0 дауыс
11.2k көрілді

сіздерде әр пәннен тестар барма кілтімен,қазақ тілі,матем,тарих,физика пәндерінен тестар керек еді кілтімен болса жақсы борлар еді. жәнеде тестен басқа жаттайтын қысқаша анықтамалық сұрақ-жауап болса да жібере беріндер. Бір-бірімізге тесттер жіберейік b.sagynbek@mail.ru - қиын болмаса осыған тесстерді жібере салындарш немесе яндекс дискқа салып ссылкасын жибере салындар. егер почтаға жіберсендер мен жібердім деп жаза салындар біліп жүрейк

Мен почтаммен жібердім келсе пікір қос. Орынбасар
рахмет келді.Өте жақсы Тесттер Жаттауғада ынғайлы

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Биік” сөзінің тура мағынада қолданғанын белгілеңіз.B) Биік тау.
Ауыспалы мағынада қолданылған сөзді көрсетіңіз.Ниетің қисық болса, ағайынға өкпелеме.B) Қисық.
Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзі бар сөйлемді анықтаңыз.A) Тұмау аяғы – құрт,тұман аяғы
Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.Бұлақтың көзін ашу – игі іс.B) Көзін.
Сөздің тура мағынасын табыңыз.A) Сүт таңертең ұйып қалды.
Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.D) Шеберлікті ұштау.
Көп мағыналы сөздің анықтамасын белгілеңіз.D) Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы.
Омонимдес сөзді көрсетіңіз.C) Айт болды.
Омонимдес сөздерді көрсетіңіз.C) Арықтан суару.
Етістіктерден болған синонимдерді көрсетіңіз.B) Шелдену, қоңдану.
Жалығу” сөзінің синонимін көрсетіңіз.D) Зерігу, іш пысу.
Антоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.D) Жақсылық пен жамандық – болды егіз.
Антоним бола алмайтын сөзді табыңызC) Сары.
Тұрақты тіркесті көрсетіңіз.C) Ит терісін басына қаптады.
Әсем” сөзінің синонимдік тұрақты тіркесін көрсетіңіз.E) Қыздың жиған жүгіндей.

Архаизмді көрсетіңіз.D) Патсайы.
Тарихи сөзді табыңыз.C) Хан.
Архаизмді белгілеңіз.D) Күпі.
Тарихи сөзді көрсетіңіз.B) Отарба

Тарихи сөзді белгілеңіз.E) Қызыл әскер.

Араб, парсы тілдерінен енген сөздерді белгілеңіз.B) Емтихан, тәрбие.
Кірме сөздерді көрсетіңіз.C) Бөтелке, кереует.
Монғол тілінен енген сөздерді көрсетіңіз.A) Ұлыс, нөкер.
Диалект сөзді табыңыз.A) Тұқым, сым.
Қолөнерге байланысты кәсіби сөздерді табыңыз.D) Пышқы, шербек.
Термин сөздердің анықтамасын белгілеңіз.B) Ғылым, техника саласындағы арнаулы ұғымдарды білдіретін сөздер.
Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздерді табыңыз.A) Қоза, шиіт.
Термин сөздерді көрсетіңіз.A) Эвфемизм, дисфемизм.
Термин сөздерді көрсетіңіз.B) Бастауыш, аммиак.
Әріптің анықтамасын көрсетіңіз.C) Дыбыстың жазудағы таңбасы.
Әліпбидегі әріптердің түрін анықтаңыз.B) Жазба, баспа түрі.
Ә” әрпінің емлесіне байланысты сөздің дұрысын көрсетіңіз.B) Күмән.
Дауысты дыбыстарды белгілеңіз.D) А, Ә, О, У.
Ұ” дыбысы қай сөзде жазылатынын көрсетіңіз.B) ...стаған.
Жіңішке дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.C) Ө, Е, І.
Ашық дауысты дыбысты табыңыз.A) А, Ә.
Ашық дауыстылардан құралған сөзді көрсетіңіз.B) Әлдеқашан.
Қысаң дауыстылары бар сөзді көрсетіңіз.C) Ғылыми.
Қысаң дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.D) Ы, Ұ, И.
Езулік дауысты дыбыстардан жасалған сөзді табыңыз.B) Әдебиет, теңіз.
Бірыңғай еріндік дауысты дыбыстан тұратын сөзді анықтаңыз.C) Ұлу, үйту.
Н” дауыссыз дыбысы қай топқа жататынын белгілеңіз.D) Үнді дауыссыз дыбыс.
Бірыңғай ұяң дауыссыз қатысқан сөзді көрсетіңіз.E) Жоба.

Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды белгілеңіз.D) Ш, Щ, Т, С.

Қай сөзде “П” дыбысы жазылатынын көрсетіңіз.C) Қағы...-соғу.

Үнді дауыссыз дыбыстар қатысқан сөзді көрсетіңіз.B) Әйел.
Ң” дауыссыз дыбысының қандай екенін анықтаңыз.C) Үнді дауыссыз дыбыс.

Бірыңғай қатаң дауыссыз қатысқан сөзді көрсетіңіз.B) Тасаттық.
Бірыңғай қатаң дауыссыз қатысқан сөзді анықтаңыз.C) Хош иісті.
Б” дыбысының қандай екенін анықтаңыз.A) Ұяң дауыссыз дыбыс.
Бірыңғай ұяң дауыссыз қатысқан сөзді көрсетіңіз.C) Дағды.
Ұяң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.C) Б, Д, З, Ж.
Буынға бөлінбейтін сөздер қатарын анықтаңыз.D) БҰҰ, 50см.
Төрт буыннан тұратын сөзді көрсетіңіз.C) Шаруашылық.
Буынға бөлінетін сөздерді анықтаңыз.A) Дала, бала.                                                       
Жіңішке буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.C) Есіл, Іле.
Буын құрай алатын дыбыстарды белгілеңіз.A) Дауысты дыбыстар.
Буынға қате бөлінген сөзді көрсетіңіз.C) Құ-мыр-сқа.
ндестігіне сай емес сөзді көрсетіңіз.B) Кітап.
Буын талғамайтын жұрнақ арқылы жасалып тұрған сөзді көрсетіңіз.B) Еңбекқор.
Сингармонизм заңына бағынбайтын сөзді анықтаңыз.B) Әуезов.
Буын үндестігіне сай қосымша сөзге қалай үндесетінін көрсетіңіз.A) Буынның жуан-жіңішкелігіне қарай.
Дұрыс тасымалданған сөзді белгілеңіз.B) Үміт-сіз.
Буын үндестігінің ғылыми түрдегі атауын көрсетіңіз.D) Сингармонизм.
Үндестік заңының нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.B) 2.
Буын үндестігі сақталып жазылған сөзді көрсетіңіз.D) Өнерлі.
Буын ү Буын үндестігінің ғылыми түрдегі атауын көрсетіңіз.D) Сингармонизм.
Үндестік заңының нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.B) 2.
Буын үндестігі сақталып жазылған сөзді көрсетіңіз.D) Өнерлі.
Буын үндестігіне сай емес сөзді көрсетіңіз.B) Кітап.
Буын талғамайтын жұрнақ арқылы жасалып тұрған сөзді көрсетіңіз.B) Еңбекқор.
Сингармонизм заңына бағынбайтын сөзді анықтаңыз.B) Әуезов.
Буын үндестігіне сай қосымша сөзге қалай үндесетінін көрсетіңіз.A) Буынның жуан-жіңішкелігіне қарай.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңыз.B) Әсемпаз.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз.C) –мен.
Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз. B) -нікі, -тай.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны анықтаңыз.B) -ды, -ді.
Кейінді ықпал заңдылығына байланысты сөзді табыңыз.D) Жанбады.
Ілгерінді ықпалды сөзді табыңыз.D) Ашса.
Кейінді ықпалды табыңыз.C) Қара ала.
Орфография бойынша дұрыс жазылған сөзді табыңыз.C) Жаяу.
Орфоэпиялық нормаға сай жазылған сөзді табыңыз.E) Өзөн.

