+2 дауыс
102k көрілді

Осы сілтемедегі шығармалардан басқа өзгеше Тәуелсіздік туралы қазақша шығармалар, жоспарымен керек еді. Тәуелсіздік туралы шығарма жоспарымен, эпиграфпен керек еді?

«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» (Н.Назарбаев)

Жоспар:

Кіріспе
Жаңа ғасырға аяқ басқан жаңа Қазақстан.
Негізгі бөлім
1.Тарих беттерін парақтасақ…
2.Ұмтылмайды Желтоқсанның ызғары.
3.Менің бар бақытым-қасиетті Отаным.
Қорытынды

Қазақстан тәуелсіздігі мәңгілікке.
Адам баласы, адамзат қоғамы қашанда алдағы болатын оқиғаны әрі аңсай, әрі абыржи тосқан ғой. Әсіресе, ғасыр, мыңжылдық сынды,тарихта өшпес ізі қалатын межелі кезеңдер таянғанда қатты қобалжығаны рас. Үшінші мыңжылдыққа аяқ басу үшін де бір ғасыр бойы дұрыстап әзірленіп, әр қилы милленаристік қозғалыстарды бастапты. Сарыуайымшылдар қауымы: «Киелі кітапта айтылатын қиямет-қайым деген орнаса, осы жолы орнайды. Жасаған күнәміз,істеген жаман істеріміз шашымыздан да асып кетті. Ол үшін күллі адамзат болып жауап беретін кезіміз енді келді», – деп қорқыпты. Қиялшылдар қауымы: «Жаратқанның жердегі,ақ желкенді кемемен жақсылық жағасына асыққан үмбетін тегіс жарылқайтын заманы енді орнайды. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман орнауын талай күтсек, енді сол заманға аяқ бастық», – деп қуаныпты.
Сөйткен жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдық келді.Сол ғасырдың қызығын көріп өмір сүріп жатқан біз бір пендеміз.Сәуегейлер қанша құйқылжытқанмен, әзір бәрі бәз-баяғысынша. Таң орынынан атып тұр. Күн орынынан батып тұр. Қиямет-қайым болған жоқ.
Адамзат жиырмасыншы ғасырдың табалдырығын неше түрлі әлеуметтік алақызбалыққа ұрынып, еліре аттапты. Енді сол өткеннің бәрі су сепкендей басылды. Тәңірім, жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдық табалдырығынан аттап отырған біздерді де қай-қайдағы әулекіліктерге ұрындырмай, етек жиып, ес түгендеп алуымызға мұрша бергізгей.Алтын уақытымыз тәуелсіз елдік бейбіт күндеріне ғана жұмсалсын деп тілейміз.
Төңірегімізге осы тұрғыдан көз тастасақ, көкте бір Тәңірге, жерде бір өзіңе ғана сеніп, көреміс жарықты көріп, бұйырмыс ырзықты татып, сүйгізген ұрпағын сүйіп, өлшеулі ғұмырға пейіл болудан басқаның бәрі күпірлік екендігіне көзіміз тегіс жете бастағандай. Оған да «шүкір» дейміз. Көңілге медет қыларымыз тек бір бұл емес. Ең бастысы, жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдыққа егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттадық. Бұған жеткен де бар, жетпеген де бар. Өйтіп, біреуді көріп шүкір етіп, біреуді көріп пікір ету үшін де өткенге ой, бүгінге көз жіберуге тура келді. Ол үшін, ең алдымен, бір сауалға – бұл күнге қалай жеттік? – деген сауалға жауап іздеуіміз қажет сияқты.
Егер біз сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен көз жүгіртіп байқасақ, ежелден–ақ ата-бабаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен. Отанымызды қорғаған еліне деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алып, ат құлағында ойнап жүріп жауын жеңуі сақ қызы — Тұмар падишаның ерлік істері. «Маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат. Сонда енді не бар?!» деп тұрсыңдар ғой… Менде ел бар, менде жер бар, мен елімді-жерімді қорғадым, — деген Тұмар падиша осындай байтақ та бай дархан Отанымызды жұдырықтай жүрегіндегі ерлік сезіммен қорғағаны сөзсіз. «Тар қолтықтан оқ тисе, тартып алар қарындас» — деп қыздарға сеніммен арқа сүйеген де, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан,ержүрек батыр қыздардың Қазақ топырағында болуы бізді зор мақтанышқа бөлейді.Сол аға-апаларымызды еске алсақ біз олармен мақтанамыз,ерліктеріне сүйсіне қараймыз.
Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтаныш тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар,кеудемізге қиналғанда үміт отын жағар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Олардың қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұлан ғайыр ата-қонысының (этникалық территориясын) қалыптасуын; ұлттық мемлекттігіміздің бастауы – Қазақ хандығының құрылуы мен дамуын; өзі отырған тағы емес, билеп отырған халқының бағын ойлап,жау қолына тойтарыс берген хандар мен оларға ел мен мемлекет тұрғысынан ақыл-кеңес берген,кемшілікті айта білген ұлы билер дәстүрлерін; ата-бабаларымыздың елімзге,халқымызға тән өзіндік шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруын, таңғажайып этномәдени үлгілерін жасау арқылы әлемдік өркениетке қосқан алып үлесін, батырларымыздың жер мен ел тәуелсіздігі мен ата-қоныс тұтастығын сыртқы,тіпті қала берді ішкі жаулардан қорғаған үлгісін жатқызуға болады.
Алла Тағала біздің елімізге осыншама кең жерді нәсіп еткенін түсінуге ұмтылсақ, ұшқан құстың қанаты талатын осынау ұлан ғайыр Алтай мен Атырау аралығын ата-бабларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келген. Ата жауымыз болған сан жылдық қарсылас жоңғарлардан даламызды арашалап қалған батырлардың ерлігі туралы дәстүрлі тарихи жырлар Исатай, Махамбетке байланысты мұралар, Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы көтерілген ұлт-азаттық қозғалыстың басты кейіпкерлері туралы жыр-дастандар біздің ұлттық сана-сезімімізді көтереді.
Азаттық қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың нешеме бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Ат үстінде өткен ғасырлар көп болды. Қазақтың соңғы ханы Кенесары азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді. Қаша ұрыс салып жүргенде қапы кетті. Ханның басы қанжығада кете барды…
Ата дініміз ислам болғандықтан, мұсылмандық сабырлықпен, ұстамдылықпен соғысқан Кенесары жауынгерлері әуелі «Алла» деп, содан кейін «Абылай», «Ақжолтай» деп, өз ерлерінің қадірін бағалай біліп, ұранға айналдырғаны мәлім. Әруақтарын ұран қылғанда ол есімдерге Алланың ерекше нұры түскенін мойындап, сол арқылы сол кезде қажет рухани күштің әсерін сезінгендері белгілі. Бізге бүгін қажет жігерліктің, батырлықтың, біліктіліктің, адалдықтың, Отансүйгіштіктің мысалдары өткен тарихи оқиғаларымызда жатыр.
Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай Қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады.Жауын торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоқңдап қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан- Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы екні сөзсіз.

