+1 дауыс
10.3k көрілді
Көне күндерден жеткен жәдігерлер шығарма керек еді?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Мырза Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашидиі» әдеби жәдігер

Орталық Азияның XVI ғасырдағы атақты тарихшысы, әдебиет майталманы Мұхаммед Хайдар Дулаттың (1499-1551) өмірі мен шығармашылығын зерттеу мен зерделеу әдебиеттану, тарих, философия, дінтану, лингвистика ғылымдары алдындағы үлкен міндет. 
Мырза Хайдардың «Тарих-и Рашиди» еңбегінің құндылығы оның қазақ тарихы мен әдебиетін және мәдениетін өткен түркілік дәуірмен, исламдық тарихи кезеңмен сабақтастыра алуы болды. 
Тақырыптың өзектілігі. «Тарих-и Рашидидің» әдеби-көркемдік жағы әлі де болса толық зерттеу нысанына айнала қойған жоқ. Еңбекті зерттеген ғалымдардың көпшілігі оған әдеби шығарма ретінде емес, тарихи еңбек ретінде қарап, бағалады. 
Фольклортанушы, академик С.Қасқабасов: «Жыраулар өз шығармаларында идеалды әміршінің бейнесін жасады, -дей келіп, – өздерінің монолог түріндегі айтылатын толғауларында жырлаулар маңызды мемлекеттік мәселелермен қатар заман мен қоғам, адам мен заман, тұлға мен тобыр, сондай-ақ имандылық пен қайрымдылық, өмірдің өткіншілігі мен адамның опасыздығы, өлім мен өмірдің қайшылығы сияқты моральдық, этикалық, фәлсафалық проблемаларды көтеріп, қоғаммен байланыстыра жырлап отырады» деп жазған болатын [3, 8 б.]. Осы айтылған ғұлама пікірдің Мырза Хайдар шығармашылығына түгелдей қатысы бар. Өйткені, ХVІ ғасырда өмір сүрген Асан Қайғы да, Қазтұған да, Шалгез де Мырза Хайдардың замандасы, ұлысы басқа болғанымен ұлты бір қандастары. Олар да Мырза Хайдар Дулат секілді Әз Жәнібек хан, Битемір, Ораз-Мұхаммед сынды қазақ хандары мен Ноғай әмірлерінің сарайы маңында тіршілік етіп, әміршісі мен заманының күрделі де келелі мемлекеттік маңызды тақырыптарын сөз етті.
Мырза Хайдар «Тарих-и Рашиди» еңбегінде 1346-1546 жылдар аралығындағы Орталық Азия, Тибет, Ауғанстан, Кашмир, Иран, тіпті Иракқа да қатысты көптеген тарихи оқиғаларды, сондай-ақ автор өзі өкілі болып табылатын қазақ өмірінің де бірқатар деректерін сол дәуір шындығына сай баяндайды. Ғұмырнамалық әдеби еңбегін жазу барысында Мұхаммед Хайдар қоғамдық шындықты басты принцип ретінде ұстайды, сонымен бірге өз шығармасының көркемдік-әдеби жағына мұқият назар аударады. Ислам дінін дәріптеуде мадақ, мінәжат сынды әдеби тақырыптарды молынан пайдаланады. Оқиғалардың, адамдардың психологиялық мінез-құлқын ашуда Құран-кәрімнің қағидаларын, әдеби детальдарды пайдалана отырып, психологиялық талдау жасайды. Рубаи, мүфрәд, ғазал, қита, суырып салу (фи бәдаиһ) сынды шығыстық жанрларды да тиімді пайдаланады. Еңбектің тағы бір ерекшелігі: парсы тілінде жазылғанымен араб және түркі өлеңдерін әңгімесіне арқау еткен. Бір ғажабы шығармада қазіргі уақытқа дейін сол қалпында, сол мағынада қолданылып келе жатқан көптеген қазақ сөздері де кездеседі. 
Еңбек шығыс әдебиетінің тәзмин және тәлмиһ сынды тәсілдерін пайдаланғанымен де ерекшеленеді. Сонымен қатар біз еңбекте жоғарыда аталған әдеби ерекшеліктерімен қатар шығыс әдебиетінің жұлдыздарымен де таныса аламыз. Өйткені, «Тарихи-и Рашидиде» сопылық әдебиеттің өкілдері Қожа Ахмет Иасауи, Нәжмеддин Кобра, Нәқшбәнд және қазақ топырағының перзенті Атаи және түрік халықтарының рухани өкілдері Сәккаки, Лүтпі, Әлішер Науаи, парсы тілді ақындар Әбдіраман Жәми, Фердауси, Сағди, Әнвари сынды ақындардың шығармаларын пайдаланады. Біздің аталған еңбекке әдеби шығарма тұрғысынан қарап, ғұмырнамалық-әдеби шығарма ретінде бағалауымыз да осыдан.
Ғұмырнамалық шығармалар әлем әдебиетінде өзіндік орын алады. Мәселен, француз жазушысы Сен-Симонның (1675-1755) «Естеліктері», американдық саясаткер ғалым Б.Франклинның (1706-1790) «Менің күй-жайым», германиялық жазушы-ақын И.В.Гетенің (1742-1832) «Поэзия және ақиқат», Мырза Әлихан Әмин-әд-дауленің (қайтыс болған жылы 1909) «Саяси естеліктері», Абдолла Мостуфидің (1876-1950) қажарлар билік еткен кезеңнің қоғамдық және басқару тарихына арналған «Менің өмірбаяным», орыс жазушысы А.И. Герценнің (1812-1870) «Былое и думы», С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу», С.Мұқановтың (1908-1973) «Менің мектептерім», Д.Қонаевтың (1912-1993) «Өтті дәурен осылай» атты еңбектері ғұмырнамалық әдеби шығармалар қатарына жатады. 
