+2 дауыс
18.9k көрілді
Олжа сөзінің мағынасы қандай?

4 жауап

+2 дауыс
Олжа сөзінің мағынасы - ойда жоқта, кенеттен келген пайда.
Ия, дұрыс, сосын тек қана материалдық пайда емес кенеттен естіген ақыл-кеңесті, рухани азықты да олжа деп айта береді. (кейде тіпті ойда-жоқта қуанғанын да айта салады)
+1 дауыс

Олжа – дәстүрлі қазақ қоғамындағы ұғым. Жорық барысында қолға түскен тұтқындар мен материалдық байлықтар (мал, қару-жарақ, т.б.). Олжа саналып, әскерді марапаттаудың бір түрі ретінде көрсеткен ерлікке, атақ-дәрежеге сай бөлінген. Олжаның бестен бір бөлігі (ең жақсысы) ханның, әміршінің үлесіне тиіп, қалғандары жеңіске қосқан үлестеріне қарай батырлар мен жауынгерлерге бөлініп берілген. Батырлық жырларда қазақ батырларының олжаға түскен қалмақ қыздарына үйленгені айтылады. Әскердің, батырлардың, қолбасшылардың еңбегін, қызметін әділ бағалап, уақытында марапаттау, олжа беру жауынгерлердің әскери рухын көтерген. Бұл әскери дәстүр қазақ хандығында 19 ғасырға дейін сақталды. Қазіргі кезде кездейсоқ тауып алынған зат олжа болып саналады.

+1 дауыс
Олжалы болдық дейді ғой? фильмдерде.
0 дауыс
Жалпы олжалы болдық деген сыйлық алдық деген мағынада.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
3 жауап
+1 дауыс
2 жауап
+1 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
Ерлан Беков 12.04.2023 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
...