Айдын шалқар, күміс сулы бұлағым,
Жасыл –желек ат көрінбес құрағым.
Мыңғырған мал даласында жайылған,
Бабалардың болған сондай тұрағы.
Бұхар, Қоқан бұл байлыққа қызықты,
Орыс патша арам ойлы бұзықты.
Қорған салып, жерін алып, қуса өзін,
Сонда көрген сорлы Қазақ шыжықты.
Қазақта жер қалмады патша алмаған,
Елін, жерін, малын тегіс жалмаған.
«Қойға тиген қасқырдай» боп қазақтың,
Отаршылдық қыр соңынан қалмаған…

Халық басына осындай қиын-қыстау заман зары туған шақта, Қазақ қауымының бас көтерген батыр да ержүрек перзенттері елдің елдігін, ердің ерлігін сақтап қалды.
Абай, Шоқан, Ыбырай дәуірін қылыштан гөрі қаламның қуатты екенін дәлелдейді. XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басын ала бере тарих сахнасына қазақтың оқығандары шықты. Ол кезде Отанымызда кеңестік кезең орнаған еді. XX ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысында күшейген Сталиндік әміршіл-әкімшіл жүйе қоғамның тарихи заңдылықтарына қайшы келетін эксперименттер жасағанын бірінші кезекте айтар едік. Олар бүкіл КСРО-ны, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды Бұл эксперименттердің басты бағыттары мынадай болды: ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және соның негізінде байлар мен ауқатты шаруаларды тап ретінде жою; аса тез қарқынмен елді индустрияландыру (бұл шара негізінен колхоздарға зорлап кіргізілген шаруаларды аяусыз қанау есебінен жүргізілді); мәдени-рухани салада, демографиялық саясатта, ұлт мәселесінде жергілікті (ұлт аймақтарындағы) халықтарды орыстандыру; қоғамдық саяси өмірдің негізгі салаларында тек қана комунистік идеологиялық үстемдігін орнату.
Осылардан туындайтын және басқа да ірілі-ұсақты шаралар болды.Тоталитарлық тәртіп жүзеге асырған халыққа жат саясат аса зор, қасіретті зардаптар әкелді: жаппай отаршылдықтың салдарынан Қазақ халқының жартысына жуығы қырылды; өзінің атамекенінен басқа елдерге ауа көшті, тіл мен діл, дін мен ұлттық сезім, таным жойыла бастады;қазақ халқы өз жерінде ұлттық азшылыққа айналды…
Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Мұстафа, Смағұлдар алаш туы астында ел болуға, мемлекет құруға шақырды. Сұлтанмахмұттың «Өлер жерден кеттік біз, бұл заманға жеттік біз» деп жапанға жар салатын кезінде ұлт зиялылары не істеу керек, қайтеміз, қалай ел боламыз?- деп ойын он саққа, қиялын қырық саққа жүгіртіп еді. Сонда Әлихан Бөкейхан «Автономия, бізге керегі – автономия!» деп қайта-қайта шырылдап, телеграмма салумен болды. Сондағы ойы «мемлекет құрып алайық, мемлекетіміз болса, қалғанының бәрі болады» деген асыл арман-ды. Қазақ автономиясын жариялағанда алаштың арыстары «міне, ел болдық, еркіндік өз қолымызға тиді» деп бөркін аспанға атты. Алайда, бұл қуаныш ұзаққа бармады. Қазақтың еркіндігінен қорыққан қызыл империя көсемдері алаш туы астына бірікендердің бәрін біртіндеп құртты. Ең алдымен Жүсіпбек Аймауытовты атты. Қалғандарын, қияндағы Шәкәрімнен бастап қаладағы Қазақ оқығандарын түгел қырды. Мұстафа Шоқай шетел асты… Алашорда партичсына мүше болғандардан жалғыз Мұхтар Әуезов қана аман қалды… Алаш деген сөзді тарихи санадан өшіру әрекеті басталды. Дүниедегі ең жек көрінішті сөзге айналдыруға тырысушылардың «еңбегі» зая кеткен жоқ. Әлі күнге дейін кейбіреулер алаш дегенде селк ете қалады… Қазақтың өз билігі өз еркінен кеткен соң қара халықты қалай қорлаймыз деп қызыл империя аса қиналған жоқ.
… 32-33-тің ашаршылығы қолдан жасалды.
… 36-37-нің қырғыны әдейі істелді.
1937-1938 жылдары яғни, бір жылдың ішінде 125 мың Қазақ зиялысы қырылған. Жоғары білімді қазақтың бетке ұстайтын азаматтарының бар кінәсі — көзі ашық болғаны, өз ұлтының намыс-сезімін жақтағандары ғана. Бүгінгі ұлттық сана-сезіміміздің құны осыншама құрбандықпен келгенін есте сақтағанымыз жөн болар еді. Осы асыл азаматтардың үзілген жас, қыршын өмірлері, орындалмаған үміттері, армандары бізге аманат сияқты болып көрінеді.
«Мен үшін Отаныма адал солдат болудан артық бақыт жоқ», — деп Ислам Жеменей айтқандай, Отан қорғау жолында 1941-45 –ші жылдары ең көп қырылған Қазақ солдаттары еді. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 196 мың адам қару асынып, майданға аттанды. 700 мың адам еңбек армиясының сапында болды. Соғыстан тек 410 мың Қазақстандық жауынгер ғана оралды.
Осыншама нәубеттің ішіндегі ең сұмдығы – 1949 жылдан Қазақ халқы атом полигондарының сынағына тасталды. Қазақ қоян құрлы болған жоқ. XX ғасырда дүние жүзіндегі бір де бір ел Қазақ көрген азапты көрген жоқ. Аяулы Отаным — Қазақстан – ядролық қарудың қасіретін әлем бойынша ең көп тартқан ел. Оның талай ғасырға жететін тарихын қозғасақ, бабалардың басынан кешкенін көзге елестетсек, көздің жасын тия алмаспыз. Қазақстан ядролық инфрақұрылымнан құтылуды әлемге айғақ еткен, әлемге Қазақстанды бейбітшілікті сүйетін ел ретінде танытқан, еліме тәуелсіздіктің туын желбіреткен елбасы Нұрсұлтан ағамызға алғысымыз ұшан-теңіз. Атом сынағынан аман өттік, бұл заманға да жеттік. Аяулы Отаным — Қазақстан жерін бабаларымыз ерлікпен қорғап бізге қалдырған, кейінгі ұрпағыма «Асыл мұрам, ал балам» деп айту үшін, бізге тұтас уланбай, жоғалмай, өртенбей, сынбай-жанбай, ауыр азап, қиын-қыстау кезеңдерді бастарынан өткізген екен. Халқымыз сол заманнан бері –ақ, елінің елдігін, жерінің байлығын сақтап қалу жолында талай ержүрек, ақылды, шешен де білгір азаматтарының бастауымен «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген қағидаларды сақтап, «Абылайдың ақ жолы», «Нұрсұлтан ағамыздың нұрлы шапағатына» ұласып отырғанын көріп отырмыз. Әрбір адам баласын тіршілік етіп, өзін-өзі асырап отырғаны, ұрпағын қалдырып, дамып жатқаны осы Отанның арқасында. Отан сүйгіштік кісінің бойындағы күш-қуатын, білімі мен өмір тәжірибесін халық мүддесінің игілігіне,кір жуып кіндік кескен жеріне деген ыстық махаббаты оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім.
Мәселен, М. Әуезов «Отан –анам. Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іскер күшім жоқ», дейді. Ал, В.А.Сухомлинский: «Отан — өз бесігің, өз үйің, өз бесігіңді ұмытпа»,- дейді. (4,254 б). К.Г. Паустовский: «Адам жүрексіз өмір сүре алмайтын болса, Отансыз да өмір сүре алмайды.», — дейді. И.С. Тургенев: «Отансыз бақыт жоқ, кім-кімнің де тамыр жаяр топырағы — туған жер», — дейді. (5, 489б). Ал, Ж.Ж. Руссо: «Ең зор ізгі ерліктерді Отанға деген сүйіспеншілік туғызған»,- дейді. Ф.М. Достоевский: «Өз Отаныңның мүддесін қорғап, өміріңді құрбан етуден асқан асыл мұрат жоқ», — дейді. (6, 101б). Л.Н. Толстой: «Отан халықтың өткені мен бүгіні және келешегі», — дейді. (3, 287б). Осындай небір ұлағатты, қасиетті сөздер көзі ашық, көкірегі ояу азаматқа рух берері сөзсіз. Қаны қандас, тілі тілдес, дініміз де тіліміз де бірдей бауырлас аға мыз Расул Гамзатов өзінің әкесінде Шамильдей ерлерінің бір хатының сақталғанын айтады. Онда былай деген екен: «Менің таулықтарым! Өздеріңнің жалаң жабайы жартастарыңды сүйіңдер, оны сақтаңдар, ол үшін күресіңдер. Сендердің қылыштарыңның шыңылы менің бейіттегі ұйқымды тәтті қылар». Ал, Отансүйгіштік туралы айтылған ақын тебіреністері де бірінен-бірі асып түседі.

