0 дауыс
31.4k көрілді
Еділ патша – әділ патша аттила. Еділ патша өмірбаяны

5 жауап

0 дауыс

Ғұндардың патшасы туралы естелік түрік мифологиясында, ауызша герман эпосында ғасырлар бойы сақталып келген және скандинавия аңыз-дастандарына ауысқан.  Ғұндардың королі Аттила туралы халықтардың түсінігі, ең бастысы аңыздар мен хикаяларға негізделеді және Аттиланың тарихи тұлғасымен ортақтығы аз.  Тарихи  Аттила бізге онша белгілі емес, дегенмен қазіргі кезге сол дәуірдің басқа тарихи персонаждарының көпшілігінен гөрі, ол туралы замандастарының айғақтары көп жетті. Аттила туралы миф құрастыру ежелгі кезде-ақ басталған,  орта ғасырларда табыспен жалғасын тапты, бүгінгі күнде де аяқталған жоқ; жаңа заманғы миф шығармашылығы, ғылымилығына таласатындардың азды-көпті негізділігімен гипотезалар түрінде орын алады. Аттиланың болашақ император ретінде қалыптасуы туралы көптеген ғылыми және көркем әдебиет авторларының шығармаларында толық айтылады.

Аттила империясы Орал таулары мен Каспий теңізінен бастап  Дунайға дейін созылып жатты. Оның оңтүстігінде табиғи шекаралары  Кавказ, Азов теңізі, Қара теңіз және Карпат болды.  Шекарасы Карпатты жиектеді және шамамен оңтүстік еңіс ортасынан бастап Дунайға қарай құлдырайды, ол өз кезегінде, «табиғи шекара» болды.   

Аттила есімі түрік тілдерінен шығады (atta/ata — әке, el/il – кеңістік, ел, халық), оның үстіне осы этимология басқа халықтардан алынған және түсінілген болды.  Бұдан ғұн есімдерінің түрлі «ұлттық» нұсқалары шығады. Нұсқалардың бірі бойынша Аттила есімі түрік (хазар) атауы Волга-Еділмен байланысты. Аттиланың билігін оның империясының гүлденуімен байланыстырады, оны әділ және құдіретті деп атайды. Аттиланың жеңістері – әскери және  қолбасшылық өнер шыңы.

Аттила өлімімен қатар ғұндардың әлемдік мемлекетінің күші сарқылды, өзі негізін қалаған мемлекеті, қалай құрылса, солай тез арада құлдырады, өлеңдер мен аңыздарда осы құдіретті бағындырушы туралы естелік әлі ұзақ сақталады.   Аттила – тарихи тұлға, соның арқасында бүкіл әлем ғұндар туралы білді. Еуропада ол көрнекті қолбасшы ретінде белгілі болды. Бұл туралы Аттила бейнеленген алтын және күміс медальдар куәландырады, олар еуропалық мемлекеттерде алты ғасыр бойы соғылды. Қазақстан қоғамында Еділ (Аттила) билеушісінің есімі осылай тарихи қала береді. 2009 жылы Қазақстанның Ұлттық Банкі «Ұлы қолбасшылар» сериясында «Аттила» естелік күміс монетасын шығарды.

«Скифия даласын мекендейтін тайпалардың әлемдегі жалғыз басшысы, бүкіл ғұндар көсемі. Варварлар арасында таңғажайып  даңқымен танымал. Оның жүрген жүрісі маңызды, көзқарасы мен қимыл-қозғалысы аса тектілікті көрсетеді». Иордан, «Гетика»

Аттила (лат. Attila, греч. ττήλας, нем. Etzel – Эцел), түріктің әдебиет көздерінде «Еділ» есімімен белгілі, 434 бастап 453 жылдарға дейін өз билігі астына Рейннен бастап Солтүстік Қара теңіз маңына дейін тайпаларды біріктірген ғұндардың көсемі болған [2].

Ғұндар көсемі туралы естелік түрік мифологиясында, ауызша герман эпосында ғасырлар бойы сақталған және скандинавия сагаларына ауысты. Халықтардың ұлы қоныстануы дәуірінде құрастырылған Германдықтардың ежелгі аңыздарында Аттила ұлы варвар билеушілерінің тізімінде даңқты герман корольдерінің алдында бірінші орында қойылған. Ғұндардың королі Аттила туралы еуропалық халықтардың түсінігі, ең бастысы, аңыздар мен хикаяларға негізделеді және Аттиланың тарихи тұлғасымен ортақтығы аз.  

Тарихи  Аттила бізге онша белгілі емес, дегенмен қазіргі кезге сол дәуірдің басқа тарихи персонаждарының көпшілігінен гөрі, ол туралы замандастарының айғақтары көп жетті.   Аттила туралы миф құрастыру ежелгі кезде-ақ басталған,  орта ғасырларда табыспен жалғасып тапты, бүгінгі күнде де аяқталған жоқ; жаңа заманғы миф шығармашылығы, ғылымилығына таласатындардың азды-көпті негізділігімен гипотезалар түрінде орын алады. Аттиланың болашақ император ретінде қалыптасуы туралы көптеген ғылыми және көркем әдебиет авторларының шығармаларында толық айтылады [3, 4-б.].

Аттиланың шығу тегі және сипаттамасы, Билікке келуі. Аттиланың туған жылы мен туған жері белгісіз болып қалды.  448 жылы Аттилаға, сәл ақ шалған  сақалды адам ретінде сипаттама берген көз көрген Приск Панийский куәлігі негізінде оның жасын да тым жуықтап бағалауға болады. Осы және басқа мәліметтер Аттиланың V ғасырдың бірінші он жылдығында туғанын болжайды (400, 404 немесе 406 жж. нұсқалары аталады). Аттиланың өмір тарихына «Аттила – Бич Божий» кітабын арнаған француз тарихшысы Морис Бувье-Ажан 395 жылды Аттиланың туған жылы деп атайды.   

Аттиланың әкесі Мыңзық ғұндардың патша тұқымынан болған. Оның бауырлары Октар мен Руа ғұндардың көсемдері болған. Мыңзық туралы болашақ көсемдер Аттила мен Бледаның әкесі болғаны туралы ештеме белгілі емес.

Аттиланың болашақ император ретінде қалыптасуы туралы француздық аттилотанушы М. Бувье-Ажан толық әңгімелейді. Аттиланың балалық шағы оның әкесі мен ағаларының балалық шақтарынан қатты ерекшеленді. Олар нағыз көшпенділер болды және ағаш теремдерде емес, киіз үйлерде немесе асығыс қойылған шатырларда дүниеге келген. Аттылардың көп бөлігі ауыр арбалардың алдында шапқылайды, оларда – олар үнемі тонау есебінен толтырылатын жеткілікті түрде шағын олжалары және тамақ қоры бар әйелдер мен балалар келетін. Жүк тиеген арба қанаттардан және арт жақтан күзетілетін, ал шапшаң салт аттылар алға жылжыған әскер мен жүкті арба арасында арқау өткізетін. Барлығы бірге өзен арқылы қиын өткелдер моментінде жиналатын, бұл үшін ағаш көпірлер мен салдарды жарақтандыру керек болды, ал кейбір жүк арбалар амфибияға айналатын.

