Түс көру. Түс жору. Қандай түс көрдіңіз?

+1 дауыс
680k қаралым

Түс көру. Түс жору. Қандай түс көрдіңіз?

А

Аға, бауыр, әпке, қарындас: көру – отбасылық бақыт; алыстау – бақытты оқиға; ұрысу – өкінішке ұрыну.

Ағайындар: ағайындарыңыздың сау әрі күш-қуатқа толы екенін көрсеңіз, демек өзіңіздің не олардың тағдырындағы өзгеріске қуанасыз; ағайындарыңыз кедей халде болып, көмек сұраса, жақын күндері жағымсыз оқиға орын алады.

Ағаш: гүлдеген ағаш – үлкен бақыт; өртенген ағаш – шығынға ұшырау; жемісті ағаш – жақсы жолдаспен кездесу; ағашқа шығу – әр нәрседе бақытқа кенелу.

Ай – құпия билік, тыныштық пен күптеген оқиғалардың белгісі.

Айна – арам, жалған достар.

Акула – дұшпан.

Ақтау – мерекелік іс-шараға қатысу.

Ақша: ақшалы болу – үлкен шығын; жалған ақша – мұрагерліктен айырылу; көп ақша көру – күтпеген жерден байлыққа кенелу; көп ақша санау – табыс табу; қарызға беру – үрей мен машақат.

Алма – даналық пен марапат белгісі.

Алмаз – байлық пен отбасындағы береке.

Алмұрт: жеу – құрметсіздік; ағашта өскен алмұрт – бақытты неке; алмұрт ағашын сілку – құрмет.

Альбом – қуаныш пен шаттық

Апельсин – денсалуғыңыздың тез қалпына келіп, сырқаттан айығу.

Аспан әлемі – болашаққа құрған жоспарларыңыздың орындалуы.

Ата не әже: оларға жолығып, сөйлесу еңсеруге қиын түсетін қиындыққа ұшырайтыныңызды білдіреді.

Аяқ киім – саяхат; таза, әдемі аяқ киім – сәтті сапар; жыртық аяқ киім – дерт пен кедейлік.

Ә

Әйел адам – қастықтың белгісі.

Әртіс – екіжүзді дос, өтірікші серіктес.

Әскер – қоғамдық маңызы бар оқиға.

Б

Базар: базарда жүрсеңіз, өзіңізді жетілдіруді жалғастыруыңыз қажет; базарда саудамен айналысу – өзіңізді саудаға арнау.

Байлық – өз ісіңізге жауапкершілікпен қарап, тыңғылықты орындау арқылы қызмет мансабыңыздың өсуі.

Балалар – қуаныш пен кіріс.

Балапан – отбасындағы қуаныш.

Банан – көңіліңізге ұнамсыз адаммен қарым-қатынас.

Бас киім: қымбат әрі бай тігілген бас киім – танымал, табысты болатыныңыздың белгісі; ескі, киілген бас киім меншігіңізді өзгенің иемденетінін аңдатады.

Бит – байлық.

Бұқа, өгіз: түсіңізде бұқа көрсеңіз, абай болыңыз; оны сою – шыдамдылықты тану; өлтіру – қауіптен құтылу.

Бұлт – ісіңіздегі қиындық.

Бұршақ – табыс, сәттілік, мол өнім.

Г

Гаухар тас – жалған достық, опасыздық, екіжүзділік.

Гүл: әдемі гүлдер – өмірдегі қуаныш пен шаттық; түсіңізде гүл алсаңыз, сізді әлдкем жақсы көреді; солған гүл – дерт.

Ғ

Ғашықтар: ғашық болу – бақытты шақ; ғашықтарды көру – қызғаныш.

Д

Дауыс: дауыс естісеңіз, үмітіңізді үзбеңіз.

Дән – ісіңіздегі сәттілік, мол өнім, тұрмыстағы табыс.

Е

Егіздер: егіздерді көру – ұрпақты болу; егіз балалы болу – отбасылық қуаныш.

Елтаңба – құрмет пен марапат.

Есік: есіктен кірсеңіз, сізді көре алмайтын, арам ойлы адамдардан арылуға деген талпынысыңызды білдіреді.

Ет: ет жеу – сырқаттану; сатып алу – пайда; еттен тамақ дайындау – береке; ет көру – жайсыздық.

Ж

Жаңбыр – ісіңіздің табысты болуы, сәтті әрі қомақты табыс.

Жәшік: толы жәшік – жетістік пен кіріс; бос жәшік – сәтсіздік.