«Отанның намысы үшін оттан қашпа,
Шын сүйсең мақсатыңнан қия баспа.
Тайсалма бар Отанның құрбаны бол,
Өмірің орынсыз боп кетпес босқа».
О, дариға, алтын бесік — туған жер,
Қадіріңді келсем білмей кеше гөр

Отан!
Қайсар ар-намысым, жайсаң іңкәр шапғым
Перзентке жүктеген қорғанысын,
Сен намыстың ну қалың орманысың.
Сол үшін шыңнан заңғар атағың
Тұлғасына табындырған,
Алыс жүрсем сабылтып, сағындырған,
Менің ұлы әкем сенсің, Отаным!

– деп Мұхтар Шаханов жырлаған. Қайсар ар-намысты аға ұрпақ кеңес үкіметі жылдарында, атап айтқанда, 1929-1931 жылдары, Қазақстанды күштеп ұжымдастыруға қарсы 370-тен астам көтерілістер мен әртүрлі деңгей мен көлемдегі қарулы қарсылықтар ұйымдастырды, ал, 1917 жылғы Қазан революциясына дейін халқымыз отарлық езгіге қарсы 400-ден астам ктерілістерге шығып, наразылықтар көрсетті. Осындай азаттық күрестің басында халқымыздың ортасынан қайнап шыққан ірі-ірі тұлғалар болды. Солар көрсеткен үлгі, сеппкен ұрық бір ұрпақтан екінші ұрпаққа табиғи түрде ауыса келіп, 1986 жылғы желтоқсанда жаңғыруына әкелді. Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың өлместігін жарқын түрде дәлелдеді.
1986 жылғы желтоқсанда елде жария етілген қайта құрудың 20-шы айы өтіп жатқан-ды. Құқықтық мемлекет құрамыз дегенге сеніп, Горбачевтік «сәуір тезистерінің» тың идеяларымен жігерленген Қазақ жастары орталықтың бұрынғыша өктемдігіне келіспеушілігін білдіруге митингілер, шерулер өткізіп алаңға шықты. Қылышынан қаны тамып, жарты әлемді билеп тұрған қызыл империя кеңестік коммунистік партия кезеңінде Қазақ жастарының ұлттық намысн ту етіп, отаршылдыққа қарсы алғаш жойқын бұлқыныс танытуы Мәскеудегі өктемшіл шовинистердің төбесіне жай түсіргендей әсер етті. Өйткені, уысындағы қол бала іспеттес көптеген ел бұдан «үлгі-өнеге» алып, ол өрт қаулай түссе, халдерінің мүшкілденетінінен қауіптенді. Оны олар алдын-ала сезді де, басқыншылық әрекеттерге, фашистік қатыгездік қадамдарға да көз жұма барды. Әділдіктің салтанат құруын сұраған жалаң қолды бейбіт жандардың тілектеріне құлақ асқысы келмеген озбыр орталық жүйесі жүректері тітіркенбестен мұздай қаруланған әскермен шеруге шыққандарды аяусыз жаншыды, итке талатты, бас-көз жоқ ұрып соқты. Кремльден кесепатты бұйрықтың пәрмені солай аласапыран құбылды.
Қазақ жастары Алматыда, Талдықорғанда, Ақмолада, Орталық Қазақстанның бірнеше елді мекендерінде тоталитарлық билік жүйесіне қарсы көтеріліп, өкіметке саяси талаптар қойды. Желтоқсан көтерілісі сол кездегі кеңес одағының керегесін шайқалтып, КСРО-дағы ашық демократиялық үрдісінің негізін қалаушы оқиғалардың бірі болды. Белгілі ән-өлеңінде айтылғандай, «желтоқсан гүлді солдырып, нұрды оңдырып, көңілде мұңды із қалдырып» қана қойған жоқ, сонымен бірге және ең маңыздысы – халқымыздың ең алдымен жас буынның ұлттық санасын оятумен, ұлттық намысын көтеруінде болды. Ол еліміздің тәуелсіздік алуының алғышарттарын дайындауға қызмет етті. Қатыгездігі мың батпан солақай саясат орын алған соң, жүздеген еркіндік аңсаған ақ ниетті жас азаматтар алаштың арманын асқақтатып, кеудемсоқтықты көксегендерге ойсырата соққы жасады. Мұндай тегеурінді қарсылықтың болуы тиіс емес деп есптейтін кеудесіне нан піскен КОКП төбе шашы тік тұрып, «бұл нағыз Қазақ ұлтшылдығы» деп апыл-ғұпыл баға беріп тастады. Олар үшін, әрине, бұл оп-оңай шаруа. Ал, сонда халық намысын қайда қоймақпыз? Орталық партия комитетіндегілер Қазақ жастарының Респубика алаңына шығуын нашақорлардың, маскүнемдердің әрекеті деп жалпақ жұртқа жария етті. Уақыт өте өздері ушықтырып, күш қолданғандықтарын бүркемелегісі де келді. Бұл үлкен оқиғаны тент ектік әрекетке балауы көрсоқырлық еді. Көп ұзамай шындықтың бет пердесі ашылды. Оған көзі жеткен кеңес одағының тізгінін ұстаған серкелер «қазақ ұлтшылдығы» деген КОКП шығарған қаулының, яғни, Қазақ халқына жабылған жаланың күшін жоюға мәжбүр болғаны белгілі. Жазықсыз, қиянатпен жоғары оқу орындарынан шығарылған, сотталған сан мыңдаған қыз-жігіттер кейін ресми ақталды. Бірақ, олардың жүректерінде қалған қаяу, сызат-дақ кете қойды ма екен?! Талайы зардабын шегіп, қасіретін тартты. Қаншама өрімдей жасөспірімдер қанаты қайырылса да намысын жерге таптатпай, еңселерін биік ұстады. Бірақ, сырын сыртқа шығармай, шерін тарқата алмай іштен тынды. Заман райы солай болды. 1991-жылы Қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. Шын бағасын иеленбеген желтоқсан көтерілісін жай оқиға деу қиянат екенін дауыстап айтуға мұршамыз келеді.
Мұстафа Ататүрік айтқандай, «шынжырларды балқытып, тәжбен тақты күйрететін күшті нұр- ұлттық егемендігімізге қолымыз жетті».

