Жалпы Шымкентке көзқарасыңыз қалай?

+1 дауыс
3.6k қаралым
Шымкенте көзқарасыңыз қалай, Не ойлайсыз? Шымкент десе
• Санаты: Жалпы сұрақ | 3.6k қаралым
Сұрақ жанжал тудыратын болса жасырылатынын ескертемін.
Олай болмауы керек
Эн Эмор ондай болмайтын сияқты бірақ сұрақты жасыруға болмайды біздер жауап бердік қой егер жасырсаң СЖ сайтына зиян келеді өзің білесің ғой.
Бұл жай ескерту.. осы мағыналас сұрақтың 2-3еуі болған, арты даумен аяқталып еді.

35 жауап

0 дауыс
Шымкенке көзқарсым жақсы.Ол жақ қазақ ұлтық салт дәстүрін сақтайтын жер.(шын айтам)
0 дауыс
Щ , X, 13, opel vectra 92                                                                                                         .
Ол не Щ Х Опел вектра 92 деген ?
щ деп боқтауын айтып тұрған шығар
"Опел вектра" деп опел вектраны айтып тұрған шығар.
13 Х машинаның номерлері
+2 дауыс
Ол жақ ежелден,ата-бабаларымыз алғаш мекен еткен жер.Сондықтан Шымкент қаласына көзқарасым жақсы.Қазақтың ешқандай қаласын бөліп-жарығым келмейді.
+3 дауыс
Қарапайым адамдар ғой. Статистика бойынша ажырасу аз болатын облыс Оңтүстiк өңiрi екен.
+2 дауыс
менің де көңілім жақсы. Өзім Оңтүстіктің балаларымен көп араластым студент кезде. Іші бауырыңа еніп тұрады ғой. Ай , ай бірақ бір Шымкенттің қызы және Оңтүстіктің бір жігітінің тақырға отырғызып алдап кеткені бар. Жалпы сол жаққа, Түркістан жаққа барып көргім келеді. Админіміз де Оңтүстіктікі ғой , көзқарасым жақсы сондықтан )))
+5 дауыс
Мен өзім Шымкент жақтан болғаннан кейін қазыір сағыгып жүрмін. Себебі Астанада оқып жүрмін Астанаға қарағанда Шымкентің жәннәт болып келеді, шын айтам. Өйткені шымкентте такси, жол жүру билеті, тағамдар өте арзан. Сол үшін барлық жағынан алғанда Шымкент қолайлы және шырайлы.
+3 дауыс
Өте жақсы. Өзім Шымкенттен (ОҚО) болғандықтан мен үшін киелі мекен. Барлық жағынан алсақ Шымкент Қазақстанда номер бірінші болуға лайықты.
Қазақстандағы номері бірінші қала - Алматы деп ойлаймын.
таласпандар казакбайлар
+2 дауыс
Жалпы жақсы қараймын. Тек "Жайдарман", "Нысана" секілді программаларда ойыншылардың "Шымкент, Шымкент" деп жыртылып мақтанғанын жақтырмаймын. Шымкентте талай болғанмын, Қызылордадан айырмашылығы шамалы. Тек біраз қазақтар өзбектеніп кеткен.
Алып қосарым жоқ, қос қолдап қолдаймын!
+100500
Сенің қызыл ордаң да қала ма.Мен барып көргем аудан орталығы ма деп қалдым,есімде қалғаны жел, лай, шаң,  сексеуіл, сайгак еті, күніге күріш. Анаша тартады екен бәрі қыздарына дейін.Беттері қап-қара желге капченный болып кеуіп кеткен.Экологиясы өте нашар,суы тұзды ішу мүмкін емес. Сырдың суы лай екен ,шомылсаң лай болып шығасың.
+4 дауыс
Шымкентке көзқарасым жақсы, ол жақтың табиғаты әдемі дейді...ол жаққа барып көргім келеді. Бірақ көп қазақтары расыменде өзбектеніп кеткен секілді. Салтты қатты ұстанады. Бірақ ол жақта танымайтын қыздарды көшеде алып қашады деп естідім...сол рас па екен...)))

