0 дауыс
4.2k көрілді
Қазақстан тарихынан әр тақырып бойынша тест сұрақтары болса жауабымен тауып берулеріңізді өтінемін.

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Кенесары бастаған көтеріліс туралы

1. «Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді» деп жазған орыс зерттеушісі кім?

а) Алексеев в) Рычков с) Гумилев д) Левшин е ) Майер

2. ХІХ ғ 20-30 ж табын, төртқара, шекті, байұлы руларына қысым көрсетті.

а) Қоқан в ) Хиуа с) Бұхардың д) Ресей е) Қытай

3. Саржан Қасымұлын Қоқан ханы зұлымдықпен қашан өлтіртті

а) 1835 ж в) 1837 ж с) 1838 ж д) 1834 ж е ) 1836 ж

4. Кенесарының өмір сүрген жылдары

а) 1801-1847 жж в) 1802-1848жж с ) 1802-1847 ж д) 1804-1847жж е) 1800-1847 жж

5. Кенесарының әкесі Қасым төре бастап Көкшетау бойынан қанша шаңырақ көшіп кетті?

а ) 40 мың в) 45 мың с) 30 мың д) 50 мың е) 35 мың

6. Кенесары көтерілісінің қозғаушы күші

а) жұмысшылар в ) шаруалар с) сұлтандар д) билер е) ақсүйектер

7. Көтеріліске Көкшетау өңірінен қатысқан сұлтандар

а) Таны, Жанай, Күшік в) Күшік, Шеген, Жанай

с ) Айғаным, Шеген, Қанқожа, Таны д) Қанқожа, Жадай, Күшік е) Айғаным, Таны, Күшік

8. Көтеріліске Ақмола округінен қатысқан сұлтандар

а) Таны, Жанай, Күшік в ) Күшік, Жадай, Жанай

с) Айғаным, Шеген, Қанқожа, д) Қанқожа, Жадай, Күшік е) Жанай, Күшік, Шеген

9. Кенесары Петропавл қаласынан шыққан керуенді қорғайтын Ақтау бекінісі казактар тобына тұңғыш рет шабуыл жасады.

а) 1837ж қазан в) 1837ж қаңтар с) 1837ж ақпан д ) 1837 ж қараша е) 1837 ж наурыз

10. 1838 ж мамырда көтерілісшілер қай бекіністі өртеп жіберді?

а) Ақтау в ) Ақмола с) Ақмешіт д) Созақ е) Жаңақорған

11. 1841 жтамызда Кенесарының Ташкентке жорығының жүзеге аспау себебі

а ) жұқпалы аурудан в) күннің ыстықтығы с) жазалаушылар қарсылығынан д) оқ-дәрі жетіспеушілігінен е) ұйымшылдықтың болмауынан

12. Кенесары жасағына қарсы Сібір әскери шебінен жіберілген Сотников тобы шабуыл бастады.

а) 1845 ж в) 1844 ж с) 1847 ж д ) 1842 ж е) 1846 ж

13. 1844ж 20-21шілдегі Ахмет Жантөреұлы отрядын талқандаған шайқаста Кенесарыға қарсы тұрған қанша қазақ феодалдары мерт болды? а ) 44 в) 37 с) 49 д) 48 е) 45

14. Кенесары хандық билікті қалпына келтірді. а) 1844 ж в) 1843 ж с) 1840 ж д) 1842 е) 1841 ж

15. Кенесары сот билігін қалай өзгертті.

а) халық соты в ) хандық сот с) ауылдық сот д) билер соты е) өлкелік сот

16. Кенесары қолдаған шаруашылық

а ) егіншілік в) мал шаруашылығы с) сауда д) қолөнер е) құс шаруашылығы

17. Кенесары қатаң шек қойды. а) алым-салыққа в) жайылымға с) саудаға д ) барымтаға е) жер дауына

18. Кенесары опаздық жасаған әскерге қандай жаза кесті?

а) «қара найза» в) қамау с ) өлім д) дүре соғу е) құн төлеу

19. Кенесарының қырғыз жеріне басып кіруі а) 1845ж в ) 1847 ж с) 1846 ж д) 1844 ж е) 1843 ж

20. Кенесары қолы қай жерде жеңіліс тапты? а) Түркістан в) Созақ с) Тастөбе д ) Майтөбе

е) Тоқмақ

21. Кенесары көтерілісі неше жылға созылды? а) 5 жыл в) 15 жыл с ) 10 жыл д) 14 жыл

22. Сұлтан Кенесары басқарған көтеріліске 80 сұлтан мен байлар қатысқан аймақтар мен аудандар.

а ) Құсмұрын, Көкшетау, Қарқаралы в) Қазалы, Қармақшы

с) Зайсан, Күршім, Алакөл д) Ұзынағаш, Қаратал

23. Батыс Сібір жазалау отряды Ақсақал төбе маңында қанша адамды өлтірді?

а) 300 в) 200 с) 150 д) 350 е ) 100

24. Көтерілісшілерге рух берген ірі жеңіс.

а) Ақтау бекінісіне шабуыл в ) Ақмола бекінісін өртеу с) Қырғыздарға шабуыл

д) Ташкентке жорық е) Тобыл маңындағы жеңіс

25. Кенесары көтерілісінің болған жылдары

а) 1835-45жж в) 1837-48жж с ) 1837-47жж д) 1836-38жж е) 1936 -1845 жж

26. Кенесары ханның басына қанша сыйлық жарияланды?