Иран ғалымы доктор Хұсейін Рәзмжу мемуарлық әдебиетке идеологиялық, саяси және қоғамдық құны бар шығарма ретінде қарай келіп, «егер парасатты автор естеліктерінің қыр-сырын көркемдеп бере алса, ол айрықша тартымды болары анық. Сондай-ақ басқа деректерде табылмайтын тақырыптар қарапайым шынайы түрде жазылса, оның артықшылығы одан әрі арта түсері де шындық» деп жазды [4, 208 б.]. 
Мырза Хайдардың «Тарих-и Рашиди» еңбегінде өзі өмір сүрген тұстағы тарихи-саяси ахуал, ислам дінінің сол дәуірде түркі халықтарының әдебиеті мен мәдениетіне жасаған ықпалы анық көрінеді. Әдебиет – заманның көркем шежіресі десек, әр дәуірдің әдебиеті өз кезіндегі тарихи оқиғалар мен сол қоғамның саяси-идеологиялық өрісінен оқшау қала алмайды.
XV–ХVIII ғасырлардағы ақын-жыраулар поэзиясындағы дидактикалық, саяси-әлеуметтік сарынды, сондай-ақ, ХІХ-ХХ ғасыр басындағы діни-ағартушылық ағымды әдеби дәстүр жалғастығы тұрғысынан қарастыру да бүгінгі күннің қажеттілігі. 
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Мырза Хайдардың «Тарих-и Рашиди» шығармасы тұңғыш рет тарихи дерек ретінде ирандық ғалым Әмин Ахмет Рази 1593 жылы жазған «Һәфт ықлым» еңбегінің Кашмир, Қашғар және Хотанның жағдайы, билеушілері мен тарихы туралы тарауларында пайдаланды [5].
Әкбар шахтың (1556-1605) тапсыруы бойынша, пайғамбардың қайтыс болған жылынан бастау алатын ислам әлемінің жалпы мың жылдық тарихын баяндаған «Әлфи тарихы» (Мың жылдық тарих) атты тарихнамасында пайдаланды [6]. Осыдан бастап Үндістан тарихына қатысты зерттеулерде Мырза Хайдардың еңбегі негізгі әдебиеттер қатарында ғылыми айналымға түсті. Солардың бірі – Мұхаммед Қасым Үндішах Истерабади Феріштенің Үндістанның жалпы тарихына арнаған «Тарих-и періште» (Гүлшән Ибраһими) атты еңбегі еді. 
Еуропада «Тарих-и Рашидиді» аударуды алғаш қолға алушылардың бірі – ағылшын ғалымы Вилиям Ерскин болды. Сондай-ақ, француз зерттеушісі Рене Гроссе, орыс ғалымдары В.В.Вельяминов-Зернов, В.В.Бартольд еңбектерінде Мырза Хайдар Дулат шығармалары жөнінде бірқатар бағалы пікірлер жазылды.
Қазақ ғалымдары арасында «Тарих-и Рашиди» мен оның авторы туралы тұңғыш ғылыми көзқарас білдірген Шоқан Уалиханов екені мәлім. Бұдан соңғы уақытта С.Аспандияров, Ә.Марғұлан сынды ғалымдардың зерттеулерінде Мырза Хайдар қазақ халқының төл тарихшысы ретінде бағаланды.
ХХ ғасырдың 60-жылдары Кеңес одағындағы – «Қызыл кезеңнің» идеологиялық қиын жағдайына қарамастан халқымыздың тарихын зерттеуде Қазақстан шығыстанушылары С.Ибрагимов, В.П.Юдин, М.Минегулов, Т.Султанов, К.А.Пищулиналар өздерінің еңбектерінде Мырза Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашиди» шығармасының қазақ халқының тарихы үшін аса құнды еңбек екендігін көрсетті.
Кеңес дәуірінде өзбек оқымыстыларынан Р.Г.Мукминов, С.Ә.Әзімжанова, Х.Хасанованың және тағы басқалардың үлкенді-кішілі зерттеулері жарияланды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Мырза Хайдардың «Тарих-и Рашиди» еңбегін өзбек ғалымдары А.Урунбаев, Р.П.Джалилов, Л.М.Епифанова парсы тілінен орыс тіліне аударды. 
Мырза Хайдар Дулаттың өмірі мен шығармашылығы жайында жазылған еңбектердің анықтамасы «Өмірбаяндық-библиографиялық, анықтамалық» атты құнды жинақта топтастырылып жарық көрді. Онда негізінен 1829-1999 жылдар аралығында қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, түрік, парсы, орыс тілдерімен қатар ағылшын, неміс, француз тілдерінде жарық көрген әдебиеттерді қамтыған бұл кітап Қазақстанда шығыстану ғылымының негізін қалаушы ғалым Ә.Дербісәлінің еңбегінің арқасында баспадан шыққан-ды [7]. 
Сонымен қатар, Б.Қожабекұлы, Т.Омарбеков, Б.Көмеков, Б.Кәрібай, Н.Келімбетов сияқты ғалымдар мен жекелеген зерттеушілердің еңбектерінде Мырза Хайдар шығармашылығы тарихи-әдеби тұрғыдан сараланғанын көреміз. Қазақ фольклортанушылары С.Қасқабасаов, Р.Бердібайдың ғылыми-зерттеу мақалаларында осы тақырыпқа қатысты түйінді ойлар ұшырайды.
«Тарих-и Рашиди» еңбегінен Қазақстан тарихшылары Мингулов пен Пищулина үзінділер аударды [8, 4 б.]. Ал, «Тарих-и Рашиди» парсы тілінен тікелей қазақ тіліне Өзбекстан нұсқасы бойынша тәржімаланды. 
Ғалым Ә.Дербісәлі «Қазак даласының жұлдыздары» атты еңбегінде көлемді тарау арнаған. Әрі «Жаһаннаме» атты дастанын көне түрік (шағатай) тілінен қазақ тіліне тәржімалап, оның түсініктемелік сөздігін де жазып, шығарды [36].
