+3 дауыс
569 көрілді
Қазақтың мессенджер itys.kz қандай баға бересіздер? iTys қалай жұмыс істейді? iTys - өзара қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлескісі келетін қолданушылар үшін жасалған Бірінші ұлттық қазақстандық мессенджер. Ол қазақ әліпбиінің барлық әрпін қолданып әңгімелесуге мүмкіндік береді. Қосымшада смайликтер, тұсқағаздар, дыбыстар, тақырыптар және т. б. ұлттық стильмен ерекше безендірілген. Қосымша смартфондар (Android) үшін қолжетімді. iTys өзінің Хабарламаны автоөшіру ерекше қызметінің арқасында сіздің жеке хат алмасуыңыздың құпиясын сенімді түрде сақтай алады.
Пікір. Мессенджер Андрошкаға арналып шығарылған екен. Android операциялық жүйесі қарқынды дамып келе жатыр. Енді 5-10 жылда Windows пен MacOS керек болмай қалатын шығар.
Бимон бауырым енлі осыны кім ашқан,кім ойлап тапқан соларды білесін бе? Білсең айтшы!
+77783581337 мені қосып алыңдар...

10 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Менің арманым - қазақстандық операциялық жүйе мен соған арналған арнайы программалар жасалса екен. Өміріміздің кез келген саласында шетелдіктерге тәуелді болмасақ екен. Сонда ғана шынайы тәуелсіз Ел боламыз.

0 дауыс
Ағылшын, орыс тілдерінде сөйлесу депсіз шетелдіктер отырады ма ол сайтта?
Ақша берсе ғана отырады қазақтың ватцабына)
0 дауыс
Құтты болсын! Құтты болсын!
0 дауыс
Қайдан жуктеп алсам болады
Орынды сұрақ. itys.kz сайтынан. Ең соңында "скачать" деп тұр...
0 дауыс
Адамдар жжок менде
0 дауыс
Керемет! Маған ұнады! Дизайны да тартымды екен! Телефоныма жүктедім! Тіркелдім! Бірақ, ешқандай достарым тіркелмеген екен. Болашақта тіркеле жатар! мені бұл мессенджерде +77058683296 номері арқылы таба аласыздар.
сіз бұл программаны телефонға жаздыңыз ба? может причинить вред деп жатыр ғой, сізде де солай шықты ма
Жоқ, олай шықпады. Сен телефоныңның баптауларын жөндеп көр.
0 дауыс

Шыны керек қуанып қалдым)!

Енді бұны кім жасап шығарды екен соны білгім келіп отыр.Керемет.

Watsupp-тың көшірмесі емес пе а?

Аморғой ойлап тапқан. Бірақ ол робот болып шықты ))
0 дауыс
Мессенджер деген не?
агент немесе ватсап сиякты танысуга арналган багдарлама
0 дауыс
Қазақстанда "Айтыс" тұңғыш ұлттық мессенджері таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бүгін мобильдік қолданбаны жасаушылар жаңа өнімнің планшет пен смартфондар үшін қалай жұмыс істейтінін айтып берді. "Біз өзіміздің тартымды, халықтық, отандық өнімімізді жасауға ниеті бар пікірлестердің, энтузиастардың командасын құрдық. Әр саладан кәсіпқойларды тауып, графикалық безендірулерді жасадық: тақырыптар, смайликтер, тұсқағаздар. Біз ұжымдық еңбектің нәтижесін ұсынып отырмыз - тұңғыш ұлттық мессенджер тұтынушылармен белсенді жұмыс істеуге дайын", - деді "Айтыс" жобасының жетекшісі Дәуіт Шайхисламов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде. Ол "Айтыс" мессенджерінің көмегімен хат-хабар алысу тегін болатынын айтты. Отандық "Айтыс" (iTys) өнімі мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған. Бұл - бір-бірімен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлескісі келетін қолданушыларға арналған тұңғыш мессенджер. Қолданба ұлттық стильде безендірілген. Келешекте қолданбада тегін дауыс қоңыраулары, қазақ тілінің автокорректоры, графикалық редакторы сервисі болады. Мобильдік қолданбаны жасаушылар алдағы желтоқсан айында iOS платформасына көшуді жоспарлап отыр. "Айтыс" жобасы қазақ тілін мәліметтер алмасудың әлемдік процестеріне белсенді түрде тартуға және соған бейімдеуге бағытталған. Ол мұны әлем бойынша тұтынатын барлық қазақстандықты, барлық қолданушыны біріктіреді", - дейді Шайхисламов.
0 дауыс
жуктелмейди, вирусы жокпа?
...