+1 дауыс
3.3k көрілді
Балабақша балаларымен ертегі немесе қойылым керек еді

2 жауап

0 дауыс

Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді

Балалар
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.

Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.

Тәрбиешіге әpi қосылып:


Қала нұр, дала нұр
Құтты болсын Жаңа жыл!


«Жаңа жыл» әні орындалады.

Тәрбиеші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдандар.
Ертегімде сан қилы
Қызық- Қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп 6ip шешімге
Достаспақшы ниетпен
Жиналыпты келісімге.
Соныменен, балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.

(Мерекелік музыка ойналады.)

Шыршаның артынан қоян ceкірin шығады да:


Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!

Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.


Қоян: Амансыз ба, аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Аю:
Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!


Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана кутындап тулкі келеді.


Түлкі
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян: Аман ба, тулкі, кел мұнда!


Түлкі


Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш тулкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түcin,
Тарқатам құмарымды.
Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!


Аю,қоян,түлкі 6ipre билей,жөнеледі Осы кезде орталарына кipni келеді 



Kipпi:

Сәлем,достар,аман ба?
Нұр берді шырша алаңға
Жылға шашу шашайық,
Тойлап, көңіл ашайық.
Қоян Келші биге басайық!
Бәрі билеп жатқанда, тиін келеді.
Тиін:
Тра-ля-ляй!Тра-ля-ляй!
Өнершіл аңдар-ай
Өңкей паңдар тыңдаңдар,
Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне салыңдар
Бәріңізге 6ip сәлем.
Бәpi:
Сәлем,тиін!
Жақсы-ақ биі!


Бәpi қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.


Қасқыр
Армысыңдар!Бармысыңдар,ағайын! Кәне құшақ ашайъқ, достъқ тойын жасайъқ
Бәpi: Жаңа жыл қүтты болсын ! Достығымыз мықты болсын!


«Полька» биі биленеді


Бәрі Жаңажылдарыңызбен!
Тәрбиеші: Жарайсындар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
/Аяз Ата/

Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдьқ мерекемізге Аяз атаны шақырайьқ. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.


Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.
Аяз Атаньң орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны 6ip айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.


Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаньң кереметін-ай! Уйге алып кетсем бе екен?/Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаньң түьірімен жұлып алғысы келеді. /
Тәрбиеші: Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды
Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз,тимеңіз біздін шыршамызға! /Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: Туу!/ Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып./Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан 6ip керемет дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бip байып қалармын!



Мыстан Keмпip кeтiп қалады. Сол кезде қалтасынан бip таяқ түседі.


Тәрбиеші: Балалар, Кәне тойды жалғастырайьқ, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар.Әнімізде шырқап,атамызды шақырайық!

«Шырша жыры» жырланады.

Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді,ол кipгici келмейді.


Ақшақар: Ата жіберіңізші мені ! Кірмеймін мұнда,үйге кетемін.
Аяз Ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсьң ба өзі?
Ақшақар Жоқ,жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз Ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың!
Қарашы,біз тойға келдік!
Кәне,балалармен амандасайьқ.
Аяулы аналарға,ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан

/Балалармен амандасады/

Аяз Ата: Рахмет,рахмет балаларым! Кәнекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер. / Ақшақар басын көтермей тұрады./
Аяз Ата: Қарашы, балалардьң киімi қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайьқ.
/Сол кезде Ақшақар жылап тұрып/

Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым! Осы кезде Аяз Ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын- дейді.
Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғьңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғьң қандай еді?
Ақшақар Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Тәрбиеші: Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бip затын түcipiп алды, сол емес пе екен? Кәне, аңдар,іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер.
/сөйтіп жатқанда тиін сиқырлы таяқты тауып алады/


Аяз Ата: Жарайсың, балапаным! /бетінен сүйеді/
Тәрбиеші: Кәне,бізде шырша жағуға көмектесейік, әнімізді айтайьқ.


Балалар қайырмасын айтып жатқанда, Аяз Ата Ақпақарды қасына шакырып, шыршаны жаққызады.


«Аяз ата » жырланады.
«Кім көп қар түйіршігін жинайды?" ойын ойналады.
Балалар
1. Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

2. Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.

3. Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

4. Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.

5. Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

6. Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

7. Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

8. Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

9. Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.

