+1 дауыс
87.3k көрілді
Қазақстан – егемен ел. Қазақстан - ең әдемі мемлекет шығарма жазу?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Мына шығарманы қарап көріңіз....

Шығарма

Егеменді Қазақстан.

Қазақстан, ұлан далам,
Ұлы байтақ ұран далам.
Мол байлықтың мерейі бар.
Жеңіс үшін ұрандаған.
Біз –қазақ ежелден еркіндік аңсаған.Сондықтан қазірге дейін Қазақстан көптеген қиындық жолдардан өтті деуге болады, себебі өзінің егемендігін, тәуелсіздігін жариялау үшін. Биыл енді егемендігімізге 20 жыл толып отыр. Қазақстан осы жыл бойы қадамнан қадамға жол салды. Еліміздің егемендік алған алғашқы жылдары бар, күш-жігерімізді, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды көтеруге салған. Қазір енді біздің Қазақстанды экономикалық және әлеуметтік мемлекет деп мақтанышпен айтуға болады. Өйткені ол жылдан жылға дамып, гүлденіп келе жатыр.
Бүгін өзімнің Қазақстаным туралы мақтанышпен көптеген жақсы сөздер жазғым келеді. Отанымның ең басты тағдыры тәуелсіздігі мен егемендігі! Ең біріншіден 1990 жылы Қазақстан өзінің егемендігін жариялады. Екіншіден халыққа, елге өзінің егемендігін дәлелдеді. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі қабылданды. Осы жылдан кейін Қазақстанды егеменді Республика деп атаған.25 қазанда Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл біздің мемлекетіміздің құрметі және мақтанышы. Осы күнді «Республика күні» деп атаған. Үшінші қадам Қазақстанның жолында елбасының сайлауы болды. 1991 жылы 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш елбасы болып сайланды. Бұл күн елдің тарихында ең басты оқиғаның бірі. Елбасы-халықтың сайланып қойылатын басшысы, ең жоғары лаузым иесі. Елбасының құқықтары мен міндеттері өте көп. Парламенттің келісімі мен Үкіметі басшысы Премьер-министрді тағайындайды.Біздің елбасымыздың арқасында біздің елімізде бейбітшілік, бірлік және амандық бар. 16 желтоқсан да 1991 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қабылданды. Биыл біздің еліміздің тәуелсіздігімізге 19 жыл толып жатыр. Осы жылға дейін ата-бабамыз көптеген қиыншылықтарды бастан кешкен.Сол себепті қазір біз үшін бұл ұлы мереке деп есептеледі. Сондықтан әрбір азамат өз елінің отансүйгіші болу керек. Мен өз Отанымның отансүйгішімін. 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Респубилкасының Ата заңы жарияланды. Бұл-еліміздің тәуелсіз дербес мемлекет екендігін дүниежүзіне әйгілі, аса қасиетті құжаты. Осы күннен бастап еліміз ешкімге жалтақтамай, өз бетінше өмір сүріп келеді. 16 желтоқсан «Қазақстан тарихына Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды. Бұл мемлекеттік және халықаралық мейрам. Себебі Қазақстан-көп ұлтты мемлекет .Біздің мемлекетімізде 150 ұлттың өкілдері тұрады. Қазақстанның барлық халықтары достықпен, береке-бірлікпен тұрып жатыр. Тәуелсіздік күні Республикамыздың тарихында маңызды оқиға болды.
Төртіншіден Қазақстан 2 наурызда 1992 жылы Бас Ассамблеяның 46-сессиясы мәжілісінде Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданды. Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруі республика үшін әлем елдерімен бейбіт алмасуға кең мүмкіндіктер береді. 1992 жылы Қазақстан БҰҰ мүшелігі болды. Содан кейін біздің егеменді және тәуелсіз мемлекет екенімізді қабылдады. Әр халықтың тарихына, салт-дәстүріне мәдениетіне байланысты рәміздері болады, сонымен қатар егеменді Қазақстан Республикасының өзіне тән рәміздері бар. 4 маусым 1992 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заң қабылданды. Қазақстанның рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны.
Елтаңбасы елімнің Құт, береке-шаңырақ
Неткен әйбәт ,әдемі! Орын алған ол төрден.
Тұнығындай көңілдің Қанатты қос арғымақ
Ортада аспан әлемі. Екі жақтан көмкерген.
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған....
Билігім-өз қолымда,
Еркіндігім- Елтаңбам.
С.Қалиұлы.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айырықша белгісі-Ұлттық валюта. «Ақша-асыл қазына, халық байлығы», -дейді қазақ халқы. Бұл сөздерді қазақ халқы босқа айтпаған. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы 1993 жылы қарашаның 15-інде қабылданды. Қазақстанның ұлттық валютасы-теңге.Ұлттық валютасы барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді. Теңге-біздің дербес ел болғанымыздың белгісі.Әр елдің өзінің Ата Заңы бар. Ата Заңы –бұл егеменді және тәуелсіздік мемлекетінің негізгі Заңы. 28 қаңтар 1993 жылы Қазақстанның тұңғыш Ата Заңы қабылданды. Екінші Ата заңы 30 тамыз 1995 жылы қабылданды. Ата Заңға кішкене өзгерістер енгізілді. Ата Заңы бойынша Қазақстан Республикасы демократиялық зайырлы және құқықтық мемлекет болып саналады. Мемлекеттің жоғары құндылықтары-адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Біздің Ата заңымызда 9 бөлім, 98 бап бар. Ғасырдың соңғы ең маңызды оқиғасы – бұл Алматының Астанаға ауысуы. 1997 жылында Н.Ә.Назарбаев астанаға көшуге деген ұсыныс береді. Оны көбі қолдады.1997 жылы 10 желтоқсанда Қазақстанның астанасы-Ақмола қаласы болды.Ал 1998 жылы Ақмоланың жаңаша аты Астана болып өзгерді. Қазақ елінің тарихында төрт астана болды. Соның ең керемет астанасы-Астана қаласы. Астана қаласы іскерлік пен мәдени орталыққа айналды. Астана қаласы Еуразия құрылығының орталығында орналасқан. Астана сауда, экономикалық және халықаралық қатынастар орталығы. Бүгінгі Астана өте әдемі, әйгілі және көп ұлтты қала.Қалада көптеген сәулетті және зәулім ғимараттар бар. Астана қаласы –біздің мақтанышымыз.Астана-қазақстанымыздың жүрегі. Астана-арман қала!
Астана-арман қала,
Бағы бір жанған қала.
Тұрады ол жап-жасыл боп,
Мен үлкен болғанда да.

Төкті оған нұрын дала,
Астана-сұлу қала.
Біз оны анамыздай
Сүйеміз шынында да.
Т.Молдағалиев.
Биыл 1-2 желтоқсанда Астанада айрықша мәнді оқиға өтті. Халықаралық самет ЕҚБҰ ең басты мәселелерге шешім тоқтады.Саметте әр түрлі мемлекеттің елбасшылары мәселелерді шешім талқылады. Саметтің басқарушысы біздің елбасымыз Н.Ә. Назарбаев . Бұл біздің биікке көтерілген деңгейіміздің дәлелі. Астанадағы өткен самет бұл біздің еліміздің мақтанышы мен беділі. Негзігі ризашылығымды біздің елбасымызға білдіргім келеді. Ол біздің еліміз үшін көптеген еңбек еткен . Осы біздің елбасымыздың арқасында біздің ортақ үйіміз гүлденіп, дамып жатыр.