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

– деп ақын жырлағандай, желтоқсанның мұзға жаққан алауы, 1991- жылы 16-желтоқсанда тәуелсіздік таңын тудырды. Бұл күнді тарихи бір сәт десек те болады. Әрине, қарапайым ұғымда. Ал, мұны дүниенің жаратылысымен тарих дөңгелегінің заманалар белесіндегі қасиетімен даралап айтсақ, Қазақстан тарихында бұл дата ешқашанда ұмытылмайтын, бақытты баға сымен халқымыздың есінде мәңгілік сақталып қалары анық.
Тәуелсіздік — халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік — халықтың тойы, елдің тойы. Қалың Қазақ, алты алаш туған күн, мерейтой.
«Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 15 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, егемен Қазақстанды бүкіл әлем таныды. (9,1 б). Туған Отанымыз жер жүзілік қауымдастықтың терезесі тең мүшесі ретінде демократиялық өрениетті даму жолына түсті. Үш ғасырға созылған ата-бабамыздың арманының жүзеге асқаны, оған өзімнің куәгер болғаным – мен үшін шексіз қуаныш. Мен өз халқымның ешкімге нақақ қиянат жасамағанын мақтан етемін, ал, қиянат жасамағанға Алланың көзі түзу. Біздің қолымызда қанның емес, тердің иісі бар. Демек, біз — жасампаз халықпыз.

Отан, Отан бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен!

- деп өткен ғасырда жүрегінен сыздай жырлаған жырлаған ақын сөздері бүгінгі ұрпақтың санасында өшпестей жаңғырып тұрады: қасиетті Отан ұғымы – қандай кезде де, қандай қиындық пен қуанышта да, тіпті отаршылдықтың тар қапасында тұншығып жатқанда да, ел басына күн туған аласапыран шақтарда да, және бүгінгідей тәуелсіздіктің бейбіт те шуақты күндерінде де — әрқашан да бәрінен де биік тұрады.
Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ! Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет. XXI ғасырда қазақтың қасіреті аз болғай, қуанышы көп болғай! Таяудағы жүз жылдық, әрідегі мың жылдықтарда қазақтың арманы мен мүддесін, елдігі мен еңбегін хақ тағала баянды еткей!
Енді асқақ Отан деген ұғымға кең құлаш жайып бір тоқталып кетейінші.
Отан… Атамекен… Атажұрт… Тарих… Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды…
Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан-асыр даму көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған. Әдетте, осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстардан соң ғана, әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне түзетулер түсетін. Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз-ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс-жақын жұрттардың бәрін ықтырып келген алып империяның ың-шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді.
Қазақстан — Қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болған.
Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Қазақстан картасы – қазына картасы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да Қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай- ақ біледі.
Дегенмен, жер бедерінде, негізінен, жазық далалы, шөлді және шөлейт аймақтар басым. Олардың арасында Сарыарқа мен Үстірт, Тұран ойпаты мен Батыс Сібір ойпаты, Мойынқұм мен Бетпақдала ұлы өңірлері бар. Таулы аймақтар республиканың оннан бір бөлігін алып жатыр. Оларға Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань тау жоталары кіреді. Ірі өзендер: Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл.
Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының түкпірінде орналасқан. Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте Ресеймен, оңтүстікте, оңтүстік-батыста Орта Азия республикалары Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен, оңтүстік-шығыста және шығыста Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы –13034км. Қазақстан аумағының көлемі – 2 млн. 714,9 мың шаршы км. Оған Батыс Еуропаның Франция, Португалия, Испания, Италия, Греция, Норвегия және Финляндия мемлекеттері түгел сыйып кетер еді. Міне, Қазақ даласы – кең байтақ! Қазақстан жер көлемі жөнінен Ресей, Қытай, АҚШ, Австралия мен Үндістаннан кейін алтыншы орын алады. Сондығынан ғой, күмбір – күмбір көне күй мен толғауы тоқсан жырларымызда – «Ұшса құстың қанаты талады, шапқан аттың тұяғы тозады, Атырауы – айшылық, Қаратауы – күншілік,» — деп толғаған.
Дала төсінде жаңа өмір шуағын төгеді. Оның бауырындағы буырқанған жасампоз өмір тіршіліктің тоқтаусыз соғып жатқан жүрегіндей. Еңбеккері маңдай терін тамшылата төгіп жатса, сыршыл ақыны:

Боз жорға, боз інгенді, боз торғайлы,
Боз дала, ием саған, боз басымды!