Ол жақтың адамдары сызылып, сыпайы сөйлейді. Мен батыстан болғандықтан, ондайға үйренбегенмін, біз жақта "дөрекі" сөйлейміз, сосын да маған қызық ол жақтың сөйлеу мәдениеті.

Жалпы Шымкент жақсы жер деп ойлаймын, көп әншілер, өнер адамдары сол жақтан шыққан.
+2 дауыс
Мен шымкентте тұрамын бірақ Шымкенттың халқы Жақсы жағы да бар жаман жағы да бар екен . Жақсы жангы той қонақ күту т,б жағдайларды қатырады.Ал жаман жағы көре алмау шылық өте көп дәрігерлері,тб өте мейірімсіз. Бәріне топырақ шашпаймын бірақ бұл шындық. Құлық та көп екен.
Ондай Солтүстікте де бар!
+5 дауыс

Алдын ала айта кетейін... Біреулерге пікірім ұнамай жатса , кешіріңіздер.  Шындықты айтқанның айыбы жоқ деп ойлаймын. Бұл менің тек қана өз ойым.  

Менталитеті басқа болғанға ма, ұнамайды. Көпшілігі салт-дәстүр дегенге өте қатты мән береді. Таңертең ерте тұрып, , ата-енесіне сәлем беру,  қыз алып қашу , жігіттерді бір саты жоғары деп санау  т.б. мен  үшін жат нәрсе. Тағы бір байқағаным... Егер өздеріне ұнамайтын нәрсе болса , көп сынайды екен. Шымкенттіктермен сөйлескенде диалект,  дөрекі сөздерді көп еститін  сияқтымын.  Кейбірі өзбектеніп кеткен сияқты болып көрінеді. Егер Ербол, Айгерім, Диана  т.б сж-ның қолданушыларымен таныспасам, көзқарасым мүлдем жаман болар еді. Тек осы біраз адамдардың арқасында Шымкенттің адамдарының барлығы бірдей жаман емес екеніне көзім жетті. 

Қайдағы..
Сарыағашқа келін болады.
Сарыағашта Қазақстан деген ауыл бар екен соны айтып отыр Қақа.
Meddi, құдай сақтасын.
Сақтансаң сақтайды.
Сонда да  .... :)
Неменеге екі рет жауап беріп отырсыз? Балл жинау үшін жауап
+6 дауыс
бақытжанжан мұғалім (1,859 балл) онда неге жүрсің шынымен жәннәт болса сол жәннәттан шықпайтын едіңғой. түсінбейм осы шымкенттіктерді шым қалаға ешқандай қала жетпейді деп зарлайды МЕН Алматынікімін мен үшін Алматыға еш қала жетпейді сондықтан Алматыдамын ешқайда кетпеймінда шынымен шымкеттерің жақсы болса жарты халқы жан жақта тентіреп жүрмес едіғой. мақтаншақсыңдар әншінің бәрі біздікі деген сияқты сондықтан ұнамайды сыйламаймын. сондықтан шымкентті кіші әріппен жазып тұрмын. Ренжімеңдер шымкенттіктер бәрің емессіңдер бірақ көбі сондай тв да шымкент шымкент деп ұрандап жатады айтуір руга бөлініп жүргенімізде жетедіғой. біз мойындаймыз мықты мықты өнер адамдары көп шыққан жер  бірақ соны айтып мақтана берудің керегі қанша, Батыс жақ мұнай бізден шығады біздің арқамызда күн көріп жатсыңдар деп ұрандап мақтанып жатқан жоққой
Дәл айттың, жарадың ;-)
Мен, Шымкентті ғана мойындаймын,өйткені Шымкенттіктер өзге ұлттарды өзінен жоғары асырмайды,таптап тастайды.Астананың,Алматынының намысын қорғап тұрғандар Шымкенттіктер.Мен осы Алматы облысына барсам,тура бір ұйқыбастар еліне барғандай боламын,бәрі аңқиып,ұйықтап жүреді, түріктер, ұйғырлар бастарыңа шығып алған,сол үшін жақтырмаймыз,тілдерің де қытайшалап сөйлейтін секілді,оны бәрі айтады,ренжімеңдер артық айтсам.Өзге ұлттардың алдында сүмелек болып тұратындарды кім жақтырады.
Өз пікірін айта алатын адамдарды сылаймын, дей тұрғанмен "...зарлайды", "шымкеттерің жақсы болса жарты халқы жан жақта тентіреп жүрмес едіғой" деген сөздерінің артық!
Фариза жан,саған түсіндіріп жіберейін: Қазақстанға келіп жатқан өзбекстандық оралмадар,қарақалпақтар,қызылордалықтар,тіпті тараздықтар да қайда жүрсе де Шымкенттенбіз деп жүреді.Міне саған әңгіме қайда жатыр,солар ғой барлық жерде шашырап жүргендер,сонда қалай болып кетті,Олардың бәрі өздерін Шымкенттікпіз деп санаса,нағыз Шымкенттіктер қайда сонда? Қызық екен бәрі Шымкенттен болып кетіпті.Ал біз Шымкенттіктер ойланып қалдық,сонда олар Шымкенттіктер болып саналса,біз марстан келген боп тұрмыз ба?
Сол Алматыңды, бүкіл Қазақстанның барлық облыстарынан барып жиналған қазақтар салды.Ол қалада Шымкенттің де,Тараздың да,Ақтаудың да,Оралдың да,Өскеменнің де,Қарағанды тағы басқа қалалардан көптеген ақшалай қаражаттар материалдар бөлінген Алматыны астана ету үшін.Сондықтан алматылық сен мақтана берме.Қазақстанда тұратын барлық қазақ азаматтардың 100 пайыз құқығы бар алматыда тұруға.  86 жылы да орталық алаңда бүкіл қазақстанның намысты студент жастары шыққан,Алматының тұрғындары емес .Алматыны қызғанушы болма,Алматы бәрімізге ортақ қала,бәріміздің еңбегіміз сіңген.Қазір де ең мықты ірі фирмаларды жүргізіп жатқандар "магнат" атанған Шымкенттіктер.
Фак-Ю                                                                                          .
Фак-Ю -ң не сенің "сасқан үйрек артымен сүңгиді" деген. Бексұлтанның пікірі өте дұрыс,өйткені ол дұрыс пікір!
+4 дауыс
image

