуін жергілікті салықтан қаржыландыру берген жақында ғана қабылдаған «Шіркеу десятинасы туралы заңдарға» наразы болды. Черчилль сайлау алдындағы кампания барысында өзінің заңмен келіспейтіні туралы жариялады, бірақ бұның әсері болған жоқ және Олдхэмнен берілген екі мандат та либералдарға берілді. 

1899 жылдың күзіне қарай бур республикасымен қатынас күрт асқынды және қыркүйекте Трансвааль мен Сарғылт Республика ағылшын жұмысшыларына алтын жазумен сайлау құқықтарын беру туралы британия ұсыныстарын қабыл алмаған кезде соғыстың сөзсіз болатыны айқын болды. 18 қыркүйекте «Дейли Мейл» иелері Черчилльге Оңтүстік Африкаға әскери тілші ретінде баруды ұсынды. Ешбір жауап берместен ол бұл туралы Судан кампаниясы кезінде сол үшін жұмыс істеген «Морнинг Пост» редакторына хабарлады және оған 250 фунт плюс барлық шығындар компенсация көлемінде айлық жалақы ұсынылды. Бұл өте маңызды сома болды (жаңа заманғы эквивалентте 8 мыңға жуық фунт), бір кездері журналистке ұсынғаннан көп, Черчилль бірден келісті. Ол Англиядан, соғыс басталғаннан кейін екі күннен соң 14 қазанда шықты.  

15 қарашада Черчилльдің Малаканд бойынша танысы капитан Холдейн команда атқарған бронепоезда рекогносцировкалау рейді жөнелтілді. Жақын арада бронепоезды бур артиллериясы атқылады.  Оқ астынан кету әрекеті кезінде құрам үлкен жылдамдықпен артқа жүріп, қарсыласы шабуылды бөліп тастау үшін жолға бөгеуіл еткен қой тасқа соғылды. Жөндеу платформасы мен екі броневагон рельстен шығып кетті, бронепоездың жылжымайтын жалғыз қаруы қатардан тікелей тию арқылы шығарылды. Черчилль жолды тазартуға команда беруге шақырылды, Холдейн қорғанысты реттеуге және жұмыс істейтіндерді қалқалауға тырысты. Көргендердің куәландыруы бойынша Черчилль оқ астында қорықпастан әрекет етті, бірақ жол тазартылған кезде, вагон рельстерінде қалған ілгекті снаряд сындырғаны анықталды, Холдейнге ауыр жаралыларды паровозға салып тылға жөнелту ғана қалды. 50-ге жуық ағылшындар қарсыласының көп есе басым күшінің алдында қалды.   Черчилльдің өзі жазғандай, бурлар қарсыласын берілуге шақырып, «адамгершілікке тең ерлікпен» шабуылдады және Холдейн солдаттарымен бірге тұтқынға алынды. Черчилль қашуға тырысты, бірақ оны бур кавалеристтері ұстап алды да, Мемлекеттік үлгілі мектепте орнатылған әскери тұтқындарға арналған лагерьге орналастырды. 

12 желтоқсанда Черчилль лагерьден қашады. Қашуға қатысқан басқа екеуі – Холдейн мен сержант-майор Бруки күзетшілерге білдірместен қоршау арқылы өтіп үлгерді және Черчилль оларды біршама уақыт қабырғаның қарама-қарсы жағында бұталар түбінде күтті.  Соңында оны жолдастарын тастап кетті деп кінәлады, бірақ бұған ешқандай дәлелдеме болған жоқ, ал 1912 жылы ол жала жапқаны үшін кінәлау бойынша «Блэквудс Мэгазин» журналына сотқа берді, басылым жалғандығын баспасөзде жариялауға және сотқа дейін кешірім сұрауға мәжбүр  болды. Тауарлық поездға секіріп, ол Уитбанкқа жетті, онда  тау-кен инженері, ағылшын Даниэл Девснап оны бірнеше күн бойы шахтада жасырды, сосын оған поездбен майдан шебі арқылы жасырын өтіп кетуге көмектесті. Черчилльді ұстап беру үшін бурлар   25 фунт сыйақы бекітті. 