– деп жүрек лүпілімен суарылған ақ қанатты жырына қосады. Ғылым адамзатқа қанат бітірді, ғаламат істерге бастады, ғажайып жаңалықтар ашты. Соның куәсі – адам көкзеңгір ғарышқа қадам басты, айға қонды, жұмыр жерді аялай айналып ұшты. Ал ғарышқа жол – Байқоңырдан от алғанын мақтан етпейтін кім бар? Ғарышқа қадам жасаған елдер қатарында біздің еліміздің де еңсесі биік, жалауы жоғары. Ғарышта елдің намысын мәртебелеп мерейін асырған, Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев егеменді елдің ғарышкерлері. Сондықтан ғой қай елдің адамы болсын, өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең қасиеттісі, ең аяулысы – Анасына балайды. Ғаламындағы ғажап тіршілігінің қасиетті мекенін сүймейтін адам болмайды.
«Отан – оттан ыстық», «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі» — деп түйген халықтың қаһарманы Бауыржан батыр: «Отаның үшін отқа түс күймейсің», — дейді. Қазақ елінің есімі аңызға айналып, дастандарға арқау болған батыр ұл – қыздары толып жатыр. Олар – атамекенін, туған елін жан аямай қорғап, ата- бабаларының ерлік дәстүрін сақтау арқылы өздерінің өшпес даңқын шығарғандар.
Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған. Батырлар жырындағы:

Атам күйеу болған жер,
Анам келін болған жер,
Кіндік қаным тамған жер,

- деген қарапайым жолдарда адамның туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігі мен терең де ыстық сезімі тамаша бейнеленген.
Қазақ батыр халық, ержүрек халық, намысшыл халық. Ел басына қиын – қыстау күн туғанда ерлері намыс отын жағып, туған топырағын қасық қаны қалғанша қорғағанына өткен тарих куә, кешегі сұрапыл заман куә.
XX ғасырдың сүргінін бастан кешіп, жаңа мыңжылдықтың табалдырығын жаңғырған қалпында аттаған Қазақстан өзінің барша төлтума болмысын, жарқын да бай мәдениетін, ғасырлар қойнауында қалыптасқан салт-дәстүрін, қызық та қилы-қилы тарихын әлем халықтарының алдына жайып салып, құлдығы мен зорлығы жоқ жаңа өмірді жаңғырту үшін, еңбек пен мәдениетті жарастыру үшін, сұлулық пен парасаттың салтанат құруы үшін, жаппай келісімі жарасқан прогрессивті адамзатпен бір сапта болу үшін жаңаша өмірге қадам басты.
Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты. Бүгінгі Қазақстан — өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пікіріне әлем саясаткерлері ықылас қоятын болды.
Егемендік алған жылдар ішінде өзіне тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын мемлекет құрылды, оның қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі қамтамассыз етілді. Конституциялық жолмен мемлекеттік және саяси билік құрылымдарын жаңарту негізінде елдің демократиялық жолмен дамуының берік іргетасы қаланды. Елдің ішкі экономикалық жүйесі түбірімен өзгеріп, дамыған өркениетті елдердің ешқайсысынан кем түспейтін нарықтық қатынастар мен институттар құрылды. Соның негізінде Қазақстан дүниежүзілік экономикада өз орны бар елге айналды.
Он бес жыл ішінде Қазақ халқының ұлттық санасы жаңғырып, өзін — өзі тану, өзінің бай ежелден қалыптасқан тарихы мен ұлттық дәстүрлерін құрметтеу, ұлы тұлғаларын бүкіл дүниеге таныту, бай рухани қазынасын әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында қыруар шаруалар атқарылды.
Ең бастысы, Қазақ халқымен бірге әр түрлі этностардың да отаны болып табылатын біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты сақтаудың, әр түрлі ұлттық мәдениеттер мен діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін көрсетіп берді.
Бүгінде Қазақстанның негізгі ұлтын Қазақ халқы құрайды. Одан кейін славян халықтарының өкілдері орыс және украин халықтары. Сонымен қатар ең елеулі этносты құрайтындар өзбек. немістер және татар халықтары. Осы біздің елдегі халықтар басын біріктіріп, олардың ұлттық тегіне қарамастан, теңдігін бекітетін құжат бар. Ол еліміздің Ата Заңы, Конституциямыз.
Қаншама рет туы тігіліп, қаншама рет туы қайта қисайған, қаншама мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет мемлекетсіз қалған әрі көне, әрі жас Қазақ халқы қайтадан әлемдік дүбірге қосылып, әлем елдерімен иық тіресуде.

Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығү бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», — деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.
Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты елдің екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Өзіне тәң барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды.
Жыл сайынғы ел Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды. Елбасы өз Жолдауында ішкі саяси мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту екенін атап өтті. Саяси жүйені жетілдіруде құқықтық реформаның маңызды рөл атқарылатының, құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша құқық қорғау органдары функцияларындағы орын алған жағымсыз факт орлардан, сондай-ақ құқық қорғау жүйесі қызметіндегі мөлдірлік пен бақылаудың жоқтығынан туындаған проблемалардан арылудың қажеттігін атап көрсетті.
Елбасы өз Жолдауында құқық қорғау жүйесін реформалаудың бағыттарын көрсетіп берді, олар – құқық қорғау жүйесін оңтайландыру, әрбір мемлекеттік органның нақты құзыретін белгілеу, заңдарды ізгілендіре отырып сапасын арттыру, құқық қорғау жүйесінің қызметінде ішкі ведомстволық мүддеден азаматтардың құқық пен мемлекеттің мүддесін қорғауға ауыстыру. Парламенттік және қоғамдық қатал бақылауды қамтамасыз ету, құқық қорғау органының қызметінде есептілік пен бағалау жүйесін жетілдіру. Сондай-ақ, қазіргі күнде жүзеге асырылып отырған қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолданудың сотқа берілуі азаматтардың конституциялық құқықстарының сақталуының кепілі болып, сот жүйесінде қолдануда жақсы қорытындыларын көрсетуде.
Жолдауда айтылған бағыттарды жүзеге асыру сот жүйесіне деген халықтың сенімін арттыру біздің міндетіміз.Жиырма жылдық бізге тек бақыт пен ырыс алып келсін.Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын.Еуразияның кіндігі қасиет қонған Астана гүлденіп жайнай берсін.