Ғалым Үндістанның Кашмир штатындағы, Сринагар қаласындағы «Мазар-и-Салатин» (Сұлтандар мазары) қабірстанынан Мырза Хайдардың мазарын тауып, оны «Ислам және Заман» атты еңбегінде егжей-тегжейлі жазып, оның зерттеу жұмысына зор үлес қосты [9].
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Зерттеуіміздің негізгі мақсаты Мырза Хайдар Дулаттың еңбегінің ғұмырнамалық шығарма ретінде әдеби ерекшеліктерін айқындау, исламдық шығыс әдебиетінің түркі әдебиетімен байланысын нақтылау, олардың қазақ әдебиетіндегі сабақтастығын анықтау болып табылады. Осы және басқа да мақсаттарға жетуде төмендегідей міндеттер шешімін табуы қажет:
Мырза Хайдардың ғылыми ғұмырнамасын жасау;
Мырза Хайдардың шығыс әдебиетімен танысуы, оның көркемдік, стильдік тәсілдерін меңгерудегі шеберлігін айқындау;
Мырза Хайдардың исламдық дүниетанымының шығармаларындағы көрінісін анықтау;
«Тарих-и Рашиди» еңбегінде автор тоқталған шығыстың әдеби-рухани әлемінің белгілі қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығын толықтыра зерттеу және олардың Мырза Хайдар шығармашылығына әсерін анықтау;
1346-1546 жылдар аралығында өмір сүрген Шағатай, Әмір-Темір, Шейбани, Дулат әмірлігі, қазақ хандығы жайындағы авторлық деректер мен түпнұсқа деректерді, әлемдік зерттеу жұмыстарын және қазақ ғалымдарының зерттеулерін салыстыра отырып нақтылау;
— Шығармадағы ислам қағидасының негізінде пайда болған шығыс әдебиетіндегі жанрлар мен әдеби тақырыптардың және исламдық әдеби стилдің ерекшеліктерін айқындау; 
— Шығармада қолданылатын түркі өлеңдерінің және қазақ сөздерінің көркемдік, философиялық, психологиялық мәнін ашу;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертациялық жұмыста Мырза Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашиди» еңбегіне стильдік, жанрлық, мазмұндық, тақырыптық және көркемдік тұрғыдан талдау жасала отырып, төмендегідей мәселелер қарастырылды: 
Мырза Хайдардың «Тарих-и Рашиди» еңбегі ғұмырнамалық әдеби шығарма екендігі анықталды;
Қаламгер еңбегінде қамтылған тарихи кезеңдегі (1346-1546) саяси биліктегі ағымдардың және ғалымдардың түрік халықтарының мәдениеті мен әдебиетіне ықпал-әсері анықталды;
Қаламгер еңбегіндегі рубаи, мүфрәд сынды шығыстық жанрлар және мінәжат, мадақ секілді әдеби тақырыптар зерттеле отырып, олардың қазақ әдебиетімен байланыстары анықталды;
Мырза Хайдар шығармасында кездесетін түркі өлеңдерінің авторлары, олардың жанрлық, тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері талданды;
Шығармада кездесетін және қазіргі уақытқа дейін өзгеріссіз қолданылып келе жатқан қазақ сөздері анықталды;
Мырза Хайдардың исламдық дүнеитанымы зерделенді және исламдық шығыс әдебиетінің стиліне тән әдеби тәсілдері нақтыланды;
Мырза Хайдар еңбегіндегі сөздік қорына сүйене отырып, түрік халықтарының ежелгі тарихы мен қалаларына шолу жасалды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: 
— Мырза Хайдар шығармасы өзінің ғұмырнамалық сипатымен қатар әдеби жанрлық және стильдік қасиеттерді бойына сіңірген энциклопедиялық туынды; 
— «Тарих-и Рашидидің» лексикасы қазақ хандығы дәуіріне тән және сол кезеңдегі тарихи-саяси, мәдени, әдеби үрдістердің шынайы әрі көркем шежіресі болып табылады; 
— Мырза Хайдар еңбегінде кездесетін тарихи мәліметтер қазақ тарихы мен мәдениетінің және діни-ағартушылық әдебиетін басты қайнар көздерінің бірі; 
— «Тарих-и Рашиди» еңбегі әдеби-эстетикалық тұрғыдан Мырза Хайдардың суреткерлік шеберлігінің айқын айғағы;
— Мінәжат пен мадақтың әдеби тақырып тұрғысынан алғанда түркілік әдебиеттің дәстүрлі үрдісі және бұл құбылыс қазақ әдебиеті тарихындағы діни-ағартушылық ағым өкілдерінің мұрасымен толық үндеседі; 
— Мырза Хайдар шығармасының поэтикалық деңгейі жоғары, ол тек қана прозашы емес, ақындық дарыны да, кемелденген қаламгер ретінде саналады;
— Еңбектегі түркі өлеңдерінің қазақтың тілі мен әдебиетіне қатыстылығы даусыз, бұған бұлтартпас дәлелдер жетерлік; 
— Шығыстық рубаи, мүфрәд сияқты жанрлардың қазақ әдебиетіндегі көрінісі тиісті мысалдар негізінде әдеби, тарихи – салыстырмалы түрде талданады, ғылыми тұжырымдар жасалды;
— Мырза Хайдардың «Тарих-и Рашиди» ғұмырнамалық тарихи шығармасы стильдік, жанрлық тұрғыдан алғанда өз дәуірінің озық туындысы және ол әдеби-тарихи һәм эстетикалық құнары мен маңызы жөнінде де әлемдік өркениет пен мәдениеттің алтын қорына қосылатын аса бағалы мұра.