Тұтқыннан қашуы оны атақты етті, ол парламентке сайлауға түсуге бірнеше ұсыныс алды, оның ішінде оған «саяси бір жақтылыққа қарамастан» дауыс беруге уәде берген олдхэмдік сайлаушылардан жеделхат алды, бірақ жалақысыз жеңіл кавалерия лейтенанты лауазымын алып, осыған орай «Морнинг Пост» спецкоры ретінде жұмысын жалғастырып, әрекет етуші армияда қалуды ұйғарды. Ол көптеген ұрыстарда болды. Өзі қатысқан Алмаз төбе үшін шайқас, соңғы операция барысында көрсеткен ерлігі үшін генерал Гамильтон Виктория Крестіне берді, бірақ бұл көрініс белең алған жоқ, себебі Черчилль сол уақытқа қарай отставкаға кетті [2, б.83].

1900 жылы шілде айында Черчилль Англияға қайтып келді де Олдхэм (Ланкашир) атынан өзінің кандидатурасын ұсынды. Батырдың беделі мен сайлаушылардың уәде еткендерінен басқа, оған инженер Девснап көмектесті, ол Олдхэмдық еді, бұл туралы, Черчилль өзінің сайлау алдындағы кіріспе сөздерінде үнемі айтып жүрді. Ол басқа кандитаттардан 222 дауыспен озып кетті, 26 жасында Қоғам палатасының мүшесі болды. Сайлауда консерваторлар үлкен дауысқа ие болып, басқарушы партияға айналды.

Бұл жылы ол өзінің жалғыз ірі шығармашылық туындысы – «Саврола» романын жариялады. Черчильді көптеген биографтар мен әдебиеттанушылар романның басты кейіпкері - Саврола бейнесінде өзін сомдаған деп жазады.

1901 жылы 18 ақпанда ол Қоғамдар Палатасында Оңтүстік Африкадағы соғыстан кейінгі реттеу туралы алғашқы сөзін сөйледі.  Ол жеңілген жаққа мейірім танытуға, «олардың жеңілісін мойындауға» көмектесуге шақырды. Оның айтқан сөздері көпшілікке қатты әсер етті, мысалы, «мен егер бур болсам, майдан даласында шайқасатын едім»,  көптеген саясаткерлер бірнеше рет пайдаланды, өңдеді.

13 мамырда ол кенеттен әскери министр Бродрик ұсынған әскерге жұмсалатын шығындарды ұлғайту жобасын күрт сынға алды. Меншік партиясы құрастырған кабинеттің сыны бойынша Черчилль «Морнинг пост» редакциясына алдын ала айтатын сөзінің мәтінін жіберді. Осы даумен жас парламентаристің жыры аяқталған жоқ. 1902-1903 жылдары еркін сауда және отарлау саясаты мәселесі бойынша пікір қайшылықтарын тудырды  (Черчилль астыққа салынатын, импорттық салымдарды енгізуге қарсы болды). Осындай қадаммен 1904 жылы 31 мамырда Либералдар партиясына өтуі саналы қадам еді.

1905 жылы 12 желтоқсанда Уинстон Черчилль Кэмпбелл-Баннерман үкіметінде отарлау істері жөніндегі министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды (министр лауазымында лорд Элджин отыр еді), ол осы лауазымда жеңіліске ұшыраған бур республикасының конституциясын өңдеумен айналысты.

1908 жылы сәуірде Кэмпбелл-Баннерманның денсаулығының күрт нашарлауына байланысты өзінің міндеттемелерін орындауға жарамсыз болып табылғандықтан кабинетте бірқатар орын ауыстырулар орын алды: Қазынашылық канцлері болған Герберт Асквит үкімет басшысы болады, ал оның орнына бұрынғы сауда және өнеркәсіп министрі Дэвид Ллойд-Джордж отырды, ал осы лауазымға 12 сәуірде Черчилль келеді. Ллойд-Джордж пен Черчилль мемлекеттік, көбінесе, әскери шығындарды қысқартуға қарсы болды. Олардың бұл әрекеті табысқа әкеген жоқ,  бұл туралы Черчилл былай сипаттаған: «Шешім қызықты және бір уақытты сипатта еді. Адмиралтейство алты кеме, экономисттер төрт кеме талап етеді, ең соңында біз сегіз кемеге келістік» [2, б. 102].