Отан-сенің ата-анаң
Отан –досың, бауырың
Отан өлкең, астанаң,
Отан туған ауылың
Отан-тарих, отан-тіл
Туған өлең,отан –тіл
Көтерген көкке ел даңқын.
Б.Ысқақов.
Әрбір адамның өзінің Отаны, жері , мәдениеті, салт-дәстүрі бар. Сол сияқты менің де Ұлы Отаным бар. Ол-Тәуелсіз Қазақстаным. Қазақстан – өте үлкен, бай, егеменді, көп ұлтты мемлекет.Менің кіші Отаным-Шеминов ауылы. Мен Шеминов ауылында туып-өстім. Онда көптеген әдемі жерлер бар. Шеминов ауылы мал шаруашылығымен айналысады. Бізде екі қабатты мектеп бар. Мектеп –ауылымның ең басты ғимараттардың бірі. Біздің ауылымызда ақылды және дарынды адамдар тұрады. Мен Шеминов ауылымды жақсы көремін және мақтан тұтамын.
«Дүниеде біздің елден де басқа елдер көп, әр түрлі мемлекеттер мен жерлер бар,бірақ адамның туған анасы да жалғыз,Отаны да жалғыз.»Мен осы пікірмен келесемін. Өйткені мен өз отанымды, елімді, жерімді жақсы көремін және қадірлеп, мақтан тұтамын. Қазақстан Респубилкасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі.Қазақстанда қазақ және орыс тілдер бір қалыпты қолданылады.Өйткені, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі-ұлтаралық тіл. Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттік тілді меңгеру және білу керек.
Мен өзім неміс қызы болсам да, қазақ тілін білуге тырысамын. Өйткені, ол менің болашағым. «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде», дегендей сөз бар ғой.Бұл сөзді елбасымыз бекер айтпаған.Мен қазақ халқының салт-дәстүрлерін, тарихын, мәдениетін білуге тырысамын. Мен қазақ тілінен көптеген іс шараларға қатысамын.Сол арқылы қазақ тілін жетік меңгергім келеді.
Менің ойымша, мен келешекте қазақ тілің жетік білетін азамат боламын. Менің ойлауымша, әр азамат өз елін, жерін қадірлеу керек.Сонда ғана біз тату,бейбітшілікте өмір сүреміз. Мен барша Қазақстандықтарға бақыт және зор денсаулық тілеймін.Ал Қазақстанымызға бақыт және амандық тілеймін.Қазақстанымыздың жылдан жылға гүлденуімен және дамуына тілектеспін.
Қазақстанның болашағы үлкен, жарық!
0 дауыс

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігін баянды етті. Қазақстан мемлекетінің егемендігі мына белгілермен сипатталады: Қазақстан мемлекетінің тарихи қалыптасқан аумағы бар. Қазақстанның аумағы бес мемлекетпен: Ресеймен, Қытаймен, Өзбекстанмен, Қызғызстанмен және Түркменстанмен шектес. Мемлекетіміздің аумағы біртұтас және оған қол сұғуға болмайды. Мемлекетіміздің аумағына басқа мемлекеттің қол сұғуы агрессия деп аталады. Агрессияны халықаралық құқық айыптайды. Конституцияда жарияланғандай, Қазақстан басқа мемлекеттермен тату көршілік, олардың ішкі ісіне араласпау, дауларды келісім арқылы шешу, бірініші болып қарулы күштерді қолданбау саясатын жүргізеді. Республикаға қарсы агрессия бола қалған күнде немесе сырттан тікелей қауіп төнсе, Президент республиканың барлық аумағында немесе кейбір жерлерде соғыс жағдайын енгізіп, ішінара немесе жалпы әскерге шақыруды жариялайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы заң бойынша біздің мемлекет өз аумағын құрлықта, теңізде, әуе кеңістігінде өз қарулы күштерімен қорғайды.  Республика шекарасын Қазақстанның шекара әскері күзетеді, ол республика тұтастығына қандай  болсын  қарсы әрекетке тойтарыс беруі қажет,  адамдарды қылмыстық әрекеттерден қорғауы тиіс. Қоғамда өтіп жатқан  процестер мен мемлекет қызметінің бағытына сәйкес бұл факторлар мемлекеттегі дағдарыс пен тұрақтандыруға жауап береді. Соңғы жылдары экономика саласында көп деңгейлі меншік жүйесі қалыптасып, шаруашылықтың барлық элементтерін қамтитын жаңа құрылымының  қалыптасу процесі жүріп жатыр. Өндірісте экономикалық саясат, құрылымдық саясат жүргізу, айырбасты дамыту, өндіріс технологияларын  жаңарту, сауда-бұның барлығы мемлекеттің міндеті болып табылады. Жұмысы әдістер мен жұмыс жасауында және мемлекеттік ұйымдастырушылық пен реттеу функцияларын көрсетілген  процестерге ендіру болып табылады. Бірінші орынға  монопольді мемлекеттік жоспарлау кезеңінденгі мемлекет  функциялары мен басқарудың командалық әдістері шығады. Ең алдымен есептеу, бақылау, экономика мен шаруашылыққа анализ жасау функцияларын ұйымдастырады. Ал белгілі бір тарихи немесе әлеуметтік  жағдайдағы бар модельдерді көшіріп алып қайталауға жол берілмейді.

Егемендіктің маңызды белгісі — онда мемлекеттік биліктің жоғары органдарының болуы. Заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілдік орган — Қазақстан Республикасының Парламенті. Парламент екі палатадан: Мәжілістен және Сенаттан тұрады. Олар тұрақты қызмет істейді. Мәжіліс депутаттарын азаматтар тікелей сайлайды. Ал Сенат депутаттарының басым көпшілігін мәслихаттар сайлайды. Сенаттың жеті депутатын Президент тағайындайды. Мемлекеттің басшысы-Президентті азаматтар сайлайды. Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды. Президент мемлекеттік биліктің барлық буындарының келісіп қызмет істеуін қамтамасыз етуі қажет. Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің көлемінде атқарушы билікті жүзеге асырады. Ол атқарушы органдардың жүйесін басқарады. Атқарушы органдардың жүйесіне жататындар-министрліктер, мемлекеттік комитеттер, коммиссиялар, бас басқармалар және жергілікті атқарушы органдар — облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық, селолық әкімшіліктер. Атқарушы органдардың өкілеттіктері зандарда және арнаулы ережелерде анықталады.

Ерекше құқық қорғау органдары бар, олар — соттар, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура. Олардың ішкі құрылымы, өкілеттіктері арнаулы зандарда анықталады.

Егенмендіктің тағы бір маңызды белгісі — өз азаматтығының болуы. Азаматтыққа байланысты мәселелер Конституцияда, азаматтық туралы заңда, Президенттің заң күші бар Жарлықтарында қарастырылған. Азаматтық — адамдардың мемлекетпен тұрақты саяси және құқықтық байланысының жағдайы. Мүндай байланыстан мемлекет пен азаматтардың өзара құқықтары мен міндеттері келіп туады. Мемлекет, оның органдары азаматтарға ол құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы үшін қажетті жағдай жасауы керек. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары бұзылган болса, лауазым иелері, заң қорғайтын органдар кінәлілерді тиісті жауапқа тартады. Азаматтың міндеттері — Конституцияны, зандарды сақтау, мемлекеттік тілді, барлық ұлттардың тілдерін, әдеттерін, дәстүрлерін құрметтеу, еліміздің экономикалық қуатын күшейту.

Егемендіктің тағы бір маңызды белгісі — басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау қабілеттілігі. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі. Көптеген шет мемлекеттермен елшілік қатынастарын жолға қойды. Олармен   саяси,   экономикалық,   мәдени,   т.б.   мәселелер   бойынша халықаралық      шарттар     жасасты. Сол мақсатпен Қазақстан Республикасының Конституциясы   Президентке,   Парламентке   және Үкіметке қажетті өкілеттіктер берді.

Егемен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Елтаңбасы, Туы, Гимні бар. Олар Қазақстанның дамуының тарихи жолдарын бейнелейді. Әр адам мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тиісті. Зандарда оларды пайдалану тәртібі белгіленген.

Қазақстан мемлекеті ежелгі қазақ жерінде құрылды. Демек, қазақ ұлты осы аумақта бұрыннан өмір сүріп келе жатқан этнос болғандықтан, мемлекеттің сол ұлттың атымен аталуы табиғи және занды жағдай. Қазақ тілі — бірден — бір мемлекеттік тіл. Басқа ұлттардың тілдерін кемсітуге жол берілмейді. Орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін — өзі басқару органдарында ресми түрде қолданылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы, ұлтына қарамай барлық азаматтарға тең құқық бере отырып, оларды тату тұруына заңдық негіз құрады. Сондықтан Қазақстан — бүкілхалықтық мемлекет. Бүл жағдай Конституцияда жазылған мемлекеттің, оның органдары қызметінің принциптерінде анық айтылған. Біріншіден, мемлекет, оның органдары қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге талаптануы қажет. Қоғамдық татулық   дегеніміз қайшылыққа, әлеуметтік топтар арасында, түрлі ұлттар арасында қарсы тұрушылыққа жол бермеу. Мұндай татулықты қамтамасыз ету қоғамның тұрақтылығының, әр адамның тыныш өмір сүріп, оқуының, жұмыс істеуінің алғы шарты. Екіншіден, мемлекет өзінің экономикалық саясатын қоғамның экономикасын дамытуға бейімдеп, тек бір топ адамның емес, бүкіл халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағыттауы керек. Үшіншіден, мемлекет органдары мемлекет өмірінің маңызды мәселелерін демократиялық жолмен шешуі керек. Бұл халық ең маңызды мемлекеттік мәселелерді, мысалы, Конституцияға өзгерістер енгізуді референдум арқылы шешеді деген сөз. Референдумды өткізу тәртібі ерекше заңмен қарастырылады.

