0 дауыс
19.0k көрілді
Шоқан Уалиханов атамыздың Қашқарияға сапарындағы ғылыми зерттейлерінің маңызы туралы өз пікірлеріңізді СҰРАЙМЫН !!!

4 жауап

0 дауыс
2014 жылдың 24 шілдесі күні саяхатшы, ұлы дана ғалым Шоқан Уәлихановтың туылғанына 180 жыл толуына орай "Қазақстанның ұлттық географиялық қоғамының" республикалық-қоғамдық жобасы басталады. Экспедиция құрамында отандық географ, тарих, биолог, этнограф ғалымдары мен тіл мамандары  Шоқан атамыздың табаны тиген жерлерді керуендеп  "Қашқарияға сапар" жасамақшы. Бұл ақпараттарды Tengrinews.kz сайтына экспедиция  жетекшісі, география ғылымдарының докторы Орданбек Мазбаев хабарлаған.

Оның сөзіне сәйкес, экспедиция 12 күнге созылады. Жоспарланған бағдар бойынша топ жасағы  ҚХР мен Қырғызстан жерінің 6000 шақырым жолын өткеріп, Астана (Алматы) - Үрімші - Қарашаһар - Қорла - Кучар - Ақсу - Қашқар - Артуш- Янгисар - Жаркент - Қағалық - Хотан - Қашқар - Тұрағат - Нарын - Таш-Рабат - Бішкек- Астана (Алматы) бағыттары бойынша жүреді.

Сондай-ақ саяхатшылар Марко Поло, Шоқан Уәлиханов, Николай Пржевальский, Петр Козлов, Алексей Куропаткин, Карл Маннергейм, Аурел Стейн, Свен Гедин, Гуннар Ярринг, Юрий Рерих секілді тұлғалы азаматтар туралы мүмкін деген ақпараттарды қолға түсіруге тырысып, жол-жөнекей тарихи, географиялық, этнографиялық маңызы бар ескі мағлұматтарға қанық болмақ. Осылайша еліміздің көрнекті ғалымдары ата-баба рухына құрмет көрсетпек.
0 дауыс
Шоқан Уалиханов – қазақ халқының тарихында өз елінің болашағын дұрыс болжап, сеніммен алға қараған, елізушілердің мүддесін қорғаған тұңғыш демократы болды.

Шоқан орыстың ХІХ ғасырдағы озат ойшылдары, революционер демократтары Белинский, Чернышевский, Добралюбовтардың идеяларынан рухани нәр алды. Сондай-ақ,  шығыстану саласындағы аса көрнекті ғалым. Көшпенді халықтың арасынан шыққан, ғылым мен прогрестің шыңына көтеріліп, Россия ориенталистерінің қатарынан құрметті орынға ие болып, Қазақстанның шығыстану ғылымын ашып берді. Әйгілі ғалымның тарих, этнография, география, фольклор сияқты ғылымның салаларын сіңірген еңбегі қыруар.  Жас ғалымның ғылыми зерттеу еңбектерінің тарихи маңызы зор. Орыс жолдастары мен достары Шоқан қайтыс болғаннан кейін оның жарияланбай қалған еңбектерін жинап бастырған болатын. Шоқанның шығармалары 1904 жылы Петербургте академик Н.И. Веселовскийдің редакциясымен басылып шықты. Осы кітаптың алғы сөзінде академик Н.И. Веселовскйй былай деп жазды: «...Шоқан Уалиханов Шығыстану әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды. Орыстың шығысты зерттеуші ғалымдарының барлығы да оны ерекше бір құбылыс деп танып, одан түрік халықтарының тағдыры туралы ұлы және маңызде жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті». Бұл – Ғалым Шоқанға берілген әділ баға еді.

Шоқан- тарихшы, географ, этнограф, әрі ауыз әдебиетін жинап зерттеуші болды. Ол тек өз халқының ғана емес, Орта Азия және Шығыс халықтарының да тарихын, мәдениетін, әдебиетін зерттеді. Өзі билеуші таптың қатарынан шыққанымен, Шоқан қалың бұқараның аяусыз қаналып отырғандығын көре білді, халықтың ой-тілегін, арман-мүддесін қорғады, қазақ даласындағы басқарушылық тәртіптің өзгеруін қалады. Мұның барлығы Шоқанның демократтығын сипаттай түседі.

Шоқан Орта Азия елдерінің артта қалуына себепкер болған жағдай- монархиялық тәртіп пен ислам діні деп түсінді. Сондықтан да дамуға кесел жасап отырған ислам дінін Шоқан қатал сынға алды. Ол жалпы дін атаулының прогреска бөгет болатынын, ғылым мен мәдениеттің дамуына кесел жасайтынын, әсіресе ислам дінінің реакциялық сипатын анық айтты. Ол тоқырау мен құлдыраудың себебі болған, халықтың басын айналдырып, санасын улаған дінді орта ғасырлық идеология деп санады.

