+2 дауыс
13.5k көрілді

Қант диабетінің белгілері қандай?

Бұл аурудың емі бар ма?

Қант диабетімен қантты тәттіні көп тұтынатын адам ауырады ма қалай?

НЕГЕ ҚАНТ диабеті деп аталған Қантты көп тұтынудан болатын ауру болғасын ба?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Қант диабетінің негізгі белгілері: адам шөлдей береді, күніне 40 литрге дейін су ішіп, сонша мөлшерде зәр шығарады (оны қазақша шыжың дейді). Ауру адам үнемі қарны ашып тұрады. Тәтті жесе, басы айналып көзі қарауытады. Поликлиникаға барып қандағы қант құрамын тексерту керек.
Хехе 40 литр түгілі 4 литрде ішпейтін шығармын,бірақ 3 мезгіл шай ішемін 2 кеседен ол белгіге жатама?
Ааа сосын емі бар ғой я?
Емі: қатаң диета. Асқынған жағыдайда - күнделікті инсулин салып тұру.
+1 дауыс
Қант диабеті

Диабет (лат. diabetes mellitus) — бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады. Әйтсе де бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып келеді. Қант диабеті - көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады. Диабет инсулиннің асқазан асты безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады. Инсулинсіз ағза қант түйіршегін өңдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшері артады.

Қант диабетінің негізгі симптомдары

үнемі сусап тұру (полидипсия)
кіші дәреттің жиілеп, көп болуы (полиурия)
үнемі шаршаулы сезіну (полифагия)
қол-аяқтың үйып, жансыздануы
үнемі қарын аштығынан арылмау
салмақ азаюы

Қант диабетінің екінші деңгейлі симптомдары

терінің қышуы
көздің көру қабілетінің айырылуы («тұман көлегейлегендей»)
жыныс қынабының жиі инфекциямен ауыруы
аяққа жазылмайтын созылмалы жара шығуы.
естен тану (қысылтаяң жағдайларда)

Осы аталған белгілер басқа ауруларға да тән.

40 жастан кейін диабетті дәрі-дәрмексіз-ақ тамақтануды дүрыс жолға қою арқылы емдеуге болады. Диабетпен ауыратындар диетаны өмір бойы сақтауы керек, бүл жағдайда дүрыс диета сақтаудың мәні зор.

Диабетпен ауыратындардың диетасы

Диабетпен ауыратын толық адамдар алдымен артық салмақтан арылуы керек. Диабетшілер қант, кәмпит және басқа да тәтті тағамдарды ішпеулері қажет. Олардың ірі ұнтақты ұннан пісірілген нан, сондай-ақ крахмал қоспалы асбұршақ күріш, картоп және басқа да құрамында ақуыз бар тағамдармен тамақтанғаны жөн болады. Диабет ауруымен зардап шегетін ересек адамдардың алмұрт тектес тікенекті кактустың (нопал, опантиа) сөлін ішкені дұрыс. Бұл үшін кактусты ұсақтап турап, езіп, сөлін сығып алып, күніге тамақ алдында үш рет 1,5 кеседен қабылдау қажет. Тіс қызыл етін, таңдай қуысын инфекциядан сақтау үшін тісті тамақтан соң жуып тазалаған дұрыс болады. Аяқты дәйім таза ұстау қажет, жаралап, қажатып алмас үшін өзіңізге ыңғайлы да шақ аяқ киім кигеніңіз жөн. Аяқ қан тамырлары қызметін жақсартып, қан айналысын ретке келтіру үшін (аяқта қара дақтар болып, немесе ұйыған жағдайда) демалған кезде аяқты жоғары көтеріп қойып жату керек. Аяқ көктамырлары кеңейгенде (варикозное расширение вен) де осы ақыл-кеңеске ден қойған абзал.

Диабет эпидемиялогиясы

Әлем бойынша 2010 жылғы жағдайға сәйкес шамамен 285 миллион адам қант диабетіне шалдыққан деп бағаланады. Ал 2011 жылы 366 миллион адам тіркелген.Салыстыратын болсақ, 1985 жылы 30 миллион адам осы аурумен ауырған. 15 жылдан соң бұл сан 150 миллионнан асты. Ал қазіргі кезде қант диабетіне шалдыққан аламдардың саны әр 12-15 жыл сайын екі есеге көбейуде. IDF-тің болжауымен, қазіргі қарқындар жалғасса, 2030 жылы олардың саны 435 млн-ға дейін өсуі әбден мүмкін.
Әйтеуір емі бар ғой?
Бар әрине)

Ұқсас сұрақтар

...