Қазақстан Республикасы алдына демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп қойып отыр. Мүндай мемлекет құрудың негізгі шарты-барлық азаматтарды ұлтына қарамай тең құқықтық негзде біріктіру. Осы интернационалдық идеяға сүйене отырып, Конституция «халық» деген ұғымды қолданады. Саяси-құқықтық мағынада «халық» деген-мемлекет көлемінде саяси әрекеттерге қатысуға хақысы бар, барлық кәмелетке жеткен Қазақстан азаматтарының жиынтығы. Мысалы, Конституцияға, Президенттің Қазақстан Республикасында сайлау туралы жарлығына сәйкес азаматтар, саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер Республика Парламентінің Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттар ұсынуға ерікті. Оларды жан-жақты талқылап, қолдап немесе қарсы үгіт жүргізуге хақылы. Барлық саяси партиялар тең құқылы, олардың біреуіне қандай да болсын жеңілдік немесе артықшылық берілмейді. Азаматтар өз қалауымен саяси партиялардың біреуін қолдай алады немесе олар депутаттыққа ұсынған кандидаттарды қолдауға немесе қолдамауға ерікті. Мұның өзі халықтың ой-пікірін айқындауға мүмкіндік береді.

Демократияның бір көрінісі — азаматтардың қоғамдық бірлестіктеріне мемлекет органдарының заңсыз қол сұғуына тыйым салу. Қоғамдық бірлестіктерді азаматтар түрлі мақсатпен: өздерінің саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени, діни қажеттіктерін қанағаттандыру үшін қүрады. Әрине, қоғамдық бірлестіктер Конституцияны, завдарды сақтауға міндетті. Олар әлеуметтік, ұлттық, діни, нәсілдік арандатушылықпен айналыспауы керек. Олардың жұмысы мемлекеттің қауіпсіздігіне, конституциялық құрылысты өзгертуге, Қазақстан аумағының тұтастығына қарсы бағытталмауы тиіс. Қазақстан Республикасы — зайырлы мемлекет. Елімізде түрлі діни бірлестіктер әрекет етуде. Азаматтардың қандай дінге сенгісі келсе өз еркі, тіпті, ешбір дінге сенбеуге де хақылы. Дін мемлекеттен ажыратылған. Оның мәні мынада: бірінішіден, мемлекет қандай да болсын діни идеологияны мойындамайды; екіншіден, мемлекеттік оқу орындарында (мектептерде, институттарды, т.е.с.)   діни ілімді уағыздауға жол берілмейді; үшіншіден, Республикамызда дінге     сүйенген саяси партиялардың ұйымдастырылуына және қызметіне тыйым салынған.

Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол- құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Құқықтық мемлекетте заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғары дәрежедегі лауазым иелерінен қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататын, адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге, өзі қалаған жұмыспен шұғылдануға, өздерін еркін сезшуге, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуға керек екенін түсінуі қажет.

Қазақстан Республикасында, Конституцияда айтылғандай, әлеуметтік мемлекет құрылуда. Әлеуметтік мемлекетте Конституция, заң халықты таптарға, ерекше әлеуметтік топтарға бөлмейді. Мемлекет халықтың барлық топтарына: шаруаларға, жұмысшыларға, қызметшілерге, мұғалімдерге, ғалымдарға, оқушыларға, аналарға, зейнеткерлерге, жетімдерге, т.е.с. тиісінше қамқорлық жасайды. Мемлекет әрбір әлеуметтік топтың ерекшеліктерін ескеріп, көмекке мұқтаждарға  тиісті қаражат  бөледі.Себебі еңбекке қабілетсіз, хал- жағдайы төмен адамдарға мемлекет тарапынан ерекше қамқорлық қажет. Мемлекеттің сипаты оның жастарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларына қамқорлық жасап, олардың адамға лайық өмір сүруіне жағдай туғызғанына қарап анықталады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғандай, ол біртұтас, Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет. Қазақстанның біртұтастығы — оның әкімшілік-аумақтық бөлшектерден құрылатындығы, автономияға бөлінбеуі. Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы ерекше заң бар. Ол Қазақстанның тарихы және қазіргі замандағы ерекшеліктерін бейнелейді.

Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекеттің басшысы, оның жоғары лауазымды тұлғасы. Қазақстанның Президенті Конституция бойынша жоғары лауазымды тұлға болғандықтан Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етеді, былайша айтқанда, түрлі ұлттар арасында, әлеуметтік топтар арасында лауазымды болмауына қамқорлық жасайды. Мемлекеттік биліктің түрлі буындарының арасында қақтығыс болмауын қадағалайды. Президент Парламент қабылдайтын заңдарға қол қояды, егер заңдар Конституцияға сәйкес келмесе, қайта қарау үшін кері қайтарады (вето құқығы). Егер Парламент заң қабылдау құқығын уақытша Президентке тапсырса, ол заңды өзі қабылдай     алады. Сонымен қатар Конституцияда көрсетілген жағдайда Президент заң күші бар Жарлық қабылдай алады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік билікті бөлу принципін бекітті. Мемлекеттік ьилік үш буынға бөлінеді: Заң шығаратын, атқарушы және сот. Заң шығарушы қызметімен Праламент шүғылданады. Атқарушы билікті жүзеге асыратын Үкімет. Ал сот билігін Жоғарғы Сот, облыстық, аудандық соттар жүзеге асырады. Аталған органдар біртұтас мемлекеттік биліктің әр буыны өз қызметін дербес жүзеге асырады, атқарады және басқа буындардың қызметіне араласпауы керек. Ондай жағдай бола қалған күнде тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану қарастырылған. Парламент Үкіметі орнынан түсіру мәселесін қоя алады, ал Президент Парламент тарқата алады.

Мемлекеттің атқарушы органдары орасан зор жүмыс атқарады. Оларға жататындар: Үкімет, министрліктер, мемлекеттік комитеттер, жергілікті әкімшілік (облыстық, аудандық, қалалық, ауылдық, селолық). Заң қорғау органдарының әр бөлшегі туралы арнайы заң бар. Мысалы, прокуратура Конституцияда жазылғандай, мемлекет атынан заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Анықтау және тергеу қызметін жүргізу үшін арнайы органдар құрылды. Олар әр түрлі болады — милиция органдары, мемлекеттік қауіпсіздік органдары. Құқықтық тәртіпті қорғауда ішкі істер органдарының атқартын қызметі де сан алуан. Оларға жүктелетін міндеттер ерекше занда белгіленген. Адамның, қоғамның, мемлекеттің құқықтарын, тыныштығын, қауіпсіздігін қорғайтын, сақтайтын органдарға ұлттық қауіпсіздік органдары да жатады. Олардың да қызметі заңға сүйене отырып, жүргізілуі қажет. Аталған органдардың қызметінің тиімді және жемісті болуы қай кезде де азаматтардың қолдауына, көмегіне байланысты. Қазақстан Республикасы алдына демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп қойып отыр. Мүндай мемлекет құрудың негізгі шарты-барлық азаматтарды ұлтына қарамай тең құқықтық негзде біріктіру. Осы интернационалдық идеяға сүйене отырып, Конституция «халық» деген ұғымды қолданады. Саяси-құқықтық мағынада «халық» деген-мемлекет көлемінде саяси әрекеттерге қатысуға хақысы бар, барлық кәмелетке жеткен Қазақстан азаматтарының жиынтығы.

Қазақстан мемлекеті өз алдына дербес даму мақсатында, алдымен елде болып жатқан мәселелерге назар аударып, соларды қалпына келтіру жолы арқылы ол болашаққа батыл және нақ қадам жасайды.