«Мұсылмандық туралы» деген еңбегінде Шоқан былай деп жазды: « дін фанатизмі атаулының бәрінің халықтардың әлеумет өмірінің дамуына келтіретін зияны туралы көп айтып жатуды артық деп санаймыз. Европада да теологияның етек алып кетуі халықтардың дамуына мүлдем кесел болғаны белгілі».

Орыс педагогикасының прогресшіл идеялары да Шоқанның ағартушылық көзқарастарына әсер етті. Шоқан мектеп оқуының ғылми негізде құрылып, табиғаттың сырларын ашуға бағыттылуын, халықтың жаппай білім алуын халқымыздың алдыңғы қатарлы, мәдениетті елдерді қуып жетуді аңсады. Ол мұсылман мектептері орнына, «ой мен сезімнің өсуіне бөгет жасаудан басқа түк пайдасы жоқ, жансыз схоластика болмайтын мектептер» ашуды талап етті.

Ұлы ағартушы ең алдымен ұлы орыс халқынан үйрену керектігін, ол үшін орыс оқуына бой ұрып, қазақ даласына тарату халықтың орысқа деген достығын күшейтетіндігіні мұның өзі игілікті іс екендігін көргендікпен болжады. Шоқан қазақтарға орыс тілін білудің маңызын баса айтқан адам болды. «Орыс тілін білмеген қазақ,- деп жазды ол өзінің бір мақаласында,- оның  заң-законын да білмейді».

Шоқан туған халқының әдет-ғұрпы мен психологиясының біраз жақтарын талдай келіп, қазақ арасындағы кейбір жағымсыз әдеттерді мейлінше сынады, бұларды қазақ қауымын ілгері бастырмай келе жатқан мерездер деп ашынды. Мысалы, осындай феодалдық өмірдің басты мерездерінің бірі - барымта екендігін, оның жұрттың көпшілігі баюдың, мал жинаудың ең жеңіл әдісі деп қате түсініп жүргенін дәлелдеді. Ол мұндай «кәсіппен» айналысқан адамның еңбекке ынтасы болмайды, ал белгілі бір кәсіппен айналысу уақыт, зор ынта тілейді деп дұрыс тұжырымдады. Осылайша ол жастарды да мұндай жағымсыз кәсіптен бойын аулақ салуға шақырды. Бұл жағымсыз жексұрын әдеттің адамды арамтамақтыққа, еріншектікке итермелейтінін айта келіп, ол қазақ даласында түрлі кәсіптің дамуына оның кедергі келтіретіні жөнінде дұрыс қорытынды жасады.

Шоқанның халықтық психология туралы пікірлерінде материалистік тенденция басым. Бұл оның көптеген еңбектерінен анық байқалады. Мысалы, «Записка №1» деген еңбегінде адам психикасы сыртқы ортаға, әсірісе географиялық, табиғат жағдайларының әсеріне байланысты қалыптасып отырады деген пікір айтады. Бірақ Шоқан адам психологиясының қалыптасуындағы тарихи-қоғамдық факторлардың шешуші рөлін дұрыс ұғына алмады. Оның ойынша, жұрттың сана-сезімін, әдет-ғұрпын географиялық орта билейді, халықтың прогреске жетуі материалдық өмір жағдайымен емес, идеологиялық факторлармен, ағартушылық әрекетпен жүзеге асатын болады. Осыған орай адамдардың мінез-құлқы мен әдет-ғұрыптарының қалыптасуында географиялық орта мен табиғаттың рөлін Шоқанның асыра бағалап жіберген кездері де болды.

Шоқан ғұмыры бар жоғы отыз жыл ғана болса да, оның бейнесі біздің жүрегімізден еш уақытта  да өшпек емес. Ол жазып қалдырған толағай туындылар мен көкейкесті мәселелерге толы еңбектер, зерттеулер қазір де өз мән-мағынасын жоғалпай, жаңа өмірмен үндестік тапқан сайын ғұлама ғалым жөніндегі әсерлі естеліктер де біздің жадымыздан берік орын ала бермек.
0 дауыс
XIX ғасырдың елуінші, алпысыншы жылдары Н. Г. Чернышевский бастаған революциялық демократтар крепостниктік тәртіпті және помещиктердің жер иелену хүқысын революциялық жолмен біржола жойып жіберуді көздеді. Герцен барлық халықтардың тең хұқылығын талап етіп, патша өкіметінің казақ халқына деген жендеттік саясатын бүкіл әлемге жария етті. Бұдан Шоқан екі Ресейдің барын: бір жағынан, революциялық идеялардың жаршылары - Герценнің «Колоколы» мен Чернышевскийдің «Современнигі», екінші жағынан, патша тағын төңіректеген ресми шенеуніктер, помещиктер мен капиталистер Ресейінің барын білді.