Жол – уайымсыз өмір; тік жол – жоспарлардың асықпай орындалуы; нашар жол – кедергілер; бірнеше тарамға бөлінген жол – жамандық пен жақсылық арасындағы күрделі таңдау.

Жұлдыз: жарқыраған жұлдыз көрсеңіз, ол мықты денсаулық пен жақсы өмірдің белгісі; күңгірт жұлдыз – бақытсыздық пен қайғы.

Жүгіру: жүгірген адамдар – ақшалы болу; бір орыннан қозғалмау –сәттілікті ұзақ уақыт күту; межеге дейін жүгіріп жету – ойланып басталған іс; әлдекміді қуып жету – бақытқа қол жеткізу.

Жүзім – табыс, сәттілік, қуаныш, денсаулық.

Жүктілік: жас әйел үшін – махаббаттағы бақыт; кәрі адам үшін – жақын күндері бақилық болу.

Жылан – әйелдер арасындағы дұшпан; жыланды өлтіру – тұрмыстық қиындықтан арылу.

Жібек – тиімді істің басталуы.

Жіп – өміріңіздегі қиындықтардың әлі де алда екенінің белгісі; үзілген жіп – достарыңыз себепті қайғыға ұшырау.

З

Зират – денсаулық, ісіңіздегі жетістік пен ұзақ өмір.

И

Ине: ине тауып алу – басыңыздың дауға қалуы; сыйлыққа ине алу – жолдасыңыздан айырылу.

К

Кедей: өзіңізді кедей халде көру – жайсыздықтың белгісі; кедейлерді көрсеңіз, бойыңызда мәрттік, мейірімділік сезімдері оянады.

Кедейлік – үрейлену, қынжылу.

Кеш – пайдасыз келісім.

Киіз үй – кедейлік, қорлық көру.

Киім: сатып алу – бақыт; қара киім кию – уайым-қайғы; ақ қиім – өмірге разылық.

Көбелек – қуанышты өмір белгісі.

Көгершін: шатырдағы көгершін – жақсы жаңалықтар; ұшып жүрген көгершін – қуаныш; көгершінді өлтіру – жақын достан айырылу; жем беру – қайырлы іс істеу.

Көз: әлдекімнің көзі соқыр, қыли не көзінде кемістігі болса, ол ісіңіздегі сәтсіздікті, алданатыныңызды аңғартады; көзі сау адамды көру – ісіңіздегі сәттілік, қуаныш.

Көкқұтан: шалғында жүрсе, бақытты некені білдіреді; ұшып жүрсе не көкқұтанды ұстап алсаңыз, ол құдалықтағы машақатты аңғартады.

Көктем – оралу, тамсану, махаббат пен қызметтегі сәттілік.

Күнә: күнә жасасаңыз, ар-ұятыңыздың дауысына құлақ асыңыз.

Кілт – билік пен күш-қуат белгісі.

Кір – байлықтың, өнімді еңбектің, күтпеген оқиғалар мен өсектің белгісі.

Қ

Қазына – орындалмаған үміт.

Қайғы: өзіңіздің қайғыға ұшырағаныңызды көру – қауіп-қатерге тап болу; басқа адамдардың қайғысына куі болу – басыңызға көптеген сәтсіздік келеді.

Қақпа: қақпаны ашу – өміріңіздің соңы бақытты болады; күшпен ашылса, табысқа кенелесіз.

Қарбыз: ер адам үшін – жағымсыз жағдайлар; әйел адам үшін – жүктілік. Ал қыз үшін – жақын күнде тұрмысқа шығу.

Қарға – жайсыз хабар, өкініш, дерт.

Қас: түсте әлдекімнің қасын көру жолыңыздағы күтпеген кедергіні аңдатады; қара қас – денсаулық, қасты күйдіріп алу – мұрагерлік жайында дау.

Қасқыр – қас дұшпан, жайсыз жағдай, сатқындық пен өтірік.

Қой – ақымақ дос.

Қонақ: әлдеқандай шаруамен келген қонақ – сақтық таныту; қонақ болу – үлкен шығын не жақсы көретін дүниеден айырылу.

Қыс: жастар үшін – ашулы адаммен отбасын құру; отбасылы адамдар үшін – қорқыныш.

М

Мақта – нәтижесіз еңбек.

Монша – қауқарсыздық, үмітсіздік, алдану.

Н

Нан: ақ нан жеу – молшылық пен қанағат; қара нан – мұқтаждық, қайғы; нан турау – опасыздық; көгерген нан – дұшпандар; нан сатып алу – отбасылық шығын.

