+2 дауыс
729 көрілді
Соңғы кезде жасөспірімдер арасында районға бөлініп төбелесу,бір баланы бірнеше балалар ортаға алып ұрып-соғу сияқты қылмыстар өршіп тұр.Осы қылмыстарды қалай тоқтатамыз?

10 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Жасөспірімдер арасындағы қылмыс қазір көптеген елдерде ауыздықтау қиын болып отырған мәселелердің бірі. Осы түйткілді шешу үшін ата-ана да, оқытушылар да, психологтар да бір кісідей ат салысып жатыр. Олардың осындай "мағынасыз" әрекетке баруының себебін түсіну бәрінен маңызды сияқты. Кейбір балалар амал жоқтан тобырдан қалмайын деп бірге еріп жүре береді де, қылмыстың қатысушысына айналады. "Елік бөтен мендегі, жерік бөтен, Ит құйрығын бұлғаса еріп кетем" деп Мұқағали айтпақшы, дүрмекке ілесіп жүре беруді тоқтатып, әр жасөспірім саналы түрде шешім қабылдауы керек. Ата-анасына, ұстаздарына айтса, жолдастарының алдында "қорқаққа" немесе "қызға" айналып қалам ба деп қорқып, қысымға түсіп қиналған жасөспірімдерді түсінуге болады. Ақща сұрау, төбелесу, күш көрсету сияқты қылмыстарды әшкерелеу ешқандай да қорқақтық емес екенін жасөспірімдерге түсіндіру керек. (Тақырыпты неге "Қазақтың балалары" деп бастағаныңызды түсінбедім. Тек қазақ ұлтының өкілдері арасында белең алған құбылыс емес қой. Келеңсіз жағдайлардың арасында ұлтымыздың ардақты атауын көрген көзге ерсі екен)
+1 дауыс
Жігіттерде мынандай бар егер айта қызсың деген. Ол қызсың десе қыз бола қалмайды. Милицияға айту керек. Негізі заң бойынша 5-3 аралығында қамау шарасы бекітілген. Ақша сұрау бойынша егер 5теңгеден 20000мың болсын бәрібір 3 жыл кеседі екен. Ал бөлініп соғысуына келсек ақылсыздықтың кесірі деп ойлаймын. Есі дұрыс қай адам бекерден бекер соғысады. Еш себебі жоқ ол соғыстың.
–1 дауыс

Олардың арасында бәсекелестік болуы мумкинfrown

0 дауыс
Мен Нурм деген қолданушымен келісемін бір жағынан авторитет жинау үшін болар.
–1 дауыс

Авторитет жинау үшін. Сол аймақты ұстау үшін, авторитет жинаудың амалығо. Бір-бірімен бәсеке.

 

Мен БҚО Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылынанмын. Жұбан ақын, Ерболат Байбатыров, Мүслім Оңдағанов сияқты ағаларымыздың жеріненмін.

http://vk.com/video211879252_170300347?hd=-1&t=4s

0 дауыс
Районға бөлініп төбелесудің маңызды бір себебі болады. Анда санда төбелесіп тұрған дұрыс деп ойлаймын. Адам шығыны болмаса болды.
Бұл ойыншық емес адам шығыны болмаса болды дейтіндей. Адам шығыны болады міндетті түрде. Ж/е ешқандай пайдасы жоқ.
0 дауыс
Қазіргі балдарда (бәрінде емес арине) патриоттық сезім,үлкен-кішін сыйлау,ойлану,өздігінен шешім қабылдау,жауапкершілікті сезіну дегеннен жұрдай.Осының бәріне үйдегі ата-ана кінәлі.Қазіргі нарықтық заманда қазақтың баласын қазақ емес,теледидар,интернет пен көше тарбиелеп келе жатыр.Ата-ананың міндеті тек оның тамағын,киімін тауып берумен шектеліп қалып отыр.Сондықтан осындай қылмыс түрлері көбейіп кетті.Біздің елімізге жасөспірімдерді жазалайтын қатал заң керек.Әрине  осындай төбелестің арты өшпенділікке алып келеді.
0 дауыс
Бір жағында болшы сол балдардың не жетпей тұрғанын білесін!!! ол ортаны тек екі нәрсе жоя алады!
0 дауыс
Орынды сұрақ. Меніңше тәрбиенің жоқтығы, ата ананың балаға дұрыс назар аудармауында. бұған ата ананы кіналай алмаймыз. оларда баласының  болашағы, отбасы қамымен жүр, алайда  ата ананың басты парызы бала тәрбиесі емес пе?! Егерде балаға жастайынан салт дәстүріміз бен әдет ғұрпымызды, ертегі әңгімелерді оқып, меңгертсек, өсе келе баланың бауырмалдық, патриоттық сезімі берік болар еді. Шыны керек бірнеше жылдан соң, ата бабаларымыздың есімдері мен тарихы, салт дәстүрлері ұмыт қала ма деп ойлаймын, қорқамын. Оқушыны былай қойып, кей жасы үлкен кісілерден мынау қандай дәстүр немесе қымызды қалай ашытады деген т.с.с. сұрақтарға  жауап бере алмайтынын көріп жүрмін. Әрине бес саусақ бірдей емес. Сондықтан құрметті ата аналар мен ұстаздар, білімді қойып, ең алдымен салт дәстүрімізді  үйретейікші, сонда ғана елінің малын емес, қамын жейтін, ру мен жүзге, районға бөлінбейтін жастарымыз көбейер еді)))))))
0 дауыс
Қазақтың балалары районға бөлініп төбелесуінің астары бар. Өйткені, олар өздерінің намысын, яғни, райондарын жерге қаратқысы келмейді. Екінші, олар сол төбелес арқылы өздерін көрсеткісі келеді.

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
2 жауап
Белгісіз 13.11.2013 Тұлға, Адам сұрақ қойды
+3 дауыс
11 жауап
Белгісіз 8.02.2015 Қоғам сұрақ қойды
...