+1 дауыс
19.6k көрілді

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Банудың жауабы ол жар-жар, сыңсу басқа мағынадағы өлең, ол әр түрлі мәтіндерде болады, Кетіп бара жатқан қыздың туған елімен, ата-анасымен, бауырларымен қоштасуы, мысалы жақын бір қарындасымның айтқан сыңсуы, тыңдап көріңіз
[url=http://download.files.namba.kz/files/6277231]Жұлдыз.mp3[/url]
+1 дауыс
Есік алды қара су,
майдан болсын жар-жар-ау,
Ақ жүзімді когендей,
айнам болсын жар-жар-ау.
қайын ене дейді гой,
өз анамдай өмірде қайдан болсын жар-жар-ау.....

Негізі толыгын кітаптардан табуга болады, менде бар. Егер қатты керек болып тұрса ерінбестен іздеп, жазып беруге бармын.
толақтай жазсаңыз жақсы болар еді Бану:) рахмет сізге
Банудың жазып отырғаны - Аужар деп аталады. Бұл да ұзатылып бара жатқан қыздың айтатыны.
Жар-жар ол қыздар мен жігіттердің айтысы ретінде айтылатын өнер түрі, кетіп бара жатқан қыздың құрбылары қыздың өткен өмірінің жақсы жақтарын айтса, жігіт жақ алда тұрған қызықтарын айтып екі жақ болып айтысады
Аужардың ертедегі нұсқаларында жоғарыдағы Банудың жазғанындай жолдар бар, соны меңзеп жазып отырмын. "Аужарды кейбір деректе "Сарын" деп те атаған, қызды ұзататын күні қыздың ауылында айтатын болған. Ал, "Жар-жар" жігіттің үйінде айтылады және қыздар мен жігіттер айтыс түрінде айтады.
Ия, сіздікі дұрыс аужар мен жар-жар басқа түсінік, бірақ сыңсудың мүл дем басқа екенін сіз тарихшы ретінде түсінетін шығарсыз
Сенің айтуың да дұрыс. Ал, мамандығым тарихшы емес, мүлдем басқа сала.
Сонымен сынсу өлені бар ма достар?
Арнайы мәтін болмайды, әркім өзі шығарған мәтінді айтады ғой.
Әуеден ұшқан бұлдырық,
Құбыладан соққан ызғырық.
Жатқа кетіп барамын
Жаратқан соң қыз қылып,
Атасы жақсы құл болмас,
Анасы жақсы күң болмас.
Оң жақтан кетіп барамын.
Қыз еркелеп ұл болмас.
Жанымдағы қыным ау,
Сіңлілер мен інім ау.
Жыл айналып келгенше,
Қош аман бол күнім ау.
Базардан келген құйысқан
Тарамай шашым ұйысқан.
Келіп кетіп жүріңдер,
Сағындырмай туысқан.
Рахмееееееееееееееет:)
Өтінемін, маған тауып бере аласыз ба ? Маған өте қажет еді
...