Мемлекеттік идеологиядағы өзекті мәселеге тоқталып өткенді және елімізде болып жатқан басқа да көкейкесті мәселелерге тоқталып өткенді жөн көрдім.

Жұртшылыққа мәлім 1994 жылдың мамыр айында астанамыз Алматыда өткен республикалық кеңесте азаматтық келісім мен татулық, бірлік, жас мемлекетіміздің гүлденіп, өсіп өркендеу мәселелері негізінен сөз болып, егеменді еліміздің жаңа сипаттағы мемлекеттік идеологиясының бет бейнесін айқындауға алғашқы қадам жасалды. Онда баяндама жасаған Президентіміз Н.Ә.Назарбаев қазіргі кезенде біздің саяси жұмысымыздың өзегі ретінде, бірігу, қоғамдық прогресс және әлеуметтік серіктестік идеясын ұсынады. Саяси қызметтің осынау мән-мазмүны терең және баршамыз үшін тың да сара соқпағы таңдауымыздың себеп-салдарына байланысты тоқтала келіп:

— Біздің жаңылған жеріміз — жүргізіп отырған жұмысымыздың сипатын   адамдарға түсіндіре алмауымызда, біздің  максатымыз бен ұмтылыстарымызды жеткізе  алмауымызда болар — деп  атап көрсетті Президент.

Бақытымызға орай Қазақстан қазіргі өтпелі кезеңнің қиындықтарына, қарама-қайшылықтарына қарамастан Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы ішінде тыныштығын, бейбіт тіршілігін сақтап келе жатқан бірден-бір ел. Осы факторға алаңсыз сеніп, іс-әрекетсіз, қаннен-қаперсіз, қол қусырып отыра беруіміз дұрыс па? Әсіресе, тап бүгіндей алмағайып өтпелі кезеңді байтақ елімізде жүздеген ұлт өкілдері тұратынын және қос қапталымыздағы алып көршілеріміз бар екенін ескерсек, бұл нағыз отпен ойнаумен пара-пар емес пе? Тіпті әрі-беріден соң біздің әлі буыны бекіп, қабырғасы қатаймаған жас мемлекетіміздің жоғын жоқтап, мұның мұңдайтын, қалың бұқарамен етене байланыстыратын және байыпты мемлекеттік саясатты мейлінше ынталы әрі ықыласты жүргізетін шынайы қамқоршысы, қолдаушысы мен қорғаушысы кім болмақ?

Міне, бұл барша сергек ойлы, сезімтал жүректі, жанашыр жандарды көптен бері ойландырып, тереңінен толғандырып, жұмыла жауап іздеуге кезек күттірмес көкейкесті өзекті мәселе.

Демек, бұдан шығар қорытынды: қазір бізге көсегесі көгерген, іргелі өркениетті ел, өзгелермен терезесі тең қуатты біртұтас халық болуды қамтамасыз ететін пәрменді идеология ауадай қажет-ақ.

Жалпы идеология дегеніміз — әлде бір қиял ойдан туған, өмірден алшақ тұрған абстрактылы нәрсе емес. Біздіңше идеология дегеніміз-өмірмен біте араласып, бастауында, жалғасында қайнаған тіршіліктен тауып жататын, өмірлік қажеттіктерімізді қамтамасыз ететін құдыретті де қозғаушы күш. Қоғамның алдында тұрған кемел келешекке, бағытталған іргелі міндеттерді, жүзеге асыру барысында идеология ең алдымен барлаушы, ұйытқы, ұйымдастырушы және көш басында шамшырақтай жарқырап жетекші болып жүрсе, ал нақты мұраттар мен бағдарламалар орындала бастаған екінші бір тұста ол жариялылықтың арқасында қоғамдық бақылаушының, баға берушінің, тәжірибе жинақтап, таратушының рөлін атқарады.

Бүгінгідей бетбұрысты да тағдырлы кезеңде, біз үшін жаңа мемлекеттік идеологиямыздың маңыздылығы, қажеттілігі мен құндылығы да осында жатыр.

Адамзат тарихында қай дәуірде болмасын бірде-бір ел идеологиясыз ойдағыдай өмір сүріп, өсіп-өркендемегені бәрімізге белгілі.

Сондықтан бүгінгі кеңестің күн тәртібінде де ең көкейкесті, тағдьголы мәселе тұр деп білемін.

Бізге керегі бүкіл Қазақстандықтардың арман-мүддесі түбегейлі көрініс тауып,  Парламент бекіткен ата заңымыздағы тұжырымдарды іске асыруға негізделген идеология.

Тұжырымдай түссек, ұлттық және адамзаттық рухани құндылықтарға қозғалыстар мен саяси партиялар жинақталған оң тәжірибелерге негізделген мемлекеттік идеология, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға, құқықтық мемлекет құруға және ең бастысы адамдардың игілігіне қызмет жасауға тиіс.

Негізгі міндет барлық үкімет зандарын, мемлекеттік шешімдер мен бағдарламаларды жұртшылыққа кеңінен түсіндіру, қоғамдық пікірді зерттеу, оны талдау, оған оң әсер ету, ішінара ұшырасатын әлде бір қарама-қайшылықтарды бәсеңдету арқылы аталған құжаттардың орындалуына пәрменді ықпал жасау және жария түрде бүкіл халықтық бақылау орнату болып табылады. Сонымен қатар, ұлттар арасында жарасымды қарым-қатынастың орнығуын, халықтың ынтымағын, ауызбіршілігін, тыныштығын сақтауды, адам тәрбиесін, азаматтардың өз құқықтарын толық мәнінде пайдалануын қамтамасыз ету де күн тәртібінен түспейтін толғақты мәселе.

Қазақстан түпкі мәртебелі мақсатына жету жолында, ең алдымен ұлттық    және  азаматтық намыс туын жоғары көтеріп, бүкіл қазақстандық отансүйгіштік қастерлі сезімді түбегейлі қалыптастыру аса маңызды іс.

Қорытынды

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан бері он бес жыл. Тарих ауқымын алғанда бұл уақыт жиынтығы ғана, ал мұндай уақыттың ішінде, әлбетте, мемлекеттік дамудың сапалық жағынан жаңа үлгісін қалыптастыру біршама қиын. Он екі жыл — бұрынғы бірқалыпты тіршіліктің талай жылдарына татитын уақиғаларды бойына жинақтаған уақыт болды.

Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық қүқылы мүшесі, оның ажырамас бөлігі. Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі болды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әлемнің 117 мемлекетіне танылды, олардың 105-імен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Мемлекетаралық және Үкіметаралық 800-ден астам Шарттар мен Келісімдер жасалды. Бұл кезең еліміз үшін мемлекеттік құрылым мәселелерінің бірінші дәрежелі маңызы болды. Жаңа мемлекеттіліктің іргелі негіздері қаланды, қоғамдық дамуды реттеп және бағыттап отыратын қабілетті біртұтас мемлекеттік билік қалыптасты.

Қоғамның рухани өміріне, оның әлеуметтік көңіл-күйіне, ұлттық сананың өсуіне байланысты салаларда да біршама күрделі жұмыстар атқарылды.

Қазақстан   зайырлы,   демократиялық,   құқықтық  және   әлемге ашық   мемлекет   құруда.   Бұл   принциптер   біздің   конституциямызда баянды етілген.

Қазақстан Республикасы азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, діни көз-қарасына сеніміне, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай-ақ бұрын қылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік беріліп, азаматтарды кемсітушіліктің кез-келген түріне тыйым салған.

Азаматтарды патриотизмге, азаматтыққа тәрбиелеу мемлекеттің, барлық қоғамдық ұйымдардың, кезек күттірмеймін негізгі міндеті. Азаматтық келісім негізінде әрдайым мемлекет пен халықтың, мемлекет пен жеке сектордың бірлігі дамып келеді. Нақ осының арқасында көптеген елдер дағдарыс пен жақсылықты еңсере білді.