а) 500 сом в) 4 мың сом с) 1 мың сом ж д) 2 мың сом е ) 3 мың сом

Кілті: 1е2в3е4с5а6в7с8в9д10в11а12д13а14е15в16а17д18с19в20д21с22а23е24в25с26е

Сырым Датұлы бастаған көтеріліс туралы

1. Сырым көтерілісі неше жылға созылды?

а) 10 в) 20 с) 15 д ) 14 е) 18

2. Сырым батыр көтерілісшілерінің барлық санын қанша деп көрсетуге болады?

а ) 5800 в) 3500 с) 2700 д) 5500 е) 5400

3. Отто Игельстром қандай қызмет атқарды?

а) Түркістан өлкесінің губернаторы в ) Орынбор өлкесінің губернаторы

с) Жетісу губернаторы д) жазалаушы топтың басшысы е) шекаралық сот басшысы

4. Орал казактарымен қақтығыста Сырымның балалары қайтыс болды

а) 1795ж в) 1779ж с) 1775ж д ) 1778ж е) 1776 ж

5. 1797 ж 17 наурызда С. Датұлы тұтқиылдан шабуыл жасады

а) казак әскеріне в ) хан сарайына с) әскери бекініске д) жазалаушы топқа е) Орал шекара шебіне

6. Игельстромның жоспары бойынша Кіші жүздегі әкімшілік билікті беру көзделді.

а) хандық кеңес в) аға сұлтанға с ) шекаралық сотқа д) старшындар тобына е) расправаларға

7. С.Датұлы хандықты құртып, жоғары әкімшілік басқаруды кімдерге беруді көздеді?

а) халық сотына в) сұлтандарға с) старшындарға д) губернаторға е ) билерге

8. Орынборда Шекаралық комиссия қашан құрылды?

а) 1788ж в) 1787ж с) 1783ж д) 1789ж е ) 1786 ж

9. Датұлы көтерілісінің негізгі ошағы

а) Жайық шебі в ) Сағыз өзені ауданы с) Ор бекінісі д) Елек қалашығы е) Орынбор бекінісі

10. 1785 ж көктемінен кейін көтерілісшілердің басты мақсаттарының бірі

а) патша үкіметіне қарсы в ) Нұралыны тақтан тайдыру

с) ханды өлтіру д) көтерілісті тоқтату е) келісімге келу

11. Нұралы 1786 жылы қай жерге жер аударылды?

а) Ташкентке в) Симбирскіге с) Қазанға д) Хиуаға е ) Уфаға

12. Ералы кіші жүз ханы болып сайланды

а) 1786ж в) 1790ж с ) 1791ж д) 1793ж е) 1792 ж

13. Кіші жүзде шекаралық сот құруға келісім берген старшындар съезі қашан өтті.

а ) 1786ж в) 1790ж с) 1791ж д) 1793ж е) 1792 ж

14. Кіші жүзде Есімнің хан сайлануы

а) 1792ж в) 1796ж с ) 1795ж д) 1794ж е) 1792 ж

15. Жазалаушы Смирновтың тобы көтеріліске қатысы жоқ ауылдарды шауып, қанша қазақты тұтқындап әкетті? а) 60-ке жуық в) 50-ке жуық с ) 70-ке жуық д) 80-ке жуық е) 90 –ға жуық

16. Жазалаушы Назаровтың қолына түсіп, Орал қаласында тұтқында ұсталған сұлтан

а) Досалы в) Ералы с) Барақ д ) Айшуақ е) Шерғазы

17. Әскери жазалаудан сақтап үшін 1791 ж Сырым табын, кердері руларын қалай қарай ойыстырды?

а ) шығысқа в) батысқа с) оңтүстікке д) солтүстікке е) орталыққа

18. Сырым тобы Есім ханды қай жерде өлтірді?

а) Ойыл өзені бойында в ) Красногорск бекінісі маңында

с) Орынбор бекінісінде д) Елек қалашығы маңында е) Ор бекініс маңында

19. С. Датұлы 1802 жылы қай жерде қайтыс болды?

а) Ташкент в) Симбирск с) Бұхар д ) Хиуа е ) Уфа

20. С. Датұлы Кіші жүздің қай руынан шыққан?

а) адай в) табын с ) байбақты д) тана е) шекті

21. Көтерілістің болған жылдары

а) 1783-1790жж в) 1783-1795жж с) 1781-1794жж д) 1785-1795жж е) 1783 – 1797 жж

22. Сырымды өршелене қуғындаған сұлтан

а) Жантөре в ) Қаратай с) Барақ д) Қайып е) Айшуақ

23. ХҮІІІ ғ 90-жылдарында көтерілістің жандануына қандай жағдай себеп болды

а ) Орал казак әскерлерінің қазақтарға қарсы қимылдары в) Нұралы ханның дүние салуы

с) Орынбор өлкесіне жаңа губернатор сайлануы д) Шекаралық комиссияның құрылуы

е) Игельстромның реформасы

24. Кіші жүздің соңғы ханы кім а) Ералы в) Қаратай с) Айшуақ д ) Шерғазы е) Нұралы

25. Сырым көтерілісінің тарихи маңызы

а) ұзаққа созылуы в ) отаршылдыққа қарсы ең алғашқы баскөтеру

с) көтерілістің бірден екі күшке бағытталуы

д) билер кеңесін құруға талпынуы е) өзі ақсүйек бола тұра көтріліс бастауы

Кілті: 1д2а3в4д5а6с7е8е9в10в11е12с13а14с15с16д17а18в19е20с21е22в23а24д25в

 

...