Шокан өзінің публицистикалык макалаларында, хаттарында еңбекші бұқараның мүддесін корғап. олардың хүкылары үшін күресті. Жалпы, оның еңбектерін хаттары мен мақалалары, ғылыми макалалары, жолсапар очерктері деп үшке бөліп қарастырған жөн сияқты.

Ауыл мектебінде қазақтың ескі аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдерін жазып алып, жинастырып, жаттап өскен, кадет корпусында орыс әдебиетінің классикалык шығармаларымен, орыс тілі арқылы батыстық мәдениетпен танысқан. Шокан хаттарында оның мінез ерекшеліктері, ой-өрісі, дүниетанымы, өмірге көзқарасы ғана танылып қоймай, үстаған бағыты да көрініп отырады. Мысалы, ол А. Н. Майковқа жазған хатында: «Жергілікті сүлтандармен және байлармен тату емеспін. Өйткені, олар бүрынғы күлдарын жаман ұстайды, ал енді бүл қүлдар қазір де бостандық алғанымен де, қалай кетерін білмей, сол бүрынғы қожаларының қолында жүр. Мен олардан талай рет бұларға еңбек ақы төлеңдер және өздерін адам санатында ұстаңдар деп талап етіп, қорқыттым. Бірақ олармен шығыспасам да, оның есесіне дала пролетариатымен қатты доспын және олармен тез-ақ үйлесе кеттім»,-деп шындығын айтты. Бұдан Шоқанның өмірлік күрескер позициясы, саяси көзқарасы айқын көрінеді.

Бұдан кейінгі оқиғалардан Шоқанның саяси көзқарасының тез есейіп, қалыптасқанын көреміз. Оның публицистикалық туындыларынан А.И.Герценнің, Н.Г. Чернышевскийдің, А.Н. Добролюбовтың идеялық әсері айқын танылады. Мәселен, үзбей хат жазысып, пікір алысып түрған            Ф.И.Достоевскийдің 1861 жылғы реформадан кейін сарыуайымға салынып, самодержавиеге қарсы күрестен ауа жайылып кеткеніне Шоқан сын көзбен қарай білді. Бұрын ақыл-кеңес алған досына енді өзі «Сен енді түбірімен өзгерту жолына түс»-деп ақыл берді. Бүл Шоқанның саяси санасының қаншалықты өскенінің және оған революцияшыл-демократтардың қаншалықты әсер-ықпал еткенінің аса маңызды дәлелі.

Шоқан хаттарының стилі, түрі мен мазмұны қандай дегенге келсек, олар кәдімгі хат стилінде, хат түрінде жазылды. Бірақ, оларда жеке бас, күйкі тірлік мәселесі емес, халықтық, қоғамдық, саяси мәні бар мәселелер қозғалды.   Н.Г.Чернышевский сияқты ол қоғамдық кекейкесті мәселелерді батыл көтеріп, туған халқының келешегі туралы терең ой толғады. Жалпы, Шоқанның хаттары халықтық, қоғамдық мазмүнға толы.

Бұл ерекшелік оның мақалаларына да тән. Ол «Русский инвалид» журналына жолдаған түңғыш мақаласында бүкіл халық басындағы ауыр жағдайды сөз етеді. Оның осы туындысының өзінен-ақ публицистикалық іргелі пікір түюге бой үра білгенін аңдау қиын емес. Атап айтсақ, Шоқан жекелеген әкімдерімен қоса (Кури, Айвашкевич, Безверхов) Омбы облысы әкімшілік басқармасын да сынап, сол кездегі мемлекеттік тэртіптің әділетсіздігін әшкереледі.

Оның публицистік осы жинақтау әдісі басқа мақалаларынан да кездесіп отырады. «Сот реформасы туралы» деген хат жобасын жасауға тек патша үкіметінің шенеуніктері мен қазақтың үстем тап өкілдерінің қатысқанын, олардын калың бүкара мүддесін емес, билер мен сүлтандардың мүддесін ғана көздегенін сынайды.

Шоқанның ғылыми мақалалары да терең зерттеуден, түрлі салыстырудан туған. «Қырғыздың ата-тегі» деген макаласында ол кырғыз халқының шығу тарихы туралы қытай, орыс, ағылшын зерттеушілерінің пікірі мен қырғыз халқының өз аңыздарын салыстыра қарастырады. Сөйтіп, кырғыздар алғашында оңтүстік Сібірді мекендеп, содан кейін XVII ғасырдың бүгінгі коныстарына жер ауып келді деген пікірдің жансақтығын дәлелдейді. Біздіңше бүл ғылыми зерттеудің тамаша үлгісі дерлік мақала.

