+3 дауыс
2.7k көрілді

Тіркелмеген ұялы телефон номерлері 1 желтоқсан күні жарамсыз болып қалады ма? Яғни телефон номеріңіз өзіңіздің атыңызда тіркелмеген болса, номер жарамсыз болып істемей қалады дейді. Толық осы тіркелмеген ұялы телефон нөмерлері туралы ақпарат керек?

тіркелмеген номер, тіркелмеген ұялы телефон, ұялы телефон,

8 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Елімізде әрекет ететін қай ұялы оператордың тел.нөмірін пайдалансаңыз да, тіркелмеген болса 1-желтоқсаннан бастап бұғатталады. Бұл туралы әр оператордың веб сайтында жарияланған:

Сонымен, Актив:

2014 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігінің талаптарына сәйкес тіркелмеген нөмірлер бойынша байланыс қызметтерін көрсету тоқтатылатынын хабарлаймыз.

Егер сіз пайдаланатын абоненттік нөмір тіркелмесе немесе деректеріңіз тіркеу сәтінен бастап өзгерсе және/немесе толық ұсынылмаса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.12.2011 жылғы №1718 қаулысымен бекітілген Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидаларының талаптарына сәйкес 2014 жылдың 30 қарашасына дейін абоненттік нөмірді тіркеу және/немесе тіркеу деректеріндегі жетіспейтін ақпаратты жаңарту және/немесе ұсыну үшін қызмет көрсету орындарына хабарласуды сұраймыз. Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат тұпнұсқасын ала келіңіз. Заңды тұлғалардың аттарына тіркелген абоненттік нөмірлер бойынша деректерді өзгерту үшін заңды тұлға атынан ресми хат пен көрсетілген әрекеттерді заңды тұлға атынан жүргізуге уәкілетті тұлға сенімхатын ұсыну қажет.

2014 жылдың 30 қарашасына дейін нөмірдің сіздің атыңызға тіркелген жағдайында сізге тіркелген нөмірге шығыс дауыстық қосылыстарға 60 минут түрінде бонус беріледі. Бонус оның берілген күнінен бастап кез келген теңгерім қалпында 30 күн бойы жарамды. Байланыс қызметтерін көрсету шарты бұзылған жағдайда бонус құнының баламасы төленбейді.

дереккөз: http://activ.kz/kk/news/2689

 

Кселл: 

2014 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігінің талаптарына сәйкес тіркелмеген нөмірлер бойынша байланыс қызметтерін көрсету тоқтатылатынын хабарлаймыз.

Егер сіз пайдаланатын абоненттік нөмір тіркелмесе немесе деректеріңіз тіркеу сәтінен бастап өзгерсе және/немесе толық ұсынылмаса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.12.2011 жылғы №1718 қаулысымен бекітілген Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидаларының талаптарына сәйкес 2014 жылдың 30 қарашасына дейін абоненттік нөмірді тіркеу және/немесе тіркеу деректеріндегі жетіспейтін ақпаратты жаңарту және/немесе ұсыну үшін қызмет көрсету орындарына хабарласуды сұраймыз. Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат тұпнұсқасын ала келіңіз. Заңды тұлғалардың аттарына тіркелген абоненттік нөмірлер бойынша деректерді өзгерту үшін заңды тұлға атынан ресми хат пен көрсетілген әрекеттерді заңды тұлға атынан жүргізуге уәкілетті тұлға сенімхатын ұсыну қажет.

2014 жылдың 30 қарашасына дейін нөмірдің сіздің атыңызға тіркелген жағдайында сізге тіркелген нөмірге шығыс дауыстық қосылыстарға 60 минут түрінде бонус беріледі. Бонустарды теңгерімде байланыс қызметтерін көрсету үшін жеткілікті қаражаттың болған жағдайында пайдалануға болады. Бонус оның берілген күнінен бастап 30 күн бойы жарамды. Байланыс қызметтерін көрсету шарты бұзылған жағдайда бонус құнының баламасы төленбейді.

дереккөз: http://www.kcell.kz/kk/news/2729/400

 

Билайн: 

Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің 2014 жылдың 10 қазанындағы талабы бойынша Beeline Қазақстан абоненттік нөмірлердің қолданушылары болып табылатын тіркелмеген абоненттерді абоненттік нөмірді 2014 жылдың 30 қарашасына дейін тіркеу қажеттілігін ескертеді.