ҚАЛАЙ ҚАРАСАҢ ДА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚИСАЙТПАЙ ҰСТАП ТҰРҒАН ШЫМКЕНТ ОБЛЫСЫ.

ШЫНЫМЕН АЙТАМ,СЕНБЕСЕҢ  КАРТАҒА ЖӨНДЕП ҚАРА,ҚАЗАҚСТАНДЫ ШАЙҚАЛТПАЙ,ТУРА ОРТАСЫНАН КӨТЕРІП,ТЕПЕ-ТЕҢДІКТІ САҚТАП, ҰСТАП ТҰР ҒОЙ,ҚҰЛАТПАЙ,МЫҚТЫ ТҰҒЫР БОЛЫП.
+3 дауыс

Шымкент қаласына өте жоғарғы баға берем,көз қарасым жақсы.ШЫРАЙЛЫ ШЫМКЕНТ БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МАҚТАНЫШЫ ДЕП БІЛЕМІЗ! Шымкент қаласының фото суреттері.

 

 

0 дауыс
Шымкентке барып көрмедім. Сіздерден естігеніме қарағанда жақсы сияқты. Келешекте Шымкентке барамын деген өзіме ниет етіп қойдым.
+2 дауыс
Мен де Шымкенттенмін. Неге Шымкент десе бәрі жамандап кетеді? Түсінбеймін, Шымкент те Қазақстанның ірі қалаларының бірі, сондықтан бөлініп, жамандаудың қажеті жоқ деп ойлаймын...
+1 дауыс
Шымкент дегенде ең алдымен адам санының көптігі жөнінен бірінші орында тұрғаны жақсы. Шымкентке барғанда екінші кезекте ыстық екені, сосын өте үлкен мешіт салынғанын білемін. Жалпы Шымкент жақсы қала. Тек біраз тәртіп керек.
Шымкентті ыстық десеңдер өте терең қателесесіңдер.Шілде  айында  ең ыстық қала ол Қызылорда күйіп кетесің,Ақтау,Атырау,Түркістан,Астана,Қарағанды,бұл қалаларда болғам,ыстық маса,ұйытау мүмкін болмады ыстықтығы соншалықты.     Ал жазда Оңтүстіктегі Алматы,Тараз,Шымкент қалалары керісінше қоңыр салқын,жаңбырлы болып келеді,жап жасыл.көк-орай салқын орманды болатыны сондықтан,өйткені осы үш қала да,ақ қарлы Алатаудың бөктеріне жақын орналасқан. Шілдеде Шымкенттің кей аудандарында шыбын да болмайды,түнде суық болып тұрады,осыны ескеріңдер.
+2 дауыс

