+2 дауыс
1.2k көрілді
Намаз оқитындар, уағыз айтатындар , қит етсе тозаққа түсесің, жұмаққа кетесің дейтіндер, мынаны істесең күнә болады деп адамның миына қорқынышты ұялатып тастайтындар мықты ма әлде жаратылысты зерттейтін, шындықты зерттеуге ұмтылатын ғалымдар мықты ма?

13 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Екеуі де мықты. Бірақ дін - ғылымның атасы, сондықтан оның баласы ғылымды жақсылап білген дұрысы сияқты. Егер адам білімі жоқ, ғылымнан хабары жоқ болып, діндар болып жүрсе, мен ондай адамдармен сөйлескенді жөн санамаймын, бірақ бәрі емес, басымымен.
–1 дауыс
Қай жағынан мықты дейсің? Білім жағына келсек - ғалымдар мықты.
0 дауыс
Меніңше екеуі екі бөлек нәрсе, салыстыруға келмейді. "Сенім мен шындық қарамақайшылық емес" (Вера и истина) басқа саладағы ұғамдар, сенім субьективті шындық болса, ал обьективті шындық ғылым.

Субьективті шындық дегеніміз не - мысалы сен біз затты көрдің, оның бар екенін мойындап отырсың, бірақ шынымен ол жоқ зат (ол иллюзия ма, галюцинация ма..т.б.). Бірақ оның бар екеніне сеніп отырсың, ол сен үшін субьективті шындық. оның бар-жоғы саған маңызды емес (сен бар екеніңе сендің болды)

Сондықтан сенім мен ғылымды қарсы қойып қажеті жоқ. Дінге сенетіндер үшін дін олар үшін шындық. (ғылымның талай жалған гипотезалары, теориялары жоққа шығарылып жоққа шығарылып жатыр, олар да біз үшін шындық болып келген)

Ух... не айтып кеттім тіпті... ұзақ мыжып кетіппін ғой
Расымен де екеуі екі бөлек нәрсе, бірақ екеуі бір-бірімен өте тығыз байланысты. Мысалы, 1+1=2 деген қарапайым арифметиканы түсіну үшін, бірге бірді қосқанда екі болатынына біз сенеміз, егер біз оған сенбесек, онда қалай математика ғылымы пайда болар еді, бұл сенім діннің де басты қағидасы.
+2 дауыс
Діни (Ислами) адамдар Алла жіберген Құран кітаптың сөздерін айтады, ал ғалымдар өздері (адамдар) зерттеген нәрселерді айтады. Сонымен, кім мықты екен???
Ғалымдар зерттеп көз жеткізгенде, діни адамдар ол Құранда әлдеқашан жазылып қойған дейді.
Менің айтарым да сол ғой
Пікіріңе қосылғаным ғой:)
0 дауыс
Неге негізделіп екеуін салыстырмақ болып отырғаныңызды,  сіздің түсінігіңіздегі "мықтылық" деген ұғымның нақты нені білдіретінін түсіне алмадым. Дін мен ғылымның арасындағы қайшылық ежелден бар ғой. Ғылым нақтылыққа негізделгендіктен, діннің дәйекті дәлелі жоқ деп қарайды. Бірақ дініміз ғылымға, оқып үйренуге қарсы шыққан емес. Уағыз айтатындар "санаға қорқыныш ұялатады" дегенмен мен де келісемін. Күнәлар жайлы айта берсе, кейбір адамдар діннен безініп кетеді. Олардың ойындағы дін сенім емес, қорқынышқа айналады. Исламның өзге діндердің ерекшелігін, тазалығын, даралығын айтып, сауаптар жайлы уағыз айтып діннің тартымды "имиджін" қалыптастыру керек деп ойлаймын.
0 дауыс
Діннің өзі ғылымға жатқызуға да болады ғой, салыстыруға келмейтін нәрсе.Имадарды да ғалымдар деп айтуға толықтай болады.  Қазіргі кезде дінде адастырушылар көп, не мешіттерде уағыз аййтып жүрген Діни Басқарма мақұлдаған имамдардын айтқанына ғана сену керек. Пайғамбарымызға (Оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) ең алғаш рет  "оқы" деп бұйрық келген, Оған намаз оқы, құран оқы демеген, ең бірінші сабақ оқы, білім ал деген. Білімі жоқ адамның иманы да әлсіз келеді. Дінге сенбейтін адамды жеке өзім автоматический білімі таяз или қате білім алған деп ойлайм. Ислам дінімізде ғылымға жол ашық, Қорққаның дұрыс, күнә жаап қоюдан қорқу керек, Жәннатты аңсаушылардың қатарынан бол. Әлемдегі небір мықты бір туар ғалымдар діннен алыстамай ақ қазіргі күнге дейін жарамды ғаылымдарды ашып кеткен.
0 дауыс
адам жұмаққа не тозаққа баратынын білмейді. ол істеген ісіңе емес, ниетіңе қарай. нағыз діндар адамдар өйтіп айтпас еді. тек 5 парыз бен сүннеттен басқа
0 дауыс
екеуі мүлде екі сала бойынша жұмыс істейтін адамдар.
0 дауыс
Шынымен де екеуи еки болек, бирак коймай салыстырсак, намаз окып, уагыз айтатындар Куранда, Шаригатта бар, жазылган нарселерди айтады. Ол деген Аллахтын сози
0 дауыс
Біздің біліміміз Жаратушының алдында теңіз тамшысындай сондыктан ешкімді мыкты дей алмайсың
То что мы знаем ограничено, то что мы не знаем безгранично дейсіз ғой
+1 дауыс
21 Ғасырда Ғылым- жаңа бір дін сияқты. Соған сенеді, басқасын мойындамайды. Жалпы дін мен ғылымды санасыздар ғана қарсы қояды дер едім. Ислам діні ғылым үйренуге шақырады. Кімде-кім білім-ғылым жолында үйінен алысқа кетсе, ол қайтып үйіне оралғанша сауап жазылады. Ал діни білімі жоқ адам ғылымды дінге қарсы қояды. Неге? Түсінбеймін... Мүмкін сол ғалымдар христиан т.б отбасынан шыққаннан кейін шығар.
+1 дауыс
Бұл әлемдегі барлық іліміңде ғылымыңда бір исламнан Алланың сөзінен мықты емес басыпта оза алмайды. Ешқашан
0 дауыс
Әрине Намазхандар!
олар неге ананы істесен кунә, мынаны істесен кунә, тозаққа түсесін дейді себебі олар басқалардыда жамандықтан тиғысы келеді....
...