Түбір сөзді көрсетіңіз.D) Тау.
Сөзжасамның анықтамасын көрсетіңіз.C) Жаңа сөздердің жасалуы.
Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін анықтаңыз.D) Түбір сөз.
Қосымшаның түрі нешеу екенін көрсетіңіз.A) 2.
Қосымшасыз тұрған түбір сөзді табыңыз.A) Ой.
Түбір сөзді көрсетіңіз.C) Бала, дос.
Бірыңғай түбір сөздері бар қатарды көрсетіңіз.D) Ыдыс, әңгіме, терезе.
Туынды сөзді табыңыз.A) Айбындылық, ұрыншақ.
Туынды сөзді көрсетіңіз.A) Білім, оқушы.
Біріккен сөз қатысқан қатарды табыңыз.C) Еламан түршігіп кетті.
Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз.A) Көк(құтан), көк(жиек).
Дыбыстық өзгеріске ұшырап біріккен сөзді көрсетіңіз.C) Бүгін.
Қайталама қос сөзді табыңыз.B) Өз-өзінен, жүзбе-жүз.
Қосарлама қос сөзді көрсетіңіз.B) Шегара, құрбы-құрдас.
Қысқарған сөзді табыңыз.A) Кг., т.б.
Жалқы зат есімнің анықтамасын көрсетіңіз.B) Заттардың ішіндегі бір түрінің өзіне ғана қойылған аты.
Жалпы зат есімді белгілеңіз.D) Адам.
Жалқы зат есімді анықтаңыз.C) Теміртас.
Сөз табының санын көрсетіңіз.E) 9.

Зат есімге лайық қатарды табыңыз.E) Есім сөздер.

Деректі зат есімі бар қатарды көрсетіңіз.C) Мектеп, қағаз, гүл.
Адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын ұғым атаулары.D) Дерексіз зат есім.

Негізгі зат есімді белгілеңіз.C) Әке.
Туынды зат есімді белгілеңіз.C) Әнші.
Күрделі зат есімді көрсетіңіз.C) Көкшетау.
Ілік септігінде тұрған зат есімді табыңыз.D) Мектептің.
Тәуелденген зат есімді көрсетіңіз.C) Атыңыз.
Жіктелген зат есімді анықтаңыз.A) Баламын.
Жіктік жалғауының екінші жағында тұрған зат есімді табыңыз.B) Жиенсің.
Зат есімнің анықтауыш қызметіндегі сөзін табыңыз.A) Анасының тілін алмаған азапқа қалады.

Сөйлемдегі сын есімді көрсетіңіз.Әсем сабақты жақсы оқиды.C) Жақсы.
Етістіктен болған сын есімді көрсетіңіз.B) Шашыраңқы.
Есім сөзден жасалған сын есімді көрсетіңіз.D) Денелі.
Етістіктен болған сын есімді көрсетіңіз.E) Бітік.

Туынды сын есімнен жасалған бастауышты табыңыз.A) Өнерлі өрге жүзер.
Туынды сын есімді атаңыз.E) Ашық.

Есім сөздерден жасалған сын есімді көрсетіңіз.C) Қазандай, торсықтай.
Есім сөздерден жасалған сын есім қатарын белгілеңіз.C) Өнерпаз, намысқой.
Негізгі сын есімді көрсетіңіз.D) Терең.
Сапалық сын есімнің анықтамасын көрсетіңіз.C) Негізгі сын есімнің өзінен болып, заттың сынын анықтайтын сын есім.
Қатыстық сын есімнің анықтамасын табыңыз.A) Заттың белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есім.
Сын есімнің шырай түрін көрсетіңіз.C) 2.
Күшейтпелі шырайды көрсетіңіз.D) Аппақ, аса терең.
Күшейтпелі шырайды көрсетіңіз.D) Көкпеңбек, шымқай қызыл.
Салыстырмалы шырайды көрсетіңіз.C) Үлкенірек.
Сөйлемнен анықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді белгілеңіз.Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.A) Жақсының.
Сөйлемнен баяндауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді белгілеңіз.Сен бір артық көркемсің.E) Көркемсің.

Сөйлемнен пысықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді көрсетіңіз.Өлеңмен сөзді желдей құйындатқан.C) Желдей.
Жинақтық сан есімді табыңыз.C) Бесеу.
Жинақтық сан есімге тән жұрнақты көрсетіңіз.B) -ау, -еу.
Реттік сан есімге тән жұрнақты көрсетіңіз.A) -ыншы, -інші.
Есептік сан есімнің сұрағын көрсетіңіз.B) Қанша?
Топтау сан есімін көрсетіңіз.E) Мыңдап.

