6-9 ғасырлар аралығында Қазақстанда қандай мемлекеттер өмір сүрді ?

+5 дауыс
24.5k қаралым
6-9 ғасырлар аралығында Қазақстанда қандай мемлекеттер өмір сүрді ?
олар қандай елдермен қарым - катынас жасады ,
қазақстанда ұлы жібек бойында сауда орталығы болған кандай қалалар бар ,
материалдык мәдиниет дегеніміз не ?
• Санаты: Мектеп

2 жауап

–1 дауыс
Жақсы жауап
Ерте және дамыған ортағасырлық

мемлекеттер (VІ-ХІІІ ғғ. басы).

 

1. Түрік және Батыс түрік қағанаттары.

2. Түргештер. Қарлықтар.

3. Оғыз мемлекеті.

4. Қимақ мен қыпшақтар мемлекеттері.

5. Наймандар. Керейлер.

6. Қарахандар мемлекеті. Қидандар.

7. Қыпшақ хандығы(ХІ ғ. басы – 1219 ж.).

 

Түрік қағанаты (552-603 ж.ж.). Евразиядағы тұңғыш көшпелі империя. Түріктер тарихы және ғұндар мемлекеті. Түріктер және ғұндардың мемлекеттік, мәдени дәстүрлері. Қазақстан Түрік қағанатының құрамында. Қағанат шекараларының Иранға, Солтүстік Кавказға және Қара теңіз жағалауларына дейін ұлғайтуы. Византия, Иран және Қытаймен қарым-қатынасы. Қағанаттың екіге бөлінуі. Батыс-Түрік қағанатының (603-704 жж.) саяси тарихы. Соғыс - әкімшілік жүйесі, этноәлеуметтік құрылымы. Тайпалық иерархия. Батыс - Түрік қағанатының әлсіреуі. Әулеттердің ауысуы.

Түргеш қағанаты ( 704-756 жж.). Түргештердің Орта Азиядағы Таң әулетімен, арабтармен күресі. Арабтар Оңтүстік Қазақстанда. Қытай шапқыншылығы. 751 ж. Таластағы тарихи шайқас. Түргеш қағанатының құлауы. Осымен Түрік қағанаты тарихы аяқталды, оның орнына Жетісуда Қарлұқ мемлекеті (756 - 940 жж.), Сырдарияда Оғыздар державасы (IХ ғ. басы - XI ғ.) құрылды. Қарлұқтар, оғыздар, қимақтар-ерте түрік мемлекеттік дәстүрлерді жалғастырушылар.

Қарлық мемлекеті (776-940 жж.) мемлекеттің Жетісуда құрылуы. Тайпалық құрамы, олардың орналасуы. Саманиттермен күрес, ислам шекарасының Талас аумағына дейін тарауы. Басқарудың соғыс-әкімшілік сипаты. Шаруашылығы. Қалалары мен қоныстары. Рухани мәдениеті. Әскери ақсүйектердің исламға бағыт ұстауы. Өзара қырқыстың күшеюі.

Оғыздар. Оғыз мемлекеті. (IХ ғ. соңы - XI ғ. басы). Оғыздардың печенек тайпаларын Сырдария аңғарынан, Арал жағалауларынан ығыстыруы. Оғыздар мемлекетінің құрылуы. Оғыздардың қимақтармен, қарлықтармен, хазарлармен, бұлғарлармен этносаяси байланыстары. Тайпалық құрамы және орналасуы. Қоғамдық құрылысы. Шаруашылығы, қоныстары, қалалары. Сауда мен қолөнердің дамуы. Сельджуктермен күрес және өзара қырқысудың күшеюі. Оғыз джабғасының саяси тұғырының әлсіреуі.

Қимақ қағанаты (IX ғ. соңы - XI ғ. басы). Мемлекеттің құрылуы. Қимақ қоғамында ерте түрік дәстүрлерінің дамуы. Тайпалық құрамы және орналасуы. Қимақтардың, қыпшақтардың, құмандардың тайпалық бірлестіктерінің қимақтар қағанынан саяси тәуелділігі. Көрші халықтармен саяси және этномәдени байланыстары. Қоғамдық құрылысы, шаруашылық типтері, қалалары, сауда. Қыпшақтардың әскери ақсүйектерінің күшеюі. Қағанаттың құлауы.

