Қызыңызға, қарындасыңызға күнделiктi мектепке қанша теңге берiп отырған дұрыс? Бiр журналдан мынаны оқып қалдым:
– Мысалы, әке-шешесі күн сайын баласына жол ақысынан бөлек 100 теңге ұстатады делік. 50 теңгесіне бәліш, 30 теңгесіне сусын, қалған 20 теңгеге кәмпит аласың деуі мүмкін. Әлбетте, әр тиынына дейін есептеліп берілген мұндай ақша баланың қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыра алмайды. Бәлкім, ол бала жанындағы досына қалам сыйлағысы келер, қыздар жағы дүкенде тұрған әшекейге қызығар… Бірақ сатып алатын ақшасы жоқ. Соның кесірінен, бала басқалардан өзін төмен сезініп, тұйықталады. Деп жазылған. Балаға көбiрек бере берсең де келешекте керi әсерiн тигiзiп отырмайды ма? Шамалап берейiн десең осындай жағдай.
Кеңестерiңiздi айта кетсеңiздер...