Есептік сан есімнің күрделі түрін анықтаңыз.B) Он төрт.
Жинақтық сан есімі бар сөйлемді көрсетіңіз.D) Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Дұрыс жазылған сан есімді табыңыз.D) 8наурыз.
Дұрыс жазылған реттік сан есімді көрсетіңіз.B) 105-мектеп.
Қате жазылған болжалдық сан есімді табыңыз.D) 10 даған.
Дұрыс жазылған топтау сан есімді көрсетіңіз.C) 20-20-дан.
Сөйлемнен сан есімді көрсетіңіз.Біз екі-екіден бөліндік.B) Екі-екіден
Жіктеу есімдігін табыңыз.A) Мен.
Жіктеу есімдігімен тіркесіп тұрған сөзді табыңыз.A) Сіз келесіз.
Сұрау есімдігін көрсетіңіз.B) Қайсысы.
Өздік есімдікті тіркесті көрсетіңіз.B) Өзің кел.
Болымсыздық есімдікті белгілеңіз.B) Әлдеқалай.
Белгісіздік есімдікті табыңыз.D) Қайсыбіреу.
Сілтеу есімдігін белгілеңіз.D) Осынау, анау.
Сілтеу есімдігінің септелу түрін анықтаңыз.B) Бұған.
Сілтеу есімдігінің тәуелденген түрін көрсетіңіз.C) Соныңыз, мынауыңыз.
Жалпылау есімдігін анықтаңыз.C) Күллі, барша.
Дұрыс жазылған есімдікті көрсетіңіз.D) Кей шақта.
Еш” сөзінің қай сөзбен бөлек жазылатынын көрсетіңіз.B) Еш(нәрсе).
Еш” сөзінің қай сөзбен бірге жазылатынын белгілеңіз.D) Еш(қашан).
Туынды етістікті табыңыз.C) Көмектес.
Қайтті? Қайтеді? сұрақтарына жауап беретін сөз табын белгілеңіз.B) Етістік.
Етістік нені білдіретінін белгілеңіз.A) Заттың қимылын білдіреді.
Күрделі етістікті табыңыз.A) Алып берді.
Дара етістікті сөйлемді көрсетіңіз.D) Мен мектептен келдім.
Күрделі етістікті сөйлемді көрсетіңіз.A) Арман сабақ оқып отыр.
Түбір етістікті табыңыз.C) Жи.
Етістіктердің ішінен туынды етістікті табыңыз.B) Жасар, бірік.
Зат есімнен болған етістікті анықтаңыз.B) Түне.
Негізгі етістікті анықтаңыз.D) Қой.
Болымсыз етістіктерді көрсетіңіз.B) Оқыма, ішпе.
Болымсыз етістікті белгілеңіз.B) Көрме досыңнан.
Ырықсыз етісті табыңыз.C) Орылды.
Ортақ  етісті көрсетіңіз.A) Алысты.
Тұйық етістікті табыңыз.A) Қуу.
Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз.E) Келерміз.

Етістіктің мақсатты келер шақ түрін көрсетіңіз.A) Жазбақпын.
Ауыспалы өткен шақта тұрған сөзді анықтаңыз.A) Қарайтынмын.
Бірігу арқылы жасалған күрделі үстеуді анықтаңыз.A) Бүгін.
Туынды үстеуді табыңыз.E) Сұңқардайын.

Туынды үстеуді белгілеңіз.A) Адамша.
Негізгі үстеуді атаңыз.E) Жылдам.

Көнелену арқылы жасалған үстеуді атаңыз.B) Бірге.
Жатыс септіктің көнеленуімен қалыптасқан үстеуді табыңыз.D) Баяғыда.
Бірігу арқылы жасалған күрделі үстеу.C) Ендігәрі.
Туынды үстеу тудыратын жұрнақтарды белгілеңіз.B) -шама, -шене.
Тіркесу арқылы қалыптасқан үстеуді көрсетіңіз.D) Күні бүгін.
Туынды үстеуді табыңыз.D) Өзінше, ақшалай.
Үстеуден жасалып тұрған туынды үстеуді табыңыз.E) Соншалық.

Күрделі үстеуді көрсетіңіз.D) Әнеугүні.
Күшейткіш үстеуді белгілеңіз.A) Тым.
Мекен үстеуін табыңыз.C) Жоғары.
Мезгіл үстеуін белгілеңіз.C) Енді.
Күшейткіш үстеумен тіркесіп тұрған сөзді көрсетіңіз.D) Әбден шаршау.
Сөйлемнен көмектес септіктің көнеленуінен жасалған үстеуді табыңыз. C) Мәтінді кезекпен әңгімеледі.
Шығыс септіктің көнеленуінен жасалған пысықтауышты табыңыз. A) Абай әр нәрсені кеңінен ойлайды.
Еліктеу сөздің түрлерін белгілеңіз.A) Еліктеуіш сөздер, бейнелеуіш сөздер.
Сөйлемнен еліктеуі сөзді табыңыз.Өтеді ауыздығын қарш-қарш шайнап.C) Қарш-қарш.
Қосарланып жасалған еліктеуішті табыңыз.B) Шіңк-шіңк.
Еліктеуішті сөз тіркесін табыңыз.D) Сылқ-сылқ күліп жіберді.
Еліктеуішті белгілеңіз.E) Бырт-бырт шайнады.

Еліктеуішті сөз тіркесін көрсетіңіз.D) Тырс ете қалды.
Еліктеуішті сөз тіркесін табыңыз.C) Гүрс-гүрс шығады.
Еліктеуішті белгілеңіз.C) Дүңк-дүңк етті.
Еліктеуішті анықтаңыз.B) Саңқ етті.
Еліктеуіш сөздерді көрсетіңіз.C) Тарс-тұрс етті.
Дыбыстарға еліктеуден пайда болған сөзді көрсетіңіз.A) Сылқ-сылқ.
Еліктеуіш сөзбен байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.A) Шарт-шұрт сынды.
Бейнелеуіш сөзді анықтаңыз.D) Бүгжең қақты.
Бейнелеуіш сөзді белгілеңіз.B) Ербең-ербең етті.
Бейнелеуіш сөзді табыңыз.C) Бұлтың.
Бейнелеуіш сөзден болған пысықтауышты табыңыз.Олар жапыр-жұпыр, тез амандасып шықты.A) Олар.
Одағай түрі нешеу екенін көрсетіңіз.B) 3.
Көңіл-күй одағайын белгілеңіз.D) Ойпырмай.
Шақыру одағайын көрсетіңіз.A) Моһ-моһ.
Шақыру одағайын белгілеңіз.C) Құр-құр.
Көңіл-күй одағайын көрсетіңіз.A) Әттең.
Шақыру одағайын табыңыз.C) Шөре-шөре.
Одағай сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.C) Шіркін, қазақтың келіндері-ай!
Одағай сөз қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.A) Түу, есім жаңа кірді ғой!
Одағай ерекшелігін көрсетіңіз.C) Лексикалық негізгі мағына болмайды.
Одағайды көрсетіңіз.D) Охо, өлкемдегі өмір қандай!
Одағайды белгілеңіз.B) Аһ, дүние-ай, өтеріңді білдім бе?
Тыныс белгісі дұрыс қойылған одағайды табыңыз.B) Мен не қылдым, япырмау?
Тыныс белгісі дұрыс қойылмаған одағайды белгілеңіз.C) Әттеген ай атын сұрамаппын ғой.
Дұрыс жазылған одағайды табыңыз.B) Шіркін, ақын болсаң, осындай бол!
Септеулік шылауды көрсетіңіз.B) Бұдан кейін қарсыласудан ештеңе өнбейді.
Септеулік шылауды көрсетіңіз.C) Біраз жүргеннен кейін демалдық.
Септеулік шылауды табыңыз.E) Бұрын көрген таныс тәрізді жаныңды билейді.