«Кім тез пиманы киеді»- деген ойын ойналады.
Аяз - Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсьңдар балалар! Аталарыңды бip куантып, тастадыңдар.
Тәрбиеші: АязАта! Сіз біздің балаларға сыйлықгар әкелдіңіз бе?
Аяз - Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар сандықтың кілті қайда ?(Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)
Тәрбиеші: Қандай кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?
Аяз- Ата: Иә,сол кілт шығар.
Тәрбиеші: Аяз Ата,ол кілтті мыстан алып кетті.Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі келген.
Аяз- Ата: Қап, әттеген-ай! Кәне, біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.
(Осы кезде залға Мыстан кіреді.)
Мыстан: А-а,бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой (оны ашайын деп жатканда еріксіз бip күш оны артқа қарай итереді)
Аяз- Ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған бер,балалар сыйлықтарын күтіn қалды.
Мыстан: Ойбай- тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де керек.
Аяз-Ата: АҺ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен ceнi қатырып тастайын. Аяз-Ата: «Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста»
(Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.)
Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не icтeceм екен.
Аяз-Ата: Бересің ба сандықтың кілттін?
Мыстан: Жоқ, бермеймін.
Аяз-Ата: А-а, онда осылай тұра бер. Мен кеттім.
Мыстан: Жоқ,Аяз-Ата! Кетпеші,беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтарымды шешсін.
(Осы кезде мыстан қалпына келеді)

Балаларға жұмбақ жасырады:

Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар)

Терезеге қонады,
Әсем ою ояды.
(Қырау)

Тікен,тікен тік пістe.
Қысы жазы бip тусте
(Шырша)

Мыстан: Жарайсьңдар,балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.
Аяз-Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайьқ. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.) Балалар: Сау болыңыздар!
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! 20-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!

0 дауыс

Балалардың кіруі.
Тәрбиешінің сөзі:
Тақпақтар.
Шыршаның артынан Сауысқан жүгіріп шығып, аяз атадан хабарлама оқиды.
- Асығамын деп жүріп
Сыйлықтарды шашып алдым.
Бұтаққа мен қабымды
Іліп алып, тесіп алдым.
Сыйлықтарды жинағанша
Сендерге мен немеремді
Жіберемін асыға
Қорғап сендер Ақшақарды
Жүріңдерші өтінемін.
(Осы кезде Ақшақар болып киінген Мыстан кемпір кіреді).

Мыстан кемпір: Міне менде келіп қалдым.
Тәрбиеші: Кімсің сен?
Мыстан кемпір: Қалай кім? –Мен Ақшақармын.
Тәрбиеші: А-а Аяз атанын немересі боласын ба?
Мыстан кемпір: Әрине мен. Мені қарсы алыңдар.
Тәрбиеші: Сен Ақшақар болсаң, Аяз ата қайда?
Мыстан кемпір: Сендерге асығамын деп, санамақтарды шашып алды.

Тәрбиеші: Қандай санамақтар?
Мыстан кемпір: Қаптың тұбі тесіліп, санамақтар шашылып.
Тәрбиеші:Ешқандай да сен Ақшақар емессің, кет кәне осы жерден.
Мыстан кемпір: Аяз ата сендерге мені қорғасын деді ғой.
Тәрбиеші: Балалар мүмкін ол шынымен Ақшақар шығар.
Балалар: Жоқ.

Тәрбиеші: Сонда кім болғаны
Балалар: Мыстан кемпір.
Мыстан кемпір: А-а ойланып мені кім екенімді таптыңдар ма. Ақшақар менде, жібермеймін мен оны.
Тәрбиеші: Қане босат сен ақшақарды.
Мыстан кемпір: Мен Ақшақарға пештегі отымды жаққызамын.
Тәрбиеші: Енді не істейміз? Ол еріп кетеді ғой. Не керегін сен айтшы, бірақ Ақшақарды босат.
Мыстан кемпір: Мен мерекеге қатысқым келеді.
Тәрбиеші: Жарайды біз келісеміз, қала ғой.
Би:

Мыстан кемпір аппақ киімге орап тастаған Қарақшыны алып келеді.
- Міне сендердің Ақшақарларын.
Тәрбиеші: Ақшақар, сен неге сонша оранып алғансың. Дауысында өзгерген.
Қарақшы: А - а мен қатты жел тұрғанда ауырып қалғанмын.
- Оданда жұмбақ жауабын табындар.
Жұмбақ:
Балалар: жауабын табады.
Қарақшы:дұрыс таптыңдар.
Тәрбиеші: Балалар мен таң қалып тұрмын Ақшақардың досы мыстан кемпір ме?
Қарақшы: Әрине жоқ...( Аузын жабады). Оданда билейік.
Қарақшы би билеймін деп, ұмытып. Үстіндегі ақ киімін шешіп тастайды.

