0 дауыс
3.1k көрілді
Тіл туралы мақал-мәтелдер керек?

3 жауап

+1 дауыс
1. Ана тілің алпыс тілге татиды.

2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.  

3. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.

4. Тіл - достықтың алтын көпірі.

5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.

6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.

7. Тілі өлген ел - тірі өлген ел.

8. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.

9. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.

10. Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.

11. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын.

12. Тіл ақылдың - өлшемі.

13. Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде.

14. Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.

15. Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар.

16. Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.

17. Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.

18. Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

19. Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.

20. Ми ойлағанды тіл тындырады.

21.Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар.
0 дауыс
Ана тілің алпыс тілге татиды.

Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.

Тіл - достықтың алтын көпірі.

Тілі өлген елі - тірі өлген ел.

Тіл ақылдың - өлшемі.

Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.

Ми ойлағанды тіл тындырады.

Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.

Өз тілің-бірлік үшін, өзге тілің - тіршілік үшін.
0 дауыс
1. Тіл - тас жарады, тас жармаса бас жарады. 2. Он күнәнің тоғызы тілден. 3. Ең ащы да - тіл, ең тәтті де - тіл. 4. Өнер алды - қызыл тіл. 5. Тіл - қылыштан өткір. 6. Ауырды піл көтереді, піл көтермесе тіл көтереді. 7. Ана тілің - арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте. 8. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ. 9. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл.
...