+2 дауыс
888 көрілді
Осы жұмыр басты пендеге ешкімге соқтықпай, өз жөнімен жүруіне не кедергі? Қарапайым ғаламтордағы қарым-қатынасты алып қарасақ та, осындай жағдай. Тыныш өмір кімнің тақиясына тар келеді осы, түсіндіріп беріңіздерші??

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Алиша, қарындасым.... Сұрақты төтесінен дұрыс қойған екенсің... Сүйкенбеске болмайтын  болып тұр...

Өзі Қазнеттегі аз қазақ, жұғыспай қалай жүреді????........   

...ол солай!
Иә, ағасы! Сөзіңіздің жаны бар!
+2 дауыс
Пікір қайшылығынан,сенікі дұрыс емес,менікі дұрыс деп өзеурегеннен,сосон кейбір адамдардың ұлттық намысы төмен болып,қазақ халқының жынынына тиетіндей сөз айтса керілдесіп қалатынымыз рас.Форумдарда талай  қырғын болған,ер шекіспей бекіспейді деп татуласып достасып кеткендер де бар.Ұрсысу оп оңай ,мәселен қазір Назарбаев керемет мықты саясаткер деп жаздық делік,сосон пікірі қайшы біреу шығады да сені шағып шағып алады,оған сен де қарыздар болып қалмайсын,солай кете береді.Ал өмірде кейбір адамдармен қарадай тұзың жараспай тұрады,тіпті оны танымасаң да бірден  жақтырмай қалатын сәттер болады.Тіпті көшеде жөн сұрасаң да кез келгеннен емес,осы адам дұрыс -ау деп ойлап барып сөйлесесің.
0 дауыс
Мен сондай нәрседен аулағырақ жүремін...өз ойымды айтамын да қашып кетемін))))
Өзім сияқты екенсің :)
+1 дауыс
Пікірлер қайшылығы керек. Егер болмаса, Интернетіміз де Қазақстан болып кетеді. Ешкім өз ойын айта алмайды, қорқады, крутой біреудің ойына қарсы болса да сыртынан мақтайды т.с.с

Пікір қайшылығы болған жерде адамның ойлауы мен пікірі, түйсігі дами түседі. Ал егер аузымен боқ құсатын кейбір қолданушылар сияқты әдепсіз болып, көрінгенге соқтығысатын болса, онда ондайлар мезі қылады. Баланың тірлігін жасайды.

Аузы сасықтардан аулақ болуға тырысу керек. Қоймай жатса, жетер жеріне жеткізіп айту керек.

Ұқсас сұрақтар

...