Дейін, шейін” септеулік шылауының жазылу емлесін көрсетіңіз.D) Бөлек.
Септеулік шылауды белгілеңіз.B) Төмен қарай.
Шылау түрін көрсетіңіз.A) 3.
Септеулік шылаудың анықтамасын белгілеңіз.C) Белгілі септік тұлғадағы сөздермен тіркесіп, оған қосымша мән үстеп тұрады.
Дұрыс жазылған жалғаулық шылауды табыңыз.B) Жақсылық пен жамандық алдыңнан қайтады.
ма, -ме шылауының  ұқсас келетін грамматикалық тұлғасын белгілеңіз.B) Болымсыз етістік.
Дұрыс жазылған демеулікті белгілеңіз.D) ...Алайын мынасын ба, анасын ба?
Бірыңғай демеулікті табыңыз.C) –ақ, -мыс, -ау.
Сұраулық шылаулы сөзді көрсетіңіз.A) Келгенбісің.
Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз.C) Алтын сәуле.
Интонация арқылы байланысқан сөздерді табыңыз.C) Асан – студент.
Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын анықтаңыз.A) Айтқан сайын түсіну.
Сөздердің жалғау арқылы байланысын көрсетіңіз.E) Көлдің жағасында.

Сөздердің жалғау арқылы байланысын көрсетіңіз.B) Ауылға қайту.
Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз.D) Ну орман.
Интонация арқылы байланысқан сөздерді белгілеңіз.B) Сәбит – жазушы.
Сөздердің байланысу тәсілінің қанша түрі барын белгілеңіз.C) 4.
Септеулік шылаумен байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.A) Жиналыстан кейін.
Жалғаулық шылау арқылы байланысып тұрған тіркесті табыңыз.B) Ақ пен қара.
Орын тәртібі арқылы байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.C) Тас жолды ағаш күрекпен күредік.
Матаса байланысып тұрған тіркесті табыңыз.C) Менің қылығым.
Сөз тіркесіндегі қиысуды табыңыз.D) Ол келді.
Қабыса байланысып тұрған тіркесті табыңыз.E) Белгілі ақын.

Меңгеруді көрсетіңіз.C) Сыныпта отыр.
Етістікті сөз тіркесін көрсетіңіз.A) Кірпіш үй.
Есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.D) Бесінші сынып.
Сөз тіркесінің түрін көрсетіңіз.B) 2.
Лепті сөйлемді анықтаңыз.A) Па! Шіркіннің сөзі!
Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.D) Осы жағдай сенің де есіңде болсын.
Сөйлемді анықтаңыз.E) Біз жидек тердік.

Сұраулы сөйлемді анықтаңыз.D) Десятниктерің кім.
Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.C) Адамнан мықты не бар екен.
Айтылу түрлеріне қарай сөйлемдердің неше түрге бөлінетінін анықтаңыз.D) 4.
Хабарлы сөйлемнің ерекшелігін белгілеңіз.A) Іс-әрекеттің белгілі бір шақта жүзеге асатындығын білдіреді.
ақ, -ай, -ау, ғой шылауларының қатысымен жасалатын сөйлем түрін анықтаңыз.C) Лепті сөйлем.
Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалатын сөйлемді атаңыз.E) Сұраулы сөйлем.

Сөйлем түрін белгілеңіз.Жібермесем, сағы сынады-ау( )Тәуекел, жіберсем бе екен( )C) Лепті сөйлем.
Дара бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз.A) Талаптыға нұр жауар.
Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.A) 3.
Жасырын тұрған бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз.D) Еңбек етсең, есейерсің.
Бастауыш қызметін атқарып тұрған сан есімді көрсетіңіз.D) Отыз – онға бөлінеді.
Бастауыш қай сөз табынан екенін анықтаңыз.

Кейбіреулері сәл тоқтады.C) Есімдік.
Бастауыш қызметін атқарып тұрған етістікті көрсетіңіз.C) Келгендер – осы ауылдың адамдары.
Бастауыш қызметіндегі есімшені табыңыз.B) Оқыған озады.
Есімдіктен болып тұрған бастауышты анықтаңыз.B) Мен еңбекті бағалаймын.
Үйірлі бастауышты табыңыз.C) Жұмысы жоқтық аздырар адам баласың.
Жалпылау есімдігінен болған бастауышты табыңыз.A) Бәріміз уәдені орындадық.
Жалқы есімнен болған бастауышты белгілеңіз.B) Сара қуанды.
Үйірлі бастауышты көрсетіңіз.C) Билеті барлар орындарына жайғасты.
Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді белгілеңіз.A) Атың әдемі екен.
Үйірлі баяндауышты белгілеңіз.Есті адамдарда бар қасиет – уайым жеу.E) Уайым жеу.

Зат есімнен болған баяндауышты көрсетіңіз.Сендер өмірдегі ең бақытты адамсыңдар.E) Адамсыңдар.

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны белгілеңіз. A) Еңбек - өмір рахаты.
Анықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.C) Тау жақтан баяу жел еседі.
Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.C) Ол шешесіне хат жазды.
Пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді анықтаңыз.A) Асқар тауды кеуделеп жүріп келеміз.
Оңашаланған айқындауышы бар сөйлемді табыңыз.A) Отарбай, жас мұғалім, сабақты жақсы өткізді.
Оңашаланған айқындауышы бар сөйлемді белгілеңіз.A) Уақыт біз үшін, еңбек адамдары үшін, істейді.
Бірыңғай мүшелі сөйлемді белгілеңіз.B) Жел соқпай, құс шуламай – бәрі жым-жырт.
Жақсыз сөйлемді табыңыз.C) Досанның тауға барғысы келді.
Сөйлемдер ішінен жақсыз сөйлемді табыңыз.C) Менің тыңдағым келеді.
Жақсыз сөйлемді табыңыз.A) Менің оқуға түсуім керек
Сөйлемдер ішінен жақсыз сөйлемді белгілеңіз.C) Кімнің кетіп жатқанын біліп болмайды.
Жақсыз сөйлемді анықтаңыз.D) Ұялмас бетке талмас жақ беру керек.
Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдарына ықпал ететін жұрнақтар.А) –қы, -кі, -ғы, -гі.

Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрін белгілеңіз.А) Жақсыз сөйлем.

Жақты сөйлемді көрсетіңіз.С) Ол дос жүрегіне сенеді.

