Тамыр туралы керек

+1 дауыс
19.1k қаралым
Тамыр туралы мәліметтер керек еді.
• Санаты: Өсімдіктер

5 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап

Тамыр – топырақ арқылы өсімдікті минералды тұздармен және сумен қамтамасыз ететін вегетативті мүше.
Тамырдың қызметі:
Су мен минералды тұздарды топырақтан алады.
Өсімдікті топыраққа берік орнықтырады.
Қоректік заттар қорын жинайды.
Көбеюге қатысады.
Органикалық заттарды синтездейді.
Тамырдың түрлері:
Негізгі тамыр – ұрық тамыршасынан дамиды.
Жанама тамыр – тамырдың жан - жағынан таралады.
Қосалқы тамыр – сабақ пен жапырақтан өсіп шығады.

Тамыр жүйесі:
Тамыр жүйесі деп бір өсімдікте болатын әртүрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығын айтады.
Кіндік тамыр жүйесінде негізгі тамыр жақсы дамыған. Олар қосжарнақты өсімдіктерге тән.
Шашақ тамыр жүйесінде негізгі тамыр нашар дамыған. Жуандығы біркелкі болса да жанама немесе қосалқы тамырлар шашаққа ұқсап топталып тұрады.
Даражарнақты өсімдіктерге тән.

0 дауыс
ұрық тамыршасынан дамыған тамырды қалай атайды
0 дауыс
Тамыр талшыктарынын ролы кандай?
0 дауыс
Тамыр-топырақтан заттарды сіңіру мүшесі.
0 дауыс
Тамырдың қызметі қандай???

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
6 жауап
0 дауыс
1 жауап
127,753 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы