Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) — негізгі міндеті мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің қызметін ғылыми-талдаушылық қамсыздандыру болып табылатын қазақстандық мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемесі. Институт Қазақстанның сыртқы және ішкі саясаты, әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мәселелері бойынша түбегейлі зерттеулер жүргізеді, мемлекет басшылығына болжамды-талдаушылық сипаттағы материалдар дайындайды. Нақты мәліметтермен ресми сайт арқылы таныса аласыз: http://www.kisi.kz/