+1 дауыс
748 көрілді
Ассалаумагалейкум! Менiн жасым 21 де уйде бiр баламын кыздар турмыста акем жок(кайтыс болган). Бiлесiздерме еееш жарымай журмiн жумыс жок акша жеткiлiксiз ауылда турамын анаммен саудамен айналысамыз олда iшiп жегеннен артыла коймайды. Ауылда жумыс жок Астанага барып жумыс iстейiн десем анамды кыймаймын,мен болмасам уйде айтеуiр бiр нарсе болып калатын сиякты ойлана берем жiпсiз байланып отырмын. Жогары бiлiмiм жок колледждi бiтiргем ары карай жалгастыра алмадым. Омiр деген зуылдап отiп бара жатыр уйленуда керек. Не ушин менде мундай жагдай болып жатыр тепсе темiр узетiн жастамын,акыл есiм жайында,келбетте бар,бойда,денемде бар бiрак акша жок. Омiрiм боска отiп жаткан сиякты шаршап кеттiм расын айтканда барса келмеске кашып кеткiм келедi. Мен зарымды айту ушiн жазып отыргам жок амал жоктан дурыс тусiнiздер. Бiлем булардын барiне озiм кiналiмiн бiрак не iстеймiн ендi? Булай журе берсем бiр кунi жынданып кетсем керек.

7 жауап

+1 дауыс

Асхатжан, бұл жерде сенің еш кінәң жоқ, бұл өтпелі кезең. Байлық, дүние, ақша аспаннан түспейді, еңбекпен келеді. Ал сенің еңбең етіп, табыс табуға уақытың молынан жетеді, алдыңда бәрі болады. шалқасынан түсіп, шалқып жүргендердің көбі әкелерінің байлығы. Әлгі Мақсат Үсенов дегенді көрмейсің ба, әкесінің дүниесінің арқасында неге ұшырап жатқанын. Анаңды тастамай қасында бейнетін бөлісіп отырғаның үлкен адамгершілік.Алла қаласа сенде бәрі болады, өйткені сен соған лайық жігітсің. Бір аштықтың бір тоқтығы болатынын ешқашан ұмытпа.

 