Мыңжылдықтар мен ғасырлар тоғысы, шындап қарқындай бастаған реформа қай-қайсымызды да түбегейлі тарихи өзгерістердің тек куәгерлеріне ғана емес, тікелей қозғаушы күшіне де айналдырып отыр. Осыған дәлел ретінде 1997 жылғы 10 қазанда Елбасы Н.Назарбаев еліміздің халқына сол жылғы жолдауында «Қазақстан-2030», «Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі,  қауіпсіздігі және  әл-ауқатының артуы» атты даму стратегиясын Республика активінің жиналысында жария етті. Бұл бағдарламаны орындауға сол тұстағы қиындық жағдайда мүмкін бе деп көпшілік қауым күмәндана қарады. «Дегенмен, деп ой түйген еді Елбасы, мен мынаған кәміл сенімдімін: егер біз саяси тұрақтылығымызды, ұлттар мен ұлыстарымыздың үйлесімін сақтай алсақ, егер біз халқымыздың, еліміздің болашаққа деген сенімімізде сары уайымға салынушылардың сарынына жол бермесек, онда экономикалық өрлеу мақсаттарына тезірек қол жеткізетін боламыз. Егер стратегиямызды айқын орындай отырып, тыным таппай жұмыс істейтін болсақ, онда шын мәніндегі тұңғыш Орталық Азия барысына айналамыз». Егер Елбасы Н.Назарбаев негіздеген стратегиядағы ұзақ мерзімді басымдықтардың жүзеге асырылу барысына зер салатын болсақ, атқарылатын ұлан-асыр істерді көре аламыз.

Бұл күнде ұлт тағдыры барша халықты ойландыра бастаған кезең. Осыған қарағанда саны аз ұлттардың өз ертеңіне қобалжи қарап, болашағымыз не болады, алда бізді не күтіп түр, деген ойлардың құшағына берілуі әбден занды да.

Тәуелсіз мемлекеттің тағдыры, оның ертеңі, болашағы, қазақ ұлтының өркениетті әлемге тұрақты өз орнын иемденуге деген ынтасы жылдан жылға күшейіп, өткен кезеңде жақсы көрініс тапты.

Мемлекетіміздің өркендеуі, дамуы, гүлденуі болашақ білімді жастарды қажет етеді, жаңа замандағы ғылымның жетістігінен толық хабардар олар мемлекетіміздің көш бастаушысы, ілгерілетушісі болып қалыптасуы керек. Міне, сонда ғана Тәуелсіз Қазақстан асқақ арманы мен мүратына жетері анық. Өркениетті елдерде тәжірибе алмасу, шетелдерде білім алу, оны жетілдіру мемлекетіміздің дамуының тетігі. Мемлекет нысанының толыққанды өмір сүруіне ат салысуымыз керек.

Құқықтық мемлекетті қалыптастыруымыз қажет. Мемлекетіміздің рәміздерін, заңдарын сақтап, құрметтеуге міндеттіміз.

Көп үлтты тәуелсіз мемлекеттілікті нығайту — бүгінгі сала бағытымыз, ашық та айқын мақсатымыз, саясатымыз, мүның өзі ұлтымыздың мүддесін қорғаудан ауытқу деген сөз емес. Көп үлтты Қазақстан Қазақтың тарихи, ежелгі топырағында шаңырақ көтеріп отырған бірден-бір мемлекет болғандықтан, ол қазақтардың ұлттық, түбегейлі мүдделерін қорғауға, қастерлеуге міндетті. Осы қажеттіліктің өзі оны XX ғасырдың соңында дүниеге қайта оралып, өмірге әкеліп отырғаны белгілі.

Қазіргі заманда еліміз нарықты экономикаға көшіп жатқанда, тәуелсіз Қазақстан Республикасы өмірге келгенде жалпы теорияның ғылыми мазмүны, функциясы күрт өзгерді. Жаңа өмірге сай ғылым өзінің  жұмысын қарқынды    түрде жүргізіп, жаңа қоғамның тілектеріне, мүдделеріне сәйкес ғылыми   зерттеулер,   қорытындылар жасауға тиіс.

Кеңестер Одағы ыдырап, тәуелсіз мемлекеттердің достастығы (ТМД) құрылып, Қазақстан Тәуелсіз Республикаға қолы жетіп, өзінің Конституциясьш қабылдады.

Өткен тәуелсіздіктің он екі жылдығы Республика тарихында ерекше кезеңге айналады.

Біз мемлекетіміздің тәуелсіздігінің он екі жылын және экономикалық дербестігіміздің тоғыз жылын атап өтсек, дағдарыстан шығу барысында осы уақыт ішінде экономикалық, саяси және қоғамдық өмірдің барлық салаларында белгіленген түбегейлі реформалар жолымен ұдайы ілгерілей түскеніміз байқалады.

Көптеген басқа елдерге қарағанда бұл жылдардың Қазақстан үшін азаматтық тыныштық, ұлтаралық тұрақтылық және рухани келісім уақыты болды.

Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясының кіріспе бөлімі ақиқат пен толық үйлесім таба үндесіп түр. «Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзіміздін егеменлік құқығымызды негізге ала отырып, Қазақстан демократиялық мемлекетін қүрамыз» (1 кіріспе бөлім).

Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық, татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; Қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мөселелерін демократиялық әдістерімен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.

«Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін, тәуелсіздігін қалыптастырып дүниежүзілік қауымдастықты дамытуға, нығайтуға өз үлесін қосуда. Қазақстан мемлекеті халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтей    отырып,  мемлекеттер арасында   ынтымақтастық   пен   тату   көршілік   қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады»,- деп Конституцияда көрсетілген.

1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республиасы Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болып табылады. Республика Конституциясының қабылдануы конституциялық құрылыстың құқықтық негізін қалады, қоғамдық, саяси институттар қызметіне негіз боларлықтай принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Республика Конституциясы Конституциялықтың демократиялық дәстүрлеріне сүйене отырып, Қазақстанның көп ұлтты халқын мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі деп таныды. Мемлекеттік биліктің бірлігін атап көрсете отырып, Конституция билікті заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөлу принципін мемлекеттің, ұйымдық және қызмет ету тетігін негіз етіп алды. Қазақстан республикасының құрылым нысаны бойынша — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Конституцияға сәйкес тұрақты жұмыс істейтін қос палаталы Парламент заң шығарушы орган ретінде танылды. Сөйтіп, Қазақстан Республикасында Парламенттің берік құқықтық негізі жасалды. Конституцияның маңызды ортақшылдығының бірі — оның жалпыға мәлім демократиялық құқықтық идеялар мен принциптерге бейімділігі болып табылады. Конституциясының кіріспесінде жария етілген қазақстан халқының бостандық, тендік мұраттарына адалдығы оның нормаларында нақты көрініс тапты.

Қазақстан   Республикасының   Конституциясында   тек   адамның, азаматтың,  мемлекеттік және қоғамдық құрылымның тың мәртебесі ғана емес, сонымен бірге стратегиялық құқықтың идеялары да айқындалды. Бұл, атап айтқанда, Конституциядағы Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп орнықтыратыны жөніндегі қағидада көрініс тапқан. Қысқа кезеңде мүндай мемлекет болу мүмкін емес. Алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қалыптасуының тарихи тәжірибесі көрсеткендей алға қойған мақсатқа жету үшін, белгілі бір уақыт, табанды талап, белсенді шығармашылық іс — әрекет керек. Қазақстан Республикасының Конституциясының идеяларын, принциптерін, нормаларын саяси және рухани өсуіне соны серпіліс, қуат беретінін көрсетеді. Барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, азаматтардың Конституция нормаларын, принциптері мен идеяларын мүлтіксіз сақтауы, пайдалану мен қолдануы құқық тәртібін, заңдылықты орнықтыру, адамның құқығы мен бостандығын іске асыру, материалдық әл — ауқатты жақсарту, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді бекітудің сөзсіз шарты болып табылады.

0 дауыс

Ғарыш – алаштың да аяулы арманы еді…

Әдетте ондай ойдың еліміздің төрінде «Байқоңыр» ғарыш айлағының жайғасуынан тумағаны анық. Керек десеңіз, былайғы жұрт сондайлық «жабық та құпия» әскери шаһардың ел аумағының қай бұрышында орналасқанын да білмеді, хабарсыз тек жүрді. Бірақ біртұтас Кеңес  Одағының барлық түкпірінде  ұлттық, Отандық  патриотизм сезімінің шырқау шегі – ғарышкер деген атаудың төңірегінде байланып тұратындай бір сиқырлы шындығы бар-тын. Кеңес елінің кез келген кішкентай бүлдіршініне «Өскенде кім боласың?» деп жай ғана сауал қойсаң, міндетті түрде  «ғарышкер!» деп саңқ еткен жігерлі дауысын естір едіңіз. Кеңес Одағында – Гагарин, ғарышкер, құрмет  – үшеуі бір ұғымға айналды!

