Құрметті «Сұрақ - жауап» сайтының әкімшілігі!
Сіздердің сайттарыңыз арқылы көптеген сұрақтарға жауаптар алып жатырмыз. Көп рахмет!Енді сіздерден сұрарым: менің айлығым қанша болу керек, соны есептеп берсеңіздер екен. Шілде айында 30 % көбейгені бар, санатқа (категорияға) да қосылғаны бар. Керекті мәліметтер мыналар:
1) Еңбек стажым – 20 жыл
2) Жоғары білімім бар
3) Информатика пәнінен санатым – бірінші
4) Сағат жүктемем – барлығы 16 сағат. Оның ішінде Информатика пәні бойынша сағат жүктемем – 13 сағат (оған бірінші санатпен төленеді), қосымша «Қаржылық сауаттылық» пәнінен 3 сағатым бар (ол жалпы санатпен төленеді).
5) Ауылды жерде тұрамын.
6) Экологияға да төленеді.
Алдын ала рахмет!