Неке: түсте некелесу міндеттеріңізді атқаруға ораласыз.

О

Омырау: омырау ақ әрі толы болса, жақын күндері табыс пен бақыт күтілуде.

Орамал: жібек орамал – ғашықтық.

От – орындалмас армандар.

Ө

Өрмекші – қауіпті дұшпан; өрмекшіні өлтіру – жеңіс.

Өрік жағымсыз жағдайлар мен шығынды білдіреді.

П

Періште – жақсы жолдасқа жолығу.

Пышақ – ұрыс керіс, жайсыз жағдай.

С

Саңырауқұлақ – миға қонымсыз қалау мен табысқа кенелу жолында ақымақтықпен асығыстыққа бару.

Саяжол – тағыдырыңыздың бұрынғыдай жақсы болмайтынының белгісі.

Сиыр: жуас сиыр арман-үміттердің орындалуы.

Соғыс – жайсыздық, бақталастық, ісіңіздегі қиындық.

Су: суық су – бақыт; су құю – дұрыс іспен айналысу; лай су – кедергі; шомылу – күдіктен арылу; суық су ішу – денсаулық; жылы су ішу – дерт; суда жүру – қиындықтарды жеңу.

Сүлгі: кір сүлгі – көре алмаушылық; сүлгіні жырту – жақтырмау.

Сыпырғыш: сыпырғыш көру – үйдегі келеңсіздік; жаңа сыпырғыш – жалған достар; ескі сыпырғыш – ескі танысыңызбен жолығу; сыпырғышпен сыпыру – өсек.

Сырқат адам: түсіңізде ауырсаңыз, өміріңізде уайымдамаңыз.

Т

Тау: көру – әлдекімнің қорған болуы; тауда жүру – қиындық пен кедергі; шыңына шығу – торуылдан құтылу; қарлы шыңды тау – ниеттің дұрыстығы.

Тиін: ер адам үшін – қу әрі өтірікші әйелмен таныстық; әйел адам үшін – нашар адамның алдап-арбауына түсу.

Тоқаш: сатып алу – табыс; турау – ақша жинау.

Толқын – оқуда нық қадам жасап, үлкен ілімге ие болу.

Топырақ – ауыр, қиын, салмақтылығы зор еңбек.

Тосап: қайнату – сүйікті істе табысқа жету; жеу – махаббаттағы сәтсіздік.

Төбелесу, күресу – аурудан айығу, махаббат пен қызметтегі сәттілік, дұшпандарды жеңу.

Түйе – ұзақ әрі қиын өмір.

Тіл – бос сөз.

Ұ

Ұлу – ісіңізде табысқа кенелу.

Ұрлау – қорлық көру, кедейлік, уайым.

Ұру: адамды не жануарды ұру – ауры, уайым, жоғалту.

Ұшу – үміттердің орындалуы, ісіңіз бен махаббаттағы сәттілік.

Ұя – баспаналы болу, тыныш әрі жақсы өмір.

Ү

Үй: үй салу сырқат адам үшін бақилық болуды, сау адам үшін ауыр еңбек пен машақатты аңғартады; өртке оранған үй – мол табыс.

Үйлену: отбасылы ер адам үшін – опасыздық; бойдақ еркек үшін – алдау мен мұң.

Үйлену тойы – жайсыздық, ұрыс-кіріс.

Үйрек: тұнық суда жүзіп жүрген үйректер саяхат, теңізге саяхатты білдіреді; үйрек аулау – жоспарыңыздың орындалуындағы күрт өзгерістер; ұшып жүрген үйректер – бақытты өмірдің белгісі.

Х

Халық – маңызды жаңалықтар.

Хат: хат алу – көп ақша; хат жазу – қызыққан дүниеңіз жайлы хабар алу; тауып алу – қызметіңіздің өсуі.

Ш

Шабуылдау – жұмыс күтіңіз; шабуылға ұшырау – арам пиғылды жолдастардан сақ болыңыз.

Шалбар: қара түсті – төзім; ақ түсті – адасқаныңызды түсіну; жыртық – беделіңіз түседі; шалбар кию – үйде басшы болу.

Шарап – көңілі толу, жақсы көңіл-күй.

Шаш: тарау – жақсы табыс; қию – отбасындағы қаза; өсуі – істеріңіздің табысты болуы; сату – бақытсыздық.

Шелек: толы – ісіңіздегі жақсылық; шелекпен құдыққа бару – еңбекқорлығыңыз үшін марапат; судағы шелек – құрмет.