+1 дауыс

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың желтоқсан айындағы жолдауында «Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек» деп жазылған. Қазағымыздың туы көкке желбіреп, кең байтақ даламызда әнұранымыз барша жұртқа шырқалып, өз тәуелсіздігімізді алғалы тіліміздің мәртебесі біршама артып, экономикалық, әлеуметтік жағдайымыз түзеліп, спорт саласында да жетістіктерге жетіп, мәдениетіміз бен дәстүрімізді дамытып келеміз. Соның ішінде қазақтың күйі қайта жаңғырып, жаңа қырларымен толығып жатыр. Қазақтың қара домбырасы, сыбызғы, қобызымен орындалатын күй өнеріне түрлі аспаптардың үні қосыла орындалып өзгеше  бір әсерге де бөлеп жатқаны құлаққа жағымды естіледі. 
Президенттің «Мәдениеті жоғары, тарихи танымы орнықты, ойы сергек елдің рухы да биік. Рухы биік халықтың іргесі де берік, әлеуеті де қуатты, ынтымағы да жарасты болмақ деп есептеймін» деп айтқан сөзі өте орынды айтылған. Қазақ халқымыздың рухани мәдениеті тарихтың талай толқынысында болып, желмен де, отпен де, шоқпен де ахуал үстінде іргесі қаланған мәдениет. Киелі қара топырағымызда орын алған түрлі тарихи жағдайларға байланысты бір жанып, бір сөніп отырған мәдениетімізде қазіргі таңда ешбір мәдениетке ұқсамайтын ерекше сипат қалыптасты. 