Шымкент. жаңа тұрғын үйле

Шымкент.Абай Сая бағы  (Алматы қаласында жүргендей сезінесің)

Шымкент. Ордабасы алаңы осы жерде.

Шымкент.Мұз сарайы.

Шымкент қаласы міндетті түрде мегополис болады,ол шешіліп қоған мәселе.

0 дауыс
10 жылдан соң Шымкент Алматыдан да үлкен болады,қаланың жаңа,болашақ архитектуралық жобасын көрдім.Ол жобада Шымкентте европалық үлгіде жаңа ғимараттар салынғалы жатыр.Ауа райы да,табиғаты да өте сәйкес келеді.Астана да жақсы супер қала,бірақ ауа райы қолайсыз суық Сибирь ғой,келешегі онша емес.
+1 дауыс

Мынау қай жер,кім табар екен ,3 сурет

Баян Сұлу, Қонеев, Байтұрсынов жақтар ғой.
+1 дауыс
Ең әдемі қала,ол Шымкент ! Келешегі бар,20 Жылдан соң Шымкент ең үлкен қала болады,Халық көп жерде қарқынды даму бар.Қазақтың саны Шымкентте қатты артып жатыр.
+2 дауыс
Ең жайлы қала Атырау болып танылыпты ғо.
+3 дауыс
17 миллон қазақ!!.. Не қылған халықпыз?!!. Жүзге бөліндік, руға бөліндік; салт-дәстүр деп бөліндік. Не қалды?!...Енді облыс, аудан,ауыл, көршілер деп бөлінейік. Ауыл қазағы, қала қазағы, мамбет қазақ тағы нелер қалды,надан қазақ, шала қазақ!!!.."Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дейді, өшер елдің баласы  бірін-бірі қатын" дейді. Бір тал шыбық тез сынама, 5-6 шыбық тез сынама, ертекті де түсінбедік. "Бірлік бар жерде,тірлік бар!".."Бір жеңнен қол, бір жағадан қол шығару"...Әлде  "Алатаудың басынан көш келеді,көшкен сайын бір тайлақ бос келедіні" күтудеміз бе?!...
+1 дауыс
Мен Шым қала жақтанмын.Өзіме ұнайды.Нағыз қазақи дәстүрлерді сақтаған жер.Халқы қонақжай,көпшіл.Қысы жылы,көктемі мен жазы жадырап тұрады.Ал,күзі нағыз табиғатттттттттттт
+1 дауыс
Karga oz balasin appagim deidi go, sol siakti ar adamga oz kalasi istik. Barlik kalada bolad ozimizge unamaitin adamdar birak solar uwin kopke topirak wawudin kajeti jokko. Sosin Wimkenttikterdi sirttai kobisi jaktirmaidi, sebebi Wimkenttiktermen betpe bet kezdespegender olar, jai awein arkimnin jamandagan sozine erip aaa Wimkenttikter sondai dep oilap juretinder dep oilaim. Mumkin maktanganim bolar, Wimkenttikter enbekkor go, sebebi kaida barsan da bizdikiler istep jatr ( misali bazarga barsan kim wimkent, kuriliska barsan kim tagi da wimkent, taxige minsin de,  avtobuspen jursen de, kafege barsan da, munaiga barsan da, tipti keibir akim deputattar da Wimkalaliktar) , al olar oni kore almaid. Al kore almauwilik jek koruge alip baratin jol... Kurmetti bauirlarim bolinbenderwi, otiniw senderden... Sosin dialekt degen narse bar, ar jerdin oz koldanisindagi sozderi bolad, dialekt degen kazakh sozinin bailigi dep bilem. ar kalanin salti baska itteri kara kaska, sondiktan bolmaitin narsege bola bolinbender, ok! Men ozim Wiraili Wimkaladanmin, ia ia Wimkent, olaaa wutka go) potomu 4to ya Wimkentskii
0 дауыс
Жалпы мен оңтүстікте туып, оңтүстікте өстім. Бірақ мен ауылды жерде өскеннен кейін ба өз тілімді бұзылмаған, өзбектенбеген деп ойлаймын. Рас кейбір диалект сөздеріміз өзбектермен ұқсас шығар. Өйткені, бізде кеңес дәуірінде өзбекстанмен шекара болмаған соң еркін араласқанбыз, сондада да бізде кейбір диалект сөздер ғана болмаса Қазақ тілі жоғарғы деңгейде сақталған. Ақсу ауылындағы өзбектердің тілдері өзбекстандағы өзбектерден қарағанда қазақ тіліне жақын, жалпы маған тілдері көрші елдің тілінен қарағанда түсінікті. Жаңалықтардан Алматы облысының халқын көрсеткенде олардың тілдері қырғыздарға тартқанын байқайсың. Ш-ның орнына Ч-ны пайдаланады. Бірақ, барлығы емес. Солтүстікте оңып тұрған жоқ тең жартысынан көп қазақтар орыстанып кеткен бұл тілдің өзбек, қырғыз халқына ұқсап кеткеннен әлде қайда жаман.  "Тырнақ астынан кір іздеген" жақсы әдет емес. Жалпы Қазақ, Қырғыз, Өзбек халықтары туыс халық орналасқан жерлеріне байланысты тілдері бір біріне ұқсауы заңды құбылыс деп ойлаймын.
+1 дауыс
Кез келген қаланың жақсы және жаман жақтары баршылық, мейлі ол Шымкент болсын, Астана не Алматы болсын. Оның жақсы жағын көре білу не жаман жағын жіпке тізу адамның адамдығының көрінісі...
+1 дауыс
Шымкент туралы жақсы пікірлер қуантып тастады. Шынында да əдемі қала болып келе жатыр. Өзіме Шымкент қатты ұнайды. Қазіргі таңда Алматыда оқып жатсам да Шымкентті аңсаймын. Мейлі Алматылықтар Шымкентті менсінбесе де.
0 дауыс

