Табиғи жарықты тиімді пайдалану және электр энергиясын үнемдеу мақсатында сағатты 1 сағат алдыға кейде 1 сағат кейінге жылжытады.....
Ал Ресей мен Қазақстан арасындағы уақыт айырмашылығына келсек әр меридиандағы орынның өзінің жергілікті уақыты бар. Мысалы, Алматы, Тараз, Шымкент қалалары әр меридианда орналасқан, олардың жергілікті уақыттарында бірер минуттық айырма бар. Бірақ олардың бәрінде де бірдей белдеулік уақыт (5-белдеулік) қолданылады. Ыңғайлы болу үшін сағаттық белдеулердің шекаралары дәл меридианның бойымен емес, мемлекеттік не әкімшілік шекараларымен, өзен, суайрық бойымен, т.б. жерлермен жүргізіледі.....