Жазатайым жағдай дегеніміз – адамның ерік-жігеріне қарамастан басталған, сақтандырылушының организміне сырттан оның денсаулығына зиян келуіне, мертігуіне не өліміне әкеліп соққан механикалық, электрлік, химиялық немесе термикалық әсер етуі салдарынан кенеттен болған, қысқа мерзімді оқиға (жағдай). Жазатайым жағдайдан сақтандыру, Сақтандыру қызметі туралы Заңның 6-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында аталған сақтандыру тәуекелдерін қоспағанда, сақтандырылушы жазатайым жағдайдың, кәсіби аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіптік жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе сақтандырылушының денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайларда оның шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.