Тәрбиеші: Балалар қараңдар бұл Ақшақар емес қой! Қане екеуін байлап тастайық.
Мыстан кемпір: Жоқ-жоқ кешіріңдер бізді.
Тәрбиеші: А-а қорқып қалдыңдар ма. Айтыңдар Ақшақар қайда?
Мыстан кемпір: Қазір біз алып келеміз.
( Босатып жібереді)
Тәрбиеші: Балалар қане Ақшақарды дауыстап шақырайық, адасып кетіп жүрмесін.
Балалар шақырады: Ақшақар - Ақшақар
Ақшақар көңілсіз болып кіреді
- Жаңа жылдарыңмен
Тәрбиеші: Не болды? Неге сен көңілсізсің?
- Неге сен мұңайып тұрсың?
- Енді не істейміз?
- Балалар мүмкін тақпақ айтып, би билеп берерміз.
Тақпақ

Би
Ақшақар: Рахмет ( көңілді) қане бәріміз қосылып ән айтайық
(алыстан аяз атанын дауысы естіледі)
Аяз ата: ( құттықтайды)
- Міне менің шыршам, қашып кетті сендерге
Тәрбиеші: Аяз ата біздің шыршаның шамдары жанбайды. Қане қолыңыздағы таяқшамен жағып жіберіңізші.
- Шырша жанады.
Көрініс: үш шырша шығып әңгімелеседі.

Би: «Шыршалар»
Аяз ата: Рахмет сендерге.
Тәрбиеші: Аяз ата бізбен бірге ойын ойнайықшы
Балалар: Қане Аяз ата қарашы сен біздерге
Қане тауып көрші, не істегенімді айтшы.
Балалар: Қобызды ойнағанды көрсетеді.
Аяз ата; Сақалды сипадыңдар.
Балалар: Жоқ.
- үрмелі ойнағанды көрсетеді
Аяз ата: Сүт іштіңдер.
Балалар: Жоқ
Пианино ойнағанды көрсетеді
Аяз ата: күрішті тазалап жатырсыңдар.

Балалар: Жоқ, пианино ойнап отырмыз.
Тәрбиеші: Аяз ата сіз қателестіңіз, сондықтан би билеп беріңіз.
Аяз ата: Ой ыстықтап кеттім қазір мен еримін.
(Балалар қарды алып Аяз атаның үстіне жабыстырады.)
Аяз ата: Қане немерем маған су әкеліп берші.
(кесенің ішінде жылтырауық) Кесені алып ішеді де, оның ішіндегі жылтырауықты ата аналарға шашады.

Тақпақтар:
Мыстан кемпір кіріп Аяз атанын таяқшасын алып кетеді.
Ақшақар: Аяз ата сіз сыйлықтарды беруді ұмыттыңыз.
Аяз ата: Қазір таяғымды алып. Әй Мыстан кемпір сен тағы өз өнеріне кірістің бе?
(Мыстан кемпір Аяз атанын артына тығылып қалады.)
- Балалар: Мыстан кемпір қайда?
- А-а-а міне сен, қазір мен сені қатырып тастаймын
Мыстан кемпір: Ой жоқ керегі жоқ деп, күлкілі қимылда қатып қалады. Жүгіріп Қарақшы келеді, Мыстан кемпірді аяйды.

Қарақшы: Аяз ата мен саған бір сиқыр көрсетемін, ал сен Мыстан кемпірді қалпына келтір. Сиқыр көрсетеді.
Аяз ата Мыстан кемпірді қалпына келтіреді.
Мыстан кемпір: Ой не болды маған, мен бір жақсылық жасағым келіп түр.
Аяз ата: Қандай жақсылық жасағын келеді?
Мыстан кемпір: Сыйлықтар сыйлағым келеді.
Осы кезде үйшік кіріп билейді.

Мыстан кемпір: Маған алдымен, шыршаға артымен қарашы, менің үйшігім.
Үйшік: Аяз ата қайда? Балаларға сыйлықтарды әкеле жатып, қабын орманда тастап кетіпті, тауып алдым.Тереземді қағып сыйлықтарды алыңдар.
Аяз ата мен Мыстан кемпір терезені қағады, оның ішінен бір сыйлық шығады.
Аяз ата: Қалғаны қайда?
Үйшік: Шыршаның астындағы қарды қағып , сыйлықтарды алыңдар.
Ал мен енді орманға кеттім, сау болыңдар.
Сыйлықтар таратылады.
Қоштасу ән айтылып, би биленеді.

...