+1 дауыс
727 көрілді
Бірінші желтоқсанға дейін тіркелмеген сим карталар құлыптанады деген жаңалық естідім, сонда қалай? Басқа танымайтын адамның атына тіркелген номерлерде құлыптанады ма? Қандай байланыс операторлары құлыптанады? Актив, билайн, теле2, кселл?!

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Ұялы байланыс операторлары тіркелмеген сим-карталарды өз қызметінен ажыратады АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы күндері Қазақстанның ұялы байланыс операторларының ресми сайттарында сим-карталар жеке тұлғаның атына рәсімделмеген жағдайда биылғы 1 желтоқсаннан бастап бұндай абоненттерге қызмет көрсету тоқтатылатыны жайында ескертулер жасалған. «ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің 2014 жылғы 10 қазандағы талабы бойынша, тіркелмеген абоненттік нөмірлерді пайдаланушылар 2014 жылғы 30 қарашаға дейін осы нөмірлерді рәсімдеу қажеттігі туралы хабарланады. Жоғарыда аталған талапқа сай, тіркеу мәліметтері жоқ абоненттік нөмірлерге 2014 жылғы 1 желтоқсанннан бастап ұялы байланыс қызметін көрсету тоқтатылады. Абоненттік нөмірлерді тіркеу мәселелері бойынша шұғыл түрде операторлардың сату және қызмет көрсету кеңсесіне хабарласу керек»,-делінген ұялы байланыс операторы мәліметтерінде. «Время» газетінің жазуынша, құқық қорғау органдарының тарапынан ұялы байланыс қызметін тіркелмеген пайдаланушылар қолданып жүргендігі туралы шағымдар көп түсетін көрінеді. Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Голобурданың сөзіне қарағанда, биылғы жарты жылда қаржы полициясы 4,5 мың ұялы нөмірлер бойынша ақпаратты сұрастырған екен, алайда осы әрбір үшінші абонент бойынша ақпарат болмай шыққан. Атап айтқанда, осыдан біраз жыл бұрын сим-карталарды арнайы құрылған ЖШС-лар сатып алып, нөмірлерді өздеріне рәсімдеген болатын. Кейін олар бұл нөмірлерді жеке адамдарға сатты. Сонымен қатар тіркеуден жалтарудың тағы бір жолы нөмірлерді диллерлерден сатып алуға байланысты. Олар көптеген нөмірлерді бір адамға рәсімдейді, кейін сим-карталар түрлі адамдарға сатылады.
http://www.inform.kz/kaz/article/2717445 қазақша ақпарат
...