Енді, Шоқанның мақалалары мен ғылыми мақалаларының стильдік, формалық ерекшеліктеріне көңіл бөлейік. Бұлар құрылымы, түрі жағынан қарапайым, тілі жатық, түсінікті. Автор ойын жеңіл жеткізеді. Кей тұстарда нәзік сезімталдық, байқағыштық, философиялық ой-қорытудың элементтері үштасып отырады.

Қай мақаласын алсаңыз да фактілерді салыстыра қараушылық, жинақылық, үқыптылық ізін көреміз. Бұлдыр, шұбалаңқы сөйлемдер кездеспейді, екі ұшты талас тудырарлық пікірлер жоқ. Мысалы, дін мәселесі туралы жазған мақалаларында («Қырғыздардағы шамандықтың қалдықтары», «Қазақ даласындағы мүсылмандық туралы») Шоқан материалистік көзқарасты ұстады. Ол айнала қоршап түрған дүние адам санасына тәуелді емес және ол мәңгілік деп түсінеді.

Ш. Уәлихановтың зерттеушілік таланты мен парасаттылығы, нәзік байқампаздығы мен суреткерлік қабілеттілігі 1856 - 1859 жылдардағы саяхаттарының негізінде жазылған жолсапар очерктерінен ерекше танылады. Бүған көз жеткізу үшін «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» деп аталатын түңғыш жолсапар очеркіне зер салалық. Оны авторе           «1 тамыз 1856 жыл. Қытайдың Бараходжир атты шекаралық бекеті» [1], - деген жолдарымен бастап, екі ел шекарасында түрғанын, мүның жауапты да қатерлі екенін бірден алға жаяды. Сөйтіп, оқырман назарына өзіне алаңсыз аударып алады.

     Шоқан табиғат көріністерін суреттеу арқылы Қытай еңбекшілерінің ауыр түрмысының естен кетпес типтік картинасын жасаған. Мәселен, «жаз келсе Қытай жүмаққа кіргендей болады;  ол жалаңаяқ,  жалаңбас жүріп, қалаған жеріне жатып үйықтап кетеді, бау-бақшаның көлеңкелі саясы түнде түнеп шығар жайлы төсек, бірақ оның есебіне қыста ол қатты азап шегеді. Мүнда орталық Қытайдағыдай емес, Қыс қақап, боран соғып тұрады жэне сондай қатты борандардан кейін әрқашанда бірталайының түлымды төбесі қар астынан қылтиып шыға келеді де жаз шыққанша сол күйінде, ашылып қалған мүрделерін Ілеге тастап, немесе, полиция сол жатқан жерлеріне көме салғанша жата береді. Қытай молаларының белгілі бір орны жоқтығы және кез-келген жерден үшырай беретіндігінің себебі де осыдан» [2],- деп жазады. Бүл Қытай халқы түрмысының өте ауыр екенін эйгілейтін көрініс. Батыс Қытай провинциясындағы аш-жалаңаш, панасыз, жүмыссыз қара халықтың түрмыс-тіршілігін дэл бүлай суреттеусіз көзге елестеу қиын. Шоқанның суреткерлік дарыны осындай негізгі мақсатқа шебер қызмет ете алған.

Енді, Батыс Кытай халкының мэдени өмірін суреттеген мына үзіндіге көңіл бөлелік: «Үйлердің алдыңғы жаппалардың астынан сәкі орнаткан, мыңдаған адам сол сәкілердің үстінде түскі асын ішіп отыр. Бірнеше аспазшы қазан маңында шыр айналып, ет қуырып, шай қайнатып, зыр қағып жүр. Не деген кіржімбаз халық десеңізші. Тегештегі суға әуелі бетін жуады, сонан қайтадан сол сумен ауызын шаяды да ішіне қайта төгеді. Сол суға келесі адам тағы да сөйтеді де, үшінші біреуіне жылжытады - сөйтіп, сол жерде отырғындардың бэрі жуынған су қара сырға айналып, Қытай табытын болса да боярлықтай халге жетеді». Автордың орта ғасырлық дәрежедегі артта қалған елдің әлеуметтік-мәдени дэрежесін көзге үрып түрған көрініс арқылы суреттеуі соншалық эсер л і де нанымды шыққан.

Егер Шоқан «Қытайлардың мәдениеті томен еді» деген секілді сөздермен баяндаған болса, онда оның танымдылығы нашарлау болар еді.

