+4 дауыс
4.5k көрілді
Қазақ хандығы туралы сериял қашан телеарналарға шығады?

10 жауап

0 дауыс
Нақты ешкім білмейді, Әуелі шықсын содан кейін мәлім болады
–1 дауыс
Шықса сериялдың соңы бәрібір не болатынын біліп отырамыз, шықпай ақ қойсын.
–1 дауыс
Ол сериял "Қара Шаңырақ"-тың орнына болуы мүмкін.
+1 дауыс
Оны асықпай шығарсын шығаратын болса. Соншалықты асығып түсірілсе сапасыз болатыны анық. Сценариі енді дайын болды деп жатыр еді ғой алдында.
0 дауыс

Қазақ хандығы туралы сериалды Ақан Сатаев түсіруі мүмкін

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай түсiрiлетін Қазақстандағы алғашқы тарихи сериалдың сценариi дайын болды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлiм еттi.

"Өздерiңiз бiлесiздер, елбасымыз осы шараға байланысты Қазақ хандығы туралы сериал түсiру керек деп айтты. Бiз әрине ол сериалдың сценарийiн жасадық. Өте күрделi дүние. Сондай-ақ, бiзде сериал ғана болмайды, деректi және анимациялық фильмдер де керек. Бүлдiршiндер де өз елiнiң тарихын бiлуi тиiс. Осы шаралардың барлығын шашыратпай, жоғары деңгейде өткiзу - ол бiздiң мiндетiмiз", - деді министр.

Оның айтуынша, ұсыныс тасталған режиссерлiк топтар бар, дегенмен олардың қайсысы жұмысқа тартылатыны анықталған жоқ.

"Режиссер Қазақстан азаматы болатыны анық. Рүстем Әбдiрашев өзiнiң тобымен жұмыс жасауда. Біз Ақан Сатаевқа да ұсыныс тастадық. Кiмнiң сценарийлiк тобы қызықтырақ болса, соған бұл міндетті жүктейміз. Оны көркемдiк кеңес шешедi. Қазiр бiз сценарийдiң негiзiн жасадық. Соны бiздiң ғалымдарға талқылауға бердiк. Неге десеңiздер, бұл - өте күрделi дүние. Қателiк жасамауымыз шарт", - дейдi Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Бас режиссер Қазақстаннан болады. Дегенмен басқа да көмекшi режиссерлердi шетелден шақыру жоспарланып отыр.

"Өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда тарихи тақырыпқа сериал әлi түсiрiлiп көрген емес. Көркем фильмдер бар әрине, Ермек Тұрсынов, Сатыбалды Нарымбет, Рүстем Әбдiрашов сынды режиссерлер жасады оны. Бiрақ тарихи тұрғыдан бiзде әлi сериал түсiрiлмеген. Сол үшiн бiз бұл жанрға өте мұқият болуымыз керек", - дедi министр.

Сондай-ақ, министр Қазақ хандығының 550 жылдығы тек қана тойлау  жасалып жатқан ритуалдық мереке емес, ең бiрiншi кезекте Қазақстан егемендiгiнiң тағы да бiр көрiнiсi, оның тұғырын нығайтатын нақты шара екенін атап өтті.

"Айтпақшы, тарихқа қатысты көптеген пiкiрлер туындауда. Қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдан  асып кетті дегендер бар. Бiрақ, Хайдар Дулати мен өзге де тарихшылардың деректерiне сүйенiп, бiз 2015 жыл - Қазақ хандығының 550 жылдығы деп есептейміз", - деп түйіндеді өз сөзін Арыстанбек Мұхамедиұлы.

+2 дауыс
Жалпы Қазақстан тарихынан жақсы сценарий табылар, бірақ қазақ актерлеріне көңілім мүлде толмайды, қазақстанда сапалы шыққан фильмдер саусақпен санарлық....ал сериалдарына аузымды ашпай ақ қояйын сәтті шыққан 2-3 қана шығар...
+2 дауыс
"Көшпенділердегі" сияқты әр жақтан  әртіс жинап кетпесек  болар! Қазақтың дәрежесін дүниежүзі алдында көтере білейік,өз жұлдыздарымызды да қолдайық. Қазақтар туралы фильм көре отырып басты рольдерде басқа үлттың өкілін көру...білмедім,түсінбеймін. ...
0 дауыс
Телеарналарға келесі жылдан(2016) бастап шығады деп болжануда. Кейбіреулер биылдан бастап-ақ шыққанын қалайды. Нақты қашан екені белгісіз.
+1 дауыс
Қазақ хандығы туралы кино түсіру үшін, жалпы кино әртістері үшін,өз елінің тарихын білуі қажет. Кез-келген әртіс киноға түсерде өзі түсіп жатқан сценарийден тыс --сол кино болғалы тұрған шығарманың мазмұнын оқып білуі тиіс. Рөлге ену үшін, кейіпкердің әдебиеттегі дұрыс бейнесін шынайы сезініп алуы керек. Біздегі жаңа фильмдердегі әртістердің сөздерінің жаттанды болып бара жатқаны --сондықтан! Шығарманы білмей, сценарий бойынша рөл түсірудің қемшін тұстары -осыдан туады. Кино--болашақ ұрпаққа деген халықтың мирастық дүниесі Кино-- тәрбиелік құралдың біріншісі. Сол үшін әпербақан әртістер  мен тарихты теріс оомдаушы қоғам болмауы үшін осы ескертпе  пікірімді көпшлік қолдауы мүмкін деп ойлаймын. Мен биылғы жылда "Абай"  туралы терең мазмұнды кино көретін шығармын деп үміттенемін, өйткені биыл "Ұлы Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толу жылы--- "МЕРЕЙЛІ, МЕРПЕКЕЛІ ЖЫЛ!"
0 дауыс
Қазіргі уақытта Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған кино, сериал, мультфильмдердің түсіріліміне дайындықтар жүріп жатыр. Алдағы уақытта түсірілім басталса, мемлекеттік жоспар бойынша аталған жұмыстар 2015 жылдың қараша айында аяқталуы тиіс. Барлығы жаз айларында түсірілсе, күз айларында тұсаукесерлер басталатын шығар...
...