Елбасына, еліме арнау
Біз жараттық мына ғажап ғасырды,
Тарихы оның Елбасымен ашылды.
Отанымның өр намысты киесі,
Құрметтейтін жиырма бірінші ғасырды.
Бақыт қонды халқымның бүгін басына,
Нұрсұлтандай ағам қонды тағыма.
Жас ұрпақтар желбіретіп, нық ұста,
Елбасының үлгі болар жолын да.
Алтын күн нұрын төксін аспаннан
Аман өттік тағдырдың салмағынан.
«Ертеңгі енді елімнің- сендер жастар»
Деп Елбасы емірене ақтарылған.
Елім- жерім кемімей толсын деймін,
Барша жұртқа жақсылық қонсын деймін.
Келешекте Қазақстан Республикасы,
Бар әлемге танымал болсын деймін.
Бибрих Елизавета 5 сынып.
Елбасы елімен бірге
Жүргенде қатарында Кеңес Одақтың,
Жоғалтып ала жаздап дәстүр-салтын.
Көтеріліп,қазағым желтоқсанда,
Осылай тәуелсіздік алды халқым.
Бұл күнді армандаған баршаларын,
Мерт болған жері үшін бабаларым.
Мың өліп-мың тірілсе Алашорда,
Жеткізді осы күнге ағаларым.
Сенімін ақтаймын деп өз халқының,
Алдында уәде берген бәз халқының.
Мықты елдің қатарына қосам деген –
Анты бар ел алдында Елбасының.
Ақмоладан жасады Астананы,
Танымастай өзгертті бас қаланы.
Зауыт салды, жол салды, мектеп салды,
Аяқталмай қалмады бастағаны.
Танытты қазақ елін дүйім жұртқа,
Мойындады елімізді үлкен спортта.
Елбасы еліменен бірге болса,
Алынбайтын біздерге шың болып па?