Біреуге еліктеу, еліктемеу емес, атақты адамға еліктеу керек пе әлде өз айналаңдағы адамға еліктеу керек пе деген сұрақ қойылып отырғанын ескермей отырған сияқты жауап берушілердің көпшілігі.
Бұл сұрағыңызға екі шумақ өлеңмен жауап бергім келеді. Тұманбай ақынның мынадай өлеңі бар: Құрметтемедік қай қартты,
Бәрі оның бірдей мықты емес.
Алыстан таулар айбатты,
Қасына барсаң-түк те емес. Атақты адамдардың көп сандысы біздің көзімізге "идеалды" тұлға болып көрінгенімен, олар жайлы жақсы біле бермейміз. "Жұлдыздар алыстан қарағандай ғана әдемі көрінеді" деген сол үшін айтылса керек. Әйтсе де, олардың шынайы бейнесінен гөрі шығармашылық дарынына, қабілетіне еліктеу арқылы өзіңді жетілдірудің еш зияны жоқ деп ойлаймын.
Жақсылар жақсымын деп айталмайды.
Жамандар жақсымын деп айқайлайды.
Жүрген соң етегінде күнде көріп.
Таулардың биіктігі байқалмайды- деп келетін халық әніне негізделсек, күнде қасымызда жүрген адамның еліктеуге тұрарлық қасиеті бар екенін тіпті байқамай қалуымыз да мүмкін. Жақын жандарға зер салып қарасаңыз әрқайсысынан еліктеуге тұрарлық ізгі қасиеттер табылады деп ойлаймын.