Черчилль Асквит кабинетінде өтетін әлеуметтік реформалардың сенімді жақтасы болды, ал 1908 жылы жалақының ең төменгі шегі туралы  заңның бастамашысы болды. Заң Англияда ең алғашқы рет жұмыс күнінің ұзақтығы мен еңбек ақы туралы норманы белгіледі.

1910 жылы 14 ақпанда 35 жастағы Черчилль ішкі істер министрі болды, бұл елдегі барынша беделді лауазымдардың бірі. Министрдің жалақысы 5000 фунтты құрайды (шамамен қазіргі эквивалентпен алғанда 200 мың). Ол шығармашылықпен айналысуды тоқтатты, тек 1923 жылы ғана шығармашылық жұмысқа келді.

Министр лауазымы Черчиллдің саяси мансап жолындағы ең күрделі және қарама-қайшылыққа толы кезең болды. Бұл кезеңде жұмысшылардың жаппай ереуілге шығулары жиі орын алатын. Черчиллдің тәртіпсіздіктердің орнын алу әрекеті барлық саяси спектрлер тарапынан  бірнеше рет қатаң сынға ұшырады, ішкі істер министрі ретінде оған барлық жауапкершілік жүктелсе де, болып жатқан өзгерістерге араласқан жоқ [3, б. 94].

1910 жылы қарашада Оңтүстік Уэльсте Тонипанди кеншілер қаласында қақтығыстар жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты, ереуілге шыққан кеншілер жолды штрейкбрехермен жауып тастауға тырысты. Черчилль жергілікті Бас Констебльдің талап етуі бойынша әскер кіргізу туралы өкім шығарды. Черчилльдің бұйрығы әскерге ереуілге шыққандармен тікелей қақтығысуға тыйым салынса да, бүліншілік тудырғандарды оқтың астына алу туралы аңыз біршама бұрмаланған дейді, армияда метрополияны пайдалану туралы фактінің өзі қоғамның күрт реакциясын тудырды, лейбористтер Черчиллді өте қатаң шарлары үшін, ал консерваторлар – батылсыздық әрекеттері үшін сынады. Полицияның озбырлығы үшін жауапкершілік Черчиллге жүктелді, полицейлердің суфражистер делегациясын ұрып-соғуы сол жылы 18 қарашада орын алды.

1910 жылы желтоқсанда зергерлік дүкенді тонау туралы іс жанжалды кезеңдердің бірі болды. Тонау кезінде екі полицей қайтыс болды, біреуі жараланды. Черчилль қайтыс болғандардың жерлеуіне қатысты. 3 қаңтарда Черчиллге қылмыскерлерді Сидней-стрит бойындағы № 100 үйде табылды деп хабарлады. Қылмыскерлер қатты қарсылық көрсетті, бір полицей өлді, екеуі қайтыс болды. Черчилль операцияны басқару үшін жаңалықтар орын алған жерге келді, Сидней-стритке ауқымды күштер тартылды, Тауэрден Шотландия Гвардиясы келді. Нәтижесінде қылмыскерлер орналасқан үйде атыс орын алды, өрт тұтанды. Черчилль келген өрт командасына өртті сөндіруге тыйым салды. Үй жанып кеткен кезде сынықтардың астынан денесі күйіп кеткен екі өлік табылды, ал банда  басшысы қашып кеткен. Келесі күні Сидней-стриттегі Черчилльдің суреті газетте шықты, кекесінді меңзеулері бар мақала жарық көрді. Осы әрекеті үшін Черчилль баспасөздің және парламенттегі әріптестерінің үлкен сынына ұшырады. Бальфур: «Ол [Черчилль] және фотограф, екеуі де өздерінің қымбат өмірлерін тәуекел еткен. Фотографтың неге өйткенін түсінемін, оның жұмысы, бірақ мына лайықты джентльмен онда не істеп жүр?» деп жазды [3, б. 108].