Жақты сөйлемді көрсетіңіз.D) Ол дос жүрегіне сенеді.
Жақсыз сөйлемнің анықтамасын көрсетіңіз.D) Баяндауыштың өзі сөйлемге негіз болатын түрі.
Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.C) Рахмет күлді, қуанды.
Жайылма сөйлемді көрсетіңіз.D) Ол өте көркем жігіт.
Атаулы сөйлемді анықтаңыз.C) Айсыз қараңғы түн.
Толымды сөйлемнің анықтамасын көрсетіңіз.C) Ойға қатысты сөйлем мүшелері қатынасқан сөйлем.
Атаулы сөйлемді табыңыз.A) Бұрқыраған ақ қар.
Толымды сөйлемді анықтаңыз.D) – Сен түс көрдің бе, жаным?
Атаулы сөйлемді көрсетіңіз.A) Бала күнім.
Ыңғайлас салаластың ішіндегі қайталанбай келетін жалғаулықты атаңыз.B) Және.
Баяндауыштары тұлғалас, мағыналас болатын салаластың түрін көрсетіңіз.A) Ыңғайлас.
Тек жалғаулықты болатын салаластың түрін белгілеңіз. D) Кезектес.
E) Қарсылықты.

Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. B) Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз.
Жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз байланысатын салалас түрін атаңыз.C) Ыңғайлас.
Бірінші жай сөйлемде сілтеу мәнді сөздер қолданылатын салалас түрін көрсетіңіз.D) Түсіндірмелі.
Қарсылық салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.E) Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ.

Құрмалас сөйлемді табыңыз.D) Сен, сірә, жексенбі күні келерсің, не дүйсенбі күні келерсің.
Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрге бөлінетінін көрсетіңіз.E) 6.

Ешқашан қайталанбай бір-ақ рет келетін жалғаулықты көрсетіңіз.E) Және.

Салдар мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан құрмалас сөйлемді анықтаңыз.B) Күріш тұқымы суға қолмен себіледі, өйткені тұқым сепкен суға жүре алмайды.
Себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.A) Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз.
Жалғаулықсыз қарсылықты салаласты көрсетіңіз.D) Баршагүл сәлем беріп еді, - ол қырын қарап кетті.
Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемді белгілеңіз.C) Ол заманда ұл балаға бас кеспесе, қан төкпесе, ат қойылмайтын еді.
Қаратпа сөзді сөйлемді белгілеңіз.C) Ойла, шырағым, еліңнің жайын.
Қаратпа сөзді табыңыз.E) Айналайын, шырағым, сенбісің?

Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.A) Адам емес екенсің ғой, Айдар!
Қаратпа сөзді белгілеңіз.B) Балаларым, сөзімді тыңда.
Қаратпа сөзді көрсетіңіз.E)  Алма, кітаптарыңды әкел.

Қаратпа сөзді белгілеңіз.A) Әукім-әукім, торпағым.
Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.C) Ой, бауырым, дос екенсің!
Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.A) Құр, жануар, құр.
Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.E) Жатпалық, жастар, жатпалық.

Қаратпа сөзді көрсетіңіз.D) Иә, әңгіме айта отыр.
Қаратпа сөзді табыңыз.A) Құр, жануар, құр-құр.
Қыстырма сөзді көрсетіңіз.B)  Менің байқауымша.
Қыстырма сөзді табыңыз.C) Шынында.
Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз.D) Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ.
Қыстырма сөзді анықтаңыз.B)  Әрине.
Одағайды көрсетіңіз.D) Мен не қылдым, япырмау?
Одағай сөзді анықтаңыз.C) Моһ-моһ, сен менің асау тайым.
Одағай сөзді көрсетіңіз.A) Бәрекелді, мынау қызық екен.
Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.B) Ұста: “Бұны қайдан көрдім?” – деп ойлады.
Автор сөзді сөйлемді көрсетіңіз.A) –Бұл не деген жұмбақ? – десті екеуі.
Төлеу сөзді сөйлемді анықтаңыз.B) Ұста бұны қайдан көргенін ойлады.
Төл сөзді сөйлемді табыңыз.A) “Қалауын тапса, қар жанады,” – деген мақал – үлкен философия.
Автор сөзі төл сөзінен кейін тұрған сөйлемді анықтаңыз.B) “Осы күні сол ара жайнаған қызыл гүл,” – дейді.
Төлеу сөзді сөйлемді көрсетіңіз.D) Осы күні сол жер қызыл гүл екенін айтты ол.
Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.D) – Енді не істемекшісің? – деді ана.
Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.A) – Бұл не деген жұмбақ? – десті екеуі.
Төл сөзді сөйлемді белгілеңіз.D) “Осы күні сол ара жайнаған қызыл гүл,” – дейді.
Төлеу сөзді сөйлемді табыңыз.E) Білмегенді біле беру керектігін Шәкәрім айтып еді.

Төлеу сөзді сөйлемді көрсетіңіз.C) Кемпір оның далаға шығып кетуін өтінді.
Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз.C) Ол: “Батыр, хал қалай?” – деді.
Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді көрсетіңіз.A) “Көлтауысар, көлдің суын құрт,” – деді Төстік.
Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді көрсетіңіз.A) Абай былай деді: “Баланың жақсысы – қызық, жаманы - күйік”.B) “Биік мансап – биік жартас”, - деді Абай.
Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді көрсетіңіз.E) – Жарқыным, жөніңді ұқтыршы, қайда барасың? – деді Мөңке.

Тағысын тағылар, тағы басқалары деген сөздер қысқартылып жазылғанда қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз. D) Нүкте.
Көп нүктенің қойылатын жерін көрсетіңіз.C) Оқиға толық аяқталмай тоқталса.
Нүкте қойылатын жерді көрсетіңіз. E) Драмалық шығармаларда әр кейіпкердің атынан кейін қойылады.