Алматыға барсам адамдары біртүрлі ғой,алға қарай ұтылыс жоқ,ана тілдерін дұрыстап сөйлей алмайды,орыстанып,оларға бәрібір сияқты,ауыздары ашылып,қолдарындағы заттарына еге бола алмайды.Қолдарынан түк келмейді.Алматыдағы ең мықты құрылыстарды басқарып,жүргізіп жатқандар,төбелерінен бақылап отырғандардың көпшілігі шымкент жігіттері.Міне есесіне алматы керемет қалаға айналуда.

 

Астана,Алматы қалаларында бұрыннан тұрып келе жатқандардың жартысынан көбі Шымкенттіктер ғой.Шымкенттіктер сол қалалрды үлкейтіп,бизнестерін дамытып,жақсартып еңбектері сіңіп жатқандар сол Шыменттіктер.Сондықтан жақсы беделді болсаң бәрі көре алмайды,бірақ өздері түк істемей жүре береді,ал ол жағын өздері жақсы біле тұра мойындағысы келмейді,.

Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.

Ояныңдар қазақтар!
0 дауыс
Бір қаладан екінші қалаға көшіп келген адам бір қарияға келіп:
-Мен басқа қаладан келдім. Бұл қаланың тұрғындары қандай адамдар?"-деп сұрапты. Сонда қария оған:
-Ал сен келген қаланың тұрғындары қандай еді?- деген сұрақ қояды. Әлгі адам:
-Ой, ол жақтың адамдары жамаааан: өтірікші, екіжүзді, сатқын, көре алмайтын адамдар. Кетіп қалғаныма қуанып отырмын! — десе, қария:
-Түсінікті, бекер қуанасың, балам. Бұл қаланың тұрғындары да сен айтқандай өтірікшілер мен екіжүзді, көре алмайтын адамдар,- депті. Содан қарияның қасына басқа бір адам келіп тағы да сол сұрақты қояды:
-Мына қаланың тұрғындары қандай адамдар?
-Сен келген қаланың адамдары қандай еді?
-Ол қаланың адамдары мейірімді, қайырымды, жақсылығын аямайтын адамдар еді.
-Түсінікті. Онда уайымдама, балам. бұл қаланың адамдары да сондай мейірімді, жақсы адамдар!..