Очеркте адамдардың топтама портреттері де жиі кездеседі. Мысалы, Шоқан «Үстіне өрім-өрім шоқпыт киген тараншы, яғни қытай экімдеріне қызмет етіп, солардың жерін өңдеп, егінін егу үшін осы өлкеге жер аударылып келген диқаншы мүсылман да жаңа ғана сатып алған қарбызын сүйсіне сорып,рахаттанып отыр. Ол өзі негр сияқты қап-кара, ал енді тісі болса інжудей аппақ. Сызықтай түзу бітік көзі көп үйқыдан ісіп кеткендей боп көрінген манчжур, оңтүстік губерниядан жер аударылып келген қысық коз, қап-қара, тістері ырсиған, үстіне қүдды бір жылтыр клеенка тэрізді май-май шолтиған ақ көйлек киген батыр қытай, белін қынай буған, сілеусін бөрікті, қамыт аяқты қалмақ - осылардың бэрі де елестеп өтіп жатты», - дей келіп, «... жэне осылардың бэрі де шетінен шылым шегіп, қарқылдап күліп, бірімен-бірі амандасып, қүттықтап, гу-гу етеді»[3], - деп батыс өлке халқының бейнесін жасайды.

Сөйтіп, Шоқанның публицистикасынан біздің аңғарғанымыз ол -ғалым, тарихшы, этнограф, саяхатшы, тіл маманы, философ, ағартушы, социолог жэне суреткер. Бүл ерекшеліктерді оның публицистикалық шығармаларын оқыған адамның терең сезінері сөзсіз.
0 дауыс
Әр ұлттың тарихында  үздік шығатын ғажайып таланттар болады.   Ғасырлар  санап та, әйтеуір ұзақ сағындырып дүниеге келетін ондай  перзентін қазақ халқы  біртуар деп атайды. Қазақ халқының ой дүниесінде аз жасап, көп іс тындырған Шоқан Уәлиханов халқымыздың сондай біртуар перзенттерінің бірі. Халқымыздың дара туған ұлы Шоқан Уәлиханов ХІХ ғасырдың тұңғыш ғалымы, ғажап ақыл – ойшылы, зор талантты  дүние жүзі ғылымында  өзіндік үлкен орны бар ірі тұлға. Барлық ғұмыры нысаналы, тағдыры - мұхиттың дәмін білуге болатын тамшыдай еді. Жарқ ете қалған бейнесі әлі де болса  ұрпақпен үндесе бермек. Өз заманында жарқырап шыққан ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұралары – тарих, этнография, география, бейнелеу өнері, әдебиет, фольклор, нумизматика және археология саласындағы еңбектері  Азия халықтарының өмірін зерттеуде аса құнды  дүниелер болып есептеледі.

Дегенмен де, қазақ халқының ұлы ғалымы, ойшылы Шоқан Уәлиханов сынды ардақты адамдардың мағыналы өмірі мен мазмұнды мұрасына қатысты көптеген жайлардың жұмбақ сырлы мәлімсіз жақтары бар екендігі де дәлелді шындық.

Шоқан Уәлиханов – қазақ халқының тарихын, этнографиясын және фольклорын ең алғаш кең зерттеген отандық ғалым.

Ғалымның көптеген шығыс, батыс халықтарының тілдерін білуі әр түрлі қайнар көздерге сүйене отырып, көне жазбаларды, жылнамаларды салыстыра зерттеуге, тарихи шындықты ашуға кең мүмкіндіктер туғызды. Шоқан өз ойларын дәлелдеу үшін Орта Азия халықтарының тарихын көп зерттеген Абылғазының «Түрік шежіресі» атты белгілі кітабына жүгінеді. «Түрік шежіресін» толықтыра түсу мақсатында ол «Қазақ шежіресі» еңбегін жазады. «Қазақтардың көшпелі еркін тірлігі Азияда дүниеге келіп, дамығаны ... күмән туғызбаса керек. Олай дейтін себебіміз – орыс жылнамалары біздің сөзімізді растайды» - деп баяндайды да, сол кездегі көптеген авторлардың еңбектеріне шолу жасайды, олардың деректерін шежірелермен салыстырады.

         Қазақтың әрбір ру басылары өз ру-тайпасының шежіресін: шыққан тегін, елдің әдет-ғұрып заңдарын, ескі жарлықтарын, халықтың басынан өткен тарихи жайларды көп жасаған ақсақалдардан ыждаһатпен үйреніп, өзінің шешендік өнерін шыңдағанын, аңыз-әңгімелерде, мақал-мәтелдерде, маңызды оқиғаларға қатысты ұлағатты асыл сөздерді ұзақ уақыт жаттайтынын билер сөзін халық ұйып тыңдайтынын, ол нақты сөздер өмірдің бар саласын қамтитындай өсиет-өнегеге, тәлім-тәрбиелік, ғибраттық мазмұнға толы болатынын ұлы ғалым тебірене жазған. Зерттеуші тарихи аңыздарды тарихи деректердің жаңғырығы деп білген. Оның танымдық мағлұматтарын ғылыми еңбектерінде шебер пайдаланған. Ауызша айтылған тарихи толғаныстарды, жазба және археологиялық мәліметтерді өзара салыстырып, ең сенімді дегенін кәдеге жаратқан.