4 жауап

0 дауыс

Тәуелсіз елім - тұғырың сенің биікте. 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні

Қазақстан, Қазақстан алтын күн,
Жанымызды жарылқайтын жарқын күн.
Аталдың сен барлық әлем тілінде,
Атыменен қазақ деген халқыңның.

Қазақстан елім менің берекем,
Татулыққа тұтқа болған жыр мекен.
Жер жаҺанға шашу болып шашылсын,
Арайланған Тәуелсіздік мерекем.

«Қазақстан» деген жалғыз ауыз сөздің құдіреті мен қасиетін осы жерде туған және осы өлкеде өскен әрбір азаматтың сергек сезінуі парыз.Бұл сөз біздің қанымыз бен жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігі. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата- бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып еткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы.
Біздің ата шежіреміз ғасырлар бойы Ресей тарихының құрамды бөлігі болып келді, солай хатталды да. Жаңа Тәуелсіздік заманда өз халқымыздың тарихын өзіміз жазып, жаңа егемендік ел, халық тұрғысынан жазуға мүмкіндік алдық.
Әрине тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қазақ халқының небір қайтпас қайсар батырларының жасаған ерліктерін оқулықтардан оқып білудеміз. Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, небір қазақтың батырлары өз өмірлерін қиып, қанды шайқастарда қаза болды.
Біз үшін қай замандағы тарихымыз болмасын қымбат, айтулы кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да құрметті. Исатай, Махамбеттер патшалық Ресейдің озбыр саясатына қасқайып қарсы тұра білді. Сан зұлматты өткерген еліміз ұлт-азаттық көтеріліске келгенде де тосылып қарап қалған жоқ. Бұл күрестер азаттық үшін өткен сан күрестің соңы емес еді. Елін,жерін жау аяғына таптатпай, сол туған жерінің қарсы қадамы үшін басын өлімге тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш, биік рухқа әр кез таңданамын. Аталарымыздың сол қасиеті елге- мұра, ұрпаққа-ұран болып келе жатыр. Ұлт –азаттық көтерілістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғалары, соғыстың қатал сынағынан өткен жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында, біздің барлығымыз өмір сүру бақытына ие болдық.
Желтоқсан оқиғасы біздің жадымызда. Біз оны көрмегенмен, үлкендер мен апайларымыздың айтулары, теледидардағы деректі фильмдерден жақсы білеміз. Алматының алаңында өткен желтоқсан қырғынының жазықсыз жаласына ұшыраған «қасқалдақтай қаны, бозторғайдай жаны» бар жанкешті жаужүрек жас Қайраттай ағаларымыз болды. Қайрат, Ләззат сияқты аға-апаларымыздың желтоқсанның ызғарында жасаған ерліктерімен, олардың аттарын атамай кетпеуге болмайды. Желтоқсанның ызғарына тоңып, тас қараңғы тас қамалда, Қайрат ағамыздың жазған өлеңдерін оқығаныңызда өлеңдері «Мен қазақпын» деген әрбір жастың, әрбір адамның, жанына күш-қуат беріп патриоттық сезімін оятары анық.
Желтоқсанда да өрімдей аға-апаларымыз жас өмірлерімен қоштасқан. Жыл сайын желтоқсанның 16- да сыныбымызда әрдайым тәуелсіздікке байланысты түрлі тақырыптарда тәрбие сағатын өткізіп тұрамыз. Табаным тиіп Алматы қаласына бара қалсам, желтоқсандағы еліміздің тәуелсіздігі үшін ерлік жасаған, аға-апаларымызға гүл шоқтарын қоймай кетпеймін. Сондықтан да ата, аға-апаларымыздың ерліктерін ардақтап, лайықты құрмет көрсету- біздің перзенттік парызымыз деп білемін.
Мектеп оқушысы болсамда Қазақстанның болашағы үшін, оның одан әрі дамып, көркейіп, гүлденіп 50 елдің қатарына қосылуына, менде өз үлесімді қосқым келеді. Қандай да бір жақсылық болмасын, қиындықпен келетінін білемін. Дегенменде қиындықтарға мойымай, әрдайым қарсы тұрып жеңе білу керек.
Халықта мақал бар: «Өскен ел тарихын таспен жазады, өшкен ел тарихын жаспен жазады» Біздің халық тарихын ғасырлар бойы жаспен жазып келеді. Тәуелсіздік жолы- азаматтық жолы. Тәуелсіздік келді, енді бәрі болады, бәрі орнына өзінен- өзі толады деп, жігеріңді құм етуге болмайды. Абай ата айтқандай, мал табу жолына түсу керек.
Тәуелсіздік жолы- азамат жолы. Егемен елдің азаматы- арлы, зейінді, пейілді, патриот жан. Тәуелсіздік жолы- үміт жолы. Біз бостандық алған елден күтеріміз аз емес. Біз тәуелсіздіктен ең алдымен жарқын болашақ күтеміз, кейінгі ұрпақтан ата- баба аңсаған игі мақсатының орындалуын күтеміз.
Самұрық құс көлбей қағып қанатты,
Қонды келіп Бәйтерекке дарақты.
Шаңқылынан бүкіл дүние оянып,
Елімізде Тәуелсіздік таңы атты.
Біз тәуелсіздіктен аға ұрпаққа әлеуметтік қорған болуын күтеміз. Басқаша айтқанда, біздің ата- бабамыз аңсаған заман тәуелсіздікпен байланысты. Жаңа ХХІ ғасырға бет алған сәтте нарықты экономиканың құдіретін де көруіміз керек. Біз осындай қоғам жасайтын болсақ қана тәуелсіздік баянды болады. Біз қазақ, ғасырлар бойы жоқ іздеген халықпыз. Біздің жоғалтқанымыз ең асылымыз- тәуелсіздік еді. Біз тәуелсіздікті іздеп соқпақпен де, сүрлеумен де, жүрдік кейде жолға түскендей болдық, бірақ тығырыққа тіреле бердік. Осыдан 20 жыл бұрын түскен жолымыз даңғыл болды. Ол тәуелсіздік даңғылы. Тәуелсіздік сапары тәуекелді керек етеді, жол көлігі керек, жол серігі керек, жол азығы керек, алыс жолға тәуекел етер жүрек керек, тірек керек жол бастайтын көсем керек. Біз тәуекел қайығына міндік, тәуелсіздік даңғылына түстік, 20 жылда басқа халықтар ғасырлар бойы өткен жылдан өттік. Біздің тәуелсіз ел болғанымызға -20 жыл. Тәуелсіздік- тәу етер жалғыз кие. Дүниедегі тәуелсіздікті, бостандықты, теңдікті аңсамайтын адам да, халықта жоқ. Біздің егемендігіміз бен тәуелсіздігіміз- тек бір ұрпақтың ғана еңбегі емес, барша ұрпақтардың еңбегі. Басты мұрат- қолымызға қиындықпен түскен тәуелсіздік туына мейлінше бекем болу.
Тектілердің тұяғы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасында халқымыз- тыныштықта, Отанымыз еркіндікте. Аз ғана жылда аспанның астын жайнатып, Астана- шаһарын тұрғызды. Елдің бірлігі артып, берекесі кірді. Іргеміз тыныш. Түндеріміз- бейбіт. Күндеріміз нұрлы.
Мектеп оқушысының қолынан не келеді деп ойлауларыңыз да мүмкін. Теледидарда Елбасы Нұрсұлтан атамыз айтқандай, елдің болашағының көркейіп, гүлденіп одан әрі дамып, өркендеуі біздің қолымызда. Яғни болашақтың жастары мына біздер, бүгінгі бүлдіршіндер мен жас ұрпақтар.
Елімізді әлемге танытып, Елбасымыздың жолдауындағы жұмыстарды атқару үшін, алдымен жақсы білім алып, тәлімді тәрбиелі болуымыз қажет. Әрбір адам өз алдына мақсат қояды. Менің де өзімнің алдыма қойған үлкен мақсаттарым бар. Мектептен жақсы білім алып одан әрі білімімді жалғастырып, елім үшін еңбек ету. Қазақта «бақыт» деген ұғым бар. Мен бақыт дегенді былай түсінемін. Ол- сенің тәуелсіз Отаның, Ұлы тұғырың. Бақыттың кіндігі- Отан.
Елімнің көркейіп, гүлденуіне өз үлесімді қосып тәуелсіз елім үшін, отаным үшін, елімнің тыныштығы мен сәбилердің күлкісі үшін, бар өмірімді күш- қуатымды жұмсап жұмыс жасасам. Еліме пайдамды тигізіп, халқым үшін еңбек етсем менде одан артық бақыт болмас еді. Аға- апаларымыздың қиындықпен өздерінің жас өмірлерін қиып алып берген тәуелсіздіктің туын, біздер әрдайым биік ұстауымыз керек, әрдайым биік ұстаймыз да дегім келеді.
Менің елім, менің жерім, жыр етемін тамсанам,
Елміз біз де ғасыр бойы тәуелсіздік аңсаған.
Көк байрақтың астындағы шуақтанған арайлы,
Қуанышын мол бақытын сыйлайтындай таң саған.
Бізге өз тәуелсіздігіміз қымбат. Неге дейсіз ғой ? Ол бізге қымбат- ата- бабаның рухын көтергені үшін! Ол бізге қымбат- сөнген мемлекетіміздің отын маздатып жандырғаны үшін ! Ол бізге қымбат- елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендіргені үшін! Ол бізге қымбат- ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, ділімізді қаз- қаз тұрғызып «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін! Ол бізге қымбат- «Отан» деп жүрегімізді қақтырғаны үшін! «Елім» деп елеңдетіп, «жерім» деп желпінтіп, барша алпыс екі тамырымызды игізіп, ата жұртын сүйдіргені үшін!
Жиырма жыл!
Тәуелсіздік елімде,
Бақыт құсы самғап ұшты көгімде.
Қазақ деген ғажап халық қашаннан,
Көк бөрінің ұрпағымыз тегінде.

