+1 дауыс
67.0k көрілді

Сын есімі бар жұмбақтар мен жаңылтпаштар керек болып тұр?


Жаман жолдас жауға алдырар,
Жаман би дауға қалдырар.

Ел-елдің барі жақсы,
Өз елің барінен жақсы.

Акылсыз адам айкай келеді,
Жан-жағын жайпай келеді.
Акылды адам жай-жай келеді,
Жан жағын байкай келеді.

Жаман итті еркелетсен,
Аузыңды жалар.
Жаман адамды еркелетсең,
Жанынды алар.

Жаңылтпаш

Ою ою ойым бар-ды,

Ойналмастан ойын қалды.

Орындалмай ойымдағы

Ойылмады ою-дағы.

Орашолақ, олақпын ба,

Оя алмадым оюларды?

Біреуі көрікті кісі,
Біреуі бөрікті кісі.
Көрікті кісі – зорықты,
Бөрікті кісі – қорықты.


Ала-ала алашалар,

Тамаша олар,

Оған кім таласа алар.

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қондық жаңа қонысқа,

Қалың екен жоңышқа.

Қоныстағы жоңышқа,

Оралады қонышқа!

2)Қара қазан

тұрып-тұрып

бұрқ-бұрқ қайнады.

Қара бала

жүріп-тұрып

жұріп-тұрып ойнады.

3)Ақ тай ақ па?

Қара тай ақ па?

4)Сорпа іштік,

Сорпа ыстық,

Сондықтан,

Қорқа іштік.

5)Жабайы маралдар бар,

Араларында жаралы маралдар бар

6)Ала тайды –

Балақай мініп жүр.

Ала тай

Балақайдың мінгенін біліп жүр.

7)Ұқыпты бала –

Кітапты түптеп тастады.

Ұқыпсыз бала

Кітапты бүктеп тастады,

Жұмысын басқаға жүктеп тастады.

8)Баланың жаман баға алмағаны,

Мұғалім ағаның жаман болмағаны.  

Жұмбақтар

1)Қабақта қара бурам шөгіп жатыр.(Қазан)

2)Бір мешкей бар төрт құлақты,

Қою, сұйық жегізіп жұртқа ұнапты.(Қазан)

3)Айтайын мен бір жұмбақ табасың ба,

Таба алмай аң-таң болып қаласың ба?
Дарияның ортасында қоңыр үйрек,
Құйрығы дарияның жағасында.(Қазан мен шөміш)

4)Беті үлкен тым-ақ өзге денесінен,

Бұлаңдап түсіп шығар кемесінен,
Ішіне қарын-қарын суды құйып,
Шығады сүңгіп-сүңгіп денесімен.(Ожау)

5)Көрінер анадайдан сары болып,

Қайнайды от пен су сары болып,
Өзінің ұстайтұғын құлағы бар,
Және де ағызатын бұлағы бар.(Самаурын)

6)Мұрны ұзын,аузы көрдей қара кемпір,

Төркіні Бұқар жақта,өзі жесір,
Бір күні бұл қашып кетер-ау деп,
Сыртынан бес кісіні қойдық кепіл.(Құман)

7)Көк лағым көген сүйреді.(Ұршық)
8)Алды ұзын, арты қысқа,

Беттері өзіне сай әрбір тұста,
Суықта да, жылыда да пана болар,
Таппасаң басыңдағыны қолыңа ұста.(Тымақ)

+1 дауыс
1.Қара сиырым қарап тұр,

  Қызыл сиырым жалап тұр.

2.Үй үстінде асыл тас,

   Алайын десем алынбас.

Тағы да есіме түсіп жатса жазармын.
оның сын есімі жоққой
0 дауыс
Мөлдір моншақ,

Өзі жұмсақ (шық)

Көшіру диктант.