Аттила құрдастарымен бірге күресті, қаруды, әсіресе қанжарды игеру өнерін және садақ атуды меңгереді. Ол ат үстінде өте ерте жүре бастайды. Аттиланың сырт келбетін оның замандастары сипаттайды. Аттиланың басы ерекше үлкен болған, иегі сүйір келген, жақ сүйекті шығыңқы, мұрны үлкен және ұзын, ұшы жабысыңқы келген, шашы сарыға боялған қоңырқай болуы мүмкін. Оның бойы шағын болған, замандастарының куәландыруы бойынша – бір метр алпыс санитиметрден аспаған болуы керек. Жақтарын сирек өскіндер жауып тұрған, олар иегіне қарай қалың, бірақ жіңішке сына болып созылған сақалға айналатын. Көздері қара, терең орналасқан, жанары өткір. Аттила қорқыныш ұялатқысы келетін, онымен сөйлескендердің көпшілігі ашудан қисайған, ызаға толы немесе суық маскамен қатып қалған бейнесін еске сақтаған. Оның беті арық болған, бірақ жеткілікті түрде үйлесімді келбеті оның өткір ойлылығы туралы айтатын.

Аттила патша баласы болғандықтан жас кезінде көп білім алған, бірнеше жыл Рим қаласында оқыған. Ғұн мен Рим империялары арасындағы достық қатынас яғни герман тайпаларына қарсы одақтастық Аттила туылмастан бұрын басталған еді. Римді Ғұн әскері вестготтардан әлденеше рет құтқарған себепті Рим басшылары Паннония (қазіргі Венгрия) провинциясын Ғұн ордасына 420 ж. сыйлыққа берген болатын. Мыңзық 401 жылы ұлы Аттила алты жасқа толғанда қайтыс болады.

Аттила ұзақ уақыт Рим сарайы жанында өмір сүрді және биліктердің жарлықтары мен бұйрықтарын құжат түріне келтіруге және оның орындалуын бақылауға қабілетті дамыған әкімшілік барын көреді. Ол басқарудың барлық күрделі, әрі жинақы механизмін көшіруге ниеттенген жоқ, бұл оған тым ауыр және тәкаппарлық болып көрінді, бірақ ол әкімшілік жұмыстың және саяси ақпараттың пайдасын түсінді. Аттила замандастары айтқандай, өркениетті мақсатты түрде талқандайтын ойсыз шапқыншы емес еді. Оның саяси басқару және қоғамдық тәртіпті ұйымдастыру саласында табыстары әскери жеңістерден кем әсер қалдырмайды.

Жас та болса Аттила Ғұн ордасының бір көл әскерін басқарды. 425 ж. оның әскері Батыс Рим қолбасшысы Ағцийге (Эций) вестготтарды талқандауға көмектесті. Сол жылдарда талантты қолбасшы ретінде Аттила жаңа көріне бастады. 434 ж. Ғұн империясының аты шулы королі Руғила өлгенде мемлекет билігі оның немере інілері Бледа мен Аттила қолына тиді. Руғиланың өз балаларынан мемлекет басқаратындары болмаған себепті ол барлық үмітті Аттиладан күткен еді. Аттила оның інісі Мыңзықтың баласы болса, Бледа Ақтар деген інісінің баласы еді.

Замандастарының куәландыруы бойынша  Аттила грек және латын тілін білген, оның үстіне грек тілін жақсы меңгерген. Бұл оған екі империямен де барлық келіссөздерде ағасының табиғи делдалы болуға мүмкіндік берді. Оның үстіне оның жеке байланыстары да болды.

Аттиланың әйелдері көп болған, кейбіреулер оның әйелдері мен күңдерінің санын 300 дейін болғанын атайды.  Бірақ дәл деректер жоқ, оның көп әйелінің есімдері белгілі. Аттила, мұрагер  ханзада болған кезде 413 жылдың кезінде Роас пен оның отбасы шеңберіне енбейтін тайпа көсемінің қызына үйленген. Оның есімі Энга болуы мүмкін. Оның мұрагер ханшайым мәртебесі болуы керек, ол Эллак есімді ұл туады, оны Аттила әрқашан басқаларынан артық жақсы көрді. Бірақ ол қайтыс болады. 421 жылдың айналасында  Аттила ғұн князьдың қызына, мүмкін өзінің немере қарындасына және ірі тайпа одағының «егеменді көсемінің» қызына үйленеді. Оның аты Керка болған. 434 жылдың соңында ол ғұндардың королі болған соң, оны королева етеді, 435 жылдан бастап, оны император етіп жариялағаннан кейін Керка «королева-императрица» болады. Керка Аттиланың барлық әйелдерінің ішінде өзінің саяси қызметіне араластырған  жалғыз әйелі болды. Ол Аттила болмаған кезде де елшілерді қабылдағаны және олармен келіссөз жүргізгені белгілі. Керка екі ұл және бірнеше қыз туған. Ұлдары «билеушілер» титулын алған, бұл оларға мемлекеттік істерге араластыратын король мұрагері, ханзада мәртебесін берді [3, 23-26-б.].

434 жылы Бледа мен Аттила ғұндардың көсемдері болады. Бледа бауырлардың ішінде үлкен болуы керек, алайда Бледа өзін ешқалай көрсетпеді, сол кезде әдебиет көздерінде әрқашан  Аттила ықпалды көсем ретінде ескеріледі, онымен империялар келіссөз жүргізуге мәжбүр болған. Хроникаларда Аттила мен Бледа есімдері олардың бірлесіп басқарған кезеңдерінде әдетте бірге ескерілген. Бауырлардың билікті қалай бөліскені туралы куәліктер сақталмаған, Аттила батыста соғысқан кезде Бледа мүмкін ғұн иеліктерінің шығысында билеген болар.

Аттила өзін ресми түрде 435 жылдың басында ғана император ретінде жариялады. Ол король-император немесе «император, ғұн королі» деп аталды. Бірақ өз бетінше басқара бастағаннан бастап шетел серіктестері оны Империя билеушісі деп атады. Аттила империя шекараларын өзі анықтады, оны билікке келген моментте шындығында өзінікі деп санады. Бұл оның бұрынғы көш-қоны мен жорықтары нәтижесінде құрылған оның негізгі империясы болды. Ғұндардың қоныстануы немесе сол арқылы ғұн қоныс аударушыларының жолы салынуы үшін өз жері ретінде мойындау жеткілікті болды. Империя шектерін  осының нәтижесінде кеңейтуге болар еді, бірақ әзірше бұл оның жері болды, ол өзінің рұқсатысыз және келісімісіз әлдекімнің осында келгенін және осында оның заңдарынан тыс өмір сүргенін қаламады. Аттила өзіне тек империяда тәртіпті сақтау және оны қорғау құқығын ғана қалдырды.   

