0 дауыс
9.0k көрілді
Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі? Не себепти жумыссыздык куннен кунге осип келеди? Ол ушин кандай шаралар колдануымыз кажет??Накты факторлармен келтирсениздер осы жайлы Алдын ала рахмет

1 жауап

+1 дауыс
Қазақстанда жұмыссыздық  деңгейі 2015 жылдың қаңтарында5%-ды құрады, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметі.
«2015 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 459,2 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,0% құрады. Жұмыспен қамту органдарында 2015 жылғы қаңтар айының соңына 47,3 мың адам («Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»бағдарламасына қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың есебінсіз) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,5%-ын құрады (2014 жылғы қаңтарда - 0,5%)», - делінген хабарламада.
Республика экономикасында 2015 жылғы қаңтарда бағалау бойынша 8,6 млн адам жұмыспен қамтылды.
Сонымен, өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 55,5 мың адамға немесе 0,6%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 6,0 млн адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 70,0%) құрады.
Ведомство мәлімдегендей, 2014 жылғы IV тоқсан деректері бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 71,7%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар - 28,3% құрады.

Дерек: http://www.primeminister.kz/news/show/26/uroven-bezrabotitsy-v-rk-v-janvare-2015-goda-sostavil-5-komitet-po-statistike-mne-rk-/13-02-2015?lang=kz
...