Ән мен күй, жыр мен дастандар сияқты көне күндерден жеткен қасиетті жәдігерлер бізге осыны паш етті. Сонау заманнан бері ата-бабамыздың бізге қалдырған асыл да мәдени мұраларының бірі саналатын күй мен жыр ұлы тарих көшінің дүрбелеңдеріне куә. Ұлт санасымен біте қайнасып, ішкі ой мен толқынысты, сезім мен сырды сөзсіз жеткізетін сиқырға толы киелі домбыра, қара қобыз бен сырлы сыбызғы арқылы туындаған күй – көне жанрлар қатарына жатады.  Ғасырлар бойы қалыптасқан күй жанрының дәстүрлері мен арнайы мектептері бар. Күйді түсіне білген адам – шет тілін меңгерген адамнан да артық. Күй – халықтың айнасы деп бекер айтылмаған, күй арқылы қуаныш пен нәзік сезімді, қайғы мен мұңды жеткізуге болады. Жылдар бойы талай ғұламаларымыз Құдайберген Жұбанов, Ахмет Байтұрсынов, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан, Ахмет Жұбанов тағы да басқа қазақтың біртуар азаматтары рухани байлығымыздан айырылып қалмауымызды аманат еткен. «Аманатқа қиянат етпейтін» барша қазақтың қара баласы ұлтымыздың «мәдениет, дәстүр мен даралығын» жаңғырта біліп, қазақтың күй сазын қаз қалпында сақтап, атадан балаға беріліп отыратын мәңгі үзілмес көпір ретінде жалғастырып отырса, нұр үстіне нұр жауар еді. 
Қазақ күйлерінің тарихында руға бөлінген халық дауласып, жауласып жатқаны, сұрапыл соғыстар өзіндік түр сипатпен суреттеледі. Сондай күйлердің тобына: Сырым Датұлын суреттейтін «Сырым сазы», Мөңке би тартқан «Кеңес», Жоңғар Ойрат шапқыншылығын баяндайтын «Ел айырылған», төре күйлері Жантөренің «Шалқымасы», Арынғазының өзіне шығарған күйі «Арынғазы», Абылай ханның өзі шығарып тартқан «Шаңды жорық», «Бала байрақ», «Жорық күйі», Ұзақтың «Ақжелеңі»; Боғданың «Боз төбесі»; Саршаның «Бозінгені»; Қошқар мен Бейсембінің «Кеңестерін» жатқызуға болады. Аталмыш күйлердің сазынан қазақ халқының мінез-кұлқын, дүниетанымын, ой-өрісін анық байқауға болады.   
Президент өз жолдауында «Қазақ әлсіресе, алауыздықтан әлсіреген, күшейсе, бірліктен күшейген» деген нақыл сөзді негізге алған. Осы айтылғандай  тарихта талай күйшілеріміз өзге ұлттың езгісіне ұшырап қыршын кеткен. Бұған Қожеке күйшінің сөзі айғақ, ол: «Қысқа етек қыжымыр орыстан гөрі, кең қолтық қытайым артық» деген. Алайда, оның ойы қате болып,  Қытайдың отаршыл саясаты оны тас көмір шоғына салып қинап өмірмен қош айтыстырған. Дәл осындай қатал тағдыр қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазының да басынан өткен. Зұлым заманның азаматтары болған күйшілердің жазған «Не кричи, не шуми», «Кісен ашқан, көбік шашқан», «Аман бол шешем, аман бол» атты шығармалары сол кезеңнің оқиғаларына арналған.  
Қазағымыздың ауыз толтырып, мақтанышпен айта алатын, еңбектеген баладан, еңкейген қарияларға дейін білетін атақты күйшілерімізге ризашылығымыз шексіз. Махамбет, Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Абыл, Өскенбай, Есір, Есбай, Бейсембі, Қожеке. Түркеш, Есжан, Дина, Сейтек, Қазанғап, Сүгір сияқты есімдері алтын әріппен жазылған күйшілерді жатқызуға болады. Олардың күмбірлете дала сазындай тартқан күйлеріндегі саз сарындарынан ата-бабалардың ежелгі қасиетті үнін естіп, ерекше сезімге бөленесіз. Ол күйлердің ішінен «Аққу», «Шыңырау», «Боз айғыр», «Шұбар ат», «Сары өзен», «Ертіс толқындары», «Қорқыт сарындары», «Тәңірі күйлері», «Текен көк», «Кертолғау», «Тоғыз тарау», «Қаратау шертпелері», «Боз айғыр», «Көкей тесті», «Кертолғау», «Тоғыз тарау», «Қаратау», «70 бұтақ» ерекше атап өтуге болады. 