Иір-иір денесі,

Сахараның кемесі,

Ащы шөптер тамағы,

Шөлге шыдап бағады.  (түйе)

Сабақтың тақырыбы Сын есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Сын есім туралы толық теориялық білім бере отырып, сөйлем ішінен сын есімді тауып, сұрақ қоюға, сұраққа ынта-ықыластарын аудару.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөз таптары туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелігі: Кішіпейілділікке, жылдамдыққа, мәнерлі сөйлеуге, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сюжетті суреттер, ереже, алма.
Әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап, сөзжұмбақ, венн диаграмма, топтастыру.
Түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
55-жаттығу. Батаны жатқа сұрау.
Болымсыз етістікті табу.
ІІІ.Бекіту.
- Етістік дегеніміз не?
- Түрлерін ата.
- Болымды етістікке мысал келтір.
- Болымсыз етістік дегеніміз не, мысал келтір.
ІV. Жаңа сабақ.
Сөзжұмбақ шешу.
етістік
туынды
не
негізгі
болымсыз
кім
болымды
1. Не істеді? Не қылды? Қайтті? сұрағына жауап беретін сөз табы.
2. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістікті не дейді?
3. Зат есімнің сұрағы?
4. Негізгі түбірден болған зат есімді қандай зат есім дейміз?
5. Кетпе, жұлма, айтпа сөздері қандай етістік?
6. «Оқушы» сөзіне сұрақ қояйық.
7. «Күл, жаз, кел» сөздері қандай етістік?
Тігінен «Сын есім» сөзі шықты.
Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сын есім».
1. Қызығушылығын ояту.
2. – Балалар мынау не?
3. – Алма
4. – Иісі қандай?
5. –Жұпар иісті, жағымды.
6. –Үлкен
7. –Түсі қандай?
8. –Қызыл
Яғни, біз бір заттың сындық ерекшеліктерін атадық.
Ереже шығарайық.
Заттың сынын, сапасын, түрін, пішінін білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Қандай? Қай? сұрақтарына жауап береді.
2. Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап.
Сырты жасыл, қап-қатты,
Іші қызыл тәп-тәтті.
Жұмбақтың шешуін табуға қандай сөздер көмектесті? Олар заттың несін білдіріп тұр.? (түсін, сапасын, дәмін)
2-жаттығу.
Суретке қара. Керекті сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап бер.
Күн қандай?
Аспан қандай?
Жапырақтар қандай?
Керекті сөздер: көңілді, ашық, көк, көгілдір, жасыл, сары, жабысқақ, нәзік.
Қай сөз алғашқы екі сұрақтың жауабы бола алады?
Сұрақтарға жауап жаз.
3. Сергіту сәті. Ойын: «Мен қандаймын»?
Шарты: Сыныптағы әр оқушы өзінің аты қандай әріптен басталса, оған сол әріптен басталатын сын есім сөзін қосып айтады. Мысалы: Айнұр - ақылды. Әсем - әдепті.
3-жаттығу. Қияр туралы жұмбақ құрастыр. Ол үшін қиярдың белгілерін (түсі, түрі, дәмі) ата.
Жұмбақтағы әрбір сөз қандай сұраққа жауап береді?
4-жаттығу.
Суретті қара. Әрқайсысының мазмұнына лайық сөйлемдерді төмендегі мәтіннен таңдап ал.
Мәтінді ретімен көшіріп жаз. Сын есімдердің астын сыз.
4. Ойын. «Тез ойла, сөз ойла»
Тәтті, жасыл, әдемі
V. Қорытынды.
Венн диаграмма.
VІ. Үйге тапсырма.
6-жаттығу.
Әткеншекке жасырынған жидек аттарын тап. Оларға қатысты қандай сын есімдерді айта аласың?
VІІ. Бағалау.
Темір аяқты,
Ағаш таяқты. (циркуль мен қарындаш)
Алыстан қарасам аппақ,
Татып қарасам тәтті-ақ (қант)
Ақ түсті,
Көк түсті,
От түсті,
Тот түсті-
Төрт түсті жер үсті. (қыс, көктем, жаз, күз)
0 дауыс
маған би деген созге бестармақ құрау керек еді.
0 дауыс
Жұмбақтың жауабы бар ма екен
0 дауыс
Менің атым молдир
...