VI-X ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық және мәдени өмірі. Көшпелі өркениет, оның дамуының өзіндік ерекшеліктері. Шаруашылық мәдени типтері: мал бағу, егіншілік. Қазақстандағы Жібек жолы, оның бойындағы қалалар мен қоныстар. Дала мен қала. Ерте түрік жазуы және түрік мәдени ескерткіштері. Христиандық, ислам және мұсылман мәдениетінің тарауы: буддизм, манихейлік. Көрнекті жазушы Иолық Тегін, аса көрнекті ғалым әл-Фараби, ғалым және жазушы Жанах әл-Қимақи.

Дамыған ортағасырлардағы мемлекеттер (XІ ғ. басы - XIII ғғ). Қарақан мемлекеті (942 - 1210 жж.). Қашғар мен Жетісу территорияларында қағанаттың пайда болуы. Қазақстандағы тұңғыш мұсылман мемлекеті. Оңтүстік Қазақстан қарахандықтардың қоластында. Қарахандықтардың саяси билігінің Мавреннахрға тарауы. Сельджуктермен, хорезмшахтармен, қыпшақтармен саяси байланыстары. Өкімет құрылысының иерархиялық жүйесі. Көшпелі дәстүр және отырықшы егіншілікпен мұсылман мәдениетін игеру. Қала және сауда. Егіншіліктің, отырықшылықтың дамуы. Басқарудың әскери тайпалық әкімшілік жүйесі. Қарақытайлардың саяси үстемдігінің қарахандықтарға тарауы.

Қарақытай (1128 – 1213 жж.). Шығыс Қарахан қағанатын қарақытайлардың басып алуы. Қарақытайлардың саяси ықпалдарының Мавреннахрға тарауы. Қоғамдық құрылысы және шаруашылығы. Қарақытайлар билігінің құлауы.

Найман мен кереит ұлыстары (XII ғ. басы - XIII ғ.). Орталық Азияда наймандар мен кереиттер тайпалары конфедерациясының қалыптасуы. Қоныстануы. Христиандықтың тарауы. Наймандар мен кереиттерде мемлекеттің құрылуы. Шыңғысханның кереиттер мен наймандар ұлыстарын талқандауы. Наймандардың Жетісуға өрлеуі. Наймандардың монғолдардан жеңілуі.

Қыпшақ хандығы (XI ғ. басы - 1224 ж.). Қыпшақтар Қимақ мемлекетінің мұрагерлері. Оғыздарды Сырдариядан ығыстыру. «Дешті Қыпшақ» термині уақыт пен кеңістікте. Қыпшақтардың тайпалық құрамы және оның иерархиясы. Көрші халықтармен, мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы. Мемлекеттің екі бірлестікке бөлінуі. Қыпшақтардың хорезмшахтармен күресі. XI-XII ғасырларда Қыпшақ хандығында қазақ халқының этникалық негізі қалыптасуы. Қыпшақ халқының өзінің қалыптасу құрамының аяқталу кезеңін Шыңғысхан шапқыншылығының үзуі. Шаруашылығы. Тілі. Мәдениеті. Қыпшақ хандығының құлауы.

XI ғ. басы мен XII ғ. Қазақстанның экономикасы мен мәдениетінің дамуы. Көшпелі мал өсірушілік қоғамдағы шаруашылық мәдниет типтері. Оңтүстік, Шығыс, Орталық және Батыс Қазақстанның қалалары. Сәулет өнері. Қолөнер, сауда, ақша айналымы. Ұлы Жібек жолы және оның Қазақстан территориясындағы тармақтары. Қазақстан халықтары мен тайпаларының рухани мәдениеті. Діни наным сенімдері және табыну. Мұсылман мәдениеті жүйесіндегі Қазақстан халықтары. Исламның көшпелілер арасына тарауы. Қазақстан халықтары мен тайпаларының Шығысындағы мұсылман елдерімен, басқа да алыс–жақын елдермен мәдени және саяси байланыстар жасауы және ұлғаюы.

Ауызша шығармашылық және жазбаша мұсылман түрік мәдениеті. Ғалымдар мен ойшылдар Махмуд Қашқаридің, Жүсіп Баласағұнның, Ахмед Жүгенекидің, Қожа Ахмет Ясауидің еңбектері.
+1 дауыс
Батыс түрік қағанаты
(603-704),
Түргеш қағанаты
(704-756)
қалған мәліметті 1referat.kz сайтынан таба аласын.

Ұқсас сұрақтар

127,777 сұрақ
322,353 жауап
153,150 пікір
72,816 қолданушы