Қазіргі таңда Сұрақ-Жауапта ондай мүмкіншілік жоқ. Неге өшіру керектігін жазып маған кері байланыс арқылы хат жазсаңыз қарастырып көреміз. Мен үшін сайттың әр қолданушысы маңызды, сондықтан сайттағы орын алып жатқан олқылық үшін болса бірлесіп шешуге тырысайық.
Барлығы сіздер үшін!
Сен Админ болсаң айтшы неге маған арбир койылган сурак туралы хат келе береді почтама?! Абден мезі қылды! күніне неше сұрақ қойылса сонша хат келеді!
https://surak.baribar.kz/favorites осында кіріп таңдаулы қолданушы, санат, ілмек бар ма екенін қарашы.
Сайтта егер қолданушы өзі таңдаған санат, қолданушы, немесе ілмекте қағана келеді. Ал жылпылама қойылған сұрақтар бармауы керек. Сондықтан сол жерде бар таңдаулылар бар болса, сол бойынша өтіп таңдаулыны алып тастасаң хат бармайды.
Осы сайттан келетін хабарламаларды спам деп белгілеп қой. Сол кезде входящие папкасына келмейтін болады.
Мен солай жасап қойғам. Тек анда санда бір ашып қоям спам папкасын.
@Шыңғысханн мені таңдаулыға алған жоқсың ба? Қарап көрші. Сосын егер қиын болмаса келіп жатқан жаттың біреуін ашып, ішіндегі мәтіннің скриншотын осында сала аласың ба?
Қателеспесем: Сұрақ-Жауап сайтында сіз таңдаған қолданушы, санатта немесе ілмекте жаңа сұрақ қойылды! -деп хат келсе, онда сен мені таңдаулыға қосқан болуың керек.