Нүкте қойылмайтын жерді белгілеңіз.E) Қандай, неткен есімдіктері қуаныш мағынасын білдіріп тұрса.
+1 дауыс
http://www.itest.kz/exam_subject?id=103
+1 дауыс
Қазақстан тарихы Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? Тас дәуірі Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі. Тобыр Алғашқы адамдардың тобырдан кейінгі топтасу жүйесі. Рулық Алғашқы адамдардың рулық қауымнан кейінгі қалыитасу жүйесі? Тайпа Қоғамда алғашқы ірі еңбек болінісін туғызған жағдай? Мал шаруашылығының дамуы. Ғалымдардың ең ежелгі адамға қойған атауы? Епті адам Ең ежелгі “епті адамның” мөлшерімен өмір сүрген мерзімі? 1 млн. 750 маң жыл бұрын. Ең ежелгі адамның еңбек құралы Үшкір тас. Ежелгі “тік жүретін адам” өкілі Синантроп Жер бетінде бұдан 100-35 мың жыл өмір сүрген жандар Синантроптар Мөлшерімен 40-35 мың жыл бұрын қалыптасқан жандар атауы Саналы адам. Ежелгі адамдардың алғащқы кәсібі Терімшілік Ежелгі тас ғасыры қамтитын кезең б.з.д 2 млн 500 мың – 12 мың жыл. Орта тас ғасыры қамтитын кезең б.з.б 12-5 мың жыл Жаңа тас ғасыры қаититын кезең б.з.б 5-3 мың жыл. Қазақстан аумағында ең ежелгі адамдардың өмір сүрген аймағы Оңтүстік Қазақстан. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдардың замандастары Питекантроптар. Ежелгі адамдардың тұнғыш баспаналары Үңгірлер. Алғашкы адамдардың еңбек құралдарының атаулары Чоппер, чоплинг. Алғашқы қауымдағы адамдардың негізінен аулаған андары Мамонттар мен бизондар. Полеолит дәуіріне жататын еңбек қүралдары табылған өңір. Жамбыл обылысы. Жамбыл өңірінен табылған полеолит дәуірінің бес мыңдай еңбек құралдары бұлар Қашау мен үшкір заттар Тас өңдеу биік деңгейге көтерілген кезен Неолит Ертедегі адамдардың маймылдар мен жануарлардан басты айырмашылығы Еңбек құралдарын жасай білу Жер бетінің күрт суый бастауы басталды 100 мың жыл бұрын Ғалымдардың есептеуінше мұздықтардың ери бастаған уақыты 13 мың жылдай бұрын Тас дәуірі адамдардың ине жасаған заты Сүйек Ежелгі адамдардың жіп орнына пайдаланған заттары Жануарлардың сіңірлері Адамдардың дән үккішті ойлап тапқан кезеңі Неолитте Ерте тас ғасыры тұрақтарының ең көне ескерткіштерінің табылған жері Шақпақата, Арыстанды Екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас құрал атауы Бифас Бір қабат өңделген тас құралдың жүзін ұсақ кертік ойықтар жасау арқылы өткірлеу әдісі Ретушь әдісі Жамбыл облысындағы 5 мыңға жуық тас құралдар табылған тұрақтар Бөріқазан,Шабақты 1938ж Өзбекстаннан неандертальдық баланың сүйегі табылған үңгір Тесіктас “ Саналы адам” сүйегі табылған үңгір Кроманьон Орталық Қазақстан жеріндегі жүзі түзу , кейде қайқы тас пышақ қырғыштар табылған тұрақ Семіз бұғы Орталық Қазақстан жеріндегі кейінгі палеолитке жататын 300-ге таяу тас құрал шыққан ең көрнекті көне мекен Батпақ. Тас дәуірінде ру ішіндегі барлық мәселелерді шешкен Жалпы жиналыс. Мезолиттің хронологиялық шеңбері б.з.д 12-5 мың жыңдықтар. Қазақстан жеріндегі тас дәуірінің ескерткіштері аз табылған кезеңіне жататын Мезолит. Мезолит заманының үлкен жаңалығы болып саналатын ұсақ жаңқа тастардан жасалған құралдар атауы Микролит Мезолит заманынын басты жаңалығының бірі Садақ пен жебенің жасалуы Мезолит кезеңіндегі адамдардың негізгі кәсібінің бірі Аңшылық. Қазақстан аумағындағы белгілі мезолиттік тұрақтар саны 20-дан астамы. Қабырғалары терең көмілген , көлемі 40-60 шаршы метр болатын мезолиттік баспана табылған өзен аңғары Есіл. Орта тас ғасырындағы балалар тобынан ересектер тобына өту ғұрпы Бағыштау(иницияция). Егіншіліктің пайда болу мерзімі 10 мың жыл бұрын. Алғашқы қауымдық егіншілікке алып келген жағдай Терімшіліктің дамуы. Алғашқы егіншілердің егін оратын қарапайым құрал атауы Тас орақ.. Ежелгі егіншілердің егін егу құралы Тесе. Малды қолға үйрете бастау қалыптасқан кезең Мезолит. Алғашқы егіншілік қалыптаса бастаған дәуір Мезолит. Жаңа тас ғасыры қамтитын кезең б.з.д. 5 – 3 мың жылдықтар. Неолит дәуірінің Шығыс Қазақстан жеріндегі тұрағы Усть- Нарым. Неолит дәуірінің Сотүстік Қазақстан жеріндегі тұрағы Пеньки. Қазақстан жерінде кездесетін неолит тұрақтарының ең көнесі б.з.д. 5 мың жылдыққа тән. Неолит дәуірінің Орталық Қазақстан жеріндегі тұрағы Зеленая Балка. Неолиттік саздан жасалған қыш ыдыс атауы Көзе. Неолиттік 150-ге жуық тұрақ , кене кен шығару, жерлеу орындары табылған өңір Жезқазған өңірі. Табиги-климаттық ортаныңбүгінгі кунге ұқасас қалыптасқан кезеңі Неолит. Қазақстан аумағынан табылған неолиттік тұрақтар саны 500-ден астам. Неолиттік Сексеіл тұрағы орналасқан аймақ Қызылорда облысы. Неолит дәуірінің ең үлкен жаңалығының бірі Қыш құмыра жасауды үйрену. «Қыш кұмыралар заманы» деп аталатын дәуір Неолит. Мыс-тас ғасыры (энеолит) дәуірі шамамен б.з.д 300-280 мың жылдар Адамзат баласының металдан жасалған құралдарды игере бастаған дәуір Энеолит. Ең бірінші қолданылған металл Мыс. Тас пен мыстан жасалған еңбек құралы қатар қолданылған кезең Энеолит. Шаруашылықтағы ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі Егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі. Солтүстік Қазақстандағы энеолит кезеңінін ерекше ескерткіші Ботай. Солтүстік Қазақстан жеріндегі 158 тұрғын үй табылған энеолиттік тұрақ Ботай. Жылқы сүйектері өте көп табылған неолиттік тұрақ Ботай. Энеолиттік ескерткіштер табылған Маңғыстау жеріндегі елді мекен Шебір. Еңбек бөлінісі пайда боған дәуір Энеолит. Ежелгі адаидардың өз білімдерін суретті хат арқылы хабарлауы Пиктография. Адамдардың шығу тегін жануарлармен байланыстырудың ғылыми атауы Тотемизм. Ежелгі адамдардың жерлеу ғұрпында өлген адам үстіне қызыл минерал бояу себу сенімінің ғылыми атауы Анимизм. Ежелгі жандардың табиғаттың тылсым әрекеттеріне сиынып, құлшылық ету әрекеті Магиялық әрекет. «Тотемизм» дегеніміз Шығу тегін жануарлармен байланыстыру. Археологтардың тапқан сүйек пен мүйізден жасалған мүсіндерінде ең көп кездесетін бейнелер. Әйелдер бейнесі Алғашқы адамдардың табиғатқа тәуелділігінен туған Құдайға сыйыну Қола дәуірінің хронологиялық уақыты б.