         Тарихи аңыздарда айтылған Шыңғысхан, Александр Македонский,. Тоқтамыс, Әмір Темір сияқты адамдардың өмір сүрген дәуірлеріне барлау жасаған ойшыл өз зерттеулерін Геродот жинаған тарихи аңыздармен салыстыра қарайды. «Профессор И.Н.Березинге хат» деген еңбегінде ол Тоқтамыс, Орақ мырза, Ер Көкше, Ер Қосай туралы аңыз-дастандарды, Көшім, Орысханға қатысты аңыздарды жіліктеген, сөйтіп қазақ халқының арғы тарихына үңілген.

         Шоқан көшпелі монғол және түрік тайпалары өздерінің отырықшы ағайындарына қарағанда өте көп білетінін, бұлардың аңыздары ертеде пайда болғанын дәлелдейді. Адамның ата-тегі туралы аңыздарды, шежіре деректерін, қырғыздардың арғы анасы жөніндегі аңыз мәліметтерін 1246 жылы монғолдардың Күйік ханына  барып қайтқан Плано Карпинидің мағлұматтарымен салыстырады, олардың түп-төркінің ұқсастығын көрсетеді.

         «Аңыздардың өте маңызды бөлімі шежіре жөніндегі аңыздар болып табылады, - деп аңыздың бұл түрін Шоқан аса жоғары бағалаған. Ру тұрмысы осы аңыздарға негізделген... Бұл жөніндегі аңыздардың маңызды болатын себебін – олар бір халыққа жататын руларды және халықтың құрылуын анықтайды. Қазақтардың, өзбектердің және ноғайлардың шежірелеріне қарағанда олар Алтын орда мен Шағатай ордасы құлағаннан кейін, түріктер мен монғол тұқымдарынан құралған одақ екендігі байқалады».

         Ғалым өзінің «Жоңғар очерктерінде» халық аузындағы нақыл сөздерді зерттеудің этнография үшін орасан зор маңызы бар екенін, халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрпын айқынырақ жазған: «ескі нақыл сөздерге бай келу Солтүстік Азия мен Орта Азияның көшпелі халықтарының ерекше бір қасиеті болып табылады. Ондай нақыл сөздер: не ру ескерткіші ретінде, мәселен заң, ғұрып аңыздары ретінде қариялар аузында қаиеттеліп сақталып отырады, не халық жыры түрінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа белгілі жыршылар арқылы жеткізіліп отырады».

 Аңыздарда әр қырынан көрінетін, бүкіл түркі тектес халықтарға ортақ тарихи тұлғалардың бірі, ұлы бабамыз Қорқыт Ата туралы Шоқан Уәлиханов қысқа болғанымен мәнді, мағыналы мағлұматтар келтіреді. Әр халықтың жазба мәдениеті, ауыз әдебиетінің үлгілері жайлы баяндағанда Қорқыт Атаның да көптеген халықтарға танымал бейне екеніне тоқталады. «Жоңғар очерктерінде» Қорқытқа  байланысты ертегі, жырлар территориялық және тіл жағынан жақын халықтардың әдеби, мәдени бірлігін нығайтуға септігін тигізетінін айтады.

1855—1856 жылы қыста Шоқан өз қызметін атқарумен бірге Қазақстан мен Орта Азияның тарихы жөніндегі әр түрлі түпнұсқаларды зерттейді, қазақ хандары мен сұлтандарының тегі, генеологиясы туралы кесте жасайды. Ұлы жүз қазақтарынан жинаған мақал-мәтелдерін орыс тіліне аударады. Ұлы жүзді басқарудың жаңа құрылымының жобасын жасауға көп күш және уақыт жұмсайды.

Ш.Ш. Уәлиханов 1857 жылы 1 ақпанда, орыстың көрнекті ғалымдары   П.П. Семенов-Тянь Шанский және Е.И. Лабанскийдің бастамасымен Орыс география қоғамының толық мүшесі  болып сайланды.  Олар  жазған кепілдемеде былай делінген:  «...Ыстық көлдің шығыс жағалауына саяхат жасап, онда қырғыз даласы туралы бай  географиялық, этнографиялық    және тарихи материалдар жинаған поручик... Шоқан Уәлиханов императорлық Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайлануын жөн көрдік».