Тым алысқа бармай-ақ қояйық, көрші өзбек елінде илеген жұқа теріден тартып тігілген жеті даңғыраға бір мезетте жан бітіріп, он саусағымен «тырсылдатып» ойнайтын Қаһарман Дадаев есімді өнерпазды ел-жұрты «Біздің бүгінгі күнгі батырымыз, біздің теңдессіз ғарыш­керіміз!» деп ма­сат­танатын. Неге дей­сіз бе? Өйткені, ға­рышкерден асқан құр­метті атақ КСРО елдерінде болған жоқ! Ғарыш көгінде самғау, шексіз­дік әлемімен қауы­шу дүние жүзі елдері­нің әрқайсысы­ның-ақ асыл арманы санала­тын. Солар­дың қатарында ежелден өр туған қазақ та ғарышқа құлшына қол созды. Армандады… Ел Тәуелсіздігінің қарсаң­ын­да сол арманына жетті де. 1991 жыл­дың 2 қазанында тұңғыш қазақ ғарышқа ұшты! Айта салғанға ғана сондай жеңіл сөз. Ғарышқа ұшу жеңіл болып па еді?! Жеңіл болса, Юрий Гагариннің өзі неге 2500 әскери үздік ұшқыштың ара­сынан іріктеліп, таңдалып алынды?

Жарайды, елге оралайық, сонымен… қазақтардың ғарышқа «алғашқы ша­б­уылы» қай кезде, қалай басталып еді өзі, еске түсіріп көрейік?!

Қазақтардың ғарышқа «алғашқы шабуылы»

1991 жылғы 3 сәуір күні Қазақ­стан­ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың адамзат баласының тұң­ғыш өкілі Юрий Гагариннің «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарышқа аттануының 30 жылдығы мерейтойына орай сол кездегі Кеңес Одағының бас газеті «Правдаға» үлкен мақаласы жарияланды. «Кезінде кеңінен қолданылсын деп, «елсіз-күнсіз жер» деген тіркес енгізілді. Өз басым оны ұнатпай, ытырынып қаламын. Кейде, тіпті, осы сөзді орынды-орынсыз қолданған кісілер Табиғат анасын тарс ұмытып кететіндей көрінеді, – деген Қазақ елінің басшысы өз ойын әрі қарай былай жалғайды.

– Елсіз-күнсіз деген жер жоқ. Тіпті, уақытша мекен еткен полюстер мен тау шыңдарын елсіз-күнсіз десе, альпинистер мен қыстап қалушылардың да көңіліне келуі кәдік. Ал біздің далалы өлкенің тұрғындары жайында, тіпті, сөз басқа. Бізде әрбір қырқа, әрбір бұйрат құм, әрбір сүрлеу ата-бабаларымыздың атымен айшықталған емес пе. Осынау жерде бұрынғымыз бен бүгініміз тоқайласып, осы арадан халық зердесінің қайнары бастау көзін алады. Бұл жерде қандай заңғар қорғанмен қоршасаң да, адам зердесіндегіні жоя алмайсың.

Демек, бәріміздің, күллі қазақ­стан­дықтардың тың көтеру, «Байқоңыр» космодромы немесе Семей түбіндегі поли­гон құрылысы елсіз-күнсіз жерде жүзе­ге асты деген мәлімдемені аң-таң болып қарсы алғанымыз әсте тегін емес. Мұн­дай бағдардың жерді мейлінше билеп-төс­теп қалғандар үшін оңтайлы екенін түсінемін. Әйткенмен, мұны халық аң­­ғармайды, табиғат көрмейді деген­дей сыңай таныту бізге жараса қояр ма екен?!».

Қазақ Президенті Ұлы Даланың өз иесі барын, өз киесі болатынын осылай мең­зейді. Бос жатқан дала жоқ. Тіпті, Пре­зидент сол жолы… қазақтың ғарышқа өткен ғасырлардың өзінде-ақ көз тігіп, көңіл терезесінен өткізіп қойғанын «Прав­даның» бетінде ұлы бабамыз Әбуна­сыр әл-Фарабидің төгілген жыр шума­ғы арқылы былай дәлелдеп те берді:

Қандай қиын күресте өткен күндерің,

Тағдырыңның айлағы боп тұр жерің.

Туған үйің ғарыш қана шынайы,

Ол – сенімен,

Сен – онымен мәңгіліксің ұдайы.

Арада онша да көп уақыт өткен жоқ, КСРО Машина жасау министрлігі мен тікелей ғарыш зерттеу саласының бір топ кіл мамандары Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматыға әдейі атбасын бұрып келді. Екі қазақ жігітінің ғарыш сапарына дайындалып жатқаны туралы жағымды хабар сол тұста жарияланды. Қазақ халқы құлағын түріп, елеңдесіп қалысты. Кеңес Одағының Батыры, еңбегі сіңген сынақшы-ұшқыш Тоқтар Оң­ғарбайұлы Әу­бәкіров пен азаматттық авиацияның ас­қан шебер ұшқышы Тал­ғат Аманкелдіұлы Мұса­баевтың есімі ха­лыққа сол жолы алғаш рет белгілі болды. Президент «Егер атақ-даңқ үшін қазақ азаматын ғарыш­қа екі-үш сағатқа ұшыру керек болса, ол бізге қиындық туғызбас еді. Бірақ, біз болашағымызды ғарышпен тікелей бай­ланыстырып отырған елміз» деп маңыз­ды мәлімдеме жасады.

Бүгінгі тарих шындығын осынау оқи­ғалар аясында сараптар болсақ, Қазақ­станның шексіз кеңістікке ұлы жорығы, қазақтардың ғарышқа «алғашқы шабуылы» дәл осы кезден бастау алғанын есте сақтауға тиісті екенбіз. Қазақстанның озық ойлы ғалымдары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сол мәлімдемесін күтіп тұрғандай-ақ екен, тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіров ұшатын 1991 жылдың 2 қазанына дейін ғылыми үш бағытты мейлінше терең қамтитын ғарыштық бағдарлама жасап, оны болашақ ғарышкермен ғылыми оты­рыстарда талқылап та, мұқият тиянақ­тап та үлгерді… Неткен әбжілдік еді, десеңізші!

Тұңғыш қазақ ғарышкері суы тар­тылып, тұзды бораны үдеп тұрған Арал теңізінің аумағын сегіз күн бойы ғарыштан суретке түсірді. Сурет болғанда қандай! Мәскеу ол тұста «Наны көп – Қазақстанға» ел аумағынан түсірілген көлемі 18х18см болатын ғарыштық бір суреттің бір данасын мемлекеттік бағамен 30 мың сомға сатқан! (Ол кездегі кеңестің 97 тиыны 1 АҚШ доллары екен.) Спектрлі толқынды сәулелер ағы­нымен түсірілген ол суреттердің ғылым үшін теңдессіз құндылығы күні бүгінге дейін күшін жоймағаны анық. Мұн­дай ғарыштан түсірілген суреттер компью­терге жүктелген сәтте жердің топыра­ғының дымқыл немесе құрғақ екендігінен бастап, жерасты суының тазалығын, мұнай, газ қорының, түсті металдардың көлемін анықтайтын «көріпкел» қасиеттері барынан бүгінде жұртшылықтың жақсы хабардар екені де жаңалық болмай қалды.

Қазақстанның молекулярлық биоло­гия мен биохимия институты ауыл шаруашылығының ең үздік мамандары­мен кеңесе отырып, келісіп жасаған ғарыштық тұңғыш қомақты жобасы да күні бүгінге дейін халық үшін ғылыми жемісін беріп келеді. Салмақсыздық жағдайында ғарышкердің қол күшімен белгілі кестеге сай шайқалған суспензия Қазақстанның ауыл шаруашылығына «Тоқтар», «Орбита», «Қоғалы» деп аталатын айрықша дәмді картоп түрлерін алып келді. Қазақстанның таулы аймақ­тарында күні бүгіндері гектарына кемі 30 тоннадан түсім беріп жүрген суыққа да, ыстыққа да төзімділігімен танымал болған бұл картоп сорттарының ғарышта жасалған қазақстандық алғашқы тәжіри­беде Тоқтар Әубәкіровтің қолымен будан­дастырылғанын көпшілігіміз біле де бер­мейміз. Қазақстан Республикасы патент иесі ретінде осы күнге дейін бес жүз тоннадан астам осындай картоп­тың тұқымдық сұрпын алыс-жақын шетел­дер­ге лайықты бағасына сай сатып үлгерді.

