+3 дауыс
1.8k көрілді
Неге кейбір адамдар атеист?
Мәке, маған iTys-та жазшы, номерің өшіп кетіпті, бірнәрсе сұрамақшы едім. 87058683296
Мен айтыска  енди кирмеймин уатс апта бармын
Уатсапта да бармын, жазшы осы номерге.
Меддидің пікірін жасырыңдар!
өзің неғып жасыра салмайсың?
@Anonimm аккаунты өшірілді, кезек менде (с) Meddi

12 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Олардың құдайға сенбеуінің басты себебі құдайды көре алмауында. Ең мықты сылтаулары да сол. Бар болса неге көрмейміз деген әңгіме ғо қысқасы. Бірақ кейде құдай түгіл қарапайым нәрсенің өзіне көзбен көре алмасақта ақылымызды іске қосып, ойланып көргенімізде шындық екеніне көзімізді жеткізбейміз бе...?
Жүрекпен сеземіз дейсің ғой.
0 дауыс
Сенімі жоқ болғасын атеист болады дағы (мен де мысалы дінге сенетіндерді сыйлаймын, бірақ дінге неге сенетіндерін түсінбеймін)
Сіздің психикаңыз жүйкеңіз мықты ғой демек?
vvvwww дiн туралы аңгiме айтпай-ақ қоя салшы сен.
@Freedom ҚР Конституциясының 14-ші, 19-шы баптарына сәйкес және осы сайт Ережесіне байланысты өз ойымды, өз сенімімді ашық айтуға құқылымын. (сенің әңгіме айтпа деуің Заңсыз) хе-хе әзілім ғой... сотқа берем деп қояйын ба.... (негізі дін туралы айтпай-ақ қойсам деп едім, бірақ шыдай алмай кетем) Қысқасы әркімнің өз сенімі, көзқарасы болады, оны сыйлайық (мен сенің сеніміңе еш тиісіп жатырғаным жоқ, сыйлаймын дедім)
Бұл жерде әңгiме тек сыйластықта емес. Өзiң Исламға сенбегенiңнен, түсiнбегенiңнен соң, неғыласың жауап берiп, жас баланы жолдан ұрып.
Ааа ))) мен жас бала? :D
Ол кісі де еріккенінен атеист емес шығар
Бұл сұрақта Ислам діні туралы сөз жоқ, атеизм туралы сұрақ, сенің логикаңмен келгенде өзің жауап бермеуге тиіссің (сенің айтуыңша өзің түсінбейтін нәрсе туралы әңгіме қозғап отырған болып шығасың ғой)
Мыжама адамсың ғой бiлесiң ба )
0 дауыс
Себебі, әр адамның өзіндік көзқарасы, өмірден білген-түйгені болады. Мысалы, мен Аллаһтың бар екеніне сенемін. Бірақ, намаз оқу, ораза ұстау міндетті емес деп ойлаймын.
Мұсылманның 5 парызына кіредіғо.
міндетті деп түсінуің керек
Ораза ұстау Алла үшiн, Намаз оқу өзiң үшiн. Алла бiзге мұқтаж емес, бiз Аллаға мұқтажбыз деген екен құрметтi экономист мырза.
Шайтан Аллахтың бар екеніне, оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, Ақырет күніне сенеді, еш күмән келтірмейді. Бірақ ол намаз оқымайды, ораза үстамайды.
Мәкең шайтан болдыма сөйтiп )
кім???????????
Freedom дұрыс айтасың  Алла бiзге мұқтаж емес, бiз Аллаға мұқтажбыз.
0 дауыс
Мәди бұл сенбе? Өмірден түңілген адамдар атеист болып келеді.
Иа ))) бұл мен
Құдай бар болса маған көмегін берер еді. Құдай жоқ, мен өзім ғана бармын . Басқа кім бар өз күйімді өзімнен артық түсінетін. Өз өзімнен Күбірлеп Құдайым көмектесе гөр деп кімге жалбарынып жатқанымды да білмеймін. Көрінбейтін рухтан көмек сұрап...
Ал мен пиво ішкім кеп тұр. )))
 Көп ой ойлап тұрм.
Менің Құдайларым ата анам. Олар да бір бірін көргісі келмейтін Өркөкірек менің көңілім бар екенін ұқпайтын Құдайлар.
Менің жүргенім мынау виртуалда айдаладағы адамдармен сөйлесіп ...
Сотканы  интернетті серік қып...
Алла көмектеседі шын көнілмен сұрасаң.
Иа көмектесіп жатыр... Сондай мейірімі күшті Құдай маған күш қайрат , ақылды , батылдықты молынан бермепті .
Құдіретінің күшті екенін сезіп тұрғам жоқ өз басыма.
Пиво ішіп алдың ау шамасы))
Жоғы ... пиво ішпей ұйқы келмей жатыр ))) енді өстіп түні бойы интернетте жатуым мүмкін з....л. ехх ехх
Сонда @vvvwww өмірден түңілген адам деп ойлайсың ба?