Шоқанның нағыз болмыс-бітімін оның өзі жазған еңбектері айқын танытады. Ғалымның туған жер тарихы, көне шежірелер, халық тағдыры, сахара көшпенділерінің өткен дәуірдегі мәдениеті туралы зерттеулерін, баға жеткісіз саяхатнамаларын оқып отырғанда сан-салалы білімді, кең танымға ие зерделі жанға кезігеріңіз хақ. Шоқанның «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» атты қолжазбалары, «Жоңғар очерктері», «Қашқар сапары жайлы» жазғандары жиырмадан жаңа ғана асқан жігіттің қаншама үлкен істер атқарғандығын жарқырата ашатын, аса бағалы еңбектер.

Шоқан этнограф ретінде халықтардың рухани және материалдық мәдениетін зерттеуге зор үлес қосты.

Шоқан Уалихановтың ғылыми шығармашылығы Орталық Азияда жасаған экспедицияларының барысында жинақталған бай тарихи – этнографиялық материалдардан тұрады. Оның мақалалары, очерктері, күнделік жазбалары көшпелілердің тұрмысын, олардың әдеп – ғұрыптары, аңыздары мен өлең – жырларын сипаттап мазмұндайды. Осы жұмыстардың негізгі тақырыптық бағыты этнография болды. Барлық экспедицияларда Шоқан Уалиханов барған елдерінің жергілікті халқын ден қойып зерттейді. Орта Азия мен Қазақстанның халықтарын зерттеу арқылы Шоқан Уалиханов сол кездегі тек тұрмыстық санадағы ғана емес, сондай-ақ ғылыми ортада орын алған түсініктерді жоққа шығаруға ұмтылды.

Шоқан әдеби мұрамыздың өткен жолын, келешек ұрпаққа берер тағылымын жоғары бағалады. Халық ауыз әдебиетін құнды мұра деп біліп, қазақтың аңыз -  әңгімелері мен  жырларының және күйлерінің түр тамырына, тарихи  кезеңдерге, оқиғаға байланысты құрылатынына зер салды. Фальклорлық материалдар оған  халықтың рухани байлығын зерттеп білуде зор жәрдемін тигізді.

Халқымыздың ғасырлар бойы арындай таза сақтап келген қымбат мұраларының   озық үлгілерін, фальклорымызды  әдейі бұрмалап теріс түсіндіруді мақсат еткен арам ниеттілерге батыл наразылық білдірген Шоқан өзі бас  болып, оның  шынайы мәнін түсіндіруге құлшына кірісті. Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде деген мақаласында Шоқан “жыр”, “жылау”, “қайым”, “қара өлең”, “өлең” сияқты халық поэзиясының барлық формаларына сипаттама береді. Барлық далалық жырлар  қобыздың сүйемелдеуінде  тақпақтап айтылады. Негізінен,  жыраулардың мазмұны бұрында  өткен халық батырларының өмірі мен  қаһармандық іс - әрекеттері болып келеді. “Едіге” жыры XIV ғасырдың соңындағы оқиғаларға қатысты,  бұл Шоқан Уалихановтың ойынша, қазір жоқ ескі сөздер мен сөз тіркестері құбылысымен  дәлелденеді, мұнда парсы немесе араб тілдерінен алынған бірде – бір сөз жоқ. Ш.Уалиханов Едіге батыр туралы  халық жыры, жыр кейіпкерлерінің  тарихилығы, өмір сүргендігі жайлы болжамын бекітеді деп жазады.

Шоқанның ғылыми мұрасы әлі де жеткілікті зерттелген жоқ. Бұл үшін Шоқан Уәлихановтың білімінің әр түрлі саласына — археологияға, нумизматикаға, лингвистикаға және т. б. салаларға қосқан үлесін анықтайтын арнаулы нақты зерттеулер қажет. Егер біз қазақ ғалымынын, отандық және дүниежүзілік шығыстану ғылымына қосқан үлесін қысқаша топтап айтуға тырысатын болсақ, онда бұл баға мен қорытындының толық және түпкілікті екеніне емеурін артпай-ақ, мыналарды айтуға болады:  Ол Жетісу, Қырғызстан, Шығыс Түркістан сияқты ол кезде ғылымға мәлім емес елдер мен жерлерде болып, тарих, этнография, география, әдебиет, Орталық Азиянын бұл аудандарының саяси жағдайы бойынша бірегей әрі жан-жақты материал жинаған тұңғыш европалық ғалым болды. Ол жинап әкелген материалдар орыстың және дүние жүзінің ғылымында Орталық және Орта Азияның, Қазақстанның картасындағы «ақ таңдақтың» келемін азайтуға мүмкіндік берді.

