+2 дауыс
Сағыну жақсы сезім бе? сағыну мен аңсаудың айырмашылықтары қандай?
24.11.2014 8.0k қаралым

3 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Сағыну деп адамға және туған жерге байланысты айтылады. Ал аңсау деп организмге байланысты бір құбылысты ұнатып, соны қайталағысы келуді айтады. Мысалы, ауылды сағыну, айранды аңсау.
24.11.2014
+1 дауыс
"Сағыныш болсаң, сағыныш болсаң арман не? Сағынатұғын, сағынатұғын, сағынатұғын жан барда" деген ән бар еді ғой. Сағынышқа шомған жақсы ғой, ең жаманы-сағынатын ешкімнің болмағаны. Сағыну мен аңсау синоним сияқты көрінгенімен, аздаған айырмасы бар сияқты. Аңсау деп әсіресе, келмеске кеткен нәрсені (мысалы, өткен күндерді), ешқашан іске асуы мүмкін емес құбылыс жайлы айтса, сағыну дегеніміз аз да болса шынайы өмірге жақынырақ сияқты. Сөздіктің қалай анықтама беретінін білмедім, әр адамның жүрегінің өз анықтамасы бар шығар, мүмкін.
24.11.2014
+1 дауыс
сағыну мұңды сезімдердің ішіндегі ең кереметі дейді ғой. сол сағынғаныңа арзыса әрине жақсы. Ал келмейтін адамды сағыну өмірді текке кетіру.
24.11.2014
127,958Сұрақ
322,872Жауап
153,169Пікір
72,978Қолданушы