1911 жылы жазда теңізшілер мен порт жұмыскерлерінің ереуілі басталды. Тамыз айында Ливерпульде жаппай тәртіпсіздіктер орын алды. 14 тамызда Черчилльдің бұйрығымен қалаға келген «Антрим» әскери кемесінің  теңіз жаяу әскері қалың топ арасында атысты бастап, 8 адамды жарақаттады. 15 тамызда ереуілге шыққан басшыларымен кездесіп, Лондондағы ахуалды реттеуге тура келді. 19 тамыз күні оларға теміржолшылар ереуілге шықпақшы болып, аттанды. Қалада орын алған атыстар мен тәртіпсіздіктер салдарынан азық-түліктердің жетіспеушілігі сезіне басталды. Черчилль ереуілдердің болуы ықтималдығы қатер төндіре бастағандықтан 50 мың солдатты мобилизациялайды, армия жергілікті азаматтық биліктің талап етуі бойынша ғана енгізіледі деген бұйрықты алып тастайды. 20 тамызға қарай Ллойд Джордждың араласуының арқасында жалпы қақтығыстардың қатері сейіле бастады. Черчилль Ллойд Джорджпен телефон арқылы сөйлескенде: «Мен бұл туралы кеш білдім. Әрі қарай жалғастырғандары дұрыс болар еді, осылай жер-жебірлеріне жету керек еді». Оның ең жақын досы Чарльз Мастерман:

«Уинстон өте ашулы күйде. Ол істі дүркін атыстармен шешуге құмар еді, картаға әскерлердің қозғалу маршрутын белгілегенде масайрайды, көзіне қан толып, ызаланып бюллетендерді толтырады, қан төгілгенін аңсайды» деп жазды.

Лордтар Палатасының басшысы Лорд Лорбёрн ішкі істер министрінің әрекетін «жауапкершіліксіз және ағат қылық» деп бағалады.

Германиямен жағдайдың нашарлауына байланысты Черчилльдің сыртқы саясат мәселелерімен айналысуына тура келді. Әскери мамандардан алынған идеялар мен ақпараттардан Черчилль «контитенталды проблемалардың әскери аспектілері» туралы меморандум жасады және оны премьер-министрге тапсырды. Бұл құжат Черчилльдің сөзсіз табысы болды. Бұл Черчилдің кавалериялық офицерлер мектебі берген әскери білімі болғандықтан бірқатар маңызды әскери мәселелерді жылдам және кәсіби тұрғыдан шешуге көмектесті [4, б. 214].

1911 жылы қазанда премьер-министр Асквит Черчилльге Адмиралтейство Бірінші Лорд постын ұсынды, ал 23 қазанда осы лауазымға ресми тағайындалды.

Адмиралтейство формалды өту төмендеу лауазым еді, себебі ішкі істер министрлігі барынша маңызды үш үкіметтік мекемелердің бірі болып саналатын. Алайда, Черчилль ешқандай күдіксіз Асквиттің ұсынысын қабылдады, өйткені флот британдық геосаясатының маңызды құралдарының бірі болды, осы кезеңде өз тарихында ірі жаңарту кезеңін өткерді.

XIX-XX ғасыр аралығында теңіз қару-жарақтарын жаппай шығару кезінде, 1906 жылы алғашқы дредноутты суға түсіргеннен кейін қалыптасқан жағдайда британ флотына сандық және сапалық тұрғыдан Германия мен Франция, сондай-ақ АҚШ-та қатер төндіре бастады.

Әскери-теңіз күштеріне жұмсалатын шығындар британ бюджетінің ең ірі шығынды баптарының бірі болды. Черчилльге шығындардың тиімділігін бір уақытта арттыру кезінде реформа жүргізу тапсырылды. Оның бастамасымен болған өзгерістер өте ауқымды еді: ІТК бас штабы құрылды, теңіз авиациясы бекітілді, жаңа типтегі әскери кемелер жобаланды және салынды. Бастапқы жоспар бойынша, 1912 жылғы кеме құрылысы бағдарламасы бойынша  «Айрон Дьюк» типтес 4 жақсартылған линкор құрастырылуы тиіс еді. Алайда Адмиралтействоның жаңа Бірінші Лорды жобаны 15 дюмді негізгі калибр бойынша қайта істеуге бұйрық берді, бұл ретте осындай құралдарды құру бойынша жобалау жұмыстары әлі біткен жоқ. Нәтижесінде Queen Elizabeth типтегі линкорлар өте сәтті құрылды, олар 1948 жылға дейін Ұлыбританияның КВМФ қызмет етті.