Аттила империясы Орал таулары мен Каспий теңізінен бастап Дунайға дейін созылып жатты. Оның оңтүстігінде табиғи шекаралары Кавказ, Азов теңізі, Қара теңіз және Карпат болды. Шекарасы Карпатты жиектеді және шамамен оңтүстік еңіс ортасынан бастап Дунайға қарай құлдырайды, ол өз кезегінде, «табиғи шекара» болды. Осылайша жаңа заманғы   Венгрия аймағын Аттила оның империясының бөлінбес бөлігі ретінде қарастырды, алайда Румыния оның шектеріне енген жоқ. Солтүстікте табиғи шекаралар болған жоқ. Сондықтан ол шекараны Орал тауларынан бастап (шамамен батыс баурайының соңғы ширегінен бастап) Еділдің жоғарғы жағына дейін (Рыбинск су қоймасынан бастап оңтүстікке қарай) және басқа тік сызық бойынша – Дунайдың солтүстік жағалауынан бастап  Виндобонаға (Вена) дейін салуды шешті.

Аттила Шығыста тәртіпті қалпына келтіргеннен кейін жауласқан солтүстік халықтарына қарсы бірнеше жорыққа шықты. Римнің қос империясында да ғұн жігіттері ержүректілігіне қарай басқа жауынгерлерден жоғары бағаланды. Римдіктер тұтқынға түскен ғұнды ойланбастан әскер қатарына алған. Ал готтардың тұтқынға түскен адамдары құлдықта ұсталған. Осыған қарап ғұн жауынгерлерінің империя үшін аса қажетті әскер санатын толықтыратын теңдессіз адамдар болғанын білуге болады. Мысалы, тұтқынға түскен Хелхал атты ғұн жігіті Рим әскерінің қолбасшысына дейін көтерілген еді.

Римдіктер Едиконмен бірге Ғұн ордасына өз елшілерін жіберді. Олардың арасында белгілі тарихшы-жазушы Приск бар еді. Оның кітабы ғұндар мен Аттила туралы аса құнды естелік, алайда біздің заманға толық жетпей қалды. Соның бізге жетпей қалған кейбір мәліметтерін одан бір ғасыр кейін өмір сүрген вестгот жазушысы Иорданның кітабынан көруге болады. Жалпы Приск гұндар мен Аттила туралы ыстық ықыласпен шынайы мәліметтер жазған тарихшы. Германдардың біраз бөлігі Аттиланың қол астында болғанымен әлі біразы ғұндармен тіл табыса алмады. Бургундия корольдігін 437 ж. Атилла талқандаған соң, бағынбай кеткен жауынгерлері вестготтардың санына қосылды. Рим басшылары, Аттила қол астына кіріп үлгермеген германдықтар, Испанияны билеп тұрған вестготтар, Галлиядағы франктер, тюринг тайпасы, т.б. Аттилаға қарсы жасырын одақ құра бастады.

Бледа Аттиланың Визхантияға бірінші және екінші жорықтары арасында қайтыс болады. Рим тарихшылары  445 жылғы бауыры Бледаның өліміне Аттиланы кінәлі деп санады: «Аттила, ғұндар патшасы, өзінің ағасы Бледаны және патшалық бойынша жақтасын өлтірді және оның халқын өзіне бағынуға мәжбүрледі» [1]. Алайда Бувье-Ажанның пікірі бойынша, өлтіру туралы болжамның астарында негіздеме жоқ. Ол былай жазады: «Әбден біткен меңіреу Бледа ағасын ештемеден қыспады, ол ешқашан қанша ниеттенгенмен, сәтті қастандықты ұйымдастыра алмаған болар еді; Бледаға оның сауық-сайран өмірі әбден ұнайтын, оған қосалқы тапсырмаларды сеніп тапсырған кезде, ол ешбір қуанышты сезінген жоқ; оның пайдасы да, зияны болған жоқ. Аттила ағасын қызметке араласпағандықтан да қыспаққа алған жоқ» [3, 26-б].

Батыс зерттеушілері Аттиланы қанша жек көрсе де, оның керемет шешен, айлакер саясатшы, мәмілегер дипломат, ұлы қолбасшы, дарынды ел басшысы екенін мойындайды. Аттила өз еркімен қақпасын ашқан қаланы қиратуға жол бермей, тек салық алумен шектелген. Ал қарсылық көрсетіп, ғұн сарбаздарының қаны көп төгілген қалалар сөз жоқ талқандалды. Аттиланың бұл әрекетін біз кейінірек ұлы қаған Шыңғысханнан да көреміз. Аттила алдап-арбау, озбырлық, уәдені орындамау, қастандық деген нәрселерге көз жұмып қарамайтын. Сондықтан да көптеген басқа тайпаның басшылары «Римнің сыйлы азаматы болғанша, Ғұн билеушісінің қызметкері болуды» артық санаған. Көптеген Еуропа корольдері Аттила сарайына өз балаларын жіберіп, оның ел басқару өнерін үйренуді насихаттаған.

Аттиланың сыртқы келбетін жан-жақты суреттеген  тарихшы Иордан былайша сипаттайды: «Ол халықтарды тітірентіп, елдердің барлығына үрей үймелетіп, барлық жерде өзі туралы өте кең ұғым таратқан еңіреген ер еді. Оның қадамдары паң, қарағанда жанары ұшқындап, дене қозғалыстарының өзімен аспандаған өз қуатын айғақтап тұратын. Соғысты сүйетін ол тіршілікте қайырымды, бір рет сенгенге мейірбан болатын. Сырттай қарағанда тапал, кең кеуделі, кішкентай көзі сығырайған, бурыл тарта бастаған сирек сақал, тәмпіш мұрын, терісінің түрі адам жиіркенгендей ол өз тегінің бар белгілерін паш еткендей» [1]. Өкінішке орай, біздің дәуірімізге дейін Аттиланың бірде-бір тірі кезіндегі портреті жетпеген. 

V ғасырдың 40-50 жылдары Аттила басқарған  ғұндар империясы көптеген герман тайпаларының көсемдері көмекке жүгінетіндей күш алды. 448 жылы Атилланың қабылдауында болған елші Прийск Панийский «Византия тарихы» еңбегінде былай деп жазады: «Ол бүкіл халықтарды сілкіндіру үшін жаратылған ер еді. Бүкіл елдерге сұмдық болып тиді, бәрін де қалтыратып жіберді, ол туралы хабардың өзі қорқынышты еді. Оның жүрген жүрісі маңызды, көзқарасы мен қимыл қозғалысы аса тектілікті көрсетеді. Соғысты жақсы көргенімен тонаушылығы аз болды, ой қабілеті өте жоғары еді, сұраушыға қайырымды, сенген адамына өте мейірімді».

 

Ол V ғасырдың 30-40 жылдары Аттила империясының қуатты болғаны соншалық, басқа халықтар мен мемлекеттер ғұндар империясымен санасуға мәжбүр болғанын ашық мойындайды. 

Прискінің Аттиланы кескіндеуі қызық-ақ: «Сыртқы тұрқы аласа, кең кеуделі, домалақ басты, сығыр көзді, сирек мұртты, шашына ақ кіре бастаған жалпақ танау, терісінің түсі сұрықсыз. Ол сонысымен өз жаратылысының барлық белгілерін танытады» [8. 595-596 б.б].