з.б. 2800 жыл б.з.б. 900 жыл Тұрмыста тұңғыш пайдаланылған металл Мыс Қола дәуіріндегі қоланың алыну қосындысы Мыс пен қалайы Қола дәуірінде Жезқазған өңірінен 1 млн тоннадай кен өндерелгенін айтқан белгілі ғалым Сатпаев Қола дәуірінде 1100 тонна қалайы шығарылған кен орны Нарын , Қалба. Қола дәуірінде кенді қорыту үшін салынған күрделі құрылыстар Қазандықтар Тастан және мыстан жасалған еңбек құралдарын ығыстырған кезең Қола дәуірі Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі Көзе құмыралар Еуразия даласындағы қола дәуірінің мәдениеті Андронов Қола дәуірінің ең алғашқы ескерткіштері табылған жер Андронов Солтүстік және батыс Қазақстандағы зерттелген Андрон мәдениетінің қоныстар саны 80-нен аса Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы қоныстар Петровка, Боголюбов Қола дәуіріне тән 30 қоныс, 150 оба зерттелген аймақ. Орталық Қазақстан Андроновтықтардың бет бейнесін сипаттаған ғалым Алексеев Андроновтықтардағы егіншіліктің дамығандығының айқын дәлелі Еңбек құралдары Мал бағудың көшпелі түріне көшу қалыптаса бастаған дәуір Қола Теселі егіншілік ең алғаш дамыған кезең Қола дәуірі Жерленген Андроновтықтардың басы қаратылған тұс Батыс, Оңтүстік Андроновтықтардың тасқа салынған суреттері табылған жерлер Таңбалы, Жасыбай, Хантау Андроновтықтардың сүт өнімдері мен етті сақтау тәсілі Жер, еден астындағы шұңқырда Орталық Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің ең соңғы кезең мәдениеті Беғазы-Дәндібай Беғазы-Дәндібай мәдениетінің хронологиялық ауқымы б.з.б. 12-8 ғасырлар Тебінді жайылымға байланысты саны артқан мал Жылқы, қой Қазақстан жеріндегі қола дәуірін жоспарлы зерттеу басталған жыл 1946 Қазақстан жеріндегі қола дәуірін түбегейлі зерттеуді бастаған ғалым Марғұлан Қола дәуірі қоныстарының көбінесе орналасқан жері Өзендердің жағасында Көкшетау жеріндегі қола шалғы табылған қоныс Шағалалы Қола дәуірі қауымы ішінде әлеуметтік меңсіздікті тудырған Мал-мүлік теңсіздігінің шығуы Мүлік теңсіздігінің қалыптаса бастаған дәуірі Қола дәуірі Қола дәуірі кезіндегі жоғары дін басылары Абыздар Қола дәуірі абыздарының негізгі міндеттері Салт дәстүрлердің орындалуын қадағалау Андроновтықтардың мойынға таққан тұмаршалары Жыртқыш аңдардың азу тісі Жеке меншік қалыптасқан дәуір Қолада Темір дәуірінің қамтитын аралығы б.з.д. 8 ғасыр б.з.-дың 6 ғасыры. Темір дәуірі кезеңі 2-ге бөлінеді. Ерте темір дәуірі кезеңі аралығы б.з.б. 8-3 ғасырлар. Кейінгі темір дәуір кезеңі аралығы б.з.б. 3 – б.з. 6 ғасыр. Ерте темір дәуірінде мал басының көбеюіне байланысты қалыптасқан Көшпелі мал шаруашылығы. Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы-терімшілерден көшпелілердің айырмашылығы Өнім өндірді. Малды қыста жаюға байланысты қалыптасқан жайылым Тебінді. Жылқыны қолға үйретуге байланысты ойлап табылған жаңалық. Үзеңгімен ауыздықты ойлап табу. Көшпелілердің жазда мал жаю орындары Жайлау. Көшпелердің жылы қоралары бар тұрақтары Қыстау. Біздің заманымызға жеткен ежелгі мерекенің бірі Наурыз мейрамы. Таза көшпелі тұрмыс қалыптасқан аймақтар Батыс және Орталық Қазақстан. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыған аймақтар Алтай, Жетісу таулы аймақтарында. Темір дәуірінде отырықшылық шарушылық дамыған өңірлер Сырдария, Шу, Келес өзендері аңғарлары. Киіз үй қабырғасы атауы Кереге. Көшпелілердің баспаналарында пеш орналасқан аумақ Ортасында Көпелілер баспаналарындағы киелі санаған орын Ошақ маңы. Киіз үйдің ағаш қаңқасын құрайтын бөлік 3-бөлік. Сақтар туралы мәлімет беретін жазба мәтіндері сақталған елдер Грек, парсы авторларының шығармалары. Қазақстан жеріндегі сақ тайпалары туралы жазған Парсылар. Сақтар туралы дерек қалдырған грек авторы Герадот Парсы жазбаларындағы «сақ» сөзінің мағынасы Құдіретті еркектер. Иран жазбаларындағы «сақ» сөзінің мағынасы Жүйрік атты турлар. Ежелгі грек авторларының сақтарды атауы Азиялық скифтер. Ежелгі грек авторы Герадоттың сақтарды атауы Массагет. Грек деректеріндегі көшпелілердің тағы да бір атауы Дайлар. Сақтар туралы «дұшпанға-қатал, досқа адал» деп баяндайтын грек авторлары. Сақ әйелдері туралы «ержүрек келеді, соғыс қауіпті төнгенде ерлеріне көмектеседі» деп баяндайтын грек авторы Ктесий. Парсы жазбаларында Жетісу, Сырдарияның орта ағысында тұрған сақтар Сақ-тиграхауда. Парсы жазбаларындағы теңіздің арғы жағындағы сақтар Сақ-парадарайа. Сақ-парадарайаларының оңтүстігінде қоныстанған сақтар атауы Сақ-хаумаваргалар. Тиграхауда сақтарының қоныстанған аумағы Оңтүстік Қазақстан. Дай, аргиппей, исседон сақтарының қоныстанған өңірлері Орал тауының оңтүстігі. Мүлік теңсіздігі түпкілікті орнаған дәуір Темір. Әскери-демократияның пайда бола бастаған кезі Темір дәуірі. Сақ қоғамындағы тайпалар мен рулар арасындағы даулы мәселерді