Әскери флотты көмірден сұйық отынға айырбастау маңызды шешімдердің бірі болды. Айқын басымдылықтарға қарамастан, әскери ведомство ұзақ уақыт бойы осы қадамға қарсы болды, стратегиялық түсініктер бойынша – көмірге бай Британияда мұнай қоры тіпті болмаған. Флотты мұнайға ауыстыру мүмкін болу үшін Черчилль Ағылшын-Иран мұнай компаниясының 51 % пакетін сатып алуға 2,2 млн фунт бөлуге бастамашы болды. Таза техникалық аспектілермен қатар оны шешімі үлкен саяси салдарға алып келді – Парсы шығанағы Ұлыбританияның стратегиялық мүдделерінің аймағына айналды. Флотты сұйық отынға ауыстыру жөніндегі Корольдік комиссияның төрағасы көрнекті британ адмиралы лорд Фишер болды. Черчилль мен Фишердің бірлескен жұмысы 1915 жылы Галлиполиге түсіру туралы категориялық келіспеушіліктерімен аяқталды [4, б. 226].

Ұлыбритания 1914 жылы 3 тамызда Бірінші әлемдік соғысқа ресми кірісті, ал 28 шілдеде Австрия-Венгрия Сербияға соғыс жариялағанда Черчилль флотқа Англия жағалауына әскери позицияны жылжытуға бұйрық берді, бұған рұқсат етуді премьер-министрден кешіктірілген күнмен алды.

Черчилль 5 қазанда Антверпенге келді және қаланың қорғанысын жеке басқарды. Белгия үкіметі бұл қаланы немістерге бергісі келді. Барлық күштерге қарамастан 10 қазанда қала берілді, 2500 солдат қаза тапты. Черчилльді орны толмас ресурстар мен адам өмірлерін жоғалтқаны үшін айыптады, көбісі Антверпен қорғанысына Кале пен Дюнкерк қолдау көрсетті деп санайды.

Черчилль «Құрлықтағы кеме жөніндегі комиссия» төрағасы ретінде алғашқы танктерді әзірлеу және танк әскерін құру жобасына қатысты.

1915 жылы ол Дарданелль операциясының бастамашыларының бірі болды, бұл одақтас әскерлер үшін апатты жағдаймен аяқталды, үкіметтік дағдарысты тудырды. Черчилль жаңа коалициялық үкімет құрылғанда сәтсіздік үшін жауапкершіліктің бір бөлігін өзіне алды, консерваторлар Адмиралтействоның бірінші лорд постынан оның кетуін талап етті. Ол бірнеше айлар бойы Ланкастерск герцогтігінің канцлер синекур лауазымында отырды, ал 15 қарашадан бастап отставкаға кетті, Батыс Майданға бет алды, онда полковник атағымен Шотландиялық Корольдік Фузилёрлердің 6-батальонын басқарды, парламентке дебаттарға қатысу үшін сирек келді. 1916 жылы мамыр айында ол басшылықты тапсырып, Англияға қайтып оралды. 1917 жылы шілде айында қарау-жарақтар министрі, ал 1919 жылы қаңтарда – авиацияның әскери министрі болып тағайындалды. Ол «Он жылдық қалпына келтіру» деп аталатын доктринаның негізін қалаушылардың бірі болды, осы доктринаға сәйкес әскери құрылыс және әскери бюджет Англия соғыс біткен соң он жыл бойы ірі жанжалдарға тартылмайтын болады деген шешімге байланысты жоспарлануы тиіс.

Черчилль «большевизмді бесігінде тұншықтыру керек» деген қажеттілікті жариялап, Ресейге басып кіргісі келетін негізгі бастамашылардың бірі және басты жақтастарының бірі болды. Басып кіруді премьер-министр қолдаған жоқ, Черчилльге үкіметтегі әр түрлі топтар арасында саяси маневрлеу тактикасының арқасында 1920 жылға дейін Ресейден британдық әскерлерді шығаруды соза берді [4, б. 257].