Ғұндар империя аумақтарындағы соғыстарын жалғастыра берді. Қазір анықталмай отырған Дунай өткелдерінің бірінен империя территориясына басып кірген олар өзеннің оңтүстік жағалауында орналасқан қалалар мен бекіністерді тонайды. Виминаций қаласының алынуы ғұндардың бұл компаниядағы бірінші ірі жеңісі еді. Қаланы басып алған ғұндар оны жермен-жексен етті. Бұл қайғылы оқиға шекаралық қалалар үшін үлкен қасірет болып, олардың қобалжуларына алып келді.

Көптеген зерттеушілер Присктің Аттила туралы жазбаларын жоғары бағалайды.  Мысалы, З.В. Удальцова, ерте византиялық жазушылардың бірде-бірі ғұндар королі Аттиланың натурасынан айқын көшірілген  өмірдегі шыншыл портретін Приск сияқты қалдырған жоқ екенін айтады. Аттиланың артық күй талғамайтын қарапайым қасиеті жайлы рим елшісі Приск сүйсіне айтады. Қолбасшының Рим елшілігін қабылдауын ол былайша суреттейді: «Барлық жабайылар мен біз үшін күміс табаққа салынған сан түрлі дәм қойылды, ал Аттилаға ағаш табаққа салынған ет қана тартылды. Ол өзінің қарапайымдылығын сақтай отырып, алтын, күміс ыдыстармен меймандарды сыйлады, өзі ағаш ыдысты ұстады. Киімі де өзгелерден айырмашылықсыз, тек мұнтаздай таза. Беліне байлаған семсері де, жабайы аяқ киімнің баулары да атының ер-тұрмандары да басқа скифтердікіндей (ғұндардікіндей) алтынмен, қымбат тастармен көмкерілмеген…» [4].

«Рим мен Константинополь Аттиланың билігін алу үшін өзара бәсекеге түсті және оған бай сыйлықтармен елшілер жіберді. Константинополь үкіметі және равендік аула ғұндардың жер қайысқан қолын басқа тағы тайпаларға қарсы қалқан ретінде пайдалануға тырысты», – деп жазады өз заманында ірі зерттеуші  З.В. Удальцова.

Аттила әскері және соғыстары.  Ғұн тайпалары Азиядан Еуропаға көшеді. Б.д.д. І ғ. солтүстік ғұндардың бір бөлігі Қазақстан аумағына енеді. Таяу арада олар Еділ, Жайық және Арал теңізі арасында болып шығады. Ғұндар пайда болғанға дейін мұнда қаңғар тайпалары мен аландар және т.б. өмір сүрген. Үш ғасыр ішінде олар бәрі көшіп-қонған, ұлы державалар – Иран мен Рим империясымен саяси қатынастарға түскен. Ұлы көш-қоны дәуірінде ғұндар Еуропаға жылжыған, онда батыс әдебиет көздерінде ғұндар деп аталған.   

Ғұндардың тарихы мен мәдениетін қарастырған кезде ғалымдар алдында еуропа ғұндардың шыққан тегі және олардың орталық Азия ғұндарымен байланысы туралы сұрақтар туады. Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдың соңына қарай ғұндар өздерінің мемлекетін құрды. 24 руға бөлінді. Жоғары билеушісі «тәңірқұт» қытай деректерінде «шаньюй» деп аталды. Жылқының асыл тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Кен қазып, металл қорытқан. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болған. Көк тәңіріне табынып, дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырды. Ғұндар (грекше Hunnoі, латынша Chunnі, Hunnі) әскерінің негізі атты әскерден тұрды. Ғұндардың жауынгерлік құдыретінен сескенген қытайлықтар Ұлы Қытай қорғанын салдырды.

Әрбір ғұн тағайындалуы бойынша, қолөнермен, кен кәсібімен немесе ауылшаруашылығымен айналысқанына қарамастан жауынгер болды. Отырықшы ғұн қаруын дайын ұстады, ал көшпенді оны ешқашан тастаған жоқ. Бірінші дабыл сигналы бойынша ғұндар  бәрін тастап, әйелдері мен балаларын және қарттарды өздерімен  күймелі арбаларға салып алып кеткен, соңында ол мүмкіндігінше сенімді бекініс қорғанышы астында қалдыруға тырысты. 

Бұл бүкіл әлемді қалшылдатқан соғыстар болды. Кең мақталы халаттардың үстінен ұлттық қаруланған, теріден және аттың қылынан жасалған дөрекі күртешесі, ауыр дулығалары немесе бастарында үлкен тері құлақшындары бар, биік, тар ертоқымда отырған ғұндар мен басқа түрік тайпалары еуропалықтарға қорқынышты болып көрінді. Олар әрбір еуропалықтың үреймен қатар таң қалу сезімін тудыратын. Әрқашан мұздай қаруланған, соғыстан тозған көйлектері бар олар фантастикалық адамдар болып көрінетін. Христиан тарихшысы Аммиан Марцеллин оларды былай сипаттайды: «Они кочуют как скитальцы на своих телегах; эти телеги - их жилища, там сидят их жены... Ткут грубую одежду и держат подле себя детей... Они способны выносить всяческие неудобства и лишения, так как вовсе не употребляют огня и не умеют готовить хорошую пищу. Хунны как будто приросли к своим некрасивым, но крепким коням и делают свои обыкновенные дела, не слезая с них, сидя верхом, покупают и продают, на общественных собраниях тоже не слезают с лошадей. Они ловки, и лошади у них быстры. В сражениях они с криком бросаются на врага, построившись клиньями» [5, 157-158-б.].

Ғұндар Тәңірі аспанының Ұлы рухына табынған. Олар бес бейнеге енген бес қатерді мойындады және құдайсыздандырды. Бұл жер, металл, ауа, от және су. Олардың нақты нәрселері бес түс болды: сары, көк, қызыл, ақ және қара. Жауынгерлікті даңқты сақтауға тіпті үмітсіз жағдайдың өзінде, дін көмектесті, тәңірлік ұрыста өлімнен қорықпауға үйретті.

375 жылы (бз.д. IV ғ.) сол кезде Батыс Қазақстан даласы мен Еділ жағалауына көшіп-қонып жүрген ғұндар Донға ауысты, осы жерді билеген готтарды талқандады, бұдан кейін Доннан бастап Карпатқа дейін үлкен аумақты алды. Сосын олар Дунай жағалауларына жылжыды және қазіргі Венгрия аумағына тұрақтады. Ғұндарда жеткілікті түрде дамыған материалдық мәдениеті және қабырға бұзатын техникаға дейін әскери іс машықтары болды, олар жақсы қаруланған қарсыластарын талқандауға, оның бекінген қалаларын алуға мүмкіндік берді [6,  68-б.].

Біртіндеп ғұндар одан әрі батысқа енді, Шығыс Рим империясының шектеріне де жиі басып кірді. Олар Константинополь қабырғасына жақындады, Казказ маңы мен Месопотамияға шабуыл жасады (б.д. V ғ. бірінші үштігі), бай римдік және Дунай маңы провинцияларын басып алды. Шығыс Рим императоры Руғилаға жыл сайын 350 фунт алтын төлеуге міндеттеме алды.   