Қазақтың күй өнеріне елеулі еңбегін сыйлаған күйшілердің өміріне тоқталып кетейік.  Момбеков Төлеген - 1918 жылы дүниеге келген, Шымкент облысының тумасы. Домбырашы, композитор күйші, Қаз ССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Оның алғашқы ұстазы туған атасы, атақты күйші Бапыш Қожамжаров болған, кейін композитор күйші Сүгір Әлиевтен дәріс алып, орындау мәнерінің қыры мен сырын үйренеді. Халық арасында кең етек жайған Төлеген Момбековтың “Салтанат”, “Мешін”, “Қат-қабат”, “Анама”, “Қоштасу”, “Қаратау шертпесі” атты күйлері кеңінен танымал. Оның еңбектері “Отырар сазы” фольклорлық этнографиялық оркестрінің, “Сазген”, “Шертер” ансамбльдерінің репертуарына кірді. Төлеген Момбеков Тәттімбет, Сүгір және тағы басқа халық композиторларының музыкалық дәстүрін жаңа биікке көтеріп, ары қарай дамытушылардың бірі саналады. 
Мұхит (Мұхамбеткерей) Мералыұлы - халық композиторы күйші, домбырашы. Мұхит тойларда, ірі жәрмеңкелерде жүріп күй шертіп, ән айтумен көзге түскен өнер иесі. Мұхит, Есбай, Тазбала, Сәулебай күйлерін ерекше шеберлікпен орындаған. Мұхиттың әнді орындау дәстүрі Ғ.Құрманғалиев, Т. Ибрагимова және т.б. арқылы халық арасында тараған. Бозбала кезінде ән шығарып, өз тыңдаушыларын тауып, бірден баурап алған.  Мұхиттың еңбектерін Е.Брусиловскийдің - “Жалбыр” операсынан, “Қыз Жібек” операсынан, “Ер Тарғын” операсынан тыңдауға болады. Мұхиттың “Айнамкөз” әнін Б. Е. Ерзакович шекті аспаптарға арналған квартетіне қолданған, ал “Зәуреш” әні Л. М. Шаргородский мен С. И. Шабельский “Симфоньеттасында” пайдаланылған.
Асылбек Енсепов - күйші. Ақтөбе қаласында дүниеге келген.  А.Жұбанов атындағы музыка мектебінің түлегі.  Түркия мен Франция мемлекеттерінде өткен байқаулардың лауреаты. Халықаралық «Ыстық көл» атты эстрада және фольклор байқауында гран-при номинациясын жеңіп алған. Құрманғазы және Шабыт байқауларына да қатысып жүлделі орындарға ие болған. 2004 жылы "Тарлан", ал 2011 жылы "Дарын» сыйлығының жеңімпазы атанған. Жас күйшілердің қатарына Секен Тұрысбеков, Талап Қараш, Жексен Қазанбасов, Жанғали Жүзбаев, Рахым Тәжібаев, Мұрат Каримуллин, Салтанат Құдайбергенова, Айтжан Тоқтағанов, Айгүл Үлкенбаева және тағы басқаларды атап айтуға болады.
«Ел тарихы – күй тарихы» демекші қазақ күйлерінің мазмұны халықтың көне шежіресін, тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, мінез-құлқын, дүниетанымын, арман-тілегін, сүйінішін-күйінішін, ерлік істерін, махаббат сезімін жырлайды. Өткен жүзжылдықтарда ата-бабамыздың екі немесе үш күй дәстүрлерін тыңдауға мүмкіндіктері болса, қазіргі таңда күйдің күмбірін радио, теледидар, магнитофон, түрлі сайттардан тыңдауға толық мүмкіндік бар. 
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев құрған «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының бастауымен бірталай елеулі еңбектер атқарылуда. «Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу болып саналады. Осы бағдарлама аясында қазақтың дәстүрлі әуендерінің «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күй, 1000 әні» антология жобасы құрылып, әндерді жинау, дайындау, өңдеу, реставрациялау, цифрлік ету және оларды CD-дискілерге шығару бойынша еңбектер жүзеге асты. Бірнеше жыл архивте сақталған бұл жазбалар қазіргі таңда бүкіл күй тыңдаушыларға қол жетімді болды. 
Президенттің ұсынған жолдауына халық қолдауын көрсетіп, белгіленген жоспарды берілген мерзімге дейін бітіріп отырса халқымыздың экономикасы дамып, ән мен күйдің ортасында шырқап өмір сүретін мемлекет болар едік.

