Бір қаладан екінші қалаға көшіп келген адам бір қарияға келіп:
-Мен басқа қаладан келдім. Бұл қаланың тұрғындары қандай адамдар?"-деп сұрапты. Сонда қария оған:
-Ал сен келген қаланың тұрғындары қандай еді?- деген сұрақ қояды. Әлгі адам:
-Ой, ол жақтың адамдары жамаааан: өтірікші, екіжүзді, сатқын, көре алмайтын адамдар. Кетіп қалғаныма қуанып отырмын! — десе, қария:
-Түсінікті, бекер қуанасың, балам. Бұл қаланың тұрғындары да сен айтқандай өтірікшілер мен екіжүзді, көре алмайтын адамдар,- депті. Содан қарияның қасына басқа бір адам келіп тағы да сол сұрақты қояды:
-Мына қаланың тұрғындары қандай адамдар?
-Сен келген қаланың адамдары қандай еді?
-Ол қаланың адамдары мейірімді, қайырымды, жақсылығын аямайтын адамдар еді.
-Түсінікті. Онда уайымдама, балам. бұл қаланың адамдары да сондай мейірімді, жақсы адамдар!..
Қарияның сөзін тыңдап тұрған үшінші адам келіп:
-Сіз неге бір сұраққа екі түрлі жауап бердіңіз? Мұныңыз барып тұрған екіжүзділік емес пе?! — десе, қария:
-Жоқ, бұл екіжүзділік емес. Әр адамның өзінің ішкі әлемі болады. Және адам қайда жүрсе де сол ішкі әлеміне ұқсас жандарды кездестіретін болады, себебі жақсы да, жаман да барлық жерде бар. Адамның бойынан қандай қасиет көргің келеді, соны көруге болады. ең бастысы өз әлемің таза, өз әлемің әдемі болсын, балам! — депті…
P.S Сөз соңында 2 сәуірде көрсетілетін "Потому что Шымкентский" атты комедияның трейлерін көруді ұсынамын. Комедия Шымкенттіктер туралы (Шымкент қаласы туралы емес) стереотиптерді қозғап қана қоймай, терең мағына қалдырар деген сенімдемін.