Ғарыштық тәжірибе жасауға бейім қазақ ғалымдарының кейінгі тәжіри­белерін Талғат Мұсабаев ұзақ мерзімді ғарышта өткізген үш сапарында (1994, 1998, 2001 жылдар) ойдағыдай жүзеге асыр­ды. Зерттеуші-ғарышкер кәдімгі бидай дәнінің клеткасына осы тектес әрі тұқымдас дақылдың ДНК-сын салып, генетикалық трансплантация жасады. Салмақсыздық жағдайында «буыны» босаған бөгде дақылға осылайша экспансиялық әрекет ету арқылы бірегей тәжірибе жасалынды.

Бір сөзбен айтқанда, ел Президенті­нің бастамасымен 1991 жылдың 13 нау­рызында негізі қаланған «Қазақстан-Ға­рыш» бағдарламасы ғарыш кеңіс­тігіндегі кешенді зерттеулерге осылайша кең жол ашты. Содан келіп ғарыш зерттеу саласына біржолата мойын бұрған Қазақстан Республикасы 2007 жылы елімізде Ұлттық ғарыш агенттігін құрды.

2006 жыл.  Қазақстан ғарыштық мемлекет. «KazSat» – сәтсіздік

Қазақстан мен Ресей арасындағы жоғары дәрежелі мемлекеттік қарым-қа­тынас ғарыштық байланыстар негі­зінде жыл сайын өркендеп, құлаш жайып дами бастады. Ресейдің ғарыш агент­тігінің кәсіби іс-қимыл қызметін, тіпті, «Қазғарыштың» араласуынсыз көз ал­ды­мызға елестету мүмкін де емес секілді еді.

2004 жылдың қаңтары. Көрші жатқан екі ел арасында қазақстандық тұңғыш геостационарлық ғарыш аппаратын дайындап ұшыру туралы мемлекеттік маңызы бар келісімшартқа қол қойылды. Үлкен жобадағы аталмыш Жер серігі 12 транспортерден тұрады десек, оның 8-і интернет пен телефонияға, үкімет­тік және басқа да байланыстарға бағыт­тала жоспарланып, 4 транспортер телевизиялық жобаға қызмет ететін болды. Жер серігін жасауға Ресей Федерациясынан тыс 15 шетелдік фирма мүшелері қоян-қолтық араласып атсалысты. Олардың қатарында әлемдік борттық телекоммуникациялық жаб­дық­тар шығаратын Boeing, Alcatel Alenia Spazio Italia, ComDev компаниялары да бар. «Протон-К» зымыран тасы­мал­дағышымен жоспарланған алғашқы Жер серігі 2005 жылдың желтоқсанында орбитаға шығатын болып бекітілгенмен, қосымша тексерулердің қажеттілігіне байланысты әуелгі ұшу кейінге шегерілді.

Тәуелсіз Қазақстанның ғарыш сала­сына қатысты тарихының жаңа парағы 2006 жылдың 18 маусымы күні ашылды.

Осы күні «Байқоңыр» ғарыш айла­ғынан қазақстандық тұңғыш «KazSat» Жер серігі ұшырылды. Аса маңызды тари­хи салтанатқа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Пре­зиденті Владимир Путин қатысты.

Қараша айында «KazSat» жер бе­тіне жиілетіп телехабарлар таратып, жедел интернет-коммуникациялық қыз­мет үлгілерін көрсете бастады. 2007 жыл­дың аяғында да қазақстандық Жер серігіне жоспарланған жұмыстың 70 пайы­зы жүктеліп, ақаусыз әрі қалыпты жұмыс істеп тұрды. Алайда, соған қара­мастан, келер жылдың басында, аны­ғырақ айтқанда, 2008 жылдың 10 қаң­тарында «KazSat» аппараты алғаш рет «жүрісінен жаңылып», комму­никациялық байланысында іркіліс пайда бола бастады. Сол кезде Қазақстан опера­торлары Жер серігімен он сағат бойы бай­ланысқа шыға алмай әжептәуір әуреге түсті де қалды. Қазақтың өзі-өз болғалы тұңғыш деп жария еткен Жер серігі ға­рыштағы қызметімен аяқ астынан осылайша қош айтысты.

Үкіметтік дәрежеде құрылған ар­найы комиссия қазақстандық күллі ел­дің назарын өзіне аударып үлгерген Жер серігінің бойындағы бар техни­калық кінәратын зерттеп қана қоймай, халықаралық сақтандыру компания­ларынан өтемақы қайтарып алу жайын табанды түрде талап ете бастады. Германия, Франция, Англия, Америка Құ­рама Штаттары және Жапония секілді ірі мемлекеттердің атын жамылған барлығы 23 сақтандыру компаниясы комис­сия назарына ілінгенімен, бастап­қыда сөзбұйдалыққа бой алдырды. Ұзаққа созылған дәлелдеулер мен ақи­қат­тар айқасының ақырында Лондонда өткен ақтық мәжілісте, яғни, 2011 жыл­дың тамызында, тиын санаған сақтан­ды­рушылардан Қазақстан жағы 40 миллион АҚШ долларының үстінде Жер серігінің шығыны үшін өтемақысын қайтарып алды да.

Көп кешікпей Қазақстандағы ғарыш саласын игерудің негізін қалаушылардың бірі – Халық Қаһарманы, Ресей Батыры, ғарышкер-ұшқыш, авиация генерал-лейтенанты, Ұлттық ғарыш агенттігінің төра­ғасы Талғат Аманкелдіұлы Мұса­баев алғашқы Жер серігіміздің қысқа өмірі туралы өзінің пікірін кәсіби тұр­ғыда ашық білдірді. Сөзді бұлталақ­тат­пас­тан бірден Жер серігінің ғарышта­ғы қызметінің мерзімінен бұрын аяқта­луына Қазақстан Республикасы Ұлттық инновациялық қоры мен Ресей Федера­циясының Хруничев атындағы мемле­кеттік ғарыштық ғылыми-өндіріс­тік ор­талығының тәжірибесіздігі айтар­лықтай елеулі түрде әсер еткенін жариялады.

Алайда, Қазақстан мемлекеті алғаш­қы Жер серігінің сәтсіздіктері үшін сақ­тандыру қаражатын қайтарып алардың аз ғана алдында кезекті «KazSat-2» ғарыш­тық жобасын әзірлеп қойған да екен. Тіпті, «шешінген судан тайын­бас», сол тұста Қазақстан Ұлттық ғарыш агент­тігінің «KazSat-3» жобалаушы­ларына ха­лықаралық байқау жариялағаны туралы да жан-жаққа хабарланып үлгерілді.

2011 жылдың 16 шілдесінде «Бай­қоңыр» ғарыш айлағынан рет саны бойынша екінші кезекпен қазақстандық «KazSat-2» Жер серігі аппараты ғарышқа ұшырылды.

Араға үш жыл салып, яғни, 2014 жылдың 28 сәуірі күні «Байқоңыр» космодромының №81 алаңынан «Про­тон-М» зымыран тасығышына тиелген «KazSat-3» Жер серігі аппараты орбитаға шығарылды. Атап өтер бір жайт – қазақстандық ғарыштық бұл аппарат 176 миллион долларға сақтандырылғаны көп кешікпей баршаға аян болды.

Бүгінгі таңда әлемдік әйгілі ғарыштық 25 елдің қатарынан ойып тұрып өз орнын тапқан Қазақстан Республикасы өз Жер серіктерінің қызметін де, қызығын да көріп отыр деп толық айта аламыз.

Сандық және Жер серіктік теледи­дардың «Қазтелерадио» АҚ ұлттық опера­торы үстіміздегі жылдың науры­зынан бері қарай OTAU TV жерсеріктік теледидарының абоненттері отандық «KazSat-3» Жер серігі аппаратының қызметін хал-қадерінше пайдаланып келеді. Көрермендер осы күзден бас­тап қо­сымша SD, сондай-ақ, HD арна­лары­ның ерекше мүмкіндіктерін иелене алады.