Шие – қылмысты махаббат, заңсыз қарым-қатынас.

Шыңға шығу – қиындықтарды еңсеріп, барлық салада жетістікке жету.

Шырақ – сенім, тыныштық, сезімнің белгісі.

• Санаты: Қызық сұрақтар
Меккеге барып келдим тусимде
Мен түнде көзімді ашпай ол мені ойлап жүр(ұнататын адамым) деп айттым ол нені білдіреді

56 жауап

0 дауыс
Салеметсіз бе? Түсімде мені өзімнің кішкентай күшік кезінен бастап бағып өсірген итім тістеп талап жатты. Ол кандай мағына білдіреді сол түсімді жорып берсеңіз деймін.
0 дауыс
егер куйеуи баска бир айелмен тосектес болса ше
0 дауыс
Мен түсімде танымал жігіттің  яғни қазақ əншісінің менің тізімде жатқанын көрдім. Ал мен 12-демін
0 дауыс
Мен тусімде танымал жігіттің яғни қазақ əншісінің менің тізімде жатқанын көрдім. Ал мен 12 жастаын.
0 дауыс
Тусинде курт корсен
0 дауыс
Саламатсыз ба! Мен бугін түсімде үйім толған тышқандар мен ақ егеуқұйрықты көрдім бұл нені білдіреді? Үйімізде топырлап жүгіріп жүр, бірақ бізге тимеді. Бір кезде егеуқұйрық бір тышқанды жеп қойды. Және түсімде қайтыс болған анамды көрдім.
0 дауыс
Досымнын тусине кириппин маган айтканы" Жалгыз озин орманда жур екнсин бирнарседен кашып келесин билмеймин кешир кешир дей бересин бир жерге токтап менен неге болай болды дедин сосын .бир агашты кесип датсын
0 дауыс
мен түсімде жігітіммен базарда нан таратып жур екем бұл кандаи мағына береді
0 дауыс

Сəлеметсіздерме, 

1) түсімде күйеуім менің көзімше сутинёр əйелмен төсектес болды, осы түс ненің белгісі.

 Күйеуімді мен жақсы білем ондайға бармайды, əлде менің оны өте қатты қызғанатынымнанба?

2) түсімде үнемі үш кішкентай балаларды көремін үшем немесе үш ағайынды 2 ұл 1қыз болады 2рет көрдім осындай түсті 

3) түсімде негізі біз қой ұстаймыз қорамызда бұқа мен өгіз тұр екен қойлардың жанында жəнеде мен бұқамен сойлесіп тұр екенмін

Осы түстердің нені білдіретінін айта аласыздарма

0 дауыс
бир апай мен баласын кордим кишкентай жане ол торт писирип жатыр коршисине (үйіне бардық) бир кезде мен ушып алматыдагы алатауга  конып гокден бир шыктым нени билдиреди
0 дауыс
алдында корген тусимди кордим
0 дауыс
Сәлеместсіздерме! Менің түсімді жорып беріңіздерші өтінем жори алсаңыздар.мен бүгін қызық түс көрдім.түсімде қар патшайымы сияқты екенмін. От патшалығы су патшалығы мұз патшалығы сияқты бір жер бар екен сол жерде шайқасып жатыр екенбіз бір кезде бір қыз маған келіп сары білезік беріпті ол аитты сен бұл білезікті тақсаң қар, мұз, су патшайымы боласың қолыңды сілкіп қалсаң қар, мұз шығат дит содан мен оны тағып қолымды сілкіп қалсам (түн болатын) ай қып қызыл болып жанып көкпенбек қарлар ұшыпты мен қуанып сол күшім арқылы шайқасыппын және қатты ашуланып адамдарды ұстап қалсам ол адамдар мұзға айнала бастаид екен.
0 дауыс
Түсімде 5 бала əн айтып тұр екен.

Есікті ашсам ке айтпайды ал есікті жапсам олардың əн айтқан дауысын естимін.  Сосын артыма қарасам бір ұл мұртын өсіріп алған. Сол мұртын инемен алып жатыр екен

Бұл нені  білдіреді????
0 дауыс
Түсімде өлген анам жылап жатыр
0 дауыс
тусимде (бурынгы жигитим) ан аулап жур екен (коп каскыр устае алган) маган биреуин алып кел деп айтыппын. дааау биреуин алып келды уйиме (*тири кадимги каскыр*).  ол нени билдиреди?

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
26.03.2022 • Санаты: Тұлға, Адам Белгісіз сұрақ қойды
127,759 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы