0 дауыс
435 көрілді
Ұлт көшбасшысы болуға лайықты азаматтардың әлеуметтік желілерде белсенділігіне көзқарасыңыз қалай?! Мысалы, саясаткерлер, журналистер, әншілер, актерлер, ақындар, жазушылар, продюсерлер тағы да басқа елге сыйлы азаматтар өз уақытының көбісін әлеуметтік желілерге арнайды. Твиттер, фейсбук, инстаграм секілді әлеуметтік желілерде өзінше бір халықты ойландыратындай патриоттық постар шығарады, мысалдар келтіреді, айналада болып жатқан жаңалықтарға ойларын білдіреді, тіпті не істеп жатқандарын да халыққа жариялайды. Кейбір сыйлы азаматтар твиттерде минут сайын жаңа жазбалар жібереді, инстаграмда 5 минут сайын жаңа сурет жібереді, фейсбукте шынайы өмірдегіден де қызу талас-тартысқа араласады, тіпті халықпен қырылысып жатады. Заман талабы шығар, бірақ танымал адамдарға не жоқ, олардың бұл тірлігі дұрыс па? Әркім өзі біледі ғой, бірақ кейбір жастар сол танымалдардан үлгі-өнеге алады, танымал адамдар солай әлеуметтік желілерде белсенді болған соң жастар да солар сияқты болғысы келеді де олар да әлеуметтік желілерден шықпайды. Жалпы "жұлдыздардың" әлеуметтік желілерде отырып, белсенді араласуына көзқарасыңыз қалай? Олар әлеуметтік желілердің кесірінен фанаттарын жоғалтып алуы мүмкін бе, әлде көбейтеді ме? Ойыңызды жазыңыз..

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Сұрақ тым кешігіп қойылған сияқты)) Бұл постиндустриялық елдерде 20 жыл бұрын белең алған құбылыс. Ақпараттық қоғамда халықтың ағымдағы оқиғаларға, саяси жағдайларға өз пікірін ашық білдіруі қалыпты. Бұл еліміздегі демократияның дамуына, сөз бостандығының қалыптасуына, халықтың бейресми түрдегі саяси қатысу деңгейінің жоғарылауына алып келеді. Интернеттің демократияны дамытуға деген ықпалы жайлы, яғни, Электрондық демократия (E-Democracy) ұғымының зерттеліп келе жатқанына көп болды. Ал жұлдыздарға келетін болсақ, олардың интернеттегі белсенді әрекетіне бола жастар әлеуметтік желіден іргесін аулақ сала алмай жүр дегенмен келісу қиын. Жұлдыздардың жазбасы болмаса да, ғаламторда жастарды жіпсіз байлайтын қызықты ақпараттар жетерлік.  (Айтпақшы, Сіз үшін Ұлт көшбасшысы деген қандай ұғым? Сұрағыңызда бұл ұғым тым ұсақталып кеткен сияқты.)
...