Бұрынғы өткен заманда бір 2 дос болыпты 1ші дос 2шісіне айтыпты сен құдайға сенесізбе? десе жоқ мен құдаймын депті содан кейін құдайдың өзі ашуланып ол адамға жазылмайтын ауру беріпті ол адам ерте қайтыс болыпты.Сол сияқты құдайдың барына сену керек.
Керісінше, атеистер өмірден көп түңілгіш, күйреуік келеді. Статистика бойынша суицид жайлаған елдердің қатарында ислам мемлекеті мүлдем жоқ деуге болады.
0 дауыс
Оппа Мади сен әлi өмiрден түңiлiп жүрсiң бей, мен сенi үлкен бiр кәсiпкер болып кеттiма десем! Мына видеоға қарап жiберш http://m.youtube.com/watch?v=uvVviZ1nMP0&itct=CDQQpDAYASITCNy3_YWpkcICFYuLGAodpJ4ABlI40KDQvtC60LrQuCDQsdGD0LTRjCDQs9C-0YLQvtCyINGD0LTQsNGA0Ysg0LTQtdGA0LbQsNGC0Yw%3D&client=mv-google&**=RU&hl=ru
Менде бір проблема бар. Сол проблемамды шешпей өмірім алдыға жылжымайтын тәрізді. Жеке басыма қатысты.
Ана видеоңды қарамайм. Қарасам да одан пайда жоқ.
Маған өміріме бір өзгеріс керек.
Не жетпейдi не?
Мұнда жаза алмайм
+1 дауыс
Сұрақ-жауап сайтына кірмегеніме бір айдай болып қалды, дәл қазір кіргенімде осы сұрақ шықты. Видеоны көргеннен кейін түсінгенге бұл да ой салар.
мына видеоның сілтемесін жаза салшы. Соткадан жазудың жартысы көрінбейді
Сілтемесі автоматты түрде видеоға алмастырылады екен. Мынау Вк-дағы
https://vk.com/video177541990_169248323
0 дауыс
Мен де атеистпін.
+1 дауыс
Шынымды айтсам, мен де атеистке жақын білімсіз Мұсылманмын..
+1 дауыс
Ертеде Умар ибн аль-Хаттаб айтқан: Жер бетінде дінсіздер -дінсіздігіне мақтанып, ал мұсылмандар -Мұсылманбыз деп айтуға ұялатын уақыт келе ме деп қорқамын. Р.S Орысша нұсқасын естігендіктен қазақша мағынасын жеткізуге тырыстым. "Умар ибн аль-Хаттаб" фильмінен.
0 дауыс
Атеистер құдайға сенбейтіндер емес екен. Тек дінсіздер. Шетелдік досымнан сұрып едім, "Атеист болып өмір сүрген қиын емес пе? Адам қиналғанда көмек сұрайтын, қуанғанда шүкірлік ететін Құдайы болғанда, рухани азық алатын діні болғанда, берік сенімге ие болып, өзінің арқа сүйейтін тірегі бардай сезінеді ғой. Ал сен қиналғанда не істейсің?" деп едім. "Мен Құдайға сенем. Бірақ өз қалауымша сенем. Ешқандай діннің ережесімен сенбейтінім ғана сендерден ерекшелігім" деп жауап берді. Онымен қоймай, "Қарап отырсам, мен араласатын Қазақстандық студенттердің де менен еш айырмашылығы жоқ, Құдайға сенем дейді де, басқаша әрекет жасамайды ғой. Мұсылмандар күнде иіліп дұға жасайды (намазды айтады) деп естіп едім" демесі бар ма? Осыны естіп қатты ұялдым. Шынымен біз сырт көзге атеистен еш айырмасы жоқ қауым ретінде көрінеміз бе?
сосын көпшілігі қазақ болып туылса автоматты түрде мұсылман болып кетеді.
Кешіріңіз, Мирас, кез келген тақырыпты бөлумен, жіктеумен байланыстырмауыңызды өтінем. Өзі аз қазақты, орыс тілді-қазақ тілді қазақты, жүзге, жерге бөлінгіш қазақты, қалалық-далалық боп бөлінетін қазақты, енді мұсылман-мұсылман емес деп бөлшектеудің қажеті жоқ. Кімнің мұсылман екенін, мұсылман емес екенін анықтау адамның құзырындағы дүние емес.
Автоматический режим ))))))
Мәәә не деген понятие, автоматический мұсылман болып кетеді дегенің күлдіртті бір.
осыны жазуға 2 күн ойландың ба?
Ең құрымағанда жұма намазына барып, құрбандық шалып, ораза ұстап жатады ғой біздің халық. Ол қай шет елдің адамы?
+1 дауыс
Әркім өзіне жауап береді емес пе, дінге сенбегенге сөз шығындап қажеті жоқ, ал намаз оқу әрбір мұсылманның міндеті. Өзекті жанға бір өлім қашанғы жүреміз, ажал біреуімізге ерте біреуімізге кеш келер, мәңгілік мекенімізге қайтамыз ғой сонда істеген әрбір амалымызға жауап береміз. Менің білгенімім ешкім өз ажалынан қашып құтыла алмайды. Алла бар ол ақиқат.
0 дауыс
Адамның сеніміне байланысты, сенсең сол болады

Ұқсас сұрақтар

...