434 ж. кәрі король Рона (Руғила) қайтыс болады. Римдіктер достық қатынастарды және келісімдерді бұзып, Ғұн империясынан қашқандарды паналатқан еді. Сол жылы Аттила сақадай сай көп әскермен дайын отырып Константинопольдегі Шығыс Рим императорына хат жіберді. Ол өктем түрде «қашқындарды тез арада қайтып бер, салықты уақытымен төле және алдағы салықтың мәселесін шешуге елшілеріңді жібер» — деді. Римдіктер бұл талапты орындамаған соң, ол көп әскермен баса көктеп кіріп, көптеген қалаларды өзіне қаратты. Артын ойлайтын аса айлакер саясатшы Аттила Константинопольге жақындап келсе де қалаға кірмеген. Мәселені келіссөз арқылы шешіп, тиісті салығын алып кейін қайтты. 

Аттила мен Бледаның византия провинциясы  Иллирикке (жаңаша Сербия) алғашқы жорығы  441- 447 жылдары болды. Дунайда қалалардағы штурм және басып алуды тарихшы Приск көшпенді ғұндар өздеріне бағынышты халықтың құрылыс машықтарын пайдалана отырып,  бекінген қалаларды қоршап алғанын жеткілікті түрде толық  сипаттайды: 

«Тұрғындар шайқасқа шығуға батылы бармағандықтан ғұндар, өз әскерлерінің келесі жаққа өтуін жеңілдету үшін қаладан төмен оңтүстік жағынан Нишаву өзені арқылы ағысы бойынша көпір салды және өздерінің машиналарын қаланы қоршаған қабырғаларға таяу әкелді. Алдымен олар ағаш платформаларды доңғалақтармен алып келді. Оларда әскерлер тұрды, олар бастиондарда қорғаушыларды атты. Платформалардың артында, «садақшылар» экран арқылы дәл ата алатындай, доңғалақтарды өз аяқтарымен итеретін және машиналарды керек жерге жылжытатын адамдар тұратын. Платформада жауынгерлер қауіпсіз шайқасуы үшін олар атқыш  снарядтар мен  өртегіш найзалардан қорғау үшін үстінен тасталған терілермен бірге өрілген қалың талдан жасалған экрандармен жабылған. Көптеген машиналар қабырғаға жақындатылған кезде қорғаушылар атқыш снарядтардың нөсерінен бастиондарды тастап кетті. Қорғаушылар қабырғалардан үлкен қой тастарды тастады. Машиналардың кейбіреулері қызметшісімен бірге жаншылды, бірақ  қорғаушылар олардың көп санына қарсы тұра алмады. Варварлар тарандардың соққысымен тесілген қабырғаның бір бөлігі арқылы, сонымен қатар құрама сатылардың көмегімен өтіп кетті» [4].

Римдіктер Едиконмен бірге Ғұн ордасына өз елшілерін жіберді. Олардың арасында белгілі тарихшы-жазушы Приск бар еді. Оның кітабы ғұндар мен Аттила туралы аса құнды естелік, алайда біздің заманға толық жетпей қалды. Соның бізге жетпей қалған кейбір мәліметтерін одан бір ғасыр кейін өмір сүрген вестгот жазушысы Иорданның кітабынан көруге болады.

Жалпы Приск гұндар мен Аттила туралы ыстық ықыласпен шынайы мәліметтер жазған тарихшы. 448-449 ж. Рим басшыларының елшілері арқылы Аттилаға жасаған қылмыстары ашылып қалды. Аттила сонда Римнің екі империясымен де достық қатынаста тұруға болмайтынын түсінді. Ал герман тайпалары ше? Германдардың біраз бөлігі Аттиланың қол астында болғанымен әлі біразы ғұндармен тіл табыса алмады. Бургундия корольдігін 437 ж. Атилла талқандаған соң, бағынбай кеткен жауынгерлері вестготтардың санына қосылды. Рим басшылары, Аттила қол астына кіріп үлгермеген германдықтар, Испанияны билеп тұрған вестготтар, Галлиядағы франктер, тюринг тайпасы, т.б. Аттилаға қарсы жасырын одақ құра бастады.  

Басында Аттила Шығыс Рим Империясына ерекше қатер болып төнді. Өзінің талаптарын ұдайы арттыра отырып, ол император ІІ Феодосияны орасан алым-салық төлеуге мәжбүр етті және төменгі Дунайдың барлық оң жақ жағалауын өзінің билігіне бағындырды.  Бұл туралы тарихшылар былай әңгімелейді. Аттила әскері Шығыс Рим Империясының астанасы – Константинополь алдына тоқтады. Рим императоры ІІ Феодосия Аттилаға бейбітшілік шартын жасасу үшін елшілер жібереді.  Аттила одан алым-салықты алтынмен төлеуді талап етті [7, 36-б.]. Византияның ғұндармен бейбітшілік шарты Присктің сақталған үзіндісінде толық мазмұндалған: «Ғұндарға қашқындарды және алты мың литр алтынды [2 тоннаға жуық] беру, өткен уақыт үшін жалақы ретінде; жыл сайын екі мың бір жүз литр алтынмен белгілі бір алым-салық  төлеу; қашқан (ғұндардан) және өз жеріне төлемсіз өтіп кеткен әрбір Рим әскери тұтқыны үшін жиырма алтын монета төлеу; егер оны қабылдаушылар осы бағаны төлемейтін болса, онда ғұндарға қашқынды беруге міндетті. Римдіктерге өздеріне қашып келген ешқандай варварды қабылдауы керек» [2].

Византия ауыр алым-салық төлеп шықты, 448 жылы Аттиланың жеңілген империяға келесі талаптары ғана қалды – ғұн жерінен қашқындарды беру және өздері басып алған Дунайдан Наиссқа және Сердикиге (қазіргі София) дейін созылған  аумақтарда ауылшаруашылық қызметін тоқтату. Сол кезде Шығыс Рим императоры Теодор өледі, оның орнына жаңа император Марсиан отырады. Ол империяны германдықтардан, ғұндар мен Аттиладан қорғау үшін көптеген шаралар қолданды. Империяның басқа проблемалары мен өз жоспарларын ысырып тастап күшті Батысқа жібереді.

Сол кездері Батыс Риммен дипломатиялық қатынастарды жалғастырған ғұн ордасының елшісі Есіл болса, ал Шығыс Римге, яғни Константинопольмен елшілік қатынастарға Едіге барып жүрді. Едіге — Аттиланың туысқаны әрі ұстазы, белгілі қолбасшы, ғұн ордасындағы министрлердің бірі. Жыл өткен сайын ғұн империясы әбден күшейді. Оған керісінше Римнің екі империясы да күннен күнге нашарлай берді. Бұл кездегі екі Рим империясының басшыларының үміті — герман тайпаларын, яғни империяның талай жерін (Африканы, Испанияны, Галлияны қазіргі Франция) басып алған жауынгер корольдіктерді ғұндарға қарсы қойып, варварларды бір-бірімен қырқыстырып, жан сақтау еді.

448 жылы Аттила үлкен ұлы Эллактың Қара теңіз маңында акацирлер тайпасының көсемі етіп қояды. 449 жылы византийлық елші Анатолий мен Номға Аттиладан  империяға Дунай маңындағы жерлерді қайтару және қашқындарды ғұндардан алып беру арқылы мәселені реттеу уәдесін алу мүмкіндігі болды. Присктің айтуынша «Аттиламен келіспеушілік тоқтатылды». 

450 жылдың шілдесінде аттан құлап,  император Феодосий қайтыс болады. 25 тамызда  императордың қарындасы Пульхерия  Византия тағына жаңа императорды, қол басшы Маркианды қояды, ол ғұндарға бұрынғы алым-салықты төлеуден бас тартады: «Шығыс императоры, Феодосийге тағайындалған алым-салықты төлеуге міндетті емес екенін хабарлады; егер Аттила тыныш қалатын болса, онда ол оған сыйлықтар жібереді, егер соғыс қатер төндіретін болса, онда ол оның күшінен қалыспайтын күшін алып шығады» [3, 68-б.].

Мизияны, Фракияны, Иллирикті тонап, ол өзінің шапқыншылығын Константинополь төңірегіне  дейін созды, императорды көп сомасын өтеу беруге және ғұндарға оңтүстіктен Дунайға дейін барлық елін беруге мәжбүрледі.  

Сосын Аттила өзінің жанарын, Батыс Рим империясынан алым-салық алу ойымен батысқа тікті. Ол Паннониядан жорыққа шықты, онда оның 451 жылы ірі ұтысы тұрды. Басып кіру нысаны ретінде ғұн патшасы Галлияны таңдады. Ол Рейннен өтті, көптеген Галлия қалаларын талқандады және тонады да, Луарда Орлеанға жақындады, бірақ оны ала алмады. Сосын Аттила әскерлерінің жолында Труа қаласы шыққан кезде тек жергілікті епископтың, қасиетті Луптың араға түсуі ғана оны талқандалудан құтқарды [5].

Осы оқиғаларды тарихшылар анағұрлым толық сипаттайды. Атилла вестготтарды жазалау үшін оңтүстікке қарай асықты. Жол бойындағы көп қалаларға көңіл бөлмей Ремстен Орлеанға сапар шеккенде Шальн-Марле, Троя, Санс сияқты үлкен қалаларға тіпті қол тигізбеген. Ол өз мақсатын жақсы білгендігі соншалық, барлық нәрседен бұрыннан хабардар болса керек. Өз әскерін азық-түлікпен және басқа керек-жарақпен ұқыпты қамтамасыз етіп отырған. Орлеан стратегиялық аса қажетті қала болатын. Халқы мен әскері бес аптадан артық қорғана алмады, қақпасын ғұндарға өздері ашып берді. Осы кезде Галлияны билеуге Рим императоры жіберген белгілі қолбасшы Аэций келе сала көп шаралар қолданып жатыр еді. Мұның ақыры әйгілі Каталуния шайқасына жалғасты. Римнің белгілі қолбасшысы Аэций вестгот, алан, франк корольдерімен тіл табысып, Аттилаға қарсы көп әскер шығарды. Бұл шайқас бұрын сонды болмаған үлкен қырғын еді. Шайқастан соң майданда 165 мың жауынгердің өліктері қалды. Оның үстіне франк пен гепидтердің 15 мың жауынгер қаза болды. Рим жағында соғысқан вестготтар бұл шайқаста шешуші рөл атқарды, алайда оларға аса қымбатқа түсті. Олардың королі Теодор шайқас кезінде қаза тапты. Шайқас кезінде Аттиланың басына да көп қауіп төнді… Бұл шайқасты көзбен керіп, басы-қасында болған грек тарихшысы Прискінің жазбалары бізге жеткен жоқ алайда бір ғасыр кейін өмір, сүрген вестгот жазушысы Иордан жазбалары осы оқиға туралы негізгі дерек болып қалған.

Бір қатар авторлар осы оқиғаны келесі нұсқада мәлімдейді. Ғұндар Орлеанға дейін жетті де, Каталун жазықтығына бет қойды, Аттилаға қарсы келе жатқан Рим армиясы күтті. Осы уақытта Аттила әскерінде 100 мың түрік және 100 мың түрлі тайпалы жауынгерлер есептелді. Рим императоры барлық христиан әлемінен жауынгерлерді асығыс жинады. Рим туының астына Христ үшін және Рим даңқы үшін өлімге бас тіккен 200 мыңнан астам әскер жиналды. Каталун жазығында екі үлкен армия кездесіп, бір-біріне қарама-қарсы сапқа тұрды. Аттилаға қарсы Рим қолбасшысы Аесиус (Аэций) қарсы шықты. Ол әдемі, күшті еркек болған, атқа салт жүрген, садақтан оқ атқан, найза лақтырған кезде теңдесі жоқ болған. Ол ғұндарда екі рет болған: тұтқын ретінде және қуғындалушы ретінде.   Герман және түрік тілінде еркін сөйлеген, осымен легионерлерді өзіне қаратқан. Аттила мен Аесиус (Аэций) бала кезден жақсы таныс болған, ал   Каталун жазығында қарсыластар ретінде кездесті. Мұнда екі үлкен армия өліспей беріспейтін айқаста қауышты. Осынша жауынгерлердің бір жерде жиналғаны тарихтың есінде жоқ. Ұрыс басталды. Екі жақ та  көп шығынға ұшырады, бірақ жеңу құштарлығы басылмады. Сұмдық кескілесу тәуліктер бойы жалғасты. Аесиус арынын ғұндардың одақтастары емес, солардың батырлары басты, олардың көбісі ұрыс даласында қаза тапты. Екінші күннің кешіне қарай  Рим легионерлері шегінді. Бүкіл әлемнің түріктер жеңілмейтініне көздері жетті [8].

Аттиланың күші осы ұрыста әлсірегені соншалық, ол одан әрі бармай, Рейн сыртына, Германияға қайтып оралды. 

452 жылы Аттила жаңа шабуылға шықты, ешкім қоршамаған шығыс Альпі арқылы Италияға өтеді, Аквилеяны талқандайды, Альтинум, Падуяны, Миланды және басқада көптеген қалаларды алады.   

Атилла Дунай бойындағы ғұндар астанасы Этзелбургке (сол кездегі герман тілдерінде осылай аталады, біздіңше Еділқала) үлкен салтанатпен келді. Себебі оның жеңімпаз әскері соңғы жылдары қаншама жеңіске жеткен еді. Аттиланың кеңесшілерінің бәрі келесі жорықты Шығыс Римге жасау керек деп ұсыныс жасады. Әсіресе, оның үлкен баласы Эллак осынау жорықтың аса қажеттігін қызу қолдады. Эллак Еділ-Жайық пен Днестрге дейінгі территорияның билеушісі аса талантты қолбасшы болатын. Аттиланың Галлия мен Италия жорықтарына ол шешуші рөл атқарған еді. Ол өткір және аңғарғыш болғандықтан өз адамдарына [жауынгерлеріне] келесі ойды айтты: «Мына құстарға қараңдар, – деді ол, – болашақты болжап, олар өлім қатері төніп тұрған қаланы тастап барады; олар қалайтын бекіністен қашып барады, себебі оларға қауіп төніп тұр. Бұл тегін белгі емес, оны теріс санауға болмайды; оқиғаны алдын ала сезіну, қорқыныш алдында олар өздерінің әдеттерін өзгертеді». Одан әрі не болады? осы арқылы ол Аквилеяны жеңуге өз адамдарының [жауынгерлерінің] рухына дем берді. Қоршалған машиналарды қатарлап және неше түрлі атқыш қаруларды қолданып, олар бірден қалаға басып кіреді, тонайды, олжаны қаланың ізін де қалдырмастан бөледі» [5, 173-174-б.].

