0 дауыс
464 көрілді
Мемлекеттік қызметтен бұдан 3 жыл бұрын босатылған, бірақ барлық басқа талаптарды қанағаттандыратын адам ҚР-да адвокат бола алады ма?

1 жауап

0 дауыс

«Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195 Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабына сәйкес қасақана қылмыс жасағаны үшiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған; терiс себептер бойынша мемлекеттiк, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әдiлет органдарынан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясынан айрылған; осы Заңның 12-бабының 3-тармағында және 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша лицензиясының қолданысы тоқтатылған адам да осындай оқиғалар басталғаннан кейiн үш жыл бойы адвокат бола алмайды. Осылайша, терiс себептер бойынша мемлекеттiк қызметтен босатылған адам босатылған соң үш жыл бойына адвокат бола алмайды.

Ақпарат: http://www.adilet.gov.kz/kk/faq

...