1921 жылы Черчилль Колония істері жөніндегі министр болып тағайындалды, Ағылшын-Ирландия шартына қол қойды, соған сәйкес Ирландия Еркін мемлекеті құрылды. Қыркүйекте консерваторлар үкіметтік коалициядан шығып кетті, ал 1922 жылы сайлауда Черчилль  Либеральдық партия атынан сайлауға түсті, Данди округінде жеңіліске ұшырады. Лестерден парламентке өту әрекеті 1923 жылы сәтсіз аяқталды, содан кейін тәуелсіз кандидат ретінде сайлауға түсті, ең алдымен Вестминстрлік округінен сайлауға дейін сәтсіз болды, тек кейін 1924 жылғы сайлауда ғана Қоғамдар палатасында өз орнын қайтарды. Келесі жылы ол  Консервативті партияға ресми қосылды.

1924 жылы Черчилль Стэнли Болдуин үкіметінде қазынашылық канцлерінің лауазымына ие болды. Осы орында британ экономикасының алтын стандартқа сәтсіз қайта оралуын басқарды. Үкіметтің әрекеті дефляцияға әкелді, экономикалық құлдырау, жаппай жұмыссыздық орын алды, соның салдары 1926 жылғы жаппай ереуілге алып келді.

Консерваторлардың 1929 жылғы жеңілісінен кейін Черчилль Үндістанның тәуелсіздігі және сауда тарифтері мәселелері бойынша консерваторлар жетекшілерімен қарама-қайшылыққа байланысты партияның басқарушы органдарына сайлануға тырыспады. Рамси Макдональд 1931 жылы коалициялық үкімет құрған кезде, Черчилльге кабинетке кіруге ұсыныс жасамады.

Ол кейінгі бірнеше жылдарды шығармашылық жұмыстарға арнады, сол кезде «Мальборо: оның өмірі мен уақыты» (ағылшынша Marlborough: His Life and Times) – оның бабасы Мальборо1-герцогы Джон Черчилльдің биографиясы барынша маңызды туынды болып саналатын.

Ол парламентте «Черчилль тобын» - консервативті партия құрамындағы шағын фракцияны ұйымдастырды. Фракция Үндістанға тәуелсіздікті беруге, тіпті доминион мәртебесін беруге, барынша қатал саяси курсқа, көбінесе Германияның қайта жарақтануына белсенді әрекетке қарсы шықты.

Ол соғыс жылдары Чемберлен үкіметі кезіндегі Гитлердің тыныштық орнату саясатын қатаң сынға алды, Мюнхен келісімін жасағаннан кейін Қауымдастықтар палатасында: «Біздің алдымызда соғыс пен абыройы төгілген масқарашылдық арасындағы таңдау тұр еді. Сіздер масқарашылдықты таңдадыңыздар, енді соғысты қабылдаңыздар» [5, б. 89].

1939 жылы 1 қыркүйекте Германия Польшаға басып кірді, екінші дүниежүзілік соғыс басталды. 3 қыркүйекте сағат 11-де соғысқа Құрама Корольдік ресми кірісті, ал 10 күн ішінде барлық Британдық Одақтастар енді. Сол күні Уинстон Черчилль Адмиралтействоның Бірінші Лорд орнына келді, Әскери Кеңесте дауыс беру құқығына ие болды. Бұл туралы білген Ұлыбританияның КВМФ кемелері және әскери-теңіз базасы: «Уинстон қайтып келді» деген хабарлама алмасқан деген аңыз бар. Құжатты куәлікке қарамастан аталған хабарлама іс жүзінде жөнелтілді, бірақ әлі табылған жоқ.

Құрлықты Польша әскерінің жеңілісінен кейін және Польшаның қарсылықсыз берілуіне қарамастан белсенді әскери әрекеттер жүргізілген жоқ. «Ақылға қонбайтын соғыс» жүріп жатты, теңізде әскери әрекеттер бірден белсенді фазаға өткен жоқ.