Аттила Рим қақпасына жақындайды.  Астана, халық, сенат және папа – бәрі дүрлігуде болды.  Берілуден басқа шешім қалмады.  Сонда Аттилаға Римнің дін басыларын және  император Валентинианның елшілігін ертіп, апостолдық сардардың киімін киген Рим папа шығып, барлық христиандықтар атынан Рим империясының жинақталған мәдени құндылықтары: тамаша сәулет ескерткіштері, ежелгі заманнан бері жиналған баға жетпес кітаптары, қол жазбалары бар кітап қоймасы тұрған  қалаға тиіспеуін сұрады. Осы құндылықтарды жою әлемдік мәдениетке тиген соққы болары айқын болды. Аттила өзінің қарсыласының өтінішін тыңдады да, қалаға тиіспеуге шешті. Ол тек контрибуцияны алды. Папа I Лев, император атынан үлкен ақша сомасымен Аттиладан бейбітшілікті сатып алды, ол, оның әскерінде дамыған өлім-жітім және әр түрлі жағдайы бойынша соңғысына өте қажет еді [9].

Рим папа хатшысы Проспер өзінің хроникасында, папа Лев атақты римдіктерді ертіп, ғұн көсемімен кездесті және оны Дунайдың ар жағына кетуге көндірді деп жазды. Алайда басқа дереккөздер Аттиланың кетуін басқаша жариялайды: «Олар аспаннан жіберілген чумадан қырылды». Тарихшылардың пікірі, ғұндар арасында чума олардың Италиядан кетуінің анағұрлым шешуші факторы болып табылғанына ұқсас келеді. Әлем мәдениетінің ең үлкен орталығы бүтін және сақталып қалды. 

Галлия көп уақыттан бері Римге бағынбайтын және 437 жылға дейін ғұн әскерінің көмегімен Аэций сол арадағы герман тайпаларын талқандаған болатын. Валентиниан Аэцийге егер ол Галлияны шапқыншылардан босатып, Римге қаратса, Галлияның билеушісі болатынын айтады. Бұл 451 жылдың басы еді. Аэций мен вестготтардың королі Теодор көптеген герман тайпаларын біріктіріп, Аттилаға қарсы орасан зор қол жинады. Мұндай шиеленісудің ақыры әйгілі Каталауния шайқасына әкеп соқты. Көптен бері Испанияны билеп тұрған вестготтарда үлкен әскер болды.

Көп ұзамай ұлы қолбасшы Аттила жер қайысқан қолымен Рейн өзені арқылы Галлияға қарай аттанды. Ол осы жорығы туралы: «Мен тек вестготтарды жазалауға бара жатырмын», — деп жариялады. Қаншама халықтар мен қалалар тізе бүкті. Галлия мен Бельгияның көптеген қалаларына ғұн әскері жақындап келгенде, көтерілістер бұрқ ете қалды. Әсіресе Париж бекінісіндегі көтеріліс ауқымды болды. Бірақ Аттила бекініс ішіне өтпеді. Дегенмен ғұн сарбаздары Галлияны түгелдей өз қол астына қаратып, ол арадан вестготтарды қуып шықты. Көптеген қалаларға ғұндар кірмегенімен, ғұн дегенде қала халңының қорқынышы мен үрейінің шегі болмады.

Аттила вестготтарды жазалау үшін оңтүстікке асықты. Ремстен Орлеанға дейінгі жол бойындағы Шальн-Марле, Троя, Сана секілді үлкен қалаларға да тиіспей өткен. Алайда «бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан» десетін батыстың әділетсіз тарихшылары көзді жұмып қойып, «Аттила жүрген жеріндегілердің бәрін қырып-жойды» деп жазды.

Аттиланың өлімі. Ең соңғы махаббаты оның басына қасірет әкелді. Бургунд ханының жесірі Ильдико сұлумен некелескен алғашқы түні ол көз жұмады. Күйеуінің өліміне қапаланып өшіккен әйел не оның сыртынан кездік ұрған, немесе некелесу рәсімінен кейін ұйқыда жатқанда біреулердің көмегімен буындырып өлтірген. «...Аттила франк сұлуы Ильдикомен қосылған неке түнінде кенеттен тұншығып өлді» деп нақтылай жазған Иорданның әңгімесіне орай, неміс жазушысы Феликс Данның «ғұн көсеміне Ильдико ажал құштырды (мас болып ұйықтап жатқан Аттиланы бұрымымен қылғындырып өлтірді-мыс)» деген болжамы заңды күдік тудырады. Бұл – тарихтағы бірінші оқиға емес, Шыңғыс хан және Қидан билеушісі Елюй Дашидың мұрагер ханзадасының да басынан өткен қайғылы жағдай. Әйгілі тұлғаны жерлеу рәсімі де құпия жағдайда өткен. Аттиланы жерлеу үшін алтын, күміс және темірден үш табыт жасалған. Марқұмның денесін үш табыттың қайсысына салғанын ешкім білмеген. Үш табыт түнде үш жаққа жөнелтіліп, жер қойнына тапсырылған. Аттиланың жерленген жері туралы түрлі болжамдар бар, бірақ бұл құпияның сыры әлі күнге дейін ашылмады. Мұндай құпиялық Шыңғыс ханның кезінде де қайталанды. Аттиланың қарсыластары мен түрлі елші-жаушылар Аттиланың алдында түрікше сөйлеуге тырысқан. Нәтижесінде үй, орда, ат-көлік, сауыт-сайманға қатысты біршама атаулар еуропа тілдеріне енген [1].

Аттиладан кейін ғұн ордасы ыдырайды. Бірақ олар Еуропадан кеткен жоқ.

Жаңадан құралған соңғы ғұн мемлекеті Уархун (Арғын) қағанаты деп аталды. 730 жылы қайтыс болған Баян хан уақытындағы ең күшті мемлекет болған. Ол VIII ғасырдың ақырына дейін өмір сүрді. Уархун қағанатының орнындағы мемлекет әлі күнге дейін ғұндар атымен Хунгрия (Венгрия) деп аталады.

Батыс Рим басшысы Аэций өлді. Себебі жер-жаһанның қаһары болған Аттила жоқ. Ендігі Рим басшысының орнына иек артатын жалғыз адам Аэций еді. Сондықтан Рим императоры Валентиниан Аэций орнымды тартып алады деп қорықты. Аэцийдің өмірмен қоштасуына ықпал етті… Көп ұзамай, Валентинианың өзі де өз адамдарының қолынан қаза тапты.

Сол жылы Генсерик (французша Жансерик) бастаған вандалдар Рим қаласына баса-көктеп кіріп, тонады. Олар 410 жылғы Аларих бастаған вестготтардың жасағандарын қайталады.

Бұрын Генсерик Аттиладан қорқып Римге кіре алмай жүр еді. Ендігі уақытта оның бетінен қағар, қаймығып қысылар ешкім қалмағаннан кейін, Римге кіріп, бассыздық істеп оны аяусыз таптады. Аттила мен Аэций өлген соң Римнің шын жанашыры қалмаған еді.  