Қарияның сөзін тыңдап тұрған үшінші адам келіп:
-Сіз неге бір сұраққа екі түрлі жауап бердіңіз? Мұныңыз барып тұрған екіжүзділік емес пе?! — десе, қария:
-Жоқ, бұл екіжүзділік емес. Әр адамның өзінің ішкі әлемі болады. Және адам қайда жүрсе де сол ішкі әлеміне ұқсас жандарды кездестіретін болады, себебі жақсы да, жаман да барлық жерде бар. Адамның бойынан қандай қасиет көргің келеді, соны көруге болады. ең бастысы өз әлемің таза, өз әлемің әдемі болсын, балам! — депті…

 

P.S Сөз соңында 2 сәуірде көрсетілетін "Потому что Шымкентский" атты комедияның трейлерін көруді ұсынамын. Комедия Шымкенттіктер туралы (Шымкент қаласы туралы емес) стереотиптерді қозғап қана қоймай, терең мағына қалдырар деген сенімдемін.

0 дауыс

Шырайлы Шымкент дегенде, жанымыз жадырап қуанышқа бөленіп қаламыз.Бәрінен де мәдениетін айтыңдаршы.Тазалық жағынан СНГ бойынша 1-ші орында тұр.Әр қаланың жақсы екенін білгің келсе,бірінші Қонақ үйлеріне қарай сал,егер онда туристерге,қонақтарға толы болып,тіршілік қайнап жатса, ол қала нағыз керемет қала.Егер қонақ үйлері қаңырап бос тұрса,онда ол қала өте нашар деген сөз.Сосын Европалықтар,Ағылшындар келіп,қай қала туралы қазақша ән айтса,онда ол қала ең супер қала !!! оның несін сұрайсыңдар???

Мен Шымкентте тұрамын. Бірақ Шымкент ТМД елдері бойынша ең таза емес, керісінше, ең лас қалалардың қатарындамыз.
Шымкентті лас дейсің, сол лас болса да ТМД да ең таза қала деген номинация берген.Газет оқу керек! Сонда басқа қалалар мүлдем лас болып тұр ғой.

Негізі Шымкентте қорғазын заводтары тоқтағалы бері таза қала атанды,мәселе ауасында балып тұр,алматыда түтін жұтасың ғой,ақ көйлек кисең кешке дейін қара көйлек болад,сол жағынан.
0 дауыс
Шымкент керемет мегаполис !
0 дауыс
Шымкент нағыз қазақтың қаймағы бұзылмаған қала.
–1 дауыс
Шымкент өте жақсы қала.В Чимкенте отдуши люди живут.
0 дауыс
Шымкентке ма?  Шымкентке бүкіл қазақтың көз қарасы, сөздің ашығы былай:

-------------------------------------------------------------------------------------------------

Шымкент ол үш жүздің басын біріктірген Ордабасы.

Шымкент ол қазақтың рухани астанасы киелі Түркістан.

Шымкент ол Түркілердің бас қосқан жері Түркібасы (Түлкібас)

Шымкент ол Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтаған киелі тау Қазығұрт.

Шымкент ол Алатау мен Қаратау ұштасқан тарихи өлке.

Шымкент ол ең алғашқы ғылым-білімнің, өнердің ордасы Отырар, Сауран, Исфинджаб.

Шымкент ол әлемге аты шыққан керемет,қазақтың мақтанышы, күн сәулелі қала Техас!.

Ұқсас сұрақтар

+4 дауыс
3 жауап
127,938 сұрақ
322,808 жауап
153,161 пікір
72,926 қолданушы