+1 дауыс

Әзірет Сұлтан, Түркістан, туркистан

«Адамзат тарихының күретамыры – мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры – адамзаттың ақыл-ойы мен іс-әрекетін дүниеге әкелген материалдық құндылықтар болып табылады. Бұл бәрімізге белгілі ақиқат. Қай халықтың болмасын, өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі –  мәдениеті.

Мәдениет –  ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен,  мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға  танылады»

Елбасы Н. НАЗАРБАЕВ «Мәдени мұра» бағдарламасынан

Адамзат ұрпағы басынан кешкен замандарды көз алдыңызға елестетіп, оны көңілге түйгіңіз келсе, жарқын болашаққа нық сеніммен ой жүгірткіңіз келсе, әрине, ең алдымен, мұражайға кіріп, ондағы жәдігерлердің сырына үңілудің маңызы зор. Ата-бабалардың өмірлерінде ұстап-тұтынған бұйымдарын таңдай қағып тамашалап, өткенге салауат айтып, қасиеті дарыған бабалар мұрасынан тағылым мен тәрбие нәрін алып шығатыныңыз анық.

Мұражай – табиғат пен адамзат қоғамының дамуы туралы білімнің алғашқы деректемесі материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін табиғат коллекциялары мен тарихи нұсқаларды жинақтау, сақтау, зерттеу, жәдігерлерін халыққа көрсетіп, насихаттау қызметін атқаратын ғылыми мекен. Мұражай жәдігерлері ғылым мен өндірістің алуан түрлі салаларын қамтиды.

«Мұражай – тарих, мұражай – шежіре. Мұражай – білім-ғылым. Сан-салалы өнер мен ғылым қоспасы – мұражай. Мәдениетті елдерде әрбір мұражайдың тарихы жазылып қатталады. Тіпті әрбір мұражайдың кезеңімен алмасып, жаңарып тұрар – экспозициясының тарихы шежіреленеді» деген көрнекті әдебиетші ғалым Құлбек Ергөбек  «Түркістан жинағы» атты кітабында.

Қазақстан мұражайларының көшбасшысына айналып отырған «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы 1978 жылы ашылғалы бері, сан түрлі археологиялық, этнографиялық, нумизматикалық  және  сирек кездесетін  құнды кітаптар  мен фотосуреттерден тұратын жәдігерлер жинақталды.

Қазақстандағы жинақталған жәдігерлер саны 2 млн 700 мың шамасында болса, тарих пен тарихи құндылықтардың қайнар көзіне айналған біздің мұражай қорында 20 мыңнан астам көне мүліктер жинақталған.

Мұражайлық зат деген ұғымды Ресей ғалымы Н.М.Дружинин 1930 жылдары отандық  ғылыми айналымға енгізген болатын. Шетел зерттеушілері З.Странский, Й.Бенеша, К.Шрайнер, В.В.Кондратьева сынды зерттеушілер өз еңбектерінде мұражайлық заттар адамның ой өрісінің кеңеюінің  негізі болып табылатындықтарын  айтқан.