Beeline компаниясы өз клиенттеріне абоненттік нөмірдің тіркелгенін  тексеріп көруді ұсынады. Ең оңай тәсіл – мобильді телефоннан *808# нөмірін теріп, жауапқа келетін СМС хабарламаны күтіңіз, хабарламада нөмірдің тіркелгені немесе тіркелмегені көрсетіледі. Сондай-ақ бұл сұрақты 0611 нөмірі бойынша қолдау қызметіне хабарласып немесе beeline.kz сайтындағы чатта және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, «Азбука связи» салондарында және Beeline Қазақстанның Ашық кеңселеріндегі мамандардан анықтай аласасыз.

Нөмір тіркелген жағдайда, байланыс қызметі бұрыңғы тарифтар бойынша іске асырылады. Егер нөмір тіркелмеген болса, «Азбука связи» салондарына және Beeline Қазақстанның Ашық кеңселеріне өзіңізбен бірге міндетті түрде жеке басын куәландлыратын құжат алып барыңыз.

Сізге ыңғайлы орналасқан салон немесе кеңсені компанияның сайтынан www.azbuka.kz жәнеwww.beeline.kz таба аласыз.

дереккөз: http://www.beeline.kz/kz/press_pages/press_releases/10146

 

Теле2:

Еуропалық Tele2 операторы ҚР инвестиция және даму Министрлігінің талаптарына байланысты тіркелмеген нөмірлерге байланыс қызметін көрсетудегі өзгерістер туралы хабарлайды. Сөйтіп, реттеушінің ұйғарымы бойынша 2014 жылдың 1 желтоқсанынан тіркелмеген нөмірлерге байланыс қызметін көрсету тоқтатылады.

Tele2 өз абоненттерін нөмірді тіркеу бойынша оңай рәсімнен жедел өтулерін сұрайды. Нөмірді онлайн режімде тіркеуге болады. Ол үшін тіркеу формасын толтырып, жеке басын куәландыратын куәліктің скан-көшірмесін тіркеу керек. Сонымен қатар нөмірді тіркеу рәсімін Tele2-нің кез келген байланыс салонындаөткізуге болады. Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжатыңыз болуы керек.

«Әрине, біз абоненттерімізге тіркеу мерзімі бойынша қатал шек қойғымыз келмейді, бірақ бұл жағдайда біз заң ұйғарымын ұстанып отырмыз. Сол шақта, нөмірді тіркеген абонент оны пайдаланудың кең мүмкіншіліктерін ала алады және бұл абонент үшін сөзсіз артықшылық болып табылады. Tele2 нөмірді тіркеудің тез және ыңғайлы мүмкіндіктерін ұсынады – ол үшін Сізге бар болғаны интернет пен бос уақытыңыздың бірнеше минуты жеткілікті», - дейді Tele2 Қазақстанның коммерциялық директоры Миндаугас Убартас.

дереккөз: http://www.uko.tele2.kz/392.html

Өз нөмірінің дұрыс тіркелгенін тексеруге тілек білдірушілердің ағылып келуіне байланысты Tele2 операторы нөмірдің әдеттегі иесіне нөмірді тіркеудің оңай тәсілін естеріне салады.

Егер бірнеше кеңесті ұстансаңыздар, нөмірді тіркеу барысы қиынға соқпайды:

Біз барлық абоненттерден сұрайтынымыз, байланыс салонына барар алдында www.tele2.kz сайтындағыЖеке кабинетте тіркеу туралы деректердің дұрыс не бұрыс екендігін тексеріңіздер. Салонға келу және тіркеуден өтудің қажеттілігі бірінші кезеңнен-ақ жоқ болуы мүмкін.
Егер сіз тіркеуде қате деректер тапсаңыз, міндетті түрде нөмірді қайта тіркеу рәсімінен өтіңіз. Оны екі тәсілмен жасауға болады.

Нөмірді жақын жердегі Tele2 байланыс салонында тіркеуге болады. Ол үшін тіркеу формасын толтырып, оны жеке басыңызды куәландыратын құжаттың түпнұсқасымен бірге салон қызметкеріне ұсынуыңыз керек. Байланыс салондырының тізімі мен мекенжайларын ресми сайттан қарап шығуыңызға болады..
Нөмірді тіркеуге өтінішті үйден шықпай-ақ онлайн жіберуге болады. Ол үшін Tele2 сайтындағы «Тіркеу» бетіне өтіп, электронды тіркеу формасын толтырыңыз да, жеке басыңызды куәландыратын құжаттың скан-көшірмесімен (немесе екі жағы да жақсы суретке түсірілген) тіркеп, «Жіберу» пернесін басыңыз. Сіздер туралы деректер Tele2 мамандарына түседі де тіркеу 7 күн ішінде жүзеге асырылады.