1940 жылы 7 мамырда Қауымдастықтар Палатасында Норвегия үшін шайқастағы жеңіліске арналған жиналыс тыңдалды, келесі күні үкіметтің сенімі мәселесі бойынша дауысқа салу болды. Формалды алынған сенімсіздік білдіруге қарамастан Чемберлен отставкаға кетеді, ол өткір сынға ұшырады және дауыс беру кезінде аз дауысқа ие болды (81 дауыс). Барынша қолайлы кандидаттар Черчилль және лорд Галифакс болды. 9 мамырдағы кездесуде Чемберлен, Черчилль, лорд Галифакс және үкіметтің парламенттік үйлестірушісі Дэйвид Маргессон қатысты, Галифакс лауазымнан бас тартты, 1940 жылы  10 мамырда Георг VI Черчилльді премьер-министр ретінде ресми бекітті. Черчилль осы лауазымға сайлауда жеңіске жеткен партияның жетекшісі ретінде емес, орын алған төтенше жағдайлар нәтижесінде ие болды.

Көптеген тарихшылар және замандастары Черчилльдің маңызды қызметі жеңіске дейінгі соғысты жалғастырудағы оның шешім қабылдауы деп біледі. Оның кабинетінің бірқатар мүшелері сыртқы істер министрі лорд Галифакс қоса гитлерлік Германиямен келісімге қол жеткізу әрекетіне қарсы шықты. 13 мамырда Қауымдастықтар Палатасында премьер-министр ретіндегі өзінің алғашқы сөзінде: «Мен британдықтарға қаннан, ауыр еңбектен, көз жасынан және терден басқа ешнәрсе ұсынбаймын» [5, б. 131].

Черчилль премьер орнына алғашқы қадамдарының бірі ретінде Қорғаныс министрі лауазымын басқарды, әр түрлі министрліктерге бағынатын әскери әрекеттерді, флот, армия мен ІТӘ арасын үйлестіруді бір басшылыққа шоғырландырды.

Черчилль бомба түсіп жатқан жерлерге үнемі барып тұрды, зардап шеккендермен кездесті. 1940 жылдан бастап 1941 жылға дейін радиодан 21 рет сөз сөйледі, оның сөзін британдықтардың 70 проценті тыңдады. Черчилльдің премьер ретіндегі танымалдығы сөзсіз жоғары болды, 1940 жылы шілде айында оны халықтың 84 проценті қолдады, бұл көрсеткіш соғыс біткенше дейін сақталды.

1941 жылы 12 тамызда «Принц Уэльский» линкор бортында  Черчилль мен Рузвельт кеңесі өтті. Үш күн ішінде саясаткерлер Атлантиялық хартия мәтінін өңдеді.

1942 жылы 13 тамызда Черчилль Мәскеуге Сталинмен кездесу үшін ұшып келді, антигитлерлік хартияға қол қойылды.

1943 - Тегеран конференциясы.

1944 жылғы 9 мен 19 қазан аралығында Мәскеуде Сталинмен кездесу өткізеді, оған Еуропаны әсер ету аймағы бойынша бөлуді ұсынады, алайда келіссөздер стенограммасына қарағанда кеңес жағы бұл бастамадан бас тартты, оны «лас бастама» деп атады.

1945 - Ялта конференциясы, Потсдам конференция.

Германия түбіндегі жеңіс жақын қалғанда, яғни бәрі айқын бола бастағанда, Черчилльге әйелі мен жақындары тыныш өмір сүріп, саяси қызметі даңқ тұғырында  тұрғанда аяқтау керектігі жөнінде кеңес берді. Бірақ ол оларды тыңдамастан 1945 жылы мамыр айына тағайындалған сайлауға қатысуға шешім қабылдады. Соғыс біткен кезде ең бірінші орынға экономикалық проблемалар шықты, яғни Ұлыбританияның шаруашылығы құлдырады, сыртқы қарыз өсіп кетті, теңіздің ар жағындағы колониялармен қатынастар қиындады. Сайлау компаниясының анық экономикалық бағдарламасының болмауы және сәтсіз тактикалық жүрістер (Черчилль өз сөзінде «лейбористер билікке келген кезде гестапо сияқты ұстайды» деп жариялады) консерваторлардың 5 шілде күні өткен сайлаудағы жеңілісіне әкелді. 26 шілдеде дауыс нәтижелерін жариялағаннан кейін ол отставкаға кетті, корольге ізбасар ретінде Клемент Эттли ресми ұсынып, Таңғыш Орденімен марапаттаудан бас тартты, сайлаушылар оны «Башмақ Орденімен» марапаттады, 1946 жылы 1 қаңтарда Король Черчилльге құрметті «Еңбегі сіңген Орден» табыстады [5, б. 138].

