+2 дауыс
436 көрілді
Кішкене кезімнен бері білемін, 16-желтоқсан тәуелсіздік күні жылда ерекше аталып өтілетін. Жиындар, әртүрлі тарихи материалдар көрсетіліп, шаралар өтетін. Мектепте сол туралы әр түрлі өлеңдер жаттап, Қайрат, Ләззат туралы көріністер көрсетіп, сол туралы шығармалар жазып, ашық сабақтар өтілетін. Теледидарда да сол көрсетілетін. Жаңа жыл туралы әңгіме де болмайтын, жаңа жылдың көлеңкесінде тәуелсіздік қалып кетеді деген ой ешкімнің басына кіріп шықпайтын.

Қайсысы қайдан оянғанын қайдам, бірақ осы жылы бірден жаңа жыл тәуелсіздік күніне жағаласатын болып қалды. Не үшін олай болып жатыр? Біреулер шыршаларды айтып анау-мынау деп, сол шыршалар орнатылмаса кім білет, тағы сөйлеп шығатын еді. Желкеден мүйіз шығарғысы келген шенеуніктердің ісі ме әлде елдің қамын жеген халық қалаулыларының шын көңілден шырылдап істеген істері ме? Қалай ойлайсыздар?

Өз ойым жаңа жыл ешқандай мерекеге көйлеңкесін түсірмейтін сияқты, басы бар адам ештеңеге қарамай елінің тәуелсіздігін атап өтеді, ал басына жетпейтін адам он күн асын берсең де не тойланып жатқанын, не аталып жатқанын түсінбейді.

6 жауап

0 дауыс
Ана жылы да осы жағдай болған еді, қателеспесем 2013-те Астанадағы бір алаңға Тәуелсіздік күнінен бұрын жаңа жыл шыршасын қойып қойған сол шыршаны халық өртеп кеткен еді, тағы бір қалада да сол жағдай қайталанған. Шыршаны қойдырып жатқандар қала әкімшілігі мен депутаттар. Оларға қарсымын, себебі шыршаны жиырмасынан кейін де қойдыра беруге болады, соны кейбір шенділер түсінбейді ғой. Ең болмаса "1986-жылғы ызғарлы желтоқсан" мен сол жылы құрбан болған аға-әпкелеріміздің рухын сыйласа болады ғой.. Өкінішке орай, біз Қазақ сондай сорлы халықпыз...
біз 16-желтоқсан күні тәуелсіздік алғанымызға қуануымыз керек па әлде құрбан болған жастарды еске алып қайғыруымыз керек па? Қалай ойлайсыз?
Бірінші, алаңға гүл шоқтарын қойып, 1986-жылды еске алып, содан кейін Тәуелсіздікті тойлай беруге болады ғой.
оған шыршалар қандай кедергісін тигізеді?
Тәуелсіздікті ескермей, жаңа жылды ерте бастап жіберген қай қазаққа ұнайды дейсің?
Келісемін. Бірақ шыршаны орнатты деген, асыр салып жаңа жылды тойладың дегенді білдірмейді ғой. Еш болмағанда оған осылай асыра көңіл бөлуге тұрмайды деп ойлаймын. Тәуелсіздікті өз деңгейінде атау керек, Жаңа жыл анау мынау деп былапытпай.
0 дауыс
Біз жақта Тәуелсіздікке байланысты іс-шараларға дайындық жүргізіліп жатыр. Орталық алаңда 16 желтоқсанға арналған мереке болады. Флешмоб , концерттік бағдарлама, тәуелсіздік жолында құрбан болған адамдарды еске алу үшін болатын жиындар  т.б. жасалып жатыр. Мектепте де  қабырға газеттерін шығару, тәрбие сағаттары т.б. дайындық жүріп жатыр. Тәуелсіздік жаңа жылдың көлеңкесінде қалып қойды дегенге келіспеймін. :)
Сен әлі мектеп бітірмедіңбе? 2014 бітіруің керек едіғо?
Биз аккаунттарымызды ауыстырдык деп айттым го?
???                                .
ЛС.......
0 дауыс
Бізде мұндай ешқандай теке-тірес болып жатқан жоқ бәрі жақсы өз-өз жолымен
0 дауыс
Халықты алдаусырату үшін саяси ойын сияқты. Қымбаттау, кризис, т.б бәле жақындағанда халықтың назарын басқаға аудару үшін осы сияқты немесе "Алдар Көсені, Спандж Бобты көрсетпейік, Қазақстанды - Қазақ елі қылайық, Қаланың аттарын "Нұр"-мен басталатын қылып өзгертейік" т.с.с нарселермен халықтың ойын, пікірталасын басқа арнаға бұратын сияқты. Барлығы саясатты ойлап кетсе төңкеріліс, көтеріліс болып кетуінен қорқатын сияқты. Әйтпесе басқа шешілмеген мәселе көп қой. Білмеймін. Бұл тек менің ойым. Енді сыртқа шықты. Периодты түрде қайталанып жатқан депутаттардың істерінен БАҚ-тың көрсеткен сюжеттерінен құралған ғой. Олардың ойын оқыған жоқпын. Орысшалап айтқанда "диванный политик") P.S қателесуім де мүмкін)
0 дауыс

Не болды сонша?биыл деп қапты, жылда осылай!

мхм, онда мен биыл аспаннан түскен шығармын
білмейм қайдан түскеніңізді
+1 дауыс
Тәуелсіздік күні  Жаңа жылдың көлеңкесінде қалып тойланбай қалады деген мәселе көтеріліп отырған жоқ сияқты. Тәуелсіздік күні біз үшін азаттық алған қуаныштың ғана емес, жылап тұрып еске алуға тұрарлық ерліктің, көңілімізде мәңгілік сыз болып қалатын қайғылы құрбандықтың белгісі. Осындай күнді Жаңа жылдық дүрмекке ілесіп, тек көңілді мереке ретінде тойланса, сол тойланып жатқан қуанышты сыйлаған жандар ұмытылып қалмай ма деген сұрақ туындайды. Тәуелсіздік күнінен кейін жарты ай бойы Жаңа Жылға дайындалса да уақыт жеткілікті ғой. Оның үстіне, шүкір, ұлттық мерекеміз Наурыз бар) Қуануға, тойлауға себеп болатын мерекеден кенде емеспіз. Жылына бір сәтке болса да өткенде мойын бұрып, Жаңа Жылды азат елде тойлау бақытын сыйлағандарға алғыс білдіру тым қиын нәрсе емес шығар деп ойлаймын.
...