Шын мәнінде Шоқан Уәлиханов алғашқылардың бірі болып ғылыми айналымға тарихи түпнұсқалардың ғалымдарға бұрын беймәлім қабатын — қазақ және қырғыз эпостарын, аңыз-ертегілерін еңгізді, оларды жинап, зерттеуге ол өз өмірінің, едәуір бөлігін арнады.

Сондай-ақ шығысты зерттеуші қазақ ғалымы Азияның түрік халықтары — қазақтар, қырғыздар, ұйғырлар және басқа халықтар тарихының этногенез,   әлеуметтік құрылым, саяси жағдайы, шетелдік басқыншыларға қарсы ұлт-азаттық   қозғалысы   сияқты   бірсыпыра түйінді мәселелерін, Орта Азия, Шығыс Түркістан және Қазақстан халықтарының өміріндегі ислам дінінің рөлі туралы мәселені бірінші болып зерттеді.   Шоқан Уәлиханов бұл мәселелерді  көтеріп    қана    қойған жоқ,   сонымен   бірге жалпы алғанда тарих ғылымының сол кездегі даму дәрежесінің, атап айтқанда,   Азияның бұл өңіріндегі түрік халықтары туралы білімнің біршама төмендігіне, зерттеу тәсілдерінің жетілмегендігіне қарамастан, ол көптеген ғылыми мәселелер бойынша дұрыс баға бере алды.

Шоқан Уәлиханов   қазақ   халқының санасы оянып, оның маңдайалды орыс және европалық мәдениетке иек артуына зор қызмет істеді. Баспасөз бетіндегі жарқын да жалынды мақалаларында және өзінің, омбылық және петербургтық достары мен таныстарының ортасындағы сөздерінде ол демократиялық   бағытта   маңдайалды   орыс жұртшылығының, ынта-ықыласын қазақ халқының мұң-мұқтажына аударуға, орыс және қазақ халықтарының достығын нығайтуға тырысты.

Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасы мол әрі әр алуан. Оның жеке еңбектері көзі тірісінің өзінде-ақ орыс және бірсыпыра европа тілдерінде басылып шықты. Ғалым өлгеннен кейін оның достары П. П. Семенов-Тянь-Шанский  мен К. К. Гутковскийдің бастамасы бойынша Орыс география қоғамының  ғылыми советі Ш. Ш. Уәлихановтың еңбектерін жинап, әзірлеп басып шығару туралы шешім кабылдады.  «Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі және оның ғылыми мұралары» тақырыбы арқылы оқушыларға жеке адамды қалыптастыруға, рухани, адамгершілік, туған еліне деген сүйіспеншілік, халық дәстүрін қастерлеуге, шыншылдыққа, еңбекке, адамзаттық құндылықтарды түсіндіруге тәрбиелік мәнінің маңызы зор. Шоқанды зерттеу әдісі- шығармашылықпен жұмыс істеу тәсілі білімді толық үйретіп меңгертуді мақсат етеді. Шоқанның өмірі тарихпен тікелей байланыста «Жарқ ете қалған бір бейне» болған ғалымның қысқа өмірінен жас  ұрпақтың үйренетіні  мол. Шоқан қазақ халқының рухани мұраларын зерттеген, мол  жырлар, сан аңыз-әңгімелер тудырған халқымыздың ақынгер талантты, қазақ поэзиясының аса сұлулығы мен  суреткерлігі, аңыз-жырдың тарихқа қатысты, эпикалық өнердің бітім - болмысы жайында алғаш рет кесек ойлар айтқан аса көрнекті ғалым. Дүниежүзі мәдениеті ордаларының бірінен саналатын Петербургты дүр сілкіндіріп,  «Ғажап ғалым», «Жас данышпан» атанған Шоқанға берілген бағалар биік, өте асқақ еді. Ұлы ғалымның рухани жан дүниесіне терең бойлаған сайын оның жаны сұлу жарқын бейнесі бұрынғыдан да биіктей түсті,  асқақтай түсінетіндігін  жас ұрпаққа түсіндіру парызымыз. Егемен Қазақстан Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын зерттеу салиқалы ғылыми еңбектері арқылы өзінің шырқау биігіне көтеріліп отыр.  Әлемдік ғылым сол кезден-ақ түлеп келе жатқан жарқын талант жас дана деп танып, Орта Азия мен Шығыс Түркістанның ғажайып зерттеушісі ретінде мүлтіксіз мойындаған болатын. Шоқан Уәлихановтың мұрасы – тарихтың қымбат асыл қазынасы. Ұлы Шоқанды қай қырынан да жан-жақты терең зерттей түсу - бүгінгі және кейінгі ұрпақтың ең  қасиетті  міндеттерінің бірі болып қала береді.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
4 жауап
0 дауыс
4 жауап
...