шешуі Тайпа көсемі. Сақ қоғамындағы адамдар тобы – жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер Сақ жауынгерлерінің ежелгі үнді-иран тіліндегі атауы – «Арбада тұрғандар» Сақ қоғамындағы абыздардың танымал белгісі – тостаған мен ерекше бас киімі Сақ қоғамындағы «сегізаяқтылар» деп аталғандар – малшылар мен егіншілер Сақ жауынгерлерінің киім түсі – қызыл Сақ қоғамындағы абыздардың, малшылар мен егіншілердің киім түсі – сары, көк Бізге жазба деректерден белгілі сақ патшасы – Томирис Сақтарды «Әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық» деп есептегендер – гректер Сақтар туралы олар «Садақпен, қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киген» деп жазған – Страбон Сақтар туралы «киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас» деп жазған – Герадот Герадот жазбаларындағы сақтардың қыс кезіндегі мекені – Ағаш үйлер Сақтардың негізгі шаруашылығы – мал шаруашылығы Сақтар өмірінде аз өсірлетін мал түрі – ірі қара Қызылорда облысы жеріндегі б.з.б. IV- б.з.-дың XIII ғасырларына жататын ежелгі қалашық – Шырық-Рабат Ертедегі темірді өндірудің қарапайым тәсілі – Пеш көрікпен Сақтар туралы «Құдай деп олар күнді есептейді және оған жылқыны құрбандықққа шалады» деп жазған – Страбон Сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлерінің басып кірген уақыты – б.з.б. 530ж. Томирис туралы «Әйел болса да қорыққан» деп жазған – Рим тарихшысы Помпей Трог Сақ жерінде Кирдің өлтірілгенін жазған – Герадот Дарий бастаған парсы әскерелері жорығының мерзімі – б.з.б. 519ж. Сақ малшысы «Шырақ» туралы суреттейтін герк тарихшысы – Полиэн Сақ патшайымы Томиристің өмір сүрген мерзімі – б.з.б. 570-520жж. Сақтардың парсы патшасы Кирге қарсы күресін басқарған – Томирис Сақтардың парсы әскері құрамында Марафон шайқасына қатысқан уақыты – б.з.б. 490ж. Б.з.б. IV ғасырда сақ жеріне қауіп төндірген – Македонский Грек-македон басқыншыларына қарсы күресті басқарған – сақ жауынгері Спита А.Македонскийдің Сырдариядан өтіп сақтарға қалай щабуыл жасағаны туралы жазған – Арриан Сақтардың А.Македонскийға қарсы ерлік күресі туралы жазған – Арриан Томирис пен Кир шайқасы туралы жазған – Рим тарихшысы Помпей Торг Қызылордадан 300 шақырым жерде орналасқан сақ қаласының орны – Шірік-Рабат Шірік-Рабат қаласының күзет мұнаралары бар орталығы – Цитадел Қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықтары табылған сақ қаласы – Бәбіш-Молда Б.з.б. VII ғасырдан бастап далалы аймақтарда пайда болған өнер – аңдық стиль Сақтарға Ираннан «Өмір ағашы» дейтін аңдық стильдегі бейне – арыстан бейнесі Аңдық стиль пайда болған ғасыр – б.з.б. VIIғ. Іле өзенінің оң жағалауындағы сақ қорымы – Бесшатыр Бесшатыр қорымындағы обалар жиынтығы – 71 оба Бесшатыр обасының мерзімі – б.з.б. V-IV ғғ. Алматының шығысындағы белгілі сақ обасы – Есік обасы Есік обасынан табылған бұйымдар саны – 4мыңнан астам Есік обасынан табылған 26 таңбадан тұратын жазуы бар зат – күміс табақша Антропололтардың анықтауынша Есік обасындағы жерленген адамның жас шамасы – 17-18 «Аң стилі» дәстүрімен сақтар жорықтар кезінде танысқан ел – алдынғы Азия мен Иран Сақтардың бөренелерді бір-біріне тығыз орналастырп жасаған табыты – Соркофаг Сақтар обасындағы сағанаға жер астымен келетін арнайы жол – Дромос Сақ дәуірінің негізгі кездесетін археологиялық ескеткіштері – обалар Жетісудағы сақтар обаларының түрі 3-ке бөлінеді Үйсін мәдениеті деп аталатын ескерткіштердің негізгі шоғырланған өңірі – Жетісу Жетісу өңіріндегі үйсін мәдениетінің хронологиялық шеңбері – б.з.д. III ғ.-б.з. IV ғ. Үйсін тайпаларының мекендеген жері – Жетісу Үйсін атауының қытай жазбаларында кездесе бастауы – б.з.б. II ғ. Үйсіндер туралы «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» деп жазған – Қытай жазбалары Үйсіндер астанасы ретінде аталатын қала – Қызыл аңғар Үйсіндердің щығу тегі туралы мәлімет қалдырған тарихшы – Сыма-Цянь Үйсіндер қарым-қатынас жасаған ел – Қытай Үйсіндердің солтүстік-батыстағы көршісі – Қаңлы Жазба деректердегі үйсін халқының саны – 630мың Үйсіндер басшысының атауы – Гуньмо Үйсін гуньмосына бағынған тайпа көсемдері атауы – Бек Үйсін қоғамындағы қатардағы адамдардың мөрлері балшықтан жасалды Үйсін қоғамында дәулетті адамдардың киімі көбінесе тігілді – жібектен Үйсіндерде мүлік теңсіздігі болғандығын дәлелдейтін – жерлеу орындары Жазба деректердегі үйсін гуньмосының қытай ханшайыма үйлену уақыты – б.з.б. 107ж. Үйсіндерде егіншіліктің болғандығын дәлелдейтін дерек кездескен қоныс – Ақтас қыстауы Үйсіндердің тұрақты үйлері орналасқан жер – тау бөктерлерінде Үйсіндерде әулеттің зираты орналасқан жер – қонысқа жақын жерлерде Үйсіндердің сұйық тағамға арналған негізгі ыдыстары былғарыдан жасалды Үйсіндерде жақсы дамыған кәсіп – тері өңдеу Үйсіндерде саз балшықтан ыдыс жасаумен айналысқан - әйелдер Үйсіндердің зергерлік бұйымдары табылған қорым – Ақтас Үйсіндерде жерленген адамның басы қаратылған тұс – батысқа Ертедегі үйсіндердің құрбандықтары арналды – Жаратушы күшке Үйсіндердің қыш заттары мен ыдыстарындағы салынған сурет – Күннің суреті. Қаңлы мемлекетінің өмір сүру хронологиялық шеңбері б.з.б III-II ғ. б.з V ғасыр. Қаңлылар туралы “Вэсаканың ер жүрек ұлдары... Канха қамалының алдында құрбандық берді” деп жазылған кітап. “Авеста” Қаңлылардың өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған тарихшы. Цыма Цян
...