Тәуелсіздік ақ батасы атамның,
Күлімдейді менің Байтақ Отаным.
Жан жылытар сәбидің шат күлкісі,
Қашаннан қалған сынығымын мұраның.
Тәуелсіз қазақ елінің Ақордадай «Астана» атты рухани тұғыры бар. Ол бірлігімізді, тірлігімізді әлемге айшықты айғақтап тұр. Астана- тәуелсіздіктің тақ- тұғыры. Қазақ елінің дербес ел болуына орай байтақ та бағалы елден бата алған Нұрсұлтан Әбішұлындай Елбасының ел билігін ұстауы, біз сияқты ұрпақтарының бағы деп білемін. Тәуелсіздік тұғырын тарихи ерлікке жалғастырған Елбасымыздың парасаттылығы, ойшылдығы деп түсінемін. Елорда бірліктің, ерліктің арқасында қарыштап дамудың айқын дәлелін көрсетті, әрі бүкіл әлем назарын өзіне аударды. Сондықтан тұғырлы тәуелсіздік елдің тұғыры биік,бірлігі бекем, ерлігі ерен болуына тамшыдай болса да өз мүмкіндігімше үлес қосу үшін, білімді терең меңгеруге ұмтылудамын. Санам- сақ, халқымның- жақ боларына сенемін. Өйткені, мен тұғырлы тәуелсіз елдің тұяғымын. Халқымыз «тайында тасқа байла» деген. Тағдырдың тас қамалын бұзуға, білімді, өнерлі болуға күш- жігерімді жұмсаймын.
Бүгінгі таңда осындай бақытты, барша әлемге үлгі бола алатын елде тәрбие, білім алып жатқаныма өте ризамын. Тек әрдайым еліміз аман, аспанымыз ашық, көк байрағымыз биікте желбіреп, жас ұрпақ өз елінің патриоты болып, әрқашан Қазақстанды мақтан тұтсын деймін.
Аспаныңда жарқырайды арай күн,
Бұлтыңа да қызығумен қараймын.
Болғаннан соң тәуелсіз, ел түлегі,
Мен өзімді бақытты қыз санаймын.
Менің елім- Қазақстан! Осынау құдіретті сөзді біздің елдің әрбір азаматы асқақ сезіммен, ерекше мақтанышпен айта алары хақ.

