+2 дауыс
7.8k көрілді
Мона Лизаның суретінде қас жоқ бәрімізге белгілі. Бірақ оның көзіне қарасаң тура саған қарайды, жанынан да астынан қарасаңда. Сол суретке қараған адамдар екі жылдан кейін көбі есі дұрыс емес болып, немесе өліп қалады екен. Ол суреттің бар құпиясы сонда неде?

4 жауап

+7 дауыс
 
Жақсы жауап
Лувр мұражайында тұрған Мона Ли­за­ның жұмбақ көздері көпшілікті ойлан­дырары хақ. Оның көздерінің тұңғиы­ғында бір сыр бардай. Мұражай қыз­­мет­керлері Джаконданың көзінен көз ал­май қараған талай жанның ес-түсінен айырылғанын көрген. Неге екені белгісіз, бұл суретке ұзақ қараған адамдарда ру­ха­ни әлсіздік байқалады. Тіпті кейде мұ­ражайға келушілер ұзақ қарап тұрып, қо­лындағы затын Джаконданың бетіне ашумен лақтырып кеп қалады екен. Француз жазушысы Стендальді де «құ­пиялы сұлу» біраз абдыратқан. Суреттен шыққан жағымсыз әсерді сезген жазу­шы­ның буындары әлсіреп, біраз әбігерге түсіпті.
Джакондаға кейбіреулер «жауһар» деп қараса, бұл туынды екінші біреулердің ашу-ызасын келтіреді. 1958 жылы бір тұрғын Мона Лизаға химиялық қышқыл қоспасын шашпақ болған. Бірақ оның бұл әрекетінен ештеңе шықпапты. Десе де оның қолынан келмегенді басқа жан іске асырған. Ол суретке бар пәрменімен тас лақтырып, нәтижесінде сурет бетіне сызат түскен. Мұндай оқиғалар қайталана берген соң, мұражай басшылығы оны берік шыныға салып қоятын болған. Жұрттың мұндай қылық танытуы бекер болмаса керек. Мұражай қызметкерлері суреттің адам көзінен таса жерде түсі бозаратынын байқаған. Ал көрме төріне орналасқан соң, сол баяғы бояуы қанық туындыға айналады екен. Парапсихо­лог­тардың пікірінше, шебердің осы суреті адамның күш-қуатымен «өмір сүреді». Адам бойының жылуымен «беті жылтырап жүрген» туынды солайша жұрттың көзін тартады.
Деректерге сенсек, суретші өзінің қал­ған ғұмырын осы Джаконданың сұ­лу­лығын беруге жұмсаған. Үнемі жанынан тастамай алып жүрген туындыға шебер үнемі өзгерістер мен толықтырулар енгізіп отырыпты. Сөйтіп жүргенде шебердің күш-қуаты сарқылған. Біреулер «бұған себеп болған Мона Лиза» деген ойда. Бұлайша қоңыржай отырып, қорқытатын туындылар әлемде аз емес көрінеді.

ия бұл сұраққа жауап емес.....мүмкін Мұның әлі сыры ашылмаған болар....

Білсеңіздер бөлісе отырыңыздар
+3 дауыс
Леонардо да Винчи өз уақытынан бұрын туған данышпан адам болған. Ол тікұшақ, парашютты ойлап тапқан. "Джаконда" (Мона Лиза) бұл да Винчидің өзінің портреті. Ол егер мен әйел болсам, қандай боламын деген оймен сол портретті салған. Джаконданың осындай да құпиясы бар.
немесе анасы Кристинаны салған деген сыбыс бар)))
+3 дауыс
Бұл суретті салуға Леонардоның 4 жыл уақыты кетті. Суретке зейін қойып қарасаңыз Мона Лизаның қасы жоқ екендігін байқайсыз. Осыған орай да Винчи перфекционист адам болған деген пікір бар. Дұрыс қас сала алмаған суретші оны өшіріп, қайта салуға мұршасы жетпеген көрінеді. Қандай болғанда сурет өте әдемі болып шықты.

Леонардо да Винчидің «Джокондасын» тағы бір зерттеушілер тобы нысанаға алды. Бұл жолғы зерттеуге суретте бейнеленген адамның көңіл-күйін анықтайтын компьютерлік бағдарлама қолданылған. New Scientist журналының сайтында мәлімденген зерттеу қорытындыларына қарағанда, суреттегі Мона Лиза 83 пайызға бақытты, 9 пайызға бірнәрсеге қатты өкінген, 6 пайызға үрейленіп, 2 пайызға ашуланған әйел бейнесінде көрінген.

Енді картинада бейнеленген әйелдің бүкіл әлемді тәнті еткен жұмбақ күлкісі жайына келетін болсақ, білгірлер бұл мәселенің соңғы нүктесі әлі қойылмағанын айтады. Жуырда The Daily Telegraph басылымы Зальцбургтегі нейрокогнитивті зерттеулер орталығының психология профессоры Флориан Хуцлердің Мона Лиза күлкісінің шындыққа жанасымды тағы бір құпия сырын ашқаны жайындағы жағымды жаңалықтың шетін қылтитты.

Профессордың айтуынша, Мона Лизаның еріндеріне зер сала қараған адам олардың мүлде бейтарап екенін байқайды. Бірақ, суреттегі әйелдің аузына тікелей назар салмай, бірден көздеріне қараған кезде оның жүзінен жеңіл күлкі табын аңғаруға болатын көрінеді. Тіпті, бет-әлпетінің өзге бөліктеріне қараған сәтте оның еріндері басқаша бір қырынан көрініп, езуіндегі әсем күлкі «жаңа» мағынаға ие болады. Сөйтсе, ұлы суретші картинадағы кескінге жұмсартып көрсететін сфумато техникасын қолдану арқылы оның көз қиықтары мен езуіндегі әсем құйылысты асқан дәлдікпен бейнелеп, нәтижесінде осындай ғаламат оптикалық қиялға қол жеткізіпті.

Мона Лизаның осынау жұмбақ күлкісі жайында бұдан басқа да біраз зерттеу еңбектер жазылды. Солардың ішінде ең соңғы құпияны ұсынған Палермодағы Вито Франко деген ғалымның айтуынша, бейнеленген кезде Джоконданың денсаулығы нашар, яғни, холестерині жоғары болған көрінеді.

Қарғыс туралы бірінші рет естіп отырмын...)))
0 дауыс
Қарғыздеген.   өтірік
...