Ғарыш кеңістігінде Жер шарын айналып ұшып жүрген Жер серіктерін Астана маңындағы «Ақкөл» респуб­ликалық ғарыштық байланыс орталығы бақылап отыр. Ол ол ма, отандық ғылыми жинақтау кешені Қазақстан ғарыш аппараттары мен Жер серіктерін жасау мен оны пайдалану ісінде де бірқатар жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді.

Қазақтар космосты бағындырғандар қатарында

Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, еңбегі сіңген сынақшы-ұшқыш, техника ғылымдарының докторы Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров бүгінгі Қазақстан, бүгінгі ғарыш жайындағы әңгімесін былай түйіндейді:

– Ғарыш – ол, ғылымдағы ең жаңа, ең жетістікті технология саналады. Біз қазір осындай әлемдік ең үздік технологиялық жетістіктерден қол үзіп қалсақ, ертең Ұлы Абай айтқандай, «қолымызды мезгілінен кеш сермейміз», опық жейміз. Одан соң өмірбақи оның артынан қусақ та жете алмасымыз анық. Мұндай ғылыми озық технология өмір заңдылықтарына сәйкес күн сайын құбылып, ай сайын өзгеріп тұрады. Менің өз басым осы саланың өкілі болғандықтан да «Байқоңырды», ғарышты игеріп жатқан біздің Ұлттық ғарыш агенттігі дер кезінде құрылды, нағыз отау тікті-ау деп ойлаймын. Қазір бұрынғы кездерге қарағанда қара­жат та жеткілікті. Республикамыз бақуат. Ауқымды жұмыстар да рет-реті­мен атқарылуда. «Болашақ» бағдар­ла­масымен алыс шетелдерде оқып, білі­мін көтеріп елге оралып келіп жатқан жастарымыз да, құдайға шүкір, бар­шылық. Қазақстанның ғарыш саласын ғылыми тұрғыдан ілгерілетуге мүдделі ғой деп ойлаймын, ол жастар. Менің соған жаным сүйсінеді.

Айтса айтқандай, Қазақстан ғарышты зерттеу және ғарышты игеру саласының болашағы жас мамандардың, өскелең кадрлардың қолында. Мемлекетіміз тек қана шетелде оқу үшін ғана жастары­мызға жыл сайын ең кемі 200 грант бөледі екен. Немесе 70 грант Ресей Фе­дерациясының жоғары оқу орындарына бөлінеді. Олардың барлығы дерлік ғарыш аппараттарының өндірісі мен оған жерден қызмет көрсетуден тәлімді дәріс алады. Қазірдің өзінде-ақ жастары­мыздың бойында ғарышты игеруге деген ерекше құлшыныс, алабөтен талпыныс байқалады, дейді мамандар. Айтпақшы, осы арада республика бо­й­ынша 18 мектепте ғарышпен тіке­лей байланыстағы ілім – физика-ғарыш­тық пәнінен дәріс беретін он-сан сынып­тардың барын да еске салып қойғанының артықтығы жоқ шығар.

Ресей мен Ұлыбританияда, Фран­ция­да оқып Отанына оралған жастар легі ғылыми озық салада өзіндік қолтаң­баларын көрсетіп қана қоймай, жаңа­шылдық жасаудан еш жасқанбайды. Олар салыстырмалы түрде айтқанда ғарыш аппаратын жобалау мен пайдалануға дейінгі өндірістік үрдістерде шетелдік әріптестерінен қалысар да емес.

Қазақстан ғарыш саласының бүгінгі ахуалы, тыныс-тіршілігі, бір сөзбен айтқанда осындай. Қазақстанның бүгінгі ғарыш қадамы осындай!

«Қазақстан Ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы АҚ Астанада Ұлттық ғарыш орталығын салды. Күрделі кешеннің негізінде болашақта құрастыру-сынақ орталығы ғимараты тұрғызылмақ. Ол жерде міндетті түрде шетелдегі секілді жаңадан ғарыштық Жер серіктері мен аппараттары жиналып, жасалары хақ. Осының бәрінен хабардар бола тұрып, күні ертең қазақтың «Бәйтерек» ауыр сыныптағы зымыран кешені, авиациялық зымырандық «Есіл» ғарыш кешені, қашықтықтан зондтайтын Жер серіктері – Қазақстанның ғылымын тек қана өрге сүйреріне еш күмәнің қалмайды.

Өткен жылдың аяқталар тұсында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­станның 39 ғалымына Әбунасыр әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты тапсырды. Олардың арасында даңқты ғарышкеріміз Талғат Мұсабаев та бар. Ғарышқа үш рет аттанып ғарыш кеңіс­тігінде бір жылға жуық, яғни 341 күн 9 сағат 48 минут 41 секунд ғылыми сапар шеккен қаһарманымыз соңғы жылдары ғарыш саласында атқарған таза ғылыми еңбегі үшін марапат алды. Талғат Аманкелдіұлы әріптестерімен бірлесіп Жер бетін ғарыштық жүйемен мониторингілеу желісін жасап шығарды. Бұл әдіс қазір отандық Жер серіктерінде ойдағыдай кәдеге асып, ойдағыдай қызмет етуде. Талғат Мұсабаевтың қамқорлығымен АҚШ азаматы Деннис Титоның халықаралық ғарыш кешенінде болып қайтуымен ғарыш саласындағы туризм дәуірінің басталғанын да көпшілігіміз білеміз. Талғат Мұсабаевтың ашық космоста болған уақыт мерзімінің ұзақтығына сәйкес Гиннестің рекордтар кітабына кіргені ше… Мұның бәрі де қазақ ғарышы тарихының жарқын беттерінен алынды!

Күні кеше ғана ғарышта болып қайт­қан тағы бір қаһарманымыз – Айдын Айым­бетов. Ол қазір Ұлттық ғарыш агент­тігінде кәсібіне сай лайықты қызметін абыроймен атқаруда. Айдын Айымбетов – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келген 1991 жылғы «Қазақстан-Ғарыш» жобасының бүгінгі заңды жалғастырушысы. Қазақ­станның ғарыш саласын игеру ілімінің қатары осылайша нығайып, өркендеп, қуаттанып, өсіп келеді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Егер атақ-даңқ үшін қазақ азаматын ғарышқа екі-үш сағатқа ұшыру керек болса, ол бізге қиындық туғызбас еді. Бірақ, біз бола­шағымызды ғарышпен тікелей байла­ныс­тырып отырған елміз» деп әуелгі кезде – тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіров алыс сапарға аттанар сәтте терең толғаныспен жасаған мәлімдемесінің сыры да осында емес пе?!

* * *

Бүгінгі қазақ Мәскеудегідей «Жұл­дызды қалашық» салуды армандамайды дейсіз бе? Әрине, армандайды! Сондай айшықты қалада тұрғысы келеді, ғажап қой!

Мәскеуден 25 шақырым жердегі «Жұлдызды қалашықтың» тарихы 1961 жылдан бастау алған екен. 1990 жылы қатаң түрде қайтадан құпияландырған ғарышкерлер қаласы бүгінде, әйтеуір, туристерге есігін әупірімдеп ашты.

Даңқты қалада ғарышкерлер отба­сымен және осы саладағы еңбек ететін ғалымдар мен мамандар тұрады. Қаланың атына заты сай таза кәсіби бөлігінде Юрий Гагарин атындағы Ғарышкерлерді дай­ындайтын орталық жайласқан. Онда ресейліктерден басқа, халықаралық ғарышкерлер де дайындықтан, сынақтан өтеді.

Айтпақшы, сол «Жұлдызды қала­шықта» біздің қандасымыз, қазақтың 4-ші ғарышкері Мұхтар Аймахановтай аяу­лы азаматымыз тұрып жатыр. Ол ғарышкерімізді біз қалай ұмытайық?!

Мұхтар – ғарыш сапарына аттанудың кезегінде тұр. Ғарышкер үшін ең ауыры – күту! Мұхтар Аймаханов бүгінде сондай кәсіби сын сәтті басынан өткеруде. Ресей азаматтығын алған. Ресей мемлекетінің атынан, сәті келген күні ғарышқа атта­нады… Бәлкім, таяу күндері, кім біледі, біз тек тілекшіміз!

…Ғарышқа ұшу – қазақтың кешегі арманы еді.

Ал бүгінгі қазақ – ғарышты бағын­дырғандардың алдыңғы қатарында алшаңдай басып жүр…

Ұқсас сұрақтар

...