+1 дауыс
1.5k көрілді
Гәкку арнасынан шығып жататын ән "Бөлінгенді бөрі жейді" деген жолды көп айта береді)) youtube те бір рет көргенмін бір топ орындайды аты есіме түспей отырғаны...
Сұрақтың жабылу себебі: табылды

3 жауап

+1 дауыс
Алашұлының әні емес пе Угай деген? Не болмаса Гәккудің ютубтағы арнасынан жазылып қарап отыр.https://www.youtube.com/user/gakkutv/videos
осындай қазақи топ айтады клипі де қазақи ән ескі ән 2005 тен жоғары ау дим
топ ылғи жігіттерден тұра ма. Қандай әндері бар еді мүмкін?
иә жігіттер, осы әнін ғана көрдім басқа әнін көрмегемін
тағы қандай сөздері бар
+1 дауыс
Мен күнде Гәкку арнасын қосып қоямын. Бірақ әлі күнге дейін естіген емеспін)
сен шәй ішіп отырған кезде айтылып кетіп жүрген шығар
0 дауыс

Таптым yahoo!

Er Turan - Türk Kanı

Түрік қаны

Қайта оралсын ұлы күндер!
Ғұнның Алла ғұмырын бер!
Бөлінгенді бөрі жейді, бірігіңдер, бірігіңдер!

Өмір де, озып бара жатыр,
Арман озып бара жатыр.
Болашақты қолда тұрған,
Болмау үшін заманақыр.

Кімге керек жұмыр басың?
Жұртың үшін туылғасын.
Тұран ұлы қалғымасын!
Тұран туы жығылмасын!

Қайта оралсын ұлы күндер!
Ғұнның Алла ғұмырын бер!
Бөлінгенді бөрі жейді, бірігіңдер, бірігіңдер!
Кімдер сені құрықтады?

Ер Еділдің ұрықтары!
Қайта туған, қайсар ұлан,
Қайта тула түрік қаны.
Түрік қаны тулағанда,

Түн қалмайды бұл ғаламда.
Күннің көзі күлім қағып,
Нұр шашады күллі адамға.
Түрік қаны қайнағанда,

Түн қалмайды айналаңда.
Күллі дүние дүр сілкінер,
Күннің көзі жайнағанда.
Жұрттың қаны елге қайтса,

Қайда қалмас меңден батса?
Есінеме есіңді жи, ей Тұранның кең даласы!
Көрінбесе ел данасы,
Көрінгенге жем боласың.

Есінеме есіңді жи, ей Тұранның бел баласы!
От пен судан жаратылған,
Дала Тұран, Бала Тұран!
Құтқарыңдар дүниені, қара түннің қанатынан.

Шырқын бұзып қара бұлттың,
Шыңына шығар шырмауықтың.
Иесі қайда Көкбөрінің?
Қосшы қайда далалықтың?

Желбіреген туың қайда?
Желкілдеген ұлың қайда?
Тұман қайта сейілмей ме?!
Тұран қайта туылмай ма?

Қайта оралсын ұлы күндер!
Ғұнның Алла ғұмырын бер!
Тілден қалған әруақтар, тіріліңдер, тіріліңдер!
Алдыңда әлі ұлы күндер

Қайта оралып түрігімдер.
Бөлінгенді бөрі жейді, бірігіңдер, бірігіңдер!
Қайта оралсын ұлы күндер!
Ғұнның Алла ғұмырын бер!

Тілден қалған әруақтар, тіріліңдер, тіріліңдер!
Алдыңда әлі ұлы күндер,
Қайта оралып түрігімдер.
Бөлінгенді бөрі жейді, бірігіңдер, бірігіңдер!

Әжептәуір рух беретін ән екен ғой!
Тыңдап көрдім)

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...