«Tele2 абоненттерді абыржымауларын және дүрлікпеуге шақырады. Алдымен сайтқа кіріп, Жеке кабинеттен нөміріңіздің тіркелгенін-тіркелмегенін тексіріңіздер, бұл оп-оңай. Нөмірді қайта тіркеу – бұл қалыпты, тез және оңай рәсім және біз барлық абоненттерге тіркеуден уақытында өтуге көмектесеміз! Ол үшін біздің техникалық қызметтер мен байланыс салондары күшейтілген режімде жұмыс жасауда», - дейді Tele2 Қазақстанның коммерциялық директоры Миндаугас Убартас.

дереккөз: http://www.uko.tele2.kz/396.html

 

Яғни, 2014 жылдың 1-желттоқсанынан бастап тіркелмеген нөмірлер бұғатталады. Бұғаттан шығару үшін тіркету керек болады. Егер 1 желтоқсанға дейін тіркетсеңіз, Актив пен Кселл ұялы байланыс операторлары 60 бірлік бонус сыйға береді. Опшым, осылай :)

Айтпақшы, өз нөміріңізді тіркетіп, еш қамсыз жүруге де болмайды. Өз аты-жөніңізге басқа да тіркелген нөмірлердің бар-жоғын тексертіңіз. Бұл өз заңды құқығыңызды сақтау мен заң тарапынан қудалануларды болдырмау үшін қажет. 

0 дауыс
Актив болса *940# терiп бiле алады екен. Сосын 18 ге толмасан өз атына тiркей алмайсың.
0 дауыс
Иа жарамсыз болады. Жеке куәлік алмағандарға қиын болатын болды.
+2 дауыс
Мына номерлер арқылы тіркелген тіркелмегенін біле аласыңдар: Актив *940# ... Билайн *808# ... Теле2 *127*1#
оооо, менікі тіркеліпті!)
+2 дауыс

қосымша:

1-желтоқсанға дейін мобильді нөмірін тіркету - 2015 жылы Қазақстанда енгізілетін Mobile Number Portability жобасымен байланысты екен. 
Бұл Mobile Number Portability дегеніңіз бір ұялы байланыс операторынан басқа ұялы байланыс операторына ауыспақ болсаңыз, нөмірді алмастырмай-ақ өту құқығын береді.
Демек, сіз қазір пайдаланып жүрген ұялы байланыс операторының қызметіне, тариф түрлеріне, баға саясатына көңіліңіз толмаса, бірақ басқасына ауысуға нөміріңіз "тұсау" болса, онда Mobile Number Portability жобасы енгізілгеннен кейін, еш кедергісіз нөміріңізбен бірге басқа ұялы байланыс операторына көшіп кетуіңізге әбден болады. 
Сондықтан қазір ұстап жүрген мобильді нөміріңіз атыңызға тіркелмесе, онда бейғамдық танытпай 1-желтоқсанға дейін тіркеткен дұрыс 

Mobile Number Portability деген тәп-тәуір нәрсе. Бастысы, "мобильное рабство" анықтамасымен танымал жағдайдан құтқарады 

дереккөз: http://lsm.kz/kazahstantsam-obyasnili-prichinu-registratsii-mobilnyh-nomerov.html

0 дауыс
Егер тіркелген номер арқылы сенің әр бір сөзіңді бақылап отырса қайтеді?Тыңшылар көп емеспе? айтқан сөзіңді арқылы прослушка қойса біттің дей бер?
сонда не істеу керек?
О құдайым Қазақ әріптерің барма?сірә Capslock басылып кеттіма түсініп тұрмыз Бүйте берсең жауабыңнаң айырылып қаласың?
0 дауыс
Менің сұрағым бар еді?Менің Беллайн нөмірім тіркелмеген енді қалай тіркеуге болады?
+2 дауыс
1 желтоқсанға дейін тіркелмеген нөмірлерді тіркету туралы ескертуді барлық Қазақстандық алды. Мұны сан-саққа жүгірткендер көп болды. Әсіресе әлеуметтік желі бетінде түрлі пікір жазылды. Билік бүкіл қазақстандықты ұялы байланыс арқылы бақылауда ұстамақшы, қылмыс көбейіп кетті бақылағаны дұрыс деген пікірлер жиі жазылды. Мұндай пікірлерді осы жерден де оқыдым. Бұл негізі  2015 жылы Қазақстанда енгізілетін Mobile Number Portability жобасымен байланысты.

Анықтап айта кетейік Mobile Number Portability — бір ұялы байланыс операторынан басқа ұялы байланыс операторына нөмірді алмастырмай-ақ өту жүйесі. Мысалы: сіз қазір Асtiv-ті қолданып жүріп, Теле2-ге өткіңіз келсе, еш кедергісіз нөмір ауыстырмастан көше бересіз. Толығырақ, осынд жаздым. http://erbolazanbek.yvision.kz/post/444792
...