Черчилль сайлауда жеңіліске ұшыраған соң оппозицияны ресми басқарды, бірақ тым белсенді болмады, палата отырыстарына тұрақты қатыспады. Ол шығармашылық қызметпен қарқынды айналысты, әлемдік тұрғыдан даңқты болу мәртебесі «Лайф» журналы, «Дейли Телеграф» және «The New York Times» газеттері және бірқатар жетекші басылымдармен мерзімдік басылымдармен бірқатар ірі келісім-шарттар жасауға көмектесті. Ол осы кезеңде басты мемуарлық еңбектерінің бірі - «Екінші дүниежүзілік соғыс» кітабын жаза бастады, бірінші томы 1948 жылы 4 қазанда сатылымға түсті.

1946 жылы 5 мамырда Фултонда Вестминстерлік колледжде, Миссуриде, АҚШ-та Черчилль атақты Фултон сөзін айтады, бұл сөз қаһарлы соғыстың нақты анықтамасы деп қабылдауға болады.

19 қыркүйекте Цюрих университетінде Черчилль бұрынғы жаулары – Германия, Франция мен Британияны келісімге келуге және «Еуропаның Құрама Штаттарын» құруға шақырды.

1949 жылы Черчилль бірінші микроинсульт алды, ал бес айдан кейін сайлау кампаниясының жұмысы көбейген кезде 1950 жылы «көз алдында тұман» тұрғандай күйде жүргенін айтып жүргенде, оның жеке дәрігері оған «ми тамырларының қысылуы» деген диагноз қойды.

1951 жылы қазанда Уинстон Черчилль жасы 77 келген шағында қайтадан премьер-министр болғанда, оның денсаулығы өз міндеттемелерін орындау қабілетіне күрделі қатер төндірді. Оның жүрегін емдеді, экзема мен кереңдіктен емдеді. 1952 жылы ақпанда ол тағы да бір инсульт алды және бірнеше ай бойы сөйлей алмады. 1953 жылы маусымда ұстамасы қайтадан қайталанды, оның сол жағы бірнеше айға сал болып қалды. Бұған қарамастан Черчилль отставкаға кетуден немесе премьер лауазымын сақтай отырып, Лордтар Палатасына ауысудан мүлдем бас тартты.

1953 жылы 24 сәуірде Королева Черчилге лорд титулын берді. Ол – Таңғыш орденінің кавалері еді, оған енді «Сэр Уинстон» деп құрмет білдіру керек.

1953жылы 10 желтоқсанда әдебиет жөніндегі Нобель сыйлығы берілді. 1953 жылы Нобель комитетінің қарауына екі кандидатура – Уинстон Черчилль және Эрнест Хемингуэй ұсынылды. Британ саясаткеріне басымдылық берілді. Хемингуэйдің әдебиетке қосқан үлесі біраз жылдан кейін бағаланды.

1955 жылы 5 сәуірде Черчилль премьер-министр орнын босатты.

1964 жылы 27 шілдеде қауымдастықтар палатасының отырысына соңғы рет қатысты.

Черчилль 1965 жылы 25 қаңтарда қайтыс болды. Королеваның өкімі бойынша оны жерлеу қазасы аса қасиетті Павел Соборында жоғарғы мемлекеттік тұрғыдан жөнелтілді. Саясаткердің тілегі бойынша ол Бленхеймск сарайына жақын Блейдон мазарына жерленді. Жерлеу рәсімі Черчилльдің өзі алдын ала жазып кеткен сценарий бойынша өтті [6, б. 212].

...