Ассалаумағалейкум, Мақсат Үсенов деген кім? Оған не болған?
жаңалықтардан қара
+1 дауыс
Расында қиын жағдай жалындап жанып тұрған шағыңда жұмыссыз отыру, ол үлкен қасырет. Бірақ мұның барі өтпелі кезеңге балап қоя салуға болмайды, өмірде өзің үшін, анаң үшін жалданып ақша жи қалаға кетуге ыңғайлан ауылдың жәйін менде білемін өйткені менде ауылдан шыққанмын.
0 дауыс
Егер ауылда басқа жұмыс жоқ болса....Анаң екеуің саудамен айналысады екенсіңдер, сондықтанда сол сауданы ары қарай дамытуға әрекет ет, саудада жүрген соң қыр-сырын біліп алған боларсың. саудаға байланысты жаңа идеялар ойлап тап....Жоғарғы білімім жоқ демей, университетке сырттай тапсырып қой...оқудан шығып кетпес үшін саудаңды айналдырып болсын табарсың деп ойлаймын. Келешекте бәрібір диплом керек болады. арасында құрылыста уақытша істеп жүрсең болады...
+1 дауыс
Мен өмірлік тəжірибесі аз ретінде сізге мынаны ғана айта аламын. Жасыңыз 21де болса сізге үйлену туралы ойды жинай тұрған дұрыс. Бірінші ақша табу жағын қарастыру керек. Үйленген соң той жасау дейді, салт жоралғылары бар сізді одан бетер шығынға ұшыратуы мүмкін. Қарыз аласыз. Солай солай. Отбасыңызға сіз асырау керек тағы бір жан қосылады. 25жастан бастап ол мəселені қолға алсаңыз болады. Оған дейін қыздарға қарап қайсысы жақсы жар болатынын біле жүреңіз. Сіз жаңа өмірге қадам басуға қорқатын сияқтысыз. Бірақ қорқудың еш қажеті жоқ. Бұлттың артынан күн шығарын əрдайым есте ұстаңыз. Өміріңізге өкпелемеңіз. Өмір қандай қиын еді деген сайын Құдай сізге қиын өмірдің қандай екенін көрсете түседі. Өмір керемет!!! Құрылыстан хабарыңыз болса сол жұмысты істеп көрсеңіз болады. Қалаға келіп. Пайда табасыз. Үйді уайымдап жіпсіз байланбаңыз. Алдыңызға мақсат қойып соған жетуге ұмтылыңыз. Іске сəт!!! Өмірден өз өміріңізді табуыңызға тілектеспін!!!
0 дауыс
сәлеметсіз бе меніңше сенде жаңа идеялар бар ма соны дамыту үшін несие ал мүмкін ісің алға басар
+2 дауыс
Саған бiр оқиғаны айтып берейiн...
Медреседе оқитын бір шәкірт біршама білім алған соң, елі есіне түседі. Үйіндегі ауру шешесі де ойынан шықпайды. Содан соң ұстазынан рұқсат сұрап, еліне қайтады. Жолда келе жатып, бір қанаты сынған кептерді көреді. Бір қызығы, оған бір қырғи жем тасып, асырап жүр екен. Бұл көрініске таң қалған жігіт: "Мені де, менің шешемді де Аллаһ Тағала өлтірмес. Біз қанаты сынған кептер болсақ, бізді асырайтын бір қайырымды қырғи табылар, алаңдамай білім ала берейін" - деп медресеге қайтады. Содан ұстазына болған оқиғаны баяндап, не үшін қайтіп келгенін түсіндіріп бағады. Сонда ұстаз: "Неге сенің қанаты сынған кептер болғың келеді, неге сенің қырғи болғың келмейді?" - деген екен...
Қалай ойлайсың сен қырғисың ба? Әлде қанаты сынған кептерсiң бе???????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????? Сен қателестiң сен қанаты сынған кептерсiң! Егер сен қырғи болғаның да Астанаға бара алмай жiпсiз байланып отырмын деп айтпайтын едiң, сен қәзiр Астанада жұмыс iстеп келiп тауарыңды көбейтiп немесе жаңа жұмыс бастап қойған болатын едiң, Анаңды да өзiңдi да бұл тығырықтан шығарған болар едiң... Сен қәзiр анаңның тапқан табысымен күн көрiп жүрсiң оны мойында, жауапкершiлiктi өз мойныңа алатын уақыт келiп жеттi бiр отбасыны бағатын жастасың, қалғандардың бәрi жәй сылтаулар...
Көп адамдар осындай сұрақтарды қояды "жұмыс жоқ, шаршадым, қиналып кеттiм" деп, Мен оларға айтамын, сен жағдайың түзелуi үшiн не iстеп жатырсың өзi? Үнсiздiк...
Саған айтар ақылым:
1. Ешкiмге сен бе
2. Ешкiмнен үмiт жақсылық күтпе
3. Ешкiмге сырыңды ашпа
4. Ешкiмнiң алдында тiзеңдi бүгетiндей жағдайға өзiңдi жеткiз бе.
Бұл қиыншылықты Алла саған жазған екен, демек сен осыларды көтере алып, бұл қиыншылықтан шыға алуың үшiн жазған. Алла адам өзi көтере алмайтын қиыншылықты адамның басына салмайды... Қәзiр барлық адамдар өзiн ойлап кеткен заман, Тұрсынбек Қабатов дәлелдегендей әр адам өз үйiне тасыйды, бiр-бiрiмен жұмысы жоқ. Саған жәрдем беретiндей көрiнедi негiзiн де олай емес сол үшiн бiреуге үмiт артып өмiр сүрме
image
Айналайын iнiм интернеттi таста, диваннан тұр бiр нәрсе iстеуге әрекет қыл, бақытқа жетуiң үшiн, болашақ үшiн, өзiң болашағың үшiн, балаларыңның болашағы үшiн!
0 дауыс
Жауаптарынызга улкен рахмет! Жер ашылмады жердiн астына мен кiрiп кетпедiм. Енди уйлену жайлы ойланбаймын,интернетке кирмеймiн жан аямай енбек етемин.
...