Қандай да бір зат мұражайлық жәдігерге айналу үшін біраз сатыдан өтуі керек. Мұражайлық маңызы бар заттарды ұзақ мерзімге сақтау үшін немесе жоспарланған  есептерге пайдалану үшін біршама  жұмыстар жүргізілуі керек.  Ең бірінші, зат туралы деректер, яғни не үшін пайдаланғаны, табиғаттағы немесе қоғамдағы  ортасы, адамдармен, не болмаса басқа затармен байланыстары толтырылып, есепке алынады.  Алғашқы нақты ғылыми жұмыстар жүргізілгеннен кейін барып, мұражайлық зат ретінде танылады. Мұражайға жәдігер ретінде қабылданғаннан кейін, ол заттың қабылданғанға дейінгі атқарған қызметі мен маңызы айтылмайды. Мысалы, тас шапқы еңбек құралы ретінде пайдаланған болса, мұражайлық жәдігер ретінде сақталған соң, белгілі кезеңнің куәсі ретінде есептеледі. Тағы бір мысал, біздің қорда археологиялық материалдардың ішінен Шербай қорымынан  табылған  қыш  ыдыстар – күнделікті тұрмыста пайдаланылған  құмыра. Ал қазір мұражайлық маңызы бар жәдігер ретінде белгілі дәуірдің, яғни б.з.д Андронов мәдениетінің Федров кезеңі туралы үлкен тарихи мағлұмат беретін құнды дүниеге айналып отыр. Мұражайдағы жәдігерлерді көпшілікке  насихаттаудың үш құрылымы бар. Олар: информативтік (ақпараттық), аттрактивтік, экспрессивтік

Информативтік (ақпараттық) – мұражайлық заттың мағынасын ашады, яғни оның  тарихи жағдайларға, мәдени-табиғи құбылыстарға, т.б оқиғаларға қатысы туралы хабарлар береді. Жәдігердің ғылыми сипаттама құжатындағы мәлімет зат туралы хабар  болып табылады. Зерттеуші В.В.Кондратьева информативтік құрылымды екі топқа  бөліп қарастырған. Ішкі  және сыртқы  хабарламалар. Ішкі хабарламаға заттың өлшемі, пішіні, жасалу технологиясы, материалы, жазбасы, қолы жатқызылады.

Сыртқы хабарларға заттың тарихы, яғни қай жерлерде пайдаланылды, кімдермен байланысты болды деген сияқты деректер қамтылады. Осы екі хабарлама бір-бірін толықтырады және жәдігерді мұражайлық зат ретінде танытады.

Аттрактивтік құрылым – бұл заттың сыртқы келбеті. Заттың пішіні, өлшемі, түсі, көрерменді  қызықтыруы – осы құрылымға тән ерекшелік.

Экспрессивтік құрылым – бұл затты көру арқылы санамыздағы белгілі оқиғалардың тарихи құбылыстардың еске түсуі, яғни жаңғыруы.

Мұражайдың негізгі  құндылықтары – оның коллекциясы. Коллекцияны толықтырудың екі жолы бар: біріншісі – экспедиция, екіншісі – сатып алу. Коллекцияны жинаудың осы екі жолы да мемлекет тарапынан ақша бөліну арқылы іске асырылады. Біздің мұражайдағы жәдігерлер негізінен археологиялық қазбадан табылған заттар мен  көпшіліктің өздері алып келінген заттарды сатып алу арқылы қорды толықтыруда. Қор комиссиясы қорда жоқ, қажетті, сирек кездесетін дүниелерді сатып алып отырады.

Мұражайлық заттар бірыңғай (бір тектес) және бірегей болып бөлінеді. Бірыңғай заттарға   стандартпен бір мезгілде жасалынған заттар кіреді. Мысалы, тас ғасырында  пайдаланылған қырғыштардың бірнеше данасы біздің қорда сақталған. Олардың материалы, түсі, пішіндері біркелкі. Бір емес бірнеше данасы болғандықтан, бірегей деп айтылады.

Бірегей заттарға қорда жоқ заттар мен мемориалдық жәдігерлер   кіреді. Оларға белгілі қоғам қайраткерінің ұстаған заттары немесе ғылымға, мәдениет пен өнерге қатысты   дүниелер жатады. Сонымен бірге жеке-дара заттар мен ерекше тарихи-көркемдік құнды,  сондай-ақ, саны бір дана болып шектеліп шығарылған заттар  бірегей болып есептеледі.

«Сіздің артыңызда қалдырған мұраңыз – жинаған байлығыңыз, жай ғана құндылықтар емес, жақсы өткізген өміріңіз. Құндылықтар – адамдардың  не үшін өмір сүретінінің  белгісі» деген екен Т.Джефферсон.

Олай болса, мұражай қорын толықтыру мен ондағы жинақталған құндылықтарды зерттеп-зерделеу барлығымыздың міндетіміз.

Ұқсас сұрақтар

...