Аттила туралы аңыздар және әдебиет. Аттила туралы тарихи көздерде әртүрлі аңыздар мен хикаялар бар. Олардың кейбіреулері туралы айтайық.

Аттила қылышы. Иордан, Прискіні мазмұндай отырып, Аттиланың қалай «скиф» халықтарында қасиетті болып саналатын Марс қылышының иегері болғаны туралы тарихты мәлімдеді: «Қайсыбір бақташы, өзінің үйірінде бір бұзау ақсап жүргенін байқайды, бірақ оның жаралану себебін таппайды; абыржыған ол,  қанның ізін, бұзаудың шөп жеп жүріп байқамай басып кеткен қылышына жеткенше бақылайды; бақташы қылышты қазып алады да, сол сәтте Аттилаға алып келеді. Ол сыйлыққа қуанады да, онсыз да өркөкірек бола тұра, бүкіл әлемнің әміршісімін және Марс қылышы арқылы соғыс құдіреті берілді деп, мұрнын көкке көтерді»

Прискқа дейін 900 жыл бұрын скифтер құрбандық, оның ішінде адамды шалған қасиетті қылыштар туралы Геродат әңгімелеген. 

Аттиланың Гонория лақап аты. Византия тарихшысы және дипломаты Приск аңызы бойынша Рим императорының әпкесі Валентиниана Юста Гонория аула маңындағы шенеунікпен сүйіспеншілік байланысы және кәрі сенаторға күштеп тұрмысқа бергені туралы атап өтілген. Күйеуге шығудан қашу үшін  Гонория сенімді евнухын Аттилаға сақина, ақша беріп, көмектесу өтінішімен жібереді. Гонория сақинасын оның әйелі болу міндеті ретінде пайдаланған Аттила  Валентинианнан әпкесін оған күйеуге беруді және әпкесінің мұра бөлігі ретінде иелігінің жартысын беруді талап етті. Талабы қабылданбағаннан кейін  Аттила кек алу үшін алдымен Галлияны шабады, ал сосын 452 жылы Италияға жорыққа шығады. 

Оқиғаның замандастары, Рим папасының жақсы хабардар хатшысы және испан епископы Идаций өздерінің хроникаларында Гонорияның Аттиламен қандайда бір байланысы туралы еске алмайды. Кейбір зерттеушілер, аңыз нақты оқиғаларға негізделген болуы мүмкін екендігіне жол береді. 

Қасиетті Луп және «Құдай шыбыртқысы». 451 жылы Галлияға жорығы кезінде Аттила Труа қаласын басып алады. Епископ Труа Луп қала қақпасына қарай шығады да, ғұн көсемінен Труаға кім шабуыл жасағанын сұрайды.   Аттила: «Мен, Аттила – Құдай шыбыртқысы» деп жауап береді. Сонда момын епископ жылап тұрып былай дейді: «Мен, Алланың үйірін діндарлықпен қажытатын және Тәңірдің қамшылауын керек ететін Луппын». Осыдан кейін епископ ғұндар алдында қақпаны ашуға бұйрық береді, олар құдайдың еркімен көз жанарынан айырылады да, тұрғындарды байқамастан және  ешкімге зиян келтірместен Труа арқылы өтеді.

1200 жыл шамасында Венгер корольдігінде, Аноним атауы белгіленген аула жанындағы кеңсе көшірушісі Gesta Hungarorum («Деяния венгров») жазды. Автор Венгерия дворяндығының барлық тарихын құрастырды, онда ол Аттиланы венгер корольдерінің негізін салушы етті. Аноним ізбасары Шимон Кезаи өзінің 1283 жыл шамасында жазылған «Венгерлер тарихында» Аттиланың бейнесін өрбітті және қазіргі уақытқа дейін Аттила Венгрияда атақты болып табылады. 

Аттилла және ғұндар бейнесі Еуропа бейнелеу өнерінде де ерекше орын алады (Рафаэл Санти (1483-1520). Фердинанд Делакруа (1798-1863), Чека Улпиано (1860-1916). Еуропа мемлекеттерінде 6 ғасырдан соң Аттила бейнесі жасалған көптеген алтын, күміс ақшалар шығарылған. Венгрияда Аттила есімімен аталатын көшелер, оқу орындары, т.б. көптеп кездеседі. Орыс жазушыларының ішінде алғаш рет Евгений Замятин (1884-1937) «Аттила» атты драма жазды (1927). Алайда бұл шығарма тек 1996 ж. Алматыда қазақ драма театрында қойылды. Сондай-ақ, оның «Тәңір құты» (Бичь божий) атты романы да осы тақырыпқа арналған.

Шетел әдебиетінде Аттила бейнесі үлкен қызығушылық тудырады. «Тамаша адамдар өмірі» сериясында  француздың тарихшы-медиевисті Морис Бувье-Ажанның «Аттила – Құдай шыбыртқысы» (ТАӨ сериясы, 2003 ж.) аударылған жұмысы жарық көрді. Эдвард Хаттонның «Аттила. Ғұндар басшысы» (2005 ж.) кітабы Уильям Нэйпирдің «Аттила» (Адам немесе әзәзіл) (2008 ж.) тарихи романы да оқырмандарды қызықтырады [2].

Қазақстан қоғамында билеуші Еділдің (Аттиланың) есімі де тарихта қалады. 2009 жылы Қазақстан Ұлттық Банкі «Ұлы қолбасшылар» сериясында «Аттила» естелік күміс монетасын 100 теңге номиналымен және 13 мың данамен шығарды. «Аттила» монетасы 925 сынамалы күмістен, массасы 31,1 грамм, диаметрі 38, 61 мм етіп шығарылды. «Аттила» монетасының бет жағында (аверст) атпен шауып келе жатқан жауынгер бейнеленген, ал теріс жағының (реверс) орта бөлігінде Аттиланың бейнесі бар ескі медальонның алтынданған бейнесі орналасқан. Төменгі секторда үш атпен шауып келе жатқан жауынгер  бейнеленген, жоғарғы секторда шеңбер бойымен ағылшын тілінде «ATTILA THE HUN» жазуы және қолбасшының өмір сүрген жылдарын білдіретін «406-453» сандары орналасқан. Санкт-Петербургте «Монетное созвездие-2010» халықаралық конкурсында «Жыл монетасы» номинациясында диплом алды, оған әлемнің 24 елінен 209 монета ұсынылған болатын.

Аттила – тарихи тұлға, соның арқасында бүкіл әлем ғұндарды таныды. Еуропада ол көрнекті қол басшы ретінде атақты болды. Бұл туралы Аттиланың бейнесі бар алтын және күміс монеталар куәландырады, олар Еуропа мемлекеттерінде алты ғасыр бойы соғылды [10, 94-б].

0 дауыс
Маган аттила туралы шыгарма кадет ертенге сабакка тез жауап беретин адам барма ?
0 дауыс
привет калайсындар аттила туралы керек
0 дауыс
"Атилла-ғұндар көсемі" тақырыбына эссе жазу керек.Көмектесесізбе
0 дауыс
Байгелді

Кайрат
...