0 дауыс

Тәуелсіз елдің патриотымын! 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні

Жамбыл Жабаев атындағы
№4 мектеп-гимназиясының
10 «ә» сынып оқушысы
Шайхыслям Ақтолқын

Тәуелсіз елдің патриотымын!
«Пай, пай, пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер!
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал – сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!»-деп М.Мақатаев айтқандай, ең біріншіден, туған жеріміз Қазақстанға тағзым етіп, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымды мақтан тұтамын. Ақиық ұлы ақынымыз:
«Ой-хой, қазақ даласы, не көрмедің?!
Қанша қурап, қаншама көгермедің?!
Қорқыт ата қобызымен боздаттың ғой,
Асанның шерге толы өлеңдерін!
Ой-хой, қазақ даласы, не көрмедің?!»-деп жырлағандай, халқымыз қазақ болып, ұлт болып қалыптасуы жолында да, одан кейінгі кезеңдерде де, талай қиямет-қайым күндерді де, талай қилы замандарды, кескілескен шапқыншылықтарды да бастан өткерді. Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз.
«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы»! Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда. Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 23 жыл толады. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев та Қазақстанның 20 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын. Мен тәуелсіз елдің патриотымын! Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата-анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!»деп айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін! Н.Ә.Назарбаев: «Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»- деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің птриоты екенін дәлелдеу.
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!» - деп өршіл ақын М.Жұмабаев болашаққа, жастарға үлкен сенім артты емес пе? Ақынның өлеңде келтірген көркем сөздеріне лайық болатынымызға сенемін. Елімнің ертеңінен, болашағынан жүрегім қорықпайды, керісінше, қуанады, ендеше, келешегім нұрлы болмақ. Оған негіз – бүгінгі «арыстандай», «жолбарыстай», «қырандай» күшті жас ұрпақтың, біздің бүгінгі әдемі әрекеттеріміз, ұтымды ұмтылыстарымыз. Мен қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Өйткені, мен Тәуелсізбін, тәуелсіз елдің патриотымын!

0 дауыс

Ел боламын десең, бесігіңді түзе

«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып — көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н. Назарбаев).

Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл — бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Ол – өлең, ол – ән, ол – сұлулық, ол – асқақ арман, ол – шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында. Жарастығымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да қиясы, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан.

Талай — талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! 
Қазақстан — тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.

Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл — тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын.

Сонау ел басына түскен нәубет жылдары тарыдай шашырап кеткендердің елге оралған сәттегі туған жерді, ата — бабаларының кіндік қаны тамған топырақты құшырлана сүйген сәттегі бейнелерін көргенде қалайша толқымассың?! 
Міне, ежелден еркіндікті аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлады. Қазақстан, тәуелсіз мемлекет ретінде, дүние жүзіндегі барлық елдерге түгелдей дерлік танылды. 
Тәуелсіздік! Тәуелсіздік деген қастерлі сөз екен — ау! 
Шыдамадым қапасқа, 
Кеңшілікке қаштым. 
Көндікпедім матауға, 
Асау атша бастым. 
Уһ, шырқап, зымырап, 
Сұңқардай зулап ұшайын! 
Ұшайын!- деп, дүние құндылығы бостандықта екенін Сәкен Сейфуллин атамыз да жырлап өтті. 
Бәрінен бұрын адамның жан дүниесі, рухы мен ар — ұжданы азаттықты тілейді екен. Сол халқым өз табиғатына тән тіршілік кешкісі келсе, несі айып? Ақыры бұғау біткенге сыймай, шідер біткенді шірей тартып, халқымыз тәуелсіз ел дербестігіне қол жеткізді. 
Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.

Эпиграф: Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба
жолымен алдық деп ойлаймын
Н.Ә. Назарбаев

1991 жыл — еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 21 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы — қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 20 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.
Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы — теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп алу, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің жеріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бермейді. Мұндай істердің орындалуы — ерекше тарихи жетістік. Айта берсек 21 жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн.

Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.

Қазіргі таңда Тәуелсіздік — барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі — ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.

Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі.

Қазақстан — қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.
 

Тәуелсіз Қазақстан

Барлық игіліктерден ең ұлы – тәуелсіздік. У.Годвин.
Отан дегеніміз не? Отан сөзі — әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз…


Менің туған жерім – Қазақстан Республикасы. Бұл – бай тарихпен, көне мәдениетпен және ерекше табиғатпен ұлы мемлекет. Осы тамаша табиғат-ай! Бурабайдың қатты қарағайлары, тың жердің алтын егіндері, Ұлы даланың ақшыл бетегесі – барлық менің Қазақстаным. Менiң Қазақстаным — ел ыстық қалаулы сонымен аяулы, маңызды, асыл. Ғасырлар көп оның жауларынан қоныстандырып, меңгерiп, қорғал қалылу және бүгiн өмiршең бiзге мұраға тапсырылу үшiн бабаларымыздарға керек болды. Еңбек, тер және қандар, қуаныш және бейнеттер неше өткен ұрпақтар үлесiне тидi. Жоңғарлармен соғыстар, патшалықтың қиын кезеңі, Ұлы Отан соғысы – қазақ халқы көп қайғыларды көзі көрді.

Әр Қазақстанның азаматы айрықша күнін есте сақтады және онымен мақтанады. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды. Осы жылда біздің тәуелсіздігімізге 21 жыл орындалды. Сөз жоқ, Қазақстан халқы үшін ұлы күн. Бұл барлық еңбекқорлықтың, халықтардың достықтың нәтижесі.

Қазіргі Қазақстан – егемен, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Әрине, бізге қайда ұмтылу бар. Ғылымды даму, ауылдарды демесу, жемқорлықты жою керек. Бірақ барлық Қазақстан жетістіктері алда болады. Мен сенемін.

Біздің елбасымыз – Н.Ә.Назарбаев, дана адам, шебер саясатшы, нағыз отаншыл. Ол – Ата Заңның гаранты. Біздің Ата Заңымыз – негізгі тәуелсіздіктің нышандарының бірі. Қазақстанда өз мемлекеттік рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, әнұран. Олар егемендікті, бостандықты, дәстүрлерді, тәуелсіздікті көрсетеді. Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз — Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен мақсаттары. Тәуелсіз болу – өз тағдырына жауап беру деген сөз.

Ақыр соңында, әр Қазақстан Республикасының азаматы не істеу керек? Ол мемлекеттік тілін білу, барлық халықтардың дәстүрлерін құрметтеу, өз Отанды қорғау керек. Себебі Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, біздің Отанымыз.

0 дауыс
